Қазіргі жағдайдағы педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің құрастырушы компоненттері. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын эткалық нормалар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Қазіргі жағдайдағы педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің құрастырушы компоненттері. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын эткалық нормалар»

Қабылдаған: Санатбай П.

Тобы:126-38а

Орындаған: Нарбекова Н.

Шымкент-2019

Қазіргі жағдайдағы педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің құрастырушы компоненттері

Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл - аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.

Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі

Педагогикалық қарым-қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен шартталады, ол өзіне тәрбиелеуші функцияны қамтиды, өйткені білім беру процесі, бұрын көрсеткендей, тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Қарым-қатынастың оқытушы функциясы А. А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен теңестірілуі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен күнделікті тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңгейінде - мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады Педагогикалық қарым-қатынастың оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол өктемдік жүргізуші емес, бұл - мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың өзара бір-бірімен жан-жақты әрекетте-суінің органикалық бөлігі. А. А. Брудный атап көрсеткендей, « . . . мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас Е. А. Климов бойынша, «Адам-Адам» схемасымен суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу сипатының өзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл схема мұғалім мен оқушылардың, тұрмыстық қызмет көрсету жұмысшылары мен клиенттердің, дәрігер мен пациенттердің, психотерапевт пен клиенттердің және т. б. кез-келген кәсіби өзара әрекеттесін анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынас жоғарыда аталған өзара әрекеттесудің барлық түрлерімен ұқсас сипатқа ие, алайда оған психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынырақ. « . . . Шынында да, мұғалім қай пәнді жүргізсе де, ол оқушыға ең алдымен адамзат ақыл-ойының күшіне сенімді, танымға деген қарымды ұмтылысты, ақиқатқа деген махабатты және жанқиярлық қоғамдық пайдалы еңбекке деген ұстанымды береді. Мұғалім, сонымен бірге шәкірттерге тұлға аралық қатынастың жоғары және кемеліне жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге әділеттілікті, парасатты қарапайымдылықпен үйлескен көңіл-күй серпілісін көрсете алса, - онда, осындай педагогқа еріксіз еліктей отырып, кіші ұрпақ рухани үйлесімді, өмірде жиі болатын тұлға аралық қақтығыстарды адамгершіліктік тұрғыда шеше алуға қабілетті болып қалыптасады . . . »

Педагогтың оқушы табысына қызығушылығы, қарым-қатынас ахуалының жайлылығы, байланысты қолдаушылығы педагогикалық өзара әрекеттесуді жеңілдетеді, оқушының өз маңыздылығын көтеруіне және оның ары-қарай дамуына ықпал етеді .

Педагогикалық қарым-қатынастың бағыттылығы

Педагогикалық қарым-қатынастың өзгешелігі ең алдымен, оның көп объектті бағыттылығынан көрінеді. Ол тек үйренушілердің өзара әрекеттесуінің өзіне олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталмаған, сондай-ақ, педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай, педагогикалық қарым-қатынас кем дегенде үш бағыттылықпен сипатталады: оқудағы өзара әрекеттесудің өзіне, үйренушілерге (олардың қазіргі жағдайлары, дамудыңболашақтағы бағыттары) және игеру пәніне (меңгеру) . Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас оның субъекттеріне үш жақтық бағдарлануымен де анықталады: тұлғалық, әлеуметтік және пәндік. Мұғалім (оқытушы) қандай да бір оқу материалын игеруде бір ғана үйренушімен жұмыс істей отырып, үнемі оның нәтижесін сыныпта отырғандарға бағдарлайды, және керісінше, сыныппен, яғни фронталды жұмыс істей отырып, әр үйренушіге әсер етеді. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі аталған сипаттамалардың бүкіл жиынтығымен айқындала отырып, тұлғалық бағдарланған, әлеуметтік бағдарланған және пәндік бағдарланған қарым-қатынас элементтерінің органикалық үйлесімінен көрінеді.

Қарым-қатынас көпжақты және көпфункционалды құбылыс, оның сипаты өзара әрекеттесудің өзін анықтайды. Қарым-қатынасты қарастырудағы түрлі келістерді талдау негізінде қарым-қатынастың неғұрлым сәйкес стилі іс-әрекетшіл, демократиялық, достық стилі болып табылды.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы мен ерекшеліктері.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі парадигмалар жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру маңызды болып отыр. Кәсіби шеберлікті арттыруда мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне, жаңа технологияның ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына жол ашу керек. Кәсіптік шеберлігін жүзеге асыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы жұмыс атқаруы тиіс. Атап айтқанда, диагностика қояды, алдын ала болжайды, жаңа технологияны қолданады, нәтижені тексереді, сараптап баға қояды. Мұғалімнің кәсіби білім деңгейіне қойылатын талаптар, өз еңбегінің нәтижелілігіне жауапкершілік күрделене түсуде. Бұл жағдайда педагогикалық шеберлікті жетілдіру, мұғалімнің шығармашылық потенциалын дамыту мәселесі әлеуметтік талап қана емес, сонымен бірге мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасын шыңдауға деген талапқа ұласады.

2007 жылғы «Білім туралы» жаңа Заңда педагог қызметкерлердің кәсіби құзырлығын дамытуда ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, электрондық және оқулықтарды, интерактивті тақтаны оқу үрдісін тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру арқылы нысанға алынып отыр. Осы күнге дейін интерактивті тақтаны пәндерді оқытуда пайдаланудың тиімді жолдарын пайдалануда.

Қазіргі заман педагогтары тек пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі.

Мұғалімнің кәсібилігі алдымен мұғалімнің адамды сан қилы етіп қалыптастыратын кәсіби іс-әрекетінің жан-жақтылығымен байланысты. Мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орынды, ұстаздық қызметтің қорытындысы - оқушылардың тәрбиелілігі мен дүниеге көзқарас деңгейі алуы керек.

Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.

Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті - міндетті түрде «мәдениет» ұғымымен тығыз байланысты. Педагогикалық ойлау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас барысында әңгімелесушінің түр - әлпетіне көңіл бөлу, тыңдау мәдениеті, педагогикалық әрекет жасау мәдениеті және қарым - қатынас барысында қолдау көрсету мәдениеті.

Педагогикалық қарым-қатынасқа тоқталатын болсақ, оқу үрдісінде ол төмендегідей сатыдан тұрады.

  • Дайындық сатысы, оқыту қарым - қатынаста болмас бұрын алдын ала сөздік әрекеттерді ойша тағайындау және оны жобалау.
  • Бейімделу сатысы, дәл сол уақыттағы жағдайды бағалау, яғни, оқытушы аудиторияны өзіне қаратып дәл қазіргі жағдайда коммуникативтік міндет бойынша шешімін табу.
  • Жекелік қарым - қатынасты эмоциялық ескере отырып басқару, қарым - қатынасты тұрақтандыру.
  • Қайтымды байланысты сатасы, педагогикалық тиімділікті бағалау және талдау жасауЕң тиімдісі төртінші саты, себебі студенттермен байланыс жасау барысында сөздік қарым - қатынастың әсерінен алынған ақпаратқа жауап беріледі, дәл осы кезде оқу әрекетінің негізгі мақсатын қабылдау мен жаңа ақпаратты меңгереді.

Қарым-қатынас барысында жеке адамның әлеуметтену үрдісі жүреді, соның нәтижесінде оның қоғамдық рухани және материалдық құндылықтарға жақындау және дәстүрлермен танысу жағдайы қалыптасады. Адам қарым-қатынас үрдісінде жеке тұлғалық ерекшелігін көрсетеді, өзі үздіксіз қарым-қатынаста болатын қоғамға енеді. Коммуникация әрбір адамның әрекет барысындағы субъектісіне айналып, табиғат пен дүниені таниды, олармен қарым - қатынасты дамытады. Сөйтіп, іс - әрекет барысында тұлғаның ішкі мәдени дамуы бірте-бірте қалыптаса бастайды.

Педагогикалық техника бағыттылықпен, білімдермен және қабілеттер мен қатар педагогикалық шеберлік компоненттерінің бірі болып табылады.

Педагогикалық техника компоненттері бірнеше топтарға бөлінеді. Бірінші топ педагогтың шеберлігіне байланысты өзін-өзі басқару;

  • өзінің денесін иелеу (денсаулығы, шыдамдылығы, мәнерлі дене қозғалысы мен ым-ишарасы арқылы өзінің көздеген тәрбиелілік мақсатына жету) ;
  • көңіл-күйін басқару (нақты эмоционалды көңіл-күйінің жағымды түрі, теріс эмоционалды көңіл-күйді туындатпау шеберлігі) ;
  • әлеуметтік перцепция (назар аудару, елестету, әлеуметтік сезіну - басқа адамдардың көңіл-күйін анықтау және оны сезіну шеберлігі) ;
  • сөйлеу техникасы (дауыс ырғағы, демі, сөйлеу тембрі мен темпін бақылау) .

Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар.

Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының кобеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзиндик бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді кутуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Мұғалімге қойылатын талап - жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан - жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.

Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісіндегі педагогикалық практика
Коммуникативтік мәдениеттің құрылымы
Ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері
Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру
Сөйлеу әдебі ағыл
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде тілдік ортаның әсері
Педагогикалық мәдениетін дамыту бойынша ғалымдардың теориялық зерттеулері
Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері
Жоғары сынып оқушыларының көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz