Дүниетаным-қалыптасушы тұлғаның өзегі. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Дүниетаным-қалыптасушы тұлғаның өзегі. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны
Қабылдаған: Санатбай П.
Тобы:126-38а
Орындаған: Нарбекова Н.
Шымкент-2019
Дүниетаным - қоғамдық сананың ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады. Ғылыми дүниетаным адамға қоршаған ортаның құбылыстарын дұрыс қабылдауға және қорытуға, оларға объективті баға беруге көмектеседі.
Дүниетанымның қалыптасу процесі күрделі, көп қырлы процесс, сондықтан педагогика ғылымында бұл ұғымға деген әр түрлі көзқарастар қалыптасқан.
Дүниетанымның күнделікті тұрмыстық дүниетаным, діни дүниетаным, ғылыми дүниетаным және т.б. түрлерін атауға болады.
Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың ең жоғары формасы.
Ғылыми дүниетаным әлемге деген ғылыми, философиялық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастар жүйесі. Әлем өркениетінің жетістіктерін жинай отырып ғылыми дүниетаным адамды тұрмыс пен ойлаудың, табиғат пен қоғамның мәнді жақтары туралы әлемнің ғылыми бейнесімен қаруландырады.
Дүниетанымда ішкі мен сыртқының, объективті мен субъективтінің бірлігі көрінеді.
И.Ф. Харламов ғылыми дүниетанымның бағдар беру, ақпараттық және баға беру функцияларын атайды. Б.Т. Лихачевтің пікірі бойынша ғылыми дүниетаным ағартушылық, тәрбиелік, дамытушылық, ұйымдастырушылық және болжамдық функциялар.
Ғылыми дүниетанымның ағартушылық функциясының мәні - ол қоғам және табиғат әлемін адамға түсінікті етеді, білімді сана қалыптастырады, әлеуметтік және саяси қате түсініктерден сақтайды.
Тұлғаның қабылдаған көзқарастары мен сенімдері онда белгілі бір моральдік қасиеттердің қалыптасуына, қоршаған шындыққа деген қарым-қатынас қалыптастыруға негіз болуы ғылыми дүниетанымның тәрбиелік функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.
Ал дүниетанымның дамытушылық функциясының мәні дүниетанымның мазмұнын игеруге арналған ішкі рухани жұмыс тұлғаны белсенді ойлау іс-әрекетіне тартуында.
Ғылыми дүниетанымның ұйымдастырушылық функциясы оқушыларды практикалық іс-әрекет жүйесіне тартудан көрінеді.
Ғылыми дүниетанымның болжамдық функциясы қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын игеру негізінде іске асырылады.
Ғылыми дүниетаным тұлға қалыптасуында адамгершілік, эстетикалық және т.б. бағыттарда дамуының негізі, орталығы болып табылады.
Дүниетаным адам санасының жоғары формасы, оның қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі. Сонымен қатар осыған байланысты адамдардың негізгі өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті.
8.2 Ғылыми дүниетанымның негізгі компоненттері мен мәні
И.Ф. Харламов ғылыми дүниетанымның құрылымдық компоненттерінің төрт түрін көрсетеді. Олар: ғылыми білімдер жүйесі; дүниеге көзқарас; сенім; адам мұраты.
Білім - ғылыми шындықтар жүйесі. Білім - объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім кез келген жағдайда адамның дүниетанымын анықтай бермейді. Білім адам үшін субъективті мән алуы, яғни оның көзқарастары, сенімдері, идеал құруының негізі болуы керек. Ғылыми білім тұлға дамуының және оның дүниетанымы қалыптасуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.
Көзқарас жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Көзқарас - адамның шындық ретінде қабылдаған идеалы, білімдері, теориялары, концепциялары және жорамалдары, құбылыстарға деген өзінің қарым-қатынасы.
Сенім - көзқарастың жоғары сапалы жағдайы. Сенім деп тұлғаның ішкі позициясына айналған білімдерді айтуға болады. Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Сенім тұлғаның рухани әлемін (құндылықтарын, қызығушылықтарын, сезімдерін, іс-қимылдарын) анықтайды. Олар адамды қоғам өмірі талаптарына, қажеттіліктеріне сәйкес іс-әрекет жасауына бағыттайды.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірлік ұмтылысы.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Егер адамның көзқарастар жүйесі оның санасының, сезімдерінің бірлігіне сүйенсе, тек сол жағдайда ғана онда әлем туралы тұтас түсінік қалыптасады. Сондықтан дүниетаным қалыптастыру тұлғаның белсенді іс-әрекетінен, оның интеллектісіне, жігеріне, эмоцияларына ықпал етуден тікелей тәуелді. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен әлеуметтік және микроорта, оқыту және тәрбие, жаппай ақпарат құралдары және т.б әсер етеді. Олардың әрқайсысы әр түрлі ықпал жасайды.
Дүниетанымның интеллектуалдық компоненті шындықты тікелей сезімдік қабылдаудан абстрактілік ойлауға көшуді талап етеді. Одан нақты ойлауға көшеді. Абстрактіліктен нақты ойлауға көшу барысында әлем құбылыстарының мәнін, себеп-салдар байланыстарын түсіну жүреді.
Аналитикалық-синтетикалық іс-әрекеттің кез-келген нәтижесінде білім де, іс-әрекет әдісі де болады. Олар тану процесінің әр түрлі жақтары. Бірақ бұл процесте жетекші рольді білім атқарады. Осылардың барлығы оқушыларды біліммен ойлау және әрекет етудің бірлігі негізінде дамытуды талап етеді.
Дүниетаным жеке-жеке білімдерден емес, оның жүйесінен тұрады. Ол білімдер әдіснамалық теориялар, концепциялар, идеялар негізінде ұйымдаса отырып, мүмкіндігінше қазіргі заманғы ғылыми білімдердің құрылымын көрсетеді.
Білімдер сенімдерге айналуы, тұлғаның басымды қажеттіліктеріне, әлеуметтік күтулері мен құндылық бағыттылықтарына, жалпы көзқарастар жүйесіне енуі үшін сезімдеріне әсер етуі керек. Оқушылардың оң эмоционалдық жағдайы оларды өз тәжірибелеріне, ұлы ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен іс-әрекетіне назар аудартады.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда интеллектуалдық және эмоционалдық-жігерлік компонентпен қатар практикалық-әрекеттік компоненттің де маңызы зор. Сондықтан оқушыларды практикалық әрекеттер жүйесіне, әлеуметтік қарым-қатынастарға тарту олардың жан-жақты ақпараттарды, қарым-қатынас тәжірибесін меңгеруіне жағдайлар жасайды.
Оқушыларда ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тұтас процесі оқытудағы сабақтастықпен, оқу пәндерінің бір-бірінің байланысымен қамтамасыз етіледі. Пәнаралық байланыстарды іске асыру бір құбылысты жан-жағынан көруге, ол туралы тұтас түсінік алуға мүмкіндік береді.
Педагогтің әлеуметтік және кәсіби позициясы оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың бір жолы. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы жетістік көп жағдайда оқушылардың мұғалімге деген сеніміне байланысты. Сондықтан, ғылымның мәнін, жетекші идеяларды толық түсінген, қабылдаған, шығармашыл тұлға ретінде қалыптасқан мұғалім ғана жастардың рухани жетекшісі бола алады.
Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:
- үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;
- азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын
қалыптастыру
- оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер, т.б. қоғамдық
құндылықка қатыстыру;
- қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;
- тұлғаның мүмкіндіктері мен тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік талаптарын ескере отырып, оның икемділігін, ептілігін және қызығушылығын дамыту;
- оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-әрекет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz