Тігін бұйымдары бөлшектерін жіппен біріктіру тәсілдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тігін бұйымдары бөлшектерін жіппен біріктіру тәсілдері

Тігін бұйымын дайындауда қол жұмысы мен машина жұмысы, сондай-ақ ылғалды жылумен өңдеу операциялары қолданылады. Киім бөлшектерін өңдеуде жіппен біріктіру, желіммен біріктіру және дәнекерлеу, қадау әдістері кеңінен қолданылады.

Тігін бұйымдарын дайындау барысында өте жиі қолданылатын тәсілдердің бірі - жіптік тәсіл. Киім бөлшектерін біріктірудің жіптік тәсілі дегеніміз - екі немесе бірнеше қабат материалдардың бір, екі немесе одан да көп жіптерден құралатын инешаншымдар арқылы бекітілуі. Инешаншым - материалдың ине мен екі шаншымы арасындағы құрылым элементі. Тігім инешаншымдардың бірізділік қатарынан құралса, ал тігіс тігіндер арқылы екі немесе бірнеше қабаттарының біріктірілуі барысында пайда болады. Киімдердің бұқаралық өндірісінде орындау жылдамдығы мен сапалы тігімді қажет ететіндіктен, машиналық ине шаншымдар мен тігістер қолданылады. Машиналық жіптік тігімдер сипаты - берік, эластикалық, әсем. Осы тәсілмен тігін бұйымдарын біріктіру процесі жеңіл орындалады және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етуді қажет етеді. Тігін өндірісінде жіптік тәсілдің жиі пайдаланылу себебі, ол материалдың барлық түрлерін бріктіруге мүмкіндік береді. Киім бөлшектерін желіммен біріктіру тігін өндірінде кең өріс алуда. Пайдалану процесінде бұйымның қалпы беріктілігін, ұзақ мерзілімділігін қамтамасыз ететін киімдердің желімдік материалдар пакетін қолдану − жоғары сапалы және бәсекелестікке қабілетті тоқыма бұйымдарын шығарудың бірден-бір жолы.

  • Мойын ойындысын өңдеу. Таңдалынған көйлектің жағасы жоқ және мойын ойындысы дөңгеленген. Бұйымның мойын ойындысының қиықтары мойын ойындысы пішінімен пішілген әдіппен өңделінді. Әдіппен өңдеген кезде, әдіптің бөліктерін оң бетін ішіне қарата салады, қиықтарын теңестіріп, сырып тігеді. Тігіс ені - 0, 5-0, 7 см. Әдіптің ішкі қиықтарын торлап шығады.
  • Қолтық ойындысын өңдеу. Көйлектің жеңі жоқ болғандықтан қолтық ойындысын дәл осы ретпен өңдейді. Қолтық ойындыларын ойынды пішінімен пішілген әдіп арқылы өңдейді. Әдіптің бөліктерін қиықтарын теңестіре отырып, оң жағын ішіне қарата салады да сырып тігеді. Тігіс ені - 0, 5-0, 7 см. Әдіп шеттері алдын ала торланады.
  • Қалтаны өңдеу. Қалта аузын алдын ала дайындалған көмекші лекало арқылы белдемшеге белгілеіді. Артқы және алдыңғы кездемелермен қалта қоймалары сырып тігіледі. Тігіс ені - 1-1, 5 см. Қалталардың ұштарын машиналық тігіспен бекітеді. Жүн және жібек мата бұйымдарының тігістерін баса үтіктейді.
  • Әйелдер мен қыздар киімдерінде бүрмелер сәндік үшін қолданылады. Бүрмелер дайындау үшін арнайы табаншасы бар екі инелі машинаны пайдаланады, ол болмаған жағдайда параллель түскен екі тігіс жүргізеді. Бірінші тігістен қиыққа дейінгі қашықтық 0, 7 - 0, 9 см, екінші тгіске дейінгісі - 0, 9-1, 4 см. Бөлшектің қиығын тігістің астыңғы жібінен ұстап тартады, қалаған мөлшерге дейін жиырады. Пайда болған бүрмелерді бөлшектің ұзына бойына бірдей етіп бөледі. Бүрмелерді жиырғаннан кейін бөлшек қиығының ұзындығы, үстіңгі бөлшек қиығына сәйкестейді.
  • Көкірекше мен белдемшені біріктіру. Көкірекше белдемшемен сырып тігу тігісімен біріктірілді. Көкірекшені оң жағына қарай айналдырады, ал белдемшені - теріс жағына. Көкірекшені белдемше ішіне салады, бөлшектерін оң жағын ішіне қарата салады да, қол инешаншымымен көктеп тігеді, көкірекше мен белдемшедегі бақылау белгілері мен бүйір тігістерін ұштастырады. Сырып тігуді көкірекше жағында орындайды. Тігіс ені - 1, 2-1, 5 см. Тігістің қиықтарын арнайы машинамен торлайды.
  • Көйлек етегін өңдеу. Бұйымның ұзындығын анықтап, көмекші лекало бойынша бор арқылы етекті қию және бүгу сызықтарын белгілейді. Матаның артығын қиып тастайды .

Сурет 1. Етекті өңдеу

Сурет 2. Сыдырманы өңдеу

Сурет 3. Әдіпті өңдеу

Қол жұмыстарын орындағанда, мынадай терминологиялар қолданады.

Термин
Жұмыстың мазмұны
Қолдану орны
Термин: Көк теу
Жұмыстың мазмұны: Көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлшекті уақытша біріктіріп тұрады . Тігісті алдын ала белгіленген орны бойынша түзу етіп тігіп шығады.
Қолдану орны: Белдікті, желбіршекті , бұйым бөлшектерін уақытша біріктіру үшін қолданылады
Термин: Көктеп тігу
Жұмыстың мазмұны: Бірінің үстіне бірі тұрған екі бөлшекті уақытша көктеп тігу
Қолдану орны: Қалтаны негізгі бөлшекке жапсырып тігуге қолданады
Термин: Бүгіп көктеу
Жұмыстың мазмұны: Бөлшектердің қайтарылған шеті мен қатпарларды уақытша ұстатып тігу
Қолдану орны: Бұйымның етегі мен бүйір тігстерін бүгіп тіккенде және қатпарларды ұстатқанда қолданады
Термин: Қадау
Жұмыстың мазмұны: Сәнді, әшекейлі фурнитурларды бұйымға қадау.
Қолдану орны: Түймені, ілгекті , сыртетпені бұйымға қадағанда қолданады

Бұйымның бөлшектерін өзара инешаншым және тігім арқылы қосады. Сонымен инешаншым дегеніміз - матада жіптердің айқасуы арқылы аяқталған процесі.

Тігім - бірнеше рет қайталанған инешаншым орны.

Тігіс - бөлшектердің біріккен орыны.

Тігістің ені деп бөлшектің шеткі қиығынан тігіске дейінгі ара қашықтықты айтады.

Орындалу әдісіне қарай инешаншымдар қолмен және машинамен іске асырылады. Ал қолдануына қарай біріктіру және сәндік болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машина инешаншым тігімдері
Жіптің сауда номері
Үлгіні таңдаған кезде киімнің қолайлы, әдемі, сәннің соңғы бағытына сәйкес болуын қадағалаған жөн
Тігу технологиясы
Тігін тігу технологиялары
Менің таңдап отырған бұйымым классикалық үлгідегі пальто
Бұйымды дайындаудың технологиялық операцияларының бірізділігі
Иран халқының дәстүрлі киімін зерттеу негізінде ұлттық әйелдер костюмінің коллекциясын жетілдіру
ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДА КИІМ ДИЗАЙНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ұлттық нақышта қазақ көйлегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz