Малдың гинекологиялық ауруларына әкеп соқтыратын микро - макроэлементтердің жетіспеуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Малдың гинекологиялық ауруларына әкеп соқтыратын микро-макроэлементтердің жетіспеуі
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
androz - грек сөзінде еркек, аталық.
loqos - ілім. Ветеринариялық андрология - бұл аталық жыныс мүшелерінде патологиялық өзгерістерді қарастыратын және сонын әсерінен аталықтарда бедеулік байқалып, оны зерттейтін клиникалық ветеринариялық бөлім саласы.
Ветеринариялық геникология - бұл аналық жыныс мүшелерінде төлдеуден кейін байқалатын патологиялық құбылыстардың әсерінен бедеуліктің дамуын зерттейтін ветеринариялық бөлім саласы.
Осы ветеринариялық андрология және геникология бір бірімен тығыз байланысты, неге десе, яғни малдарды көбейту құбылысында аналықтармен аталықтар жыныстық қатынасына байланысты. Мал шаруашылығына малдың бедеулігі өте көп экономикалық зиян келтіреді. Бұл зиян құралады:
a) Төл алу аздығынан
b) Сүт өнімі төмендеуінен
c) Бедеу малдарды күтіп - азықтандыру шығыны әсіресе көп болып, нәтижесі жоқ
d) Бедеу малдарды емдеу немесе қайтадан ұрықтандыруға шығын жұмсалуы
Мал шаруашылығында бедеуліктен келген зиян әр түрлі аурулардың зиянынан артық келеді.
Бедеулік пен қысыр қалу ұғымында ажырататын 4 белгі бар:
Бедеулік - аналықтар мен аталықтарды дұрыс күтпеуіне ұрпақ беру қасиеті бұзылады Қысыр қалу - бұл барлық аналықтардан өткен жылда төл алмау.
Бедеу мал - бұл төлдегеннен бір ай соң ұрықтанбаған, ал жас аналықтар физиологиялық жетілгеннен соң бір айдың ішінде ұрықтанады. Қысыр мал - бұл шаруашылықтың жыл бойы төл бермеген
Бедеулік - бұл биологиялық құбылыс, оны өшіп жатқан жылдың әр күніне зерттеліп есепке алады. Қысырлық - бұл экономикалық көрсеткіш
Бедеулікті жою - бұл әр аналықтан буаз және төлдеу мерзімде төл алу. Қысырлықты жою - әр 100 аналықтан 100 төл алу
Профессор Студенцов А.П.бедеулікті мынау жіктеуін ұсынды. Осы жіктеу бедеуліктің түрлерін толық сипатттайды.

Негізгі бөлім
а) Малдың гинекологиялық ауруларына әкеп соқтыратын микро-макроэлементтердің жетіспеуі
Алиментарлық бедеулік
* Арықтау немесе жүдеу салдарынан
* Шамадан тыс семіру нәтижесінде
* Сапалы рацион жетімсіздігінен болған
* Жеткіліксіз азықтандырудан болған инфантилизм
* Эксплуатациялық-Эксплуатациялық кажу салдарынан болған
* Климаттық-Күн сәулесінің шамадан тыс көп болуы немесе жетімсіздігінен
* Жасанды бедеулік- кастрация, овариоэтомия, әдейі ұрықтандырмау
Қазіргі жағдайда сиырлардың алиментарлы бедеулікке ұшырауында негізгі рөл атқарушы болып, ағзадағы минералды заттардың алмасу жүйесінің бұзылуы болып саналады, кальций мен фосфор макроэлементтер ішіндегі жетекші мағынасы бар макроэлементтер. Әсіресе, олардың өзара сәйкестігі басты рөл атқарады. Фосфорға қарағанда кальцидің жетіспеуі сирек кездесетіні дәлелденген. Сиыр организмінде фосфордың жетіспеушілігі ұрық безінің жарақаттануына, фолликулдардың пісіп жетілуінің тоқтауына әкеп соқтырады, сонымен қатар бұқалар организміндегі түзелетін аталық жыныс клеткалары ның ұрықтандырғыш қаблеті төмендейді.Сондықтанда минералды заттардың санына емес, олардың өзара сәйкестігіне баса назар аудару керек. Әр түрлі жемдер қоспасы ағзада әр түрлі деңгейде ыдырап тарайды және қанға сіңеді. Мысалы: кальций мен фосфордың ірі жем құрамынан ыдыраған мөлшерінің 50% ғана организмге пайдаланады, ал концентратты тектес азықтың 90% организмге сіңетіні әдебиеттен белгілі. Макро және микроэлементтердің жетіспеушілігі әсіресе, көбею ағзасына жалпы жағдайна және көптеген сиырлардың бедеулігіне эндометрит пен ұрық безінің морфологиялық, биохимиялық өзгеруіне әкеп соқтырады.
Улнер (1967), Филд (1968) мал организмінде зат алмасу кезіндегі минерал заттарынын ұлпа сұйықтығында және жасуша құрамындағы шоғырлануы туралы генетикалық факторларды болжам ретінде айтады. Егер әр литр сүтпен 1,25 г кальций және 1,02 фосфор бөлінетінін есептесек, онда жемдеу кезіндегі минералды заттардың өлшемі, әсіресе, бұзауланған кейінгі бірінші айда-ақ рацион құрамында көбейткен жөн.
Кальций мен фосфордың сәйкестігі ірі қара мал үшін 1:1 ден 3:1-ге дейін. Бұл сәйкестікті 4:1-ге көтерсек, онда сиырларда бұзаулағаннан кейінгі кезеңнің ұзаруы, жатыр, ұрық безінің суыққа ұрынып, ауруға шалдығып, аналық жыныс безінде сары су немесе іріңді ісіктің пайда болуы жиі байқалады.
Кальций мен фосфордың, сиырдың жағдайына, оның көбею қызметіне әсерін қарастырғанда тек олардың құрамы мен сәйкестігіне ғана емес, 100 г қортылатын протеинге шаққандағы элементтер санын есептеу керек. Сиырлардың төлшендігі жем құрамындағы фосфордың 3,5 тен 3,9 гр дейінгі мөлшері қортылатын протеиннің 100 грамына шаққанда жоғарлайтыны байқалады. Кальцидің қажетті өлшемі 100гр. қортылатын протеинге шаққанда 7,0 ден 8,0 дейін екені анықталған. Көрсетілген сәйкестіктің жоғарылуы, немесе төмендеуі сиырлардың өнім беру мүмкіндігіне кері әсер етеді. Кальцидің көп болуы,фосфордың қанға сіңуінің бұзылуына әкеп соғады, яғни оның ағзада жетіспеушілігі Коннерманның 1969 жылғы пікірі бойынша кальциді фосфат түрінде ішек арқылы шығаруымен байланысты делінген.
Ірі қараның жыныс ағзаларының өсіп жетілуіне фосфор мен кальциден басқа калий мен натриде әсер ететіндігі дәлелденген. Калидің жоғары мөлшерде, ал натридің жеткіліксіздігі ацидозаға, яғни жыныс жолдарының қабынуына және шәуеттің қызметінің төмендеуіне әкеп соғады. Сүтті сиырларға бір тәулікте 40-60 гр. калий қажет, немесе 3,0-4,5 г. Кальций керек аталған көрсеткіштер желін безінде 1 л сүт пайда болу үшін де қажет. Натридің жетіспеушілігіне байланысты бұзаулардың бойы өспей дамымай қалады, ал сиырлардың ұрықтану процессі бұзылады. Тәулігіне 20 л сүт беретін сиырларға 30% натрий, 75 гр тұз керек. Жемде 0,25% натридің болуы толық жеткілікті. Шөп құрамында тұз деңгейі керекті мөлшерге жайылымды құрамында натрий тұзы бар тыңайтқышпен тңайтқанда ғана жетеді. Құрғақ жемде натрий мөлшері 0,5 % болса, дұрыс деп саналады.
Микроэлементтер арасында, аналық мал төлшендігіне, өнімділігіне және олардың ағзаларынының жағдайының жақсы болуына марганец пен йодтың өте тығыз қажеттілігі бар. Егер марганец жетіспейтін болса, бұзау, таналардың жыныс ағзаларының дамуы ұзаққа созылады, ұрық безіндегі фолликулдардың жетілуі бәсеңдейді, ал сиырларда түсік түсу қаупі туады. Сиыр ағзасымен байланысын ерекше атап өту керек. Жемде марганецтің мөлшерін көбейту керек, өйткені ереже сақталмаған жағдайда электролиттер бұзылады және жыныс мүшелері ауруға шалдығып, сиырлардың бедеулігіне әкеп соғады.
Бұзауланғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты жағдайда өтуі және жатыр мен ұрық безі ауруының алдын алу мақсатында бұзауланғаннан кейін 2,0 гр сульфат марганецін күнделікті сиырдың рационына қосып және буаздығын анықтағанға дейін аталған рационды пайдаланған жөн. Ал қашқан сиырларға сульфат марганецінің мөлшерін 0,5 азайтады.
Йод ұрғашы малдың барлық ағзаларының қызметі үшін тікелей қажет, йод қалқан безі қызметін, гипоталамо- гипофизарлы кешені мен ұрық безі арасындағы байланыстың негізгі күші болып саналады. Эмбрионның, ұрықтын, аналық малдың қашқан, бұзаулау кезеңдері кезінде йод өте қажет және пайдалы екені әдебиеттен белгілі. Йодттың жем құрамында жетіспеушілігінен сиыр жатыры мен ұрық безі нейрогуморалды өзгеріске ұшырап, сиырдың ұзақ уақытқа дейін бедеулікке шалдығуы мүмкін. Йод жетіспейтін аймақтарда- жерді, жайылымдарды, шабындықтарды йодты тыңайтқышпен тыңайту үшін күнделікті 5 - 8мг мөлшерінде йодты калиді қолдану керек деп айтады. Сиырлардың, таналардың алиментарлық бедеулігі әсіресе, А, Е, Д және В дәрумендерінің жетіспеуінен болады. А, Д, Е дәрумендері эпителиге ерекше әсер етеді жәні қызметін күшейтеді. В дәрумені бауырдың улы затқа қарсы қызметін арттырады. 1970 жылы И. Н. Афанасьев сиыр қанындағы кетонды денелерді анықтап, қандағы концентрациасының жоғарылауынан сиырдың ұрықтануы төмендейтінін дәлелдеген.Автор қандағы кетонды денелердің жалпы мөлшерінің құрамы мен ұрықтандырудың бір - бірімен тікелей байланысы бар екенін дәлелдеді.
1972 жылы С. Малетто белоктың төмендеуі де сиырлардың тұқымсыздығына, өнімділігінің төмендеуіне және жыныс циклының толықсыздығына әкелетінін дәлелдеген. Ауыл шаруашылығында көктемгі егісте улы химикаттарды қолдану жануарлар үшін өте зиян екені белгілі, ішкі ағзаға түскеннен соң, мал өнімділігіне, өсіп дамуына кері әсер етеді. Бұзау, таналарды жоғары деңгейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері
Жатырдың субинволюциясының диагнозы және болжау
Жұмыстың тақырыбы Жатырдың субинволюциясы
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Алиментарлық бедеулік
Туғаннан кейінгі асқынулардың алдың алу
Шудың түспей қалуының алдын алу және емдеу
Бедеулік
Туғаннан кейінгі қабынусыз және қабыну мен өтетін аурулар.аналықтардың бедеулігі олардың жіктелуі
Туғаннан кейінгі қабынусыз және қабынумен өтетін аурулар
Пәндер