Қабдеш Жұмаділов



Қабдеш Жұмаділов 24 сәуірде 1936 жылы ҚХР, Шыңжаңөлкесі, Тарбағатайаймағы, Шәуешекауданындадүниегекелген. Жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1998).

Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965).

«Қазақ әдебиеті» газетінде (1965-1967) «Жазушы» баспасында (1967 –1976). Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. кабинетінде (1976 – 1981) қызмет істеген.

1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспсөз беттерінде, ал «Жамал» тырнақалды әңгімесі 1956 ж. Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланған. 1 өлеңдер жинағы, 8 роман, 5 повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық көрген.

Олардың негізгілері «Қаздар қайтып барады» (1967) атты әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» (1969), «Соңғы көш» (1974-1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары, «Дарабоз» (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары Жұмаділовтың соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – «Таңғажайып дүние» (1998) ғұмырнамалық «Қылкөпір» (2003) романдары.

Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім қазағым» (2000) жинағында жарияланды. Шығармалары орыс, украин, белорусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде, «Соңғы көш» романы түрік тілінде басылып шыққан.

Негізгі еңбектері 2003-2004 ж. Он екі томдық шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жезқазған Бизнес және көлік колледжі

Реферат
Тақырыбы:Қабдеш Жұмаділов

Орындаған:Елубаева.А

Жезқазған 2011жылы.
Қабдеш Жұмаділов

Қабдеш Жұмаділов 24 сәуірде 1936 жылы ҚХР, Шыңжаңөлкесі, Тарбағатайаймағы, Шәуешекауданындадүниегекелген. Жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1998).

Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965).

Қазақ әдебиеті газетінде (1965-1967) Жазушы баспасында (1967 - 1976). Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. кабинетінде (1976 - 1981) қызмет істеген.

1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспсөз беттерінде, ал Жамал тырнақалды әңгімесі 1956 ж. Үрімжіде шығатын Шұғыла журналында жарияланған. 1 өлеңдер жинағы, 8 роман, 5 повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық көрген.

Олардың негізгілері Қаздар қайтып барады (1967) атты әңгімелер жинағы, Көкейкесті (1969), Соңғы көш (1974-1981), Атамекен (1985), Тағдыр (1988) романдары, Дарабоз (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары Жұмаділовтың соңғы жылдардағы көлемді шығармасы - Таңғажайып дүние (1998) ғұмырнамалық Қылкөпір (2003) романдары.

Жазушының публицистикалық мақалалары Қалың елім қазағым (2000) жинағында жарияланды. Шығармалары орыс, украин, белорусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде, Соңғы көш романы түрік тілінде басылып шыққан.

Негізгі еңбектері 2003-2004 ж. Он екі томдық шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, (1983), Қазақстанның Мемлекттік сыйлығының (1990),Тәуелсіз Тарлан сыйлықтарының лауреаты,Үржар ауданының Құрметті азаматы.

Үржар аудандық Уақыт тынысы, Пульс времени газетінің журналисі Зоя Асылхановна Буланова Қ. Жұмаділовтың Дарабоз дилогиясын орыс тіліне аударды. Үржар ауданының Құрметті азаматы.
Мұраты биік суреткер
Қазақта "пешене" деп аталатын шетсіз-шексіз абстрактылы ұғым бар. "Жазмыштан озмыш жоқ" деп жатамыз. Өткен ғасырдың сол алпысыншы-жетпісінші жылдары әдеби үдеріске имене, жасқаншақтай келген Қабдеш Жұмаділов бүгінде сарабдал қаламгер, салмақты жазушыға айналды. Пешенесіне Қытай мен КСРО сияқты сол тұстағы қос империяның күңгейі мен көлеңкесін көру, көріп қана қоймай, өзі бел ортасында жүрген алапат оқиғаларды жан жүрегімен түйсіну, зардабын шегу, тағдыр атты жазмыштың пендесінің маңдайына жазар азды-көпті теперішін көру - бәрі де оның қаламгер ретінде қалыптасуына алғышарттар жасады. Өзі куә болған, көзбен көріп, бастан кешкен оқиға, құбылыстар Жұмаділовтің адами болмысынан берік орын алды. Ол өз қаһармандарын қиял әлемінен іздеген жоқ, жұмыр жерді шарлап, ғаламат оқиғаларды тізіп, өз туындыларына арқау етуге тырысқан жоқ. Оған өмірдің өзі мектеп болды, мынау пәни жалғандағы адамның іс-әрекеті, пиғылы мен ықыласынан туындайтын небір жайттар оның туындыларының өзегіне айналды. Ақиқат, шындық өмірдегі түрлі салыстырулардан тұрады деген екен Шығыстың бір ғұламасы. Қ.Жұмаділов қос мемлекетте ғұмыр кешті, екеуін ой таразысынан өткізді, өзара салыстырды. Зерттеді, зерделеді, сана елегінен өткізді. Ол әлемдегі алты миллиардтан астам адамдарды, сол адамдар құрайтын халықтың, ұлыстың тыныс-тіршілігін өз ұлтымен салыстырды. Қаламгер ретінде өз ұлтының мәрттігіне, өзгеге ұқсай бермейтін тектілігіне назар аударды. Сол тектілікті, мәрттікті күні бүгінге дейін насихаттаудан, жазудан жалықпай келеді.
Алғашқы шағын өлең, әңгімелері Шыңжаң өлкесіндегі "Шыңжаң" газеті мен "Шұғыла" журналында жарияланып, "Жас дәурен" атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1967 жылы жарық көрді. Оның қаламынан сол кезеңнен бастап, "Қаздар қайтып барады", "Сарыжайлау", "Шарайна", "Сәйгүліктер", "Бір түп тораңғы", "Бір қаланың тұрғындары", "Қарауыл" атты әңгіме-хикаяттарымен бірге, "Соңғы көш" роман-дилогиясы, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Атамекен", "Тағдыр" романдары, "Дарабоз" тарихи роман-дилогиясы, "Таңғажайып дүние" атты ғұмырнамалық романы, "Прометей алауы" романы және әр жылдары жазылған танымдық дүниелері, шағын әңгімелері топтастырылған "Қалың елім, қазағым" кітабы туды.
Авторлық тұжырым, ұстаным қаламгер дүниетанымымен тығыз байланысты екені баршаға аян. Жазушы Қ.Жұмаділов әдебиеттің ардың ісі екендігін, оның киелі де қасиетті өнер екенін түйсініп, қолына қалам алғаннан бері ар тазалығы үшін, жазушының қоғамдағы алатын орны үшін күресіп келеді десек, қателесе қоймаспыз.
Жазушы өз уақытының, өзі ғұмыр кешкен дәуірдің шын мәніндегі жаршысына айналды. Неге екенін қайдам, бізге оның шығармаларының ішінде, өзгелеріне қарағанда, еңселілеу, шоқтығы биіктеу көрінетіні - "Соңғы көш" және "Таңғажайып дүние".
"Соңғы көш" - адамзат баласы жылап келіп, жылап кетіп жататын мына жарық дүниедегі қазақ деген халықтың бүкіл болмыс-бітімінің, кескін-келбетінің шежіресі. "Соңғы көш" - ғасырлар бойы аузынан "тәубасы" мен "қанағаты" түспеген, ешкімге ұқсамас төлтума мәдениет жасаған, мына жарық дүниеде барша жұртқа гуманизм мен шынайы демократияның жарқын үлгісін көрсеткен, өмірге адамның қонақ екенін терең түйсінген, "қонып бір өтер сай үшін, арам өлер тай үшін" бет жыртыспауға үндеген, жаны жайсаң, жүрегі мәрт жұрттың шынайы тарихы; "Соңғы көш" - қазіргі таңда жаһандану процесі адамзат қоғамына дендеп еніп, материалдық игіліктер бірінші кезекке шығып, руханият әлемі кейінге ысырылған, рухани азғындау, экспансия элементтері, несін жасырайық, қоғамға ене бастаған сәтке қарағанда, рухы биік, өзін табиғатты бағындырушы емес, керісінше, сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде түйсінген ұлы дала тұрғындарының айнасы. "Соңғы көш" - табиғи тазалығын, кәусар бұлақтай мөлдірлігін сақтап қалған көшпелі жұрттың өмір атты керуен - көштегі соңғы бұлқынысы, алапат арпалысы.
"Менің өмірбаянымды қайтесің, өлеңдерімді оқысаң, бәрі де сонда тұр" деген екен бір ақын. Өз туындылары арқылы қаламгер Жұмаділов қара ормандай қалың қазағын биікке көтерді, тағдыр-талайын, адами келбетін өзгеге паш етуге талпынды, яғни жазушы халқын өсірді, халқы жазушысын өсірді.
Қазақ тарихында туған жер, тас босаға, тал бесік үшін қу далада тәні, құла түзде көрі, құба белде елі қалғанша жанын пида етіп, басын бәйгеге тіккен, қол бастаған батырлар, сөз бастаған шешендер, құдайға шүкір, болған. Тұлпар тұрпатты, сұңқар қанатты, тұғыры биік, замана желі қай жағынан соқса да иілмеген, сынбаған қазақ жұрты Жұмаділов қаламынан "Дарабозды" туғызды, имандылық пен инабаттылықты келер ұрпақ санасына сіңірейін деп жанталасқан Ақтайлақ би тұлғасын сомдаған "Прометей алауын" дүниеге келтірді. Қашан да дүйім халқының қуанышы мен қайғысын шығармашылығына терең арқау еткендер ғана мәңгілік зердеде қалады. Қ.Жұмаділов - халық азабы мен кегін, қуанышы мен қайғысын тарихи тұрғыдан жырлай отырып, оны тұлға ретінде шабыттың шаңқай биігіне көтерген қаламгер. Ол халық болмысының күллі арналары мен тамырларын сәтті ұштастыра білді.
Кезінде Н.Г.Чернышевский: "Математиканы білмей-ақ, латын, грек тілдерін үйренбей-ақ мәдениетті адам болуға болады, бірақ тарихты білмей тұрып, мәдениетті адам болуға болмайды" - деп жазыпты.
Ғылымда тарихи тамырластық, тарихи сабақтастық деген ұғымдар бар. Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры
Тарихи қазақ романдары
Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Қазақ прозасы және тарихи тақырып
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТІҢ СОҢҒЫ КӨШ РОМАНЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ИДЕЯЛЫҚ СИПАТЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
ҚАБДЕШ ЖҰМӘДІЛОВТЫҢ ДАРАБОЗ РОМАН-ДИАЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ ОБРАЗЫ
Қабдеш Жұмаділов өмірі
Көркем шығармадағы психологизм
Пәндер