ЖЕР АСТЫ СУЫН ҚОРҒАУ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚОРЛАРЫ . . . 4

2. ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ . . . 7

3. ЖЕР АСТЫ СУЫНЫҢ КЕН ОРНЫ . . . 13

4. ЖЕР АСТЫ СУЫН ҚОРҒАУ . . . 15

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 17

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 18

КІРІСПЕ

Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70, 8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұшы су қорларының 23% тиеді.

Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0, 1 мг/л-ді құрайды. [2]

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚОРЛАРЫ

Қазақстанның су ресурстары - Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100, 5 км3; соның ішінде не бары 56, 5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады.

Өзен ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көлемі 54, 5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46, 0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көлемі 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. [1]

Соңғы кезде су ресурстарының сандық және сапалық сарқылуы жүріп жатыр. Адамзат өз қажеттілігіне негізінен гидросфера жалпы көлемінің 1% құрайтын тұщы суды пайдаланады. Бұл мәселені шешу үшін әлемдік мұхит, жер асты және мұздықтардың суын тұщыландыруды қарастыру керек. Бұлардың ішінде жер асты суларының біршама болашағы бар.

Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзіде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр.

Жамбыл облысының су ресурстары

Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 144, 26 мың. км2 алқапты құрайды. Облыс орталығы - Тараз қаласы. Облыс тұрғындарының саны 1031, 114 мың адам, соның ішінде 432, 438 мың қала тұрғындары және 598, 706 ауыл тұрғындары, орналасу тығыздығы 7, 15 ад. /км2 . Жалпы суға деген қажеттілік 142, 13 мың. м3/сут, немесе бір адамға шаққанда 0, 14 м3.

Облыста 10 аудан бар Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Тұрар Рысқұлов, Мерке, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Шу, 4 қала (Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу), 14 аудан, 400 жуық шағын ауылдық округтер.

Жамбыл облысы аумағына қарайтын Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігіндегі қоршаған ортаның табиғатын және ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін жоғарыда аталған су көздері болып келеді. Жамбыл облысы бойынша су ресурстарының сапасы мен пайдалану жағдайы келесідей сипатталады.

Талас өзені алабының жер беті суларының мониторингіне сүйенетін болсақ, Талас өзені алабында 12-і су қойма бар, оның 11-нің сиымдылығы 1 млн м3-тан төмен, тоғызы тікелей бас өзенде жәнеүшеуі алапта орналасқан. Су қойманың жалпы пайдалы сиымдылығы 14, 5 млн. м3. Барлық су қоймалар мен суаттар ағынды маусымдық реттеуді іске асырады және суару мақсатына арналған, ал кейбіреуін атап айтқанда балық шаруашылық мақсатта пайдалануға болады.

Шу-Талас алабында, гидрографиялық тұрғыда 3 үлкен өзен (Шу, Талас және Аса), 242 кіші өзен (соңын ішінде Шу өзенінің алабы бойынша - 158, Талас өзенінің алабы бойынша - 20, Аса өзенінің алабы бойынша - 64), 35 көлдер орналасқан. Сонымен қатар, Шу өзенінде орналасқан Тасөткел су қоймасы, жобалық көлемі - 620 млн. м3, Аса өзенінің негізгі тармақтарының бірі болып саналатын Теріс өзенінде орналасқан Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы, көлемі - 158 млн. м3 және Аса өзенінің алабы болып саналатын Шабақты өзенінде орналасқан Ынталы су қоймасы, көлемі - 30 млн. м3, көлемі 1 ден 10 млн. м3 дейін жететін 39 кіші су қойма (қосынды көлемі - 130, 6 млн. м3) мен 164 тоғандарда (барлық көлемі 72, 2 млн. м3) орналасқан. Жамбыл облысының жылдық суммалық ағыны 4106 млн. м3 құрайды. Бұл ағыста Қырғызстан территориясынан ағып келетін су көлемі - 3139 млн. м3. облыс территориясында ағынның 967 млн. м3 суы қалыптасады. Сол себеп-тен, Қырғызстан территориясынан ағып келетін судың көлемінің 25%-ын алатын Жамбыл облысы, шектелген су пайдалану жағдайында болып тұр.

Жамбыл облысының барлық экономикалық-салаларында үнемдеу және суды сақтау технологиясын пайдалану проблемалары, қазіргі уақытта басты міндеттердің бірі болып есептеледі. [5]

Су қорларын тиімді пайдалану, келесі мәселелерді шешуді талап етеді :

1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде суды жұмсау мүмкіндігін негіздеу жұмыстарын жалғастыру;

2. Аса, Талас, Шу өзендерінің ағынын қайырымсыз алуына баға беру;

3. Су қорларын қалпына келтіру және суды сақтау технологиясына көшудің негізгі бағыттарын түзу.

1. кесте. Жамбыл облысындағы су қолдану

Су қабылдау көлемі

Жылдар
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Су қабылдау көлемі: Жалпы су қабылдау көлемі
Жылдар: 2776, 6
2268, 5
2246, 9
2288, 9
2061, 3
1219, 9
2078, 9
1612, 1
Су қабылдау көлемі: Ауыл шаруашылығы бойынша
Жылдар: 2564, 1
2039, 4
2182, 4
2227, 2
1993, 1
1146, 3
2010, 7
1542, 0
Су қабылдау көлемі: Жалпы % көлемде
Жылдар: 92, 3
89, 9
97, 1
97, 3
96, 7
94, 0
96, 7
95, 6

2. ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ

Жер асты суы - жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.

Картинки по запросу жер асты сулары

1 - сурет. Су айналымы

Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді.

Қалқыма су - кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады.

Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған. Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, бұл - терең қабат аралық жер асты суы.

Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж. шыңырау құдық қазылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл - су өткізбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы. Артезиан сулары платформалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда кездеседі. Қазақстанда тұщы артезиан сулары 50-2700 м, ал тұзды және ащы су онан да тереңде жатыр. Каспий маңы ойпатында 10-23 км-ге жетеді. Мысалы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас әсер асты теңізінің бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан, атап айтқанда, солтүстік облыстардан да табылды. Алматы қаласы, 14 облыс орталығы, 200-ден астам аудан орталықтары, өнеркәсіп және 3500-ден астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен камтамасыз етіледі. 100 млн гектардай жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістікті суаруға мүмкіндік алады. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бұдан да кең пайдаланылатын болады. Қазақстанда жер астынан ыстық (термальды) су табу үшін барлау жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркәсіпте, сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.

Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1, 5 - 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады.

Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы суларды көп пайдаланатын салаларға - тау-кен орындары, химия, мұнай химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді.

Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т. б. ) әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олар әлі игерілмеген.

Республика жерінде 300-ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. Олар Қазақстан жерінде ерте кезден белгілі. Мысалы, Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі XIV ғасырдан бері белгілі, Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Алтайдағы Рахман қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы жарияланған. Қызылорда аймағындағы Жаңақорған санаторийі 1919 жылдан жұмыс істейді. [4]

Жер асты суларының пайда болуы

Жер асты суларының пайда болуын түсіндіруге бірінші болып талаптанғандар көне грек философтары - Платон мен Аристотель. Платон (біздің заманымыздан бұрынғы 427-347 жылдар) жер асты суларының теңіздің тұзды суларының есесінен түзіледі деп болжады. Оның топшылауына тау жыныстарының қуыстарын бойлай қозғалған теңіз суы өзінің тұзынан арылып тазарады да жер бетіне тұщы бұлақтар түрінде шығады. Аристотель (біздің заманымыздан бұрынғы 384-322 жылдар) жер асты сулары тау жыныстарының қуыстарындағы суық ауаның қоюланкы нәтижесінде пайда болады деп санады.

Римдік Марк Витрувий Полий (біздің заманымызға дейінгі І ғасыр) жер асты сулары жаңбыр мен қар суларының топыраққа сіңуі есесінен түзіледі деп болжады. Кейінірек жер асты сулары су буларының аса үлкен тереңдікте қоюлануынан (Агрикола, ХVІ ғасыр ) немесе жер бетіндегі сулардың тау жыныстарына сіңіп төмен қозғалуынан пайда болғанығы (М. В. Ломоносов) жөніндегі түсініктер басымырақ айтылып жүрді. 1902 жылы австралиялық геолог Э. Зюсс жер суларының магмалық жолмен жараланғаны жөніндегі терияны ұсынды. Э. Зюсс тереңдегі осы суларының ювенил сулары, атмосферадан түсетін жер қыртысындағы қыдырма суларды вадоз сулары деп атады.

Қазіргі жаралу тегіне қарай жер асты сулары инфильтрация есесінен жиылады. Жер асты суларының басым көпшілігі осы жолмен қалыптасады. Сіңетін судың шамасы көптеген факторларға байланысты. Мұндай факторларға климат, рельеф, өсімдік, тау жыныстарынның құрамы мен олардың су сіңіргіштігі, адамның еңбек әрекеті еңбек әрекеті жатады.

Конденснциялық сулар серпімділік айырмасының әсерінен атмосферадан жер қыртысына қарай, ал тау жыныстарында бір горизонттан екінші горнизонтқа қарай орын ауыстырылып қозғалатын су буларының қоюлнуы (конденсациясы) әсерінен қалыптасады. Әйтсе де осы жолмен жиылатын жер асты суларының шамасы оның жалпы қорының аз ғана бөлігін құрай алады.

Тұнбалық (седиментациялық) немесе жұрнақ су шөгінді жыныстарға сіңіп жиылған және қазірге дейін сақталып келе жатқан көне алаптардағы қалдық су болып табылады. Осы көмілген сулар гидрогеологиялық және мұнайлы-газды жабық құрылымдары терең бөліктерінді сақталап қалады. Өзінің жоғарғы минералдылығының ерекшеленетін осы сулар химия өндірісінің шикізаты болып табылады, емдік мақсаттар үшін де пайдаланылады (Н. И. Андрусов, В. И. Вернадский, Г. Н. Қалменский) .

Ювенил (кіршіксіз) немесе тереңде пайда болатын сулар жердің терең қойнауларынан (магмалық және метаморфикалық зоналардан) жоғары көтеріліп ыстық будың суынып қоюлануы есесінен жиналады. Жер дамуының қазіргі сатысныда бұл сулардың айтарлықтай мәні жоқ. (Э. Зюсс) . Әдетте табиғаттағы жер асты аралас жолмен қалыптасады. Мұны осы сулардың химиялық және газдық құрамы, режимі, пьезометриялық арындардың деректері делелдеп отыр. Аралас жолмен тараған сулар өзге сулардың бәрәнен де көбірек тараған.

Жер асты суларын жіктеу - әрқайсысының өзгергіш параметрлері болатын үш геосфераның немесе динамикалық физика-химиялық тепе-теңдік жүйелерінің: атмосфераның, гидросфераның және литосфераның бір-бірімен әрекетгесуі нәтижесінде табиғи қүрылымдар ретінде қалыптасатын жер асты суларының типтерін топтарға бөлу. Мұндай сулардың көптеген жіктемелері үсынылған. Оларды негізінен үш топқа біріктіруге болады:

  1. табиғи сулардың, солардың ішінде жер асты суларының, химиялық жіктемелері;
  2. жер асты суларының пайда болуы, жату жағдайлары, немесе пайда болуы мен басқа да белгілері бойынша жасалған жалпы жіктемелер;
  3. жалпы жіктемелермен біріккен және жер асты суларының бір немесе бірнеше белгілері бойынша жасалған жеке жіктемелер.

Жер асты суларының пайдаланылатын қорлары

Гидрогеологияда жер асты суларының есептік сипаттамасы үшін жер асты суларының қорлары жөніндегі түсінікті пайдаланады. Жер асты суларының қорлары - сулы пластан орын алған гравитациялық судың есебі (көлемі) . Халық шаруашылығында пайдалануға жарамды жер асты сулары ең бағалы пайдалы қазындыларға жатады. Қатты пайдалы қазындылармен салыстырғанда су үнемі қозғалыста болады және дүркін-дүркін жаңарып отырады. Жер асты суларының қорына баға берудің сумен қамтамасыз етудегі алатын мәні өте зор. Жер асты суларының қорын алдын ала есептемейінше бірде-бір су қабылдағышты тұрғызып, пайдалануға болмайды. Су қабылдаушы ғимараттардың типі, олардың орналасу варианттары, үйлесімді жұмыс режимі, сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының есептелген қорларының негізінде шешіледі. Қазір зерттеушілердің көбі жер асты суларының қорларын табиғи және пайдаланылатын деп бөліп жүр.

Жер асты суларының табиғи қорлары - табиғи жағдайларда (статикалық немесе қозғалыстағы күйде) сулы пластарда орналасқан гравитациялық судың көлемі. Табиғи қорлар статикалық, серпімді және динамикалық қорлардан құралады.

Жер асты ағынының модулі сулы горизонттың аудан бірлігінен уақыт бірлігінің ішінде ағын келіп өзенге құйылатын шамасы. Оның шамасы түрлі аудандары үшін сулы горнизонттың 1 км2 алаңның бір литрдің ондық бөлшектерінен 15 л/с-ке дейін не одан да астам мөлшерге жетеді. [4]

Қазақстанның жер асты сулары

Қазақстан Республикасында жер асты суларының едәуір қоры бар. Оның пайдаланылатын болжамды қоры 55 млрд м3/жыл деп есептеледі. Барланған 456 кен орны мен 122 телімнен жылына 16 млрд текше метр тұщы және тұздылығы аз су қорларын пайдалануға болады деп белгіленген. Жер үсті сулары секілді жер асты сулары да өте әркелкі болып бөлінген. Бұл қорлардың 70%-нан астамы еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында. Жер асты суларының барланған жалпы қорынан 261 кен орны (57%) мен 71 телім (58%) пайдаланылады. 1996 ж. мөлшермен есептегенде жер астынан алынған 1, 5 млрд текше метр судың 66%- ы шаруашылық-ауыз су қажеттеріне, 23%- ы өндірістік-техникалық қажеттерге, жүйелі суармалауға 3, 7 және жайылымдарды суландыруға 7, 3%-ы пайдаланылды. Тұщы және тұздылығы аз жер асты суларынан басқа Қазақстан Республикасының аумағында минералды сулардың 45 кең орны барланған, оның тиянақталған қоры жылына 11 млн текше метр деп есептеледі. Қазіргі таңда жер асты сулары пайдаланатын елді-мекендер бар мәселен Жаңақорғанның 70% жер асты суы құдықты пайдаланады. [1]

3. ЖЕР АСТЫ СУЫНЫҢ КЕН ОРНЫ

Жер асты суының кен орны - жауын-шашынның, өзен суларының жерге сіңуінен пайда болатын жер асты суларының шоғырланған орны. Судың сапасына, химиялық құрамына, температурасына қарай тұщы, ашқылтым, термальді, шипалы (минералды), өндірістік қазба байлықты су кен орны болып бөлінеді. Ал қалыптасу жағдайларына қарай өзен арналарының грунт сулары, тау жыныстарының жарықшаларының, карст қуыстарының грунт сулары, артезиан алаптарындағы арынды сулар, тектоникалық жарықтардағы сулар, тау етегіндегі ысырынды конус сулары, құм массивтерінің грунт сулары, т. б. болып бөлінеді. Ең ірі жер асты суының кен орындары таулы аудандарға жанаса орналасқан қиыршыққұм, шағылқұм, малтатастардан құралған ысырынды моллас кешендерінде, өзен арналарының аллювиальдік шөгінділерінде, ірі артезиан алаптарында кездеседі. Жер бетіне таяу (10 - 30 м) жатқан жер асты суының кен орындары өзен арналарындағы аллювиальдік шөгінділерде орналасқан.

Термальді су кен орындары, негізінен, тереңде жатқан артезиан сулы қабаттарда, кейбір таулы аудандардың тектоникалық жарықтарында таралған. Температурасы 100°С-тан асатын тұщы термальді су кен орындары Жаркент (Алматы облысы) артезиан алабында 4000 - 4500 м тереңдіктен табылған. Бұл бүкіл жер шарындағы тұщы сулардың ең тереңге сіңген деңгейі. Басқа жерлерде мұндай тұщы сулар 2000 м тереңдіктен аспайды. Қазақстанда 623 жер асты суының кен орындары зерттеліп, қоры анықталған. Жер асты суының кен орындары елді мекендерді, қалаларды, ірі өндіріс орындарын, санаторий, профилакторийлерді ауыз сумен, емдік қасиеті бар минералды сулармен қамтамасыз етуге пайдаланылуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Ертіске қауіп төніп тұр!
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Су шаруашылығы
Жайық өзенінің экологиясы
Табиғатты пайдаланудың экономикалық ерекшеліктері
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру
«Арал теңізі мен Балхаш көлінің экологиялық проблемалары»
Табиғатты қалай сауықтыруға болад
Атмосфераның экологиялық мәселелері, оны қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz