Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

ЭССЕ

Тақырыбы: «Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар. Педагог-педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі»

Қабылдаған: Санатбай П.

Тобы:126-38а

Орындаған: Нарбекова Н.

Шымкент-2019

Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі - білім. Білім - ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанына биыл 28 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде елімізде оң өзгерістер, табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтар өмірге келді. Жаңа ғасырдың жаңаша ойлайтын білімді де білікті жастарының арқасында жаңа технологиялар өндіріске енгізіліп, қай салада болмасын әлемдік озық тәжірибе өмірімізге еніп келеді. Білім беру мен ғылымды дамыту мәселелерін Елбасы әрдайым өзінің басты назарында ұстайды. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін біздің мамандарға үлкен ізденіс керек.

Педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды ерекше атап өту қажет. Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мәнсіз болып табылады. Педагог-новатор нақты жаңалықты жүзеге асырушы сонымен бірге, жаңалықты жасаушы немесе үлгісін көрсетуші.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.

Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.

Педагог-инноватор - субьект, үнемі инновацияны жасаушы, өз іс-әрекетін өзгертуге, жетілдіруге ұмтылушы. Инновациялық іс-әрекет субьектісінің басты мінездемесі-саналы түрде әрекет ете білу (өз инициативасының субъективті мүмкіндіктерімен қоғамдық тәжірибеге енгізу негіздерін өз әрекетінде көрсете білуі.

Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық процесстер білім беруді және мектептегі оқу процесін жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.

Еуропалық білім кеңістігіне ену- қазіргі кезеңнің басты шындығы, уақыт талабы. Жоғары білім беруде біз Болон процесіне ендік. Жалпы еліміздегі білім жүйесі батыстық білім беру жүйесіне бағытталып отыр. Мамандар, ғылыми педагогикалық қызметкер даярлауда үш деңгейлі «бакалавр-магистр-доктор (философия докторы (Ph), бейінді доктор) » білім беру жүйесіне көштік. Кредиттік оқыту жүйесі оң бағыт алды.

Қазiргi бiлiмнiң тенденцияларын талдай отырып, қазiргi әлемдегi бiлiмнiң келесi негiзгi даму тенденцияларын ерекшелеуге болады:

«Білім=үйрену» парадигмасының «білім = қалыптасу» парадигмасына ауысуы.

  • Білімнің негізгі қоғамдық капиталға айналуы.
  • үздiксiз бiлiм алу тұжырымдамасының дамуы.
  • үйренудi бiртiндеп жекелендіру.
  • Қазiргi мектептегі бiлiм беруде, қашықтан оқытуды дамытуда жаңа технологияларды, интернет-технологияны қолдану процессiн белсендендіру.

Еуропа кеңесi қазiргi өркениеттiң кез келген өкiлi меңгеруі тиіс құзырлардың бес негізгі топтарын анықтады (Құзырлық талаптарды iске асырудағы Болон процессiнiң талаптары бойынша)

  • Саяси және әлеуметтік: (бiрлесіп шешiм қабылдауға қатысу, өзіне жауапкершілік алу )
  • көп мәдени қоғамдағы өмірге қатысты құзырлар (айырмашылықтарды түсiну, өзара сыйласу, мәдениеті, тiлі, дiні басқа адамдармен қатар өмiр сүре білу қабілеттілігі)
  • Ауызша және жазбаша қарым-қатынасты меңгеруге қатысты құзырлар, соның ішінде шет тiлдерді меңгеру құзыры
  • Ақпараттық қоғамның пайда болуымен байланысты құзырлар, (электрондық құзырлар) .
  • Өмір бойы оқи білу қабілеттілігі -кәсiби дамуда, сонымен бірге жеке, қоғамдық өмірде үздіксіз дайындалудың негізі.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті педагогикалық іс-әрекетте оқыту технологияларын кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық-компьютерлік іс-әрекетінің практикалық сүранысы артуда. Қоғамдық прогрестегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен төрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа формация мұғалімінің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық біліктілігі проблемасы аса назар аударуды талап етеді.

Педагог-педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар жайлы
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар жайында
Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар туралы
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері
Ресейдегі білім беруді ізгілендіру мәселелері
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар. Қазақстандық 12жылдық мектептің құрлымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz