Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары
Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары.
1. Қазақстан тарихы курсының пәні және міндеттері. Қазақстан тарихының
кезеңдері.
Тарих латын тілінен аударғанда, өткен оқиғалар жөніндегі әңгімелер,
зерттелген, анықталған туралы баяндау. Бірақ, тарих тек қана өткен туралы
әңгіме ғана емес, ол нақты оқиғалардың жүйелі дамуы мен өзгеруін зерттейтін
ғылым. Сонымен бірге өткен оқиғалар қорытындылай келе, оларға әр адамның,
халықтың, жалпы адамзаттың қызығушылығын туғызады. Сол себептен біз өткенді
терең білгіміз келеді.
Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық
ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені
туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан
тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта
азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт
дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын
жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
“Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттері:
1) Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін білу;
2) Көшпелі дүние жүзіндегі қазақ халқының рөлін ашу, әлемдегі өркениетке
қосқан үлесін көрсету;
3) Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этникалық тұрмысының шаруашылығы
мен әлеуметтік саяси қондырғысын қалыптастыру процесіне зер салу;
4) Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау;
5) Қазақ халқының дамуы мен құрылуы жөніндегі нақты тарихи білім беру;
Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді.
Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII
ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан
(XX ғ.).
Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты
қамтиды.
Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді:
-Тас дәуірі барлық құралдар тастан жасалған дәуір.
-Қола дәуірі барлық құралдар қоладан жасалған дәуір.
-Темір дәуірі барлық құралдар темірден жасалған дәуір.
2. Қазақстан тарихының негізгі деректері мен тарихнамасы.
Деректемелер:
-Заттай немесе археологиялық. Адамдардың өмірі мен тіршілігі туралы заттай
деректерге сүйеніп зерттейтін ғылым саласа археология деп аталады.
-Этнографиялық. Этнография- бұл халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасының
дамуын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.
-Лингвитсикалық
-Ауызша және жазбаша деректемелер.
Тарихнама:
-Ежелге және ортағасырлық кезеңдер бойынша қытай, грек, парсы, латын және
түркі тілдеріндегі жазбаша кітаби деректемелер бар.
-Көне жазбаша деректер Ахеминидтер заманында пайда болды. (б.з.д. I ғ
ортасы)
-Парсы тілінде б.з.д II мж көне кезеңдегі оқиғалар турыл мәліметтер бар
зороастризм кітабы Авсета жазылған.
-Б.з.б II ғасырдағы Қытай деректері Қазақстан тарихын зерттеуде үлкен рөл
атқарады. Тарихи жазбалар.
-Тоныкөк, Білгеқаған,Күлтегін т.б қағандырдың рухына арналған ескерткіштер
жатады.
3. Қазақстан территориясы тас дәуірінде.
Адамның алғашқы еңбек қүралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа
созылған алғашқы тарихи кезең — тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай
3 кезеңге бөлінеді:
Палеолит — ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан — 12 мыңжылдыққа
дейін);
Мезолит — орта тас дәуірі (б.з.б. 12—5 мыңжылдықтар);
Неолит — жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5—3 мыңжылдықтар);
Энеолит- мыс-тас ғасыры- б.з.б 3000-2800ж.ж.
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит (б.з.б.
2,5 млн.— 140 мыңжылдықтар); 2) орта палеолит (б.з.б. 140—40 мыңжылдықтар);
3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40—12 мыңжылдықтар).
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріне жатады.
Ежелгі адамның қалдықтары әзірше табылған жоқ, бірақ олардың мекен-жай,
түрақтары табылып, зерттелуде. Адамдардың қоныстануына қолайлы жердің бірі
Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең
көне еңбек қүралдары табылды. Көне тас дәуірінің алғашқы кезеңінің
ескерткіштері Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің бойынан
Қызылтау, Тәңірқазған, Бөріқазған, Тоқалы жэне Ақкөл деген жерлерінен
табылған. Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дәуірге жататын
ескерткіш табылды. Қарасу түрағынан тастан жасалған 15 мыңға жуық заттар
табылған.Оңтүстік Қазақстаннан бірқатар кейінгі палеолиттік ескерткіштер
табылды. Олардың ішіндегі ден қоярлығы Шолаққорған қалашығының батыс
жағынан табылған Ащысай түрағы. Орталық Қазақстандағы Батпақ түрағынан ірі
қырғыш тастар мен сүңгінің үштары табылды. Үшінші Қарабас көмбесінен 172
порфириттен жасалған заттар табылды. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка,
Үңгір жэне Ново-Никольское түрақтары белгілі болды. Жамбыл облысынан
табылған палеолит дәуірінің 5 мыңнан аса еңбек құралдарынң бәрі қашау мен
үшкір заттар. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000-ға
жуық тас құралдары табылған. Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы
тұрағынан табылған қырғыштар, кейде тас пышақ болып келеді.
Кейінгі палеолит кезеңін мезолит (Б.з.д. 12—5 мыңжылдықтар) алмастырды. Бүл
кезең аз зерттелген. Сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де
сирек. Қазақстан аумағында 20-дан астам мезолиттік тұрақ табылған.
Мезолиттің жаңалығы микролит, садақ пен жебенің пайда болуы.
Неолит кезеңі (б.з.б. 5—3 мыңжылдықтар) арасын қамтиды. Бүл тас өңдеу
техникасының әбден жетілген кезі. Тасты өңдеудің жаңа технологиялық
тәсілдері: тегістеу, бүрғылау, аралау пайда болады.Қазіргі кезде Қазақстан
жерінде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік ескерткіш бар. Неолит
түрақтары орналасу сипатына қарай төрт түрге бөлінеді: 1) бүлақ бойындағы;
2) өзен жағасындағы; 3) көл жиегіндегі; 4) үңгірдегі. Қараүңгір неолиттік
түрағы — Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас ауданында орналасқан. Шығыс
Қазақстан облысындағы Қызылсу өзенінің оң жағалауынан Сатшақыз түрағы
табылды. Батыс Қазақстанда Келтеминар мәдениеті табылды. Сөйтіп, қорыта
келгенде, тас дәуірінде адамның пайда болуы, қалыптасуы жэне алғашқы
адамдардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен игере бастауы үрдісі жүрді.
Арал өңірінен найзаның ұштары, жалпақ пышақтар, екі жүзі де өңделген жебе
ұштары табылған. Балқаштың солтүстігінде- шақпақ тастан жасалған ұсақ
құралдар. Орталық Қазақстандағы Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне
кен шығару, жерлеу орындары табылған. Қызылордадағы Сексеуіл тұрағы.
4. Қазақстан территориясы қола дәуірі кезеңінде.Дәуірдің ерекшелігі,
шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы.
Қола дәуірі б.з.б 2800-900ж.ж.
Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д.
3-мыңжылдықта басталған. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын
алады. Бұл дәуірде адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан жасалған
құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің
пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды.
Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар аралығын
қамтиды. Кең тарихи-мәдени мағынасында қола дәуірінің алдыңғы (б.з.д. XVIII
—XVI ғғ.) және ортаңғы кезеңдерінде (б.з.д. XV—XII ғғ.) тұстас.
Археологиялық қазба материалдары бұл кезеңде Қазақстан аумағында адамның
негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болғандығын дәлелдейді. Негізгі мал
түрі “ ірі қара, ал қой мен жылқы аз мөлшерде болған.
Мал шарушылығының жедел дамуы ең бірінші кезекте ірі қоғамдық еңбек
бөлінісінің, халықтың басқа бұқарасынан бақташы тайпалардың бөлініп шығуына
негіз болды. әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық-тайпалық
бөлімшелер пайда болды.
5. Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің археологиялық мәдениеттері.
Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті
тарих ғылымында Андронов мәдениеті деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы
ескерткіштері Андронов деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік
Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Андронов мәдениетінің
алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Ал б.з.д. XII—VIII
ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан.
Академик Әлкей Марғұланның анықтауынша, Беғазы - Дәндібай мәдениетінің
ерекшелігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған
ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан.Бұл дәуірде көбінесе өлген
адамның сүйегін жартылай өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс жерде
өртеп, содан соң күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені
адамның сүйектерімен қатар қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-
жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ.
Шығыс Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері төрт кезеңге белінеді. Олар:
1. Усть-Бөкен кезеңі (б.з.д. XVIII—XVI ғғ.).
2. Қанай кезеңі (б.з.д. XV—-XIII ғғ.).
3. Кіші-Красноярка кезеңі (б.з.д. XIII—IX ғғ.)
4. Трушниково кезеңі (б.з.д. IX—VIII ғғ.)
6. Сақ тайпалары. Саяси тарихы.
Сақтар біздің жыл санауымызға дейінгі 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Сақ
әулетінің негізін Алып-Ер Тұнға (Афрасияб) қалаған. Діні-Тәңірінің діні.
Жазуы- көне түркі тілі. Сөйлеу тілі- Алтай тіл тобына жататын түркі тілі.
Сақтардың мекен жайы- Орта Азия мен Қазақстан және Шығыс Түркістан өңірі.
Сақтар тарихи жылнамалар мен көркем әдебиетте Азиялық скифтер, Құдіретті
еркектер, Жүйрік атты турлар, Скиф- сақтар, Савроматтар деп аталады.
Сақтар туралы алғашқы мәліметтер антикалық авторлардың еңбектері мен
парсы-иран жазбаларында кездеседі.
Шығыстанушылардың пікірінше сақтар үшке бөлінген. Олар: теңіздің ар жағынан
келген сақтар, хаома сусынын даярлайтын сақтар және шошақ бөрікті сақтар.
Теңіздің ар жағынан келген сақтар: Қара теңіздің солтүстігін, Арал маңын
және , Сырдариянның төменгі ағысын мекендеген
Шошақ бөрікті сақтар: Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шань мен Жетісуды
мекендеген.
Хаома сусынын даярлайтын сақтар: Мургаб алқабы мен алтынға бай Алтайды
мекендеген.
Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен
б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды,
массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып
кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері
тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі.
7. Сақ тайпаларының шаруашылығы мен мәдениеті.
Сақ тайпалары көшпелі мал шаруашылығы (әсіресе қой шаруашылығы) және кей
жерлерде жартылай отырықшылықпен айналысты.
Көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанның далалы, шөлдері мен
шөлейтті аймақтарында жыл бойы көшіп-қонып жүрумен сипатталды. Бұл жерлерде
егіншілік дамымаған, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана таралды. Өсірілетін
мал түрі: негізінен, қой, түйе, жылқы, ал ірі қара аз болған.шаруашылықытың
қосалқы түрі ретінде аң аулау дами бастаған.
Қоғамдық құрылысы. Сақ тайпасын- тайпа көсемі басқарды ол әрі әскердің
қолбасшысы болды. Тайпа одақтарының көсемдері: жайылым, көш, жер бөлу, жер
дауы, ру мен тайпа арасындағы дау жанжалдарды қадағалады. Сонымен қатар сақ
қоғамында адамдардың үш әлеуметтік тобы болды. Олар: жауынгерлер, абыздар
және қауым адамдары болды. Әр қоғамдық топтың өзіне тән киімі болды.
Жауынгерлер - қызыл, абыздар – ақ ал қауым адамдары – сары және көк болды.
Мәдениеті. Сақтарда ата-баб аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-
жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген
туыстарының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары,
үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүниелік
өмір бар деген сенімге негізделді. Осыған байланысты өлген адам бұл
дүниедегі дәрежесі, материалдық игіліктерімен қоса жерленген.
8. Үйсін мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.
Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі '''үйсіндер''' мемлекеті болып
есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері
байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың
болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға
болады.Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле
алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен
шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап)
Ыстықкөлдің жағасына орналасты.Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп
атаған.
Шаруашылығы:
Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары
салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері
байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары,
қой терісінен тіктірген.
Қоғамы:
Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер
басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол
малға, жер-суға тараған.
9. Қаңлы мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.
Б.з.б. V-ІV ғасырдағы деректер бойынша, Қаңлы құлшылық мемлекетіне Әмудария
мен Сырдарияның жоғарғы орта ағысындағы жерлер қараған: Бұқара, Шахрисиябз,
Кушаниз, Ташкент ауданы, Хорезм өлкесі. М. Қашқари айтуы бойынша, Қаңлы
(Қаңқа) - патшаның аты. Оның мемлекетіне кірген тайпалар, халықтар жалпы
патшаның атымен қаңлы аталған.Қаңлылар ұлы күш болып, шет елдерге бас
июге ешбір көнбеген. Олардың чиновниктері үйсіндердің елшілерінен кейін,
Қытай елшілерін отырғызған. Тамақты әуелі өздеріне, одан кейін Шығыс
көршілері Қытайға беретін болған.
Шаруашылығы:
Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып
орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен
айналысқан.

Мемлекеттің ыдырауына экономикалық әлсіздігі себепші болды. Оңтүстіктегі
отырықшылықпен айналысатын аудандардың солтүстіктегі көшпелі, жартылай
көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын аудандармен байланысы нашар болды.
Мұның өзі біртұтас елге айналу жолында кедергі келтірді.
10. Қазақстан тарихындағы ғұн тайпаларының орны. Халықтың ұлы қоныс
аударуы.
Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет
құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті
ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп
есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар
басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың
мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-
қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол
сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады.
Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі
саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды.
Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты
тұрды. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды.
Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық
құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа
арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын
ауыстыруына әсер етті.
Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан
басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға
ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта
бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе
Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы
сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.
Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді.
Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды.
Кейін готтар (герман тайпалары), ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар
Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз
жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.
11. Түркі тайпалар одағының құрылуы. Түрік этнонимі.
Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс
Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда
түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік
Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде
олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. VI
ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түрік тайпасының
әулеттік Алшын руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік
этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542
жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған.
Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне
солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап,
ойрандап кететін болды деп хабарланады.
12. Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.
Түркі қағанаты-түркілердің тайпалық одағы тарапынан орта ғасырларда (552 -
742 ж.) басқарылған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің
бірі. Түркі қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай
(Маньчжурия), Монғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия,
Қазақстан және Солтүстік Казказ территорияларына иелік еткен. Қытай
жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Түркі қағанаттың саяси-
әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу.
Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы
қайтыс болады.
581 ж. Қытайда Чжоу династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа
патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек
маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек
жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі
қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі
өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы
саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп
кетеді.
Батыс түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде
пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704).Батыс Түрік
қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар.Батыс
түрік қағанаты ежелгі үйсін жерлеріне ірге тепті, демек, оның аумағы
ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып
жатты. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж.
Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза
тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды.
13. Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.
Түргеш қағанаты — Түргештер (704-756 жж.) дулы тайпа құрамының ішіне
жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі.
(Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері
этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған
кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған
болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты
"сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".
699-706 жж аралығында елді Үшелік қаған басқарды. Ол Жетісуда өз билігін
орнатты. Бас орталықтары Суяб пен Күнгіт қалалары болды.
Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған
(706-711) таққа отырады.Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында
күшейді. "Сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу
үшін күрес басталды.Соның салдарынан 756 жылы түрік тілді қарлұқ
тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.).
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына
жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай
тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің
бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның
салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық
көрсете алмады.940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
14. Қарахандар мемлекеті. Ислам дінін қабылдау.
Қарахан мемлекетінің құрылуы. X ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және
Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама
дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың кептеген әлеуметтік
институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды.
Қарахан мемелекетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан болып есептелінеді.
Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, яғма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ
өлгеннен кейін Билік оның ұлы Мұсаға көшеді, ол 960 жылы Қарахан
мемлекетінің халқын Ислам дініне қаратты.Көп кешікпей-ақ, олардың ізін ала
арада бес жылдан соң Ислам дінін осындағы 200 000 киіз үй (түтін)
қабылдады. Осылайша Ислам бұл мемлекетте, шын мәнінде, ресми дінге және
мемлекеттік идеологияға айналды. Алайда біртұтас Қарахан мемлекеті 1032
жылға дейін ғана өмір сүре алды.
15. Қарақытай мемлекеті.
Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан
тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ.
жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың
солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген.
Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу
озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде
тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі -
әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту
етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың
оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін
басқарады.
16. Оғыз мемлекеті.
Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі
ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында
оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. Оғыз деген терминнің
этимологиясы әлі де анықталмаған.
Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл
атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтын арасында
хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар
қағанаты талқандалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-саяси одағы олардың
саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады.
Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды;
екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шөнжарлары ездерінің
малына жайылымға, Дон және Қара теңіз маңындағы далаларға оөе мұқтаж болды,
ал оған жетуге Хазария бөгет жасады. Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан,
Үстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша
қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс
мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс
елдерініңбай рыногына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси
бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі.
17. Қазақстан территориясындағы қимақтар.
X ғасырдын басында қимақ мен қыпшақтар оғыздармен бірге Жайық алабында,
Арал жэне Каспий өңірлерінің далаларында көшіп жүрген. Бұл тайпалардың
қоныстануы араб географтарының орта ғасырлардагы карталарында да көрініс
тапқан. Әл-Истахридің Әлем картасында қимақтар Арал теңізінің солтүстік
және солтүстік-батыс жағындағы жерге орналасқан.Алтай, Таулы Алтай мен
Ертіс өңірлерін мекендеді. Оңтүстікте қимақтарға Оңтүстік Алтай мен
Тарбағатай аралығын мекендеді.
18. Қазақстан тарихындағы қыпшақтар.
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін
құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны
мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақтар ҮІІІ ғасырда Ертіс бойын, Шығыс Қазақстан далалары мен Алтай
тауының баурайларын мекендеген. ХІ ғасырда Қимақтардың әлсіреуіне
байланысты үстемдікке ие болды. Олар Сырдария бойындағы оғыз жерлерін,
Арал, Каспий маңы далаларын басып алып Жорезмшах шекарасына жетті. ХІІ
ғасырда Ертістен Еділге дейінгі ұлан байтақ территорияны иеленді.Қыпшақ
хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы
елдердің билеушілерімен хат жазысып отырды. Жазба деректерде қытай, үнді,
ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан оқымыстылар
да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік
дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.Қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі
мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден
қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз.
19. Наймандар мен керейіт ұлыстары.
Наймандардың, керейіттердің, жалайырлардың ертеректегі мемлекеттері —
Орталық Азияның шығысында — Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында
пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар.
Көшпелі мемлекеттіліктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр,
ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан
басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тон
болды.
Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон
аралығында сегіз-оғыз (яғни сегіз тайпаның одағы) деген атаумен пайда
болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді алып
жатты.Қазақ халқының шежіре деректері бойынша наймандар Орта жүзге кіреді.
Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, ұлы жүз
құрамына енеді.Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын айырып, содан жалайыр
атанған.Наймандар, керейіттер, жалайырлар негізінен мал шаруашылығымен
айналысқан. Олардың өз малына жайылым іздеп, бір жерден екінші жерге жылына
бірнеше рет көшіп жүруіне тура келді. Көші-қон шалғайлығы жер жағдайы мен
мал санына байланысты болған.
20.VI-XII ғғ. ортағасырлық қалалар саяси өмірдің, сауданың, қолөнердің,
мәденитеттің орталығы ретінде.
Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған қалалар
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы
қалалардың бірнеше бөліктері болды.
Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.
Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.
Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.
VI-XII ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб,
Үзкент, Сауран, Құлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Отырар, Қарнақ, Ашнас,
Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағұн,
Орда т. б. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қала орнын анықтаған.
Испиджаб. Қазіргі Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде (Сайрам) орналасқан.
Бұл қала V ғасырда аса ірі мәдениет және сауда орталығы болды. Испиджабтың
осындай сауда орталығы ретіндегі рөлі X-XII ғасырларда күшейді. XI ғасырда
сауда айналымы үшін шығарылатын теңге сарайы Испиджабта орналасқан.
Испиджаб IX-X ғасырларда Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінің құрамында болды.
Сонымен қатар Испиджаб ірі діни орталық болған.
Тараз. Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі Тараз
болды. Тараз қарахандықтар мен қарлұқтар заманында ерекше гүлденді. Бұл
қала Талас деп те аталған. Тараз қаласында Бабаша хатун, Айша бибі, Қарахан
кесенелері орналасқан. Тараз қаласы жайында араб саяхатшысы Әл-Макдиси:
Тараз – ірі бекіністі қала, бақтары көп, халқы тығыз, қала сыртында терең
ор қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар. Қаланың
орталық бөлігіне кірер қақпа алдында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде
де тұрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базар арасына салынған,
— деп жазған.
Түркістан (Иасы). Бұл қала алғашында Шауғар деп аталған. Қалада атақты
ойшыл, ислам дінінің білгірі Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрген (кейіннен
Мәуереннахр билеушісі Ақсақ Темір Ахмет Иассауиге VII ғасырда мазар
салдырған.) Қаланың Қазақстан мен Орта Азияның діни орталығы ретіндегі
беделі өсе берді.
Сығанақ – Сырдария бойында орналасқан ірі сауда орталығы. VII ғасырда
Сығанақ қаласы қыпшақтардың саяси орталығы болды.
Баласағұн – ортағасырлық ірі қалалардың бірі. Бұл қала Шу өзенінің бойында
орналасқан. Жалпы зерттеулер бойынша Баласағұн қаласы V ғасырда пайда
болған. Бір кездері Баласағұн қарлұқтар мен қарақытайлардың астанасы
болған. Баласағұнда ұлы ақын, ғалым Махмұд Қашғари еңбек еткен және ақын
Жүсіп Баласағұн туған. Баласағұн қаласы Ақтөбе деп аталған.
21.Ұлы Жібек жолы және оның көне түрік мемлекеттерінің экономикалық және
саяси дамуындағы алатын орны.
Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,
Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты.Ұлы
Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс
өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.VI-VII
ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы),
Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым
орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер Тараз базары – әлем
айнасы дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен
сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар,
киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.
Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені –
Ыстықкөл. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды.
Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.
Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.
Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).
22. VI-XII ғғ. ғылым мен мәдениеттің дамуы.
Жазу мен ғылымның дамуы. VI- VIII ғасырларда түрік қағанатына бағынған
Орталық және Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай-ақ Хазар қағанатын
құрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік
тайпалары өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен әкімшілік және
елшілік тәжірибелеріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік актілерді бекіту
қажеттілігінен туындаған тәрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл
атқарғаны анық.Жаңа жазба - көне түрік әліппесі - түріктердің арасында VII
ғ. бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашында бір-бірінен бөлек
жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 әріптен тұрған,
оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға қолайлылығымен
ерекшелінеді.
Дамыған орта ғасырлар кезеңіндегі тағы бір ірі әдеби поэтикалық шығарма
“Құтатғу білік” немесе “Қайырымды білім” поэмасы болып табылады.Түрік
тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы Махмуд
Қашқари (1029-1101) еді, оның халиф әл-Мухтадиге арнап 1072-1074 жж. жазған
"Түркі тілдерінің сөздігі" (Диуани лұғат ат-түрк) атты атақты шығармасы
бар.
Осылайша VI-XII ғасырларда кең толғамды, парасатты пайымдаулары мол ғылыми
мұралардың, ақындық өнердің үздік дара туындыларының дүниеге келуіне
белгілі бір өркениетті ахуалдың құнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта
тынысы мен қоғамдық-саяси жағдайлардың заңдылықтары, алғышарттары болғаны
күмәнсіз.
Сөйтіп, VI-XII ғасырларда тарихи қалыптасқан жағдай ғылымның дамуына,
феодалдық негіздің нығайып, мемлекеттік құрылымдардың шығуына, отырықшы-
егіншілік мәдениет пен қалалардың өсуіне, этникалық шоғырланушылық
процестердің күшеюіне әкелді.
23.Монғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғысханның жорықтары.Ұлыстардың құрылуы.
XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан
бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл
тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын,
орман халқы және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді.
Орман тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал
шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол
қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді
жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-
хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды.
Шыңғыс хан деген сөз моңғолша көктен жаралған деген ұғымды білдіреді.
Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне
жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол
ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп,
оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке
жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне
қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс-
хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды.Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып
алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол
ашылды.Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II
Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып,
өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға
лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін
тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін
барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның
алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.Сөйтіп, Отырар қамалын
жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-
ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы
жолда болатын.
24.Алтын Орда.
Алтын Орда1240 жылдары Рус княздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол
империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина,
Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде
Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына
дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты.
Маңызды мемлекеттік істерді шешу мақсатында жалпы империялық жиналыс –
Құрылтай шақырылды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа
отырғызу рәсімдері жасалды. Мемлекетті басқару, көшпелі өмірдің нормалары
жаңа жағдайға сай келетін заңдар мен ережелер жиынтығы – Шыңғыс ханның
жасақ заңымен реттелінді. Бұл заңның дәстүрлі нормалары кейін қазақтардың
Жеті жарғысының кейбір ережелеріне де енгізілді. Әскери істі бектербегі,
ал азаматтық істерді уәзір басқарды. Даруғалар салық жинаумен айналысса,
басқақтар жергілікті халықты әскери бақылауға алды. Бату тұсында Жошы ұлысы
оң және сол қанат болып екі мемлекеттік орталыққа бөлінді. Оң қанат Бату
мен оның мирасқорларының, ал Қазақстанның кең байтақ жерлерін қамтитын сол
қанат Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің үлесіне тиді. Алтын Орда Бату, Берке
хандар тұсында Шыңғыс хан империясына шартты түрде тәуелді болғанымен,
Мөңке-Темір (1266-80) тұсында дербестікке қол жеткізді.
1380 жылы Алтын Орда ханы Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы
шабуылға шықты. Орыс кнәздіктерінің біріккен күштері Дон өзенінің жағасында
Куликово даласы деп аталатын жерде 1380 ж 8 қыркүйекте Мамай әскерін жеңді.
Осы оқиға Алтын Орданың құлатылуын тездетті. Сөйтіп езілген халықтардың
моңғолдарға,орыстарға қарсы үздіксіз күресі Алтын орданың мемлекет ретінде
құлдырап, біржолата құлауына әкелді.
25. Ақ Орда.
Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы дербес ұлыс, сосын тәуелсіз ел.14-15
ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла
бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар
мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған
мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс
Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы –
қыпшақтар.Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.
Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі
болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге
күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды
өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама
бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа
созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға
беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс
ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің
билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия
әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін
1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды.
Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке
меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің
інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ
Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар
тәрізді салықтар төлеп тұрды.
26. Моғолстан:этникалық құрамы және саяси тарихы.
Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті
иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған
Тоғлық Темір болды.
Халқының этникалық құрамы:
Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл
аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі
III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін V-
VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды.
Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі
халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас,
бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың
қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол
тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының
негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің
қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін
көрсетеді.
Саяситарихы:
Саяситұрақсыздықорыналғанкүрделікез ендебилікбасынакелгенТоғылық-Темір хан
елдіңішкі-сыртқыжағдайынжақсартып,
XVIғасырдыңбасынадейінбилікеткенәул еттіңнегізінқалады.
Хандықтыңбүкілаумағынбіріктіріп,
бірорталыққабағындырады.Мемлекеттің орталығыАлмалыққаласыболады.
Ханөзініңбилігінбұрынғықалыптасқанж үйеменжүргізеді.Оныұлыстықбасқаружү йесінс
ақтауынанкөругеболады.Дулаттайпасын ыңмұралықлауазымыжоғарыұлысбегідеге натағы
нсолқалпындақалдырады.Салықжинаудак ейбіржаңашараларқолданылады.Мұсылма ндінін
мемлекеттікдінретіндеқабылдайды.Тоғ ылық-
Теміргедейінмоғолбилеушілерініңисла мдінінеенуібаяужүріпкелсе,
ендіханбұлмәселегеерекшекөңілбөлген .Мырза-МұхаммедХайдардыңжазуыбойынш а,
біркүнде 160
мыңадамисламдінінқабылдайды.Ханныңб ұйрығыбойыншадіндіқабылдамағанәмірл ерменб
ектердіөлімжазасынакескен.Сөйтіпхан елішіндеқаталтәртіпорнатады.
27. Әбілхайыр хандығы.
ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-
батысаймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды.1428 жылы Шайбан
ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды.Ол
Сырдария бойындағы қалалармен Хорезм үшін Темір ұрпақтары мен ұзақ
соғысты.Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып Көшпелі
өзбектер мемлекетін құрды.
Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында
Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағымен Арал өңірінен
солтүстігінде Тобылдың орта ағысымен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып
жатты.Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан
Сығанақ. Халқы – өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар,
қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді
40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты
ете алмады.Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп,
оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін
толассыз соғыстар тоқтамады.
Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ ғ. 50-
жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей
сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті.Оларды жазалау
үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен
қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті.
28. Ноғай Ордасы.
Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі –
Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып
жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің
қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты.
Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында
болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі
атанды.
Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай
Алтын Орданы билеп (1396-1411), ұлы әмір атанған. Шыңғыс әулетінен хан
сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде
бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында
аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес
мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені
сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын,
қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы
этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында
қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады.
ХҮІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық, саяси
байланысы дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен
Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы
тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына
енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының
қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
29. Ақсақ Темір мемлекеті және оның жорықтары.
Әмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрді. Түркіленген барлас
тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. 35 жыл жеке – дара билік
жүргізген.
Жорықтары:
1370 жылы – Мәуереннахрды басып алды.
1374-1377 жылдары – Тоқтамыстың Ақ Ордаға жорықтары.
1380 жылдан бастан Темірдің көмегіне сүйенген Тоқтамыс Алтын Орданың
көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы – Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып
алды. Осыдан кейін Темірге тәуелділіктен бас тартты.
1391 жылы 21 қаңтарда Құндызша деген жерде Әмір Темір Тоқтамыстың әскерін
жеңді.
1395 жылы - Әмір Темір Тоқтамысқа қарсы Терек өзеніндегі шайқасқа аттанды.
Тоқтамыс күйрей жеңілді.
1371-1372 жылдары Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды.
1371-1380 жылдар аралығында Моғолстан он шақты рет жорық жасады.
1376 жылы көктемде Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар ад – динді Атбасы
(Қырғыз жері) жанында талқандайды.
1377 жылы Қаратау етегінде Бұрым шатқалында Моғолстан әскерлері күйрей
жеңілді.
1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғолстан жеріне бірнеше рет жорық жасады.
1390 жылы Моғолстан Темірге толық тәуелді болды.
XIV ғасырдың 90-жылдары Темір Иран мен Ауғанстанға атанды, Кіші Азияны,
Еділ бойын, Кавказды, Қазақстан мен Орта Азияны қамтитын үлкен мемлекет
құрды. Темір өз өкіметінің тірегі ретінде ісләм дінін барынша қолдады.
Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырды.
Еуразияны аяғынан тік тұрғызған ғаламат қалбасшы көреген Темір Қытайға
жорыққа даярланып жатқанда 1405 жылы қаңтардың 25-жұлдызында Отырарда
қайтыс болды. Қылыштың жүзімен найзаның ұшымен құрылған мемлекет кейіннен
ыдырап кетті.
30. Сібір хандығы.
Сібір хандығы — 15 ғасырда Батыс Сібірде құрылған феодалдық мемлекет. Алтын
Орданың құлдырауынан және одан Шайбаниұлысының бөлініп шығуынан пайда
болған хандық. Сібір ханы Көшім.
XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір. Сібірдің жерінде біршама түрік тайпалары
мекен етті. Батыс Сібір алдымен Жошы ұлысына, кейіннен Шайбани хандығына
қарайды. Батыс Сібірдің орталығы – Тұра қаласы. 1428 жылы Батыс Сібірді
Әбілқайыр басып алды.Көшім тұсындағы Сібір хандығы. Территориясы: Батыс
Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы. Құрамындағы тайпалар:
керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы т. б.Астанасы: Искер
қаласы.1563 жылы хан тағына Көшім отырды. Алты ұл тайпасынан шыққан Көшім
1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген. Ол 1555 жылы Сібірде билік
жүргізген Тайбұғанмен соғысып, оны жеңеді.Экономикасы мен мәдениеті.
Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер,
ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды.
Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.Саяси құрылысы.
Жоғарғы билеуші – хан, хан кеңесі – диван, кеңесшілер – аталықтар, уәзірлер
– қараша Сібір-Ресей қатынасы. Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай
ұмтылуына кедергі жасауға тырысты.1574–1575 жылдары сібірге барлауға
жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды.1582 жылы Көшім
әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі.1582 жылдың күзінде атаман
Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері
жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі.1584 жылы Көшімнің адамдары
Ермакты өлтіреді.1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста
Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей
империясының құрамына кіреді.Осылайша Қазан хандығы орыс әскерлерінің
шабулы нәтижесінеде Ресей империясының құрамына кіреді.
31. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі.
Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап,
одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-
4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген
(байырғы) тайпалардан құралған.Орта Азия мен Қазақстанның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz