ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАҒА ҚОСҚАН ҮЙЛЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ ... ... .
1.1Педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1.2 Педагогиканың пайда болуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.3 Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі...

2 ТАРАУ. ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАҒА ҚОСҚАН ҮЙЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Қазақ этнопедагогикасының негізін салушылар ... ... ... ... ... ... .. ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...

3

5
5
6
8

13
13
22

30

31

КІРІСПЕ

Қазақ мәдениетін - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық құралдарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы- халықтың мәдени мұрасы.
Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал этностық (ұлттық) ерекшеліктері сол этностың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи әлеуметтік, жағрафиялық жағдайларына, генетикалық, физиологиялық т.б. ұлттық ерекшелігіне байланысты болатыны белгілі .
Тәрбиелеу- мәдениетке баулу деген сөз. Қазақ халқы өзінің тәрбиелеу, дүниетану жүйесін көшпелі және отырықшылдық тұрмысқа байланысты, тарихи -әлеуметтік жағдайларға сәйкес дамытып, өзінің ұлттық (этностық) мәдени ерекшеліктерін қалыптастырды.
Қазақ халқының мәдениетіндегі тәрбие мен оқыту ерекшеліктері оның ғасырлар бойын дамып, қалыптасқан ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімшілдік десек; Рухани болмыстары: өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, жадына сақтай білу қабілеттілігі оның ұлттық ерекшеліктерін танытады.
Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (ұлт педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық тәрбие жүйесін халықтық тәлім-тәрбие дейміз де, ол туралы тұжырымдалған ғылыми жүйені халық педагогикасы дейміз.
Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінің құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйретуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адами қасиеттерін қалыптастырып, кісілік сана-сапасын арттырады.
Ал, ұлттық салт-дәстүрлер игі әдебиеттердің әдет-ғұрыпқа (әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүрге (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүрге (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (ұлттық қолданыстың қолданылмалы заңға айналуы), салттан салт-сана (дәстүрдің ұлттық санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста болуы) қалыптасқанын көрсететін жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады.
Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайрымды, әдепті салт-дәстүрлері оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетедіде, ол жеке тұлғалардың ұлттық қасиетерін қалыптастырады.
Халық педагогикасы- сол халықтың тұрмыстық, өмірлік тәжірибесінен дамып, қалыптасқан ұлттық тәрбиелік және дүниетанымдық жүйені көрсететін ғылым саласы. Халықтың (этностың) тәжірибесінсіз "педагог тажоқ, педагогика да жоқ " (К.Д. Ушинский). "Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз" (Аристотель). Сол халық тәжірибесі арқылы дамып қалыптасқан "Халық педагогикасы-империкалық білімдер жиынтығы"(Г.С. Виноградов) болып табылады. Қазақ халқының халық педагогикасы ұлттық тәрбие құралы ретінде оның этнгостық (ұлттық) ерекшеліктерін қалыптастырады.

1.1 Педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым

Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін - тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.
Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері пайдес- балалар жəне аго -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында педагогика сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал педагог сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.
Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды[1].
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кəсіби білімдермен қаруландырып, əрқилы жағдайлардағы оқу-тəрбие процесін болжастыруға, жобалауға жəне іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тəрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан əулетті оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тəрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жəне жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер - адамдардың өмір салтында, дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары[2].
Сонымен, педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.

1.2 Педагогиканың пайда болуы мен дамуы

Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады[3].
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі - ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді... Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді.
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д) еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық оқу принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары.
Қайта өрлеу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген Ұлы дидактика атты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып-сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері, формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. Оқу негізіне басқалардың зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс; Естігенді - көргенмен, сөзді- қол əрекетімен байланыстыру қажет; əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-парасат байланысы негізіндегі дəлелдерге сүйенуі қажет... Ұлы педагогтың осы тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр.
Ағылшын философы жəне педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тəрбие теориясына бағыштады. Өзінің Тəрбие жөніндегі ойлар атты басты еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенімдерін сұлу мəнерлілікпен ұштастыра білген адам - джентельмен тəрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.
XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-1771), П.Гольбах (1723-1789), əсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды. Затқа назар! Затқа! Мен ешқашанда біздің мылжың тəрбиемізбен сөзге аса көп маңыз беріп, құрғақ сөзді адамдарды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын -деп ұрандады ол[4].
Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса құрметпен аталады. О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жəрдем беремін-деп, ол жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен адамгершілік тəрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
Өзгерістерден басқа тұрақты ешнəрсе жоқ, -деп үйреткен неміс педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға тəн тəрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.

1.3.Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі

Бұл салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында - Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы...əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі - деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда[5].
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне берілген. Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады- деп жазған еді ұлы ғұлама.
Тəрбие жолындағы жетекші рөл мектеп жəне мұғалімнің билігінде: Тəрбиедегі барлық істер тəрбиеші тұлғасына негізделуі тиіс, себебі тəрбие күші тұлғаның адамилық қадір-сапаларынан бастау алады. Ешбір жарғы немесе бағдарлама , ешқандай жасанды мекеме организмі, қаншалықты айламен құрылса да, тəрбие жұмысындағы тұлға беделінің орнын баса алмайды -деген К.Д.Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті:
...теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі - медицинадағы тəуіпшілдікпен тең.
XIX ғ. ақыры - XXғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та қарқынды зерттеле бастады. Ол жерде адам тəрбиелеудің жалпы принциптері мен заңдылықтары өрнектелді, əрбір адамға белгілеген мақсаттарына тез, əрі табысты жетуге мүмкіндік беретін тиімді білім технологиялары қалыптасып, практикаға енді. Американ педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі Джон Дьюи (1859-1952). Оның зерттеу жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америка жəне Австралия аймақтарында педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады. Американ педагогтарының тағы бір көрнекті тұлғасы Эдвард Торндайк (1874-1949) оқу процесін зерттеумен атын əйгілеп, əрекетшіл тəрбие технологиясын бүкіл əлемге жария етті.
Елімізде аты танымал американ педагогы жəне дəрігері Бенджамен Спок. Ол қауым өкілдеріне, бір қарағанға қарапайым ғана тəрбиеде басты не болу керек: қаталдық па қайырымдылық па? - деген сұрақ қойып, көпшіліктің санасына жаңа тəрбие лебін жеткізді. Бұл сұрақтардың астарынан күтілген жауап- педагогика қай бағытта: əміршіл-əкімшіл немесе гуманистік - жолымен дамуы қажет пе? Бұған нақты жауапты Б.Спок өзінің "Бала жəне оған қамқорлық", "Анамен сұқбат" жəне т.б. еңбектерінде беруге тырысқан.
XX ғасырдың басында əлемдік педагогикада еркін тəрбие жəне бала тұлғасының дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл идеяға жетекші Мария Монтессори (1870-1952) болды[6].
Өзінің Ғылыми педагогика əдістемесі кітабында ол балалық жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін түсіндіріп бақты. Себебі, сəбилік шақтағы бала дамуы үлкен тəрбиелік табыстарға есік ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік оқу жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына ыңғайлы грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану жəне басқа пəндерге арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі, оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілік-қателерін табады жəне оларды түзетеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында да Монтессори жүйесінің тараптарлары мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген бала бақша -мектеп жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тəрбиелеу идеясы өз жемісін беруде.
Ресейдегі еркін тəрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин Николаевич Вентцель (1857-1947)еді. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың бірі болып, бала құқықтары декларациясын түзіп, жариялады. 1906-1909жж. аралығында Мəскеуде ол ұйымдастырған Еркін бала Отауы жұмыс істеп тұрды. Бұл ерекше оқу мекемесінде басты кейіпкер- бала аса құрметпен танылды. Тəрбиешілер мен мұғалімдер бала қызығуларына икемдесіп, оның табиғаттан берілген қабілеттері мен дарынының дамуына жəрдемдесу қызметтерін атқарды.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам тəрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941), А.П. Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде шоғырланды. Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе тексеруінен өткізді. Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өз зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің моральдық проблемаларымен байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дəл бақылаулары қазіргі педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге білім сапасын жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр.
Халыққа білім беру аймағында өткен ғасырдың 40-60 жылдары белсенді еңбек еткен педагог-ғалымдардың бірі Михаил Алексеевич Данилов (1899-1973). Ол бастауыш мектеп тұжырымдамасын жасап шықты ("Бастауыш білім беру міндеттері мен ерекшеліктері",1943), (1947 жылы "Адамның ақыл-парасат жəне моральдық дамуында бастауыш мектептің рөлі") кітабын жазып, мұғалімдерге арналған көптеген жетекші əдістемелік еңбектер жариялады. Олар осы күнге дейін мұғалім қауымының таптырмас құралдарына айналып отыр[7].
70-80 жылдары жалпыбілімдік мектеп проблемаларымен академик Л.В.Занковтың ғылыми лабораториясы белсенді айналысты. Бұл мекеменің зерттеулері нəтижесінде кіші, орта жастағы балаларды оқытудың жаңа, оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арқау еткен оқу жүйесі пайда болды.
80-жылдардың ақырында бұрынғы Кеңес республикаларында мектепті жаңалау мен қайта құру қозғалысы өріс алды. Бұл қызметтестік педагогикасының туындауынан көрінді. Осы дəуірдегі жаңаланған педагогиканы дамытуға ат салысқан педагог ғалымдар мен бірегей шығармашыл мұғалімдер көптеп таныла бастады. Олардың арасында Ш.А.Амонашвили, Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А. Караковский жəне басқалар болды.
Бүкіл елге белгілі болған мəскеулік бастауыш мектеп мұғалімі С.Н.Лысынкова "Қалайша жеңіл оқуға болады?" атты кітабын жариялап, онда бастауыш мектеп оқушыларының оқу істерін схема, тірек карточкалар, таблицалар пайдалану арқылы басқару тəсілдерін көрсетіп берді. Сонымен бірге С.Н. Лысынкова "Ілгерілестірілген (опережающее) оқу" əдістемесін жасады.
Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Кейінгі он жылдықтарда педагогиканың бірнеше салаларында келелі табыстарға қола жеткізілді, əсіресе мұндай жетістіктер мектептегі оқудың жаңа технологияларын жасауда көрініс берді.
Сапалы оқу бағдарламаларымен жабдықталған қазіргі заман компьютерлері оқу процесін басқаруда үлкен жəрдемін тигізуде. Соның нəтижесінде оқу барысында аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нəтижелерге жету мүмкіндіктері пайда болды.
Тəрбиенің жетілген əдістемелерін жасау бағытында да пайдалы өзгерістер көптеп болуда. Ғылыми -өндірістік комплекстер, авторлық мектептер, эксперименталды оқу-тəрбие алаңдары - ұнамды өзгеріс-тер жолындағы елеулі көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа жəне жаңаланған мектеп оқуы мен тəрбиесі басты назарда тұлға дамуын көзге алып, гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде.
Сонымен, тəрбие тəжірибесі адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи сатыларынан бастау алады. Тəрбие жөніндегі ғылым негіздері ежелгі, көне дəуір философиясының арнасында дамыған. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді теориялары мен əдістемелері пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та қайшылықты жолын басып өтті[8].
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөнiндегi сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжiрибесiн, қазақ хандығы құрылған кезеңнен (ХIҮ-ХҮғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтiк тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткенi кешегi өткен тарих беттерi -- Шығыс мәдениетiнiң қайнар көзi болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркi тектес (тiлдес) халықтардың, одан әрi ғұндар мен сақтардың бiр елдi, бiр жердi мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап, бiр тiлде сөйлеп, бiр дiнге сенiп, әлем мәдениетiнiң қалыптасуына тендесi жоқ үлес қосып, бүгiнгi түркi халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгiнгi ұрпақ өмiр тәжiрибелерiнен көрiп отыр.
Зерттеушi ғалымдар А Қасымжанов, Ж.Алтаевтың: "Бiз тарихқа ХIҮ-ғасырдың басынан бастап "қазақ" деген атпен енсек те, мыңжылдық мәдениетi, философиясы, әдебиетi, тарихы бар халықпыз..." деген ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылып кеткен ойларымызға дәлел болып тұр.
Ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелiп, жазылған бұл тарихи деректер бiздiң қарастырып отырған мәселелерiмiзге тарихи-әлеуметтiк тұрғыда кеңiрек үңiлуiмiзге мүмкiндiк туғызады.
Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының коғамдық құрылыс кезеңдерiне сай, бiздiң ойымызша, 8 кезеңге бөлiп карастыру кажет демекпiз. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңi тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерiнiң iс-әрекеттерiн көпшiлiк болып топтасып, бiрге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшелiктерiне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта бiлдi, аң аулауға көмектестi, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киiм пiштi, тұрмыстық салт-дәстүрлердiң рәсiмдерiне қатысты. Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңiрқазған, Шарбақты және Ұлытау өңiрлерiн мекен еткен. Сақтар империясы, шамамен, бiздiң жыл санау дәуiрiмiзге дейiнгi VII-III ғасырлар аралығында, қазiргi Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендедi.

2 ТАРАУ. ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАҒА ҚОСҚАН ҮЙЛЕСІ

2.1.Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері

Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөнiндегi сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжiрибесiн, қазақ хандығы құрылған кезеңнен (ХIҮ-ХҮғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтiк тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткенi кешегi өткен тарих беттерi -- Шығыс мәдениетiнiң қайнар көзi болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркi тектес (тiлдес) халықтардың, одан әрi ғұндар мен сақтардың бiр елдi, бiр жердi мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап, бiр тiлде сөйлеп, бiр дiнге сенiп, әлем мәдениетiнiң қалыптасуына тендесi жоқ үлес қосып, бүгiнгi түркi халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгiнгi ұрпақ өмiр тәжiрибелерiнен көрiп отыр.
Зерттеушi ғалымдар А Қасымжанов, Ж.Алтаевтың: "Бiз тарихқа ХIҮ-ғасырдың басынан бастап "қазақ" деген атпен енсек те, мыңжылдық мәдениетi, философиясы, әдебиетi, тарихы бар халықпыз..." деген ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылып кеткен ойларымызға дәлел болып тұр.
Ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелiп, жазылған бұл тарихи деректер бiздiң қарастырып отырған мәселелерiмiзге тарихи-әлеуметтiк тұрғыда кеңiрек үңiлуiмiзге мүмкiндiк туғызады[9].
Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының коғамдық құрылыс кезеңдерiне сай, бiздiң ойымызша, 8 кезеңге бөлiп карастыру кажет демекпiз.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңi тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерiнiң iс-әрекеттерiн көпшiлiк болып топтасып, бiрге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшелiктерiне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта бiлдi, аң аулауға көмектестi, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киiм пiштi, тұрмыстық салт-дәстүрлердiң рәсiмдерiне қатысты.
Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңiрқазған, Шарбақты және Ұлытау өңiрлерiн мекен еткен.
Сақтар империясы, шамамен, бiздiң жыл санау дәуiрiмiзге дейiнгi VII-III ғасырлар аралығында, қазiргi Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендедi.
Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер және басқа да тайпалар кiрген. Сақтардың көсемдерi Африсиап, Томирис сол кездегi iрi мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дайриге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргiзу барысында әскери-көшпелi тұрмысты қалыптастырған[10].
Металл өңдеп, әлемдiк маңызы зор "скифский зверийный стиль" атты зергерлiк бұйымдар, қару-жарақтар мен киiмдер жасай бiлген. Жылқы жануарын өте қатты қадiрлеген, мал баққан. Осы тұрмыс-тiршiлiктерге байланысты, сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие принциптерi негiзiнде тәрбиелеп өсiрген. Сол замандарда өмiр сүрген, Тәңiр дiнiнiң негiзiн салған данышпан Заратуштра сақтар мен парсыларға ортақ әлемдегi тұңғыш "Авеста" кiтабын жазған. Заратуштра сол кездiң өзiнде (Аристотельдiң замандасы) рухани-танымдық, тәлiм-тәрбиелiк мәндi ойлар айтқан. Сақтардың қайратты, жауынгер халық екенiн атақты тарихшы Ксенофонт (б. д. д. 434-355 ж. ж.) былай деп суреттейдi: "Персидский царь устроил конные ристалища для всадников, представляющих разные народы. Когда начались бега, то какой-то молодой сак вырвался вперед и достиг финиша.
Персидский царь предложил царю царство в обмен на коня, но тот отказался заявив, что отдал бы коня лишь в обмен на благодарность храброго человека...", -- деген екен .
Ғұндар б. д. д. III ғасыр мен бiздiң дәуiрiмiздiң I-II ғасырлары аралығында сақ тайпалары мекендеген территорияның мұрагерлерi болды. Сол кезеңдердегi үйсiн, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының құрамына кiрдi, ғұндар металл игердi, мал шаруашылығымен айналысты. Бiрақ олардың ең негiзгi кәсiбi әскери-жауынгерлiк өнер едi. Олар өздерiнiң ұрпақтарын ер жүрек, алғыр, ептi болуға және зергерлiк бұйымдар жасауға тәрбиеледi.
Ғұндардың Еуропаға жасаған жорығы Шығыс пен Батыс халықтары арасындағы этнолингвистика мен ассимиляцияның үлкен өзгерiстерге ұшырауына негiз болып, дүние жүзi тарихында Шығыс халықтарының Батысқа жасаған ұлы қоныс аударуы (Великое переселение с востока) атты тарихи оқиға тудырды. Ғұн көсемi Атилла (Едiл) бастаған халың қол ұлы Рим империясына қауiп төндiрiп, ақыры құлауына әкеп соқтырды.
V ғасырда өмiр сүрген атақты тарихшы-географ Аммиян Марцеллин әскери-көшпелi тұрмысты былай суреттеген: "...кочуя по горам и лесам они с колыбели приучаются переносить холод, голод и жажду. Они плохо действуют в пеших стычках, зато... сидя на коне они исполняют все обычные свои дела и сокрушают все, что попадается на пути..." .
Ұлы Түркi қағанаты орта ғасырларда адамзат өркениетiнiң қалыптасуына аса зор үлес қосқан, сол дәуiрлердегi дамыған мемлекет болған[11].
Қағанаттың пайда болуы бiр-бiрiнен ыдырап, бөлшектенiп кеткен дала халықтарының, тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мәдениетi мен ғылымы дамыған бүгiнгi түркi тектес халықтарға ортақ мәдениеттiң қалыптасуы мен жасалуына, сонымен қатар әлемдегi аса қуатты, саяси империяның қалыптасуына ықпалын тигiздi.
Қағанат сол кездегi өркениеттi Византия, Араб Халифаты жөне Қытай империяларымен дипломатиялық қарым-қатынас жасап отырды. Ұлы Түркi қағанаты бүгiнде Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрiкменстан, Ресейдегi -- Татарстан, Башқұртстан, Якутия (Саха), Чувашия т. б. Қытайдағы Шығыс Түркiстан (Шынжаң өлкесi), Еуропадағы Венгрия, басқа да Шығыс Еуропа территориясын мекендеген халықтардың бастарын қосып, шығысында Алтай таулары, батысында Карпат таулары, солтүстiгiнде Сiбiр жондары, ал оңтүстiгiнде бүгiнгi Қытай қамалына (Темiр қақпа) дейiнгi орасан зор территорияны иеленген[12].
Бiздiң ойымызды Әзiрбайжанның белгiлi түрiктанушы-ғалымы 3.Наджип: "...түркi тiлдес халықтардың көне жазба әдебиетiн қалыптастыруда бүгiнгi татар, башқұрт, өзбек, қазақ, қарақалпақ, түрiкмен, әзiрбайжан халықтарының ата-бабалары белгiлi дәрежеде үлес қосты", -- деп, дәлелдей түседi (56). Ал белгiлi ғалым Айдаров: "...Орхон ескерткiштерiнен түркi тайпаларының тарихы, мәдениетi, тiлi мен әдебиетi, әдет-ғұрпы, салт-санасы жөнiнде толып жатқан деректер табылады...", -- деп, ұлттық салт-дәстүр мен тәлiм-тәрбие жөнiнде маңызды пiкiрлер тұжырымдайды .
Көне мұралардың iшiндегi бiзге кеңiрек мәлiм болғандары Орхон-Енисей бойынан табылған, тасқа қашап жазылған VI-VIII ғ.ғ. ескерткiштер: түркi көсемi Бiлге қаған, Күлтегiн батыр мен ақылгөй Тоныкөк құрметiне қойылған құлпытастар. Оларда ұлы Түркi қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениетi мен жауынгерлiк жортуылдары айшықты да мәнерлi тiлмен өсиет сөз үлгiсiнде баяндалады. Бұларда қазiргi қазақтардың сөз саптау үлгiсiне жақын шешендiк өнердiң дәстүрлi формалары айқын байқалады. Орта ғасырлық түркi тiлдi әдебиеттiң таңдаулы туындыларынан да ұшыраспайтын бұл жазуларда тәңiрiнiң "Жарлығымен" болатын бектер мен қара халықтың қағанға адал берiлгендiгi, қағандардың қараларды билеп-төстеуi жайында сөз қозғалады. Мәселен, "Егер сен, түркi халқы, өз қағаныңнан, өз бектерiңнен, өз отаныңнан жырақ кетпей, бiрге жүрсең, сен өзiң де бақытты өмiр сүресiң, өзiңнiң отбасыңда болсаң, ешнәрседен мұқтаждық көрмейсiң..." деп, бек пен қара халықты бiрлiкке шақырады. Түркi халқына қамқорлық жасау мәселесi де тас жазулардың өзектi арқауы ("Ер жұрек халық, күштi халық", "Бiзге жеңiс әперген жер-суымыз (Отанымыз)) деп бiлу керек" т. б.
Тәлiмдiк тұрғыдан, "құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып, толғаныңыздар, өлiмнен ұят күштi... Адам ұлының бәрi де өлмек үшiн туады... Менiң ағам менi адам еттi" дейтiн жолдар көңiл аударарлықтай.
Ежелгi түркiлердiң ауызекi поэзия дәстүрi бiзге IX ғасырда ғұмыр кешкен әншi, әрi сазгер небiр тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есiмiн жеткiздi. Ол адамзат өмiрiнiң соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде атаулыны ажал кұрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзiнiң жанын жегiдей жеген ой-сезiмдерiн қазалы жанның үрейiн, өлiмнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы кұйiмен, поэзиялық көркем тiлмен баяндайды. Ол эпос үлгiсiндегi поэзиялық мұра ретiнде бiздiң дәуiрлерiмiзге жеттi. Онда Сыр бойын мекендеген көшпелi тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, дiни наным-сенiмдерiн бейнелейтiн мәлiметтер көптеп кездеседi. Олар тәлiмдiк жағынан да аса қызықты дерек болып табылады. Мәселен, "Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңiрi сүймейдi... Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ... қонағы жоқ, қараша үйден құлазыған тұз артық.. Әйелдiң төрт түрi болады: оның бiрi ниетi қара әйел, екiншiсi -- нысапсыз әйел, үшiншiсi - үйдiң құты болған әйел, төртiншiсi - кесiрлi әйел..." деп келетiн Қорқыттың нақыл сөздерi өз мәнiн күнi бүгiнге дейiн жоймай келедi[13].
IX -- X ғасырларда ұлы Түркi қағанаты бiрнеше мемлекеттерге (қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бөлiнiп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдiк жүргiзулерiне әкелiп соқты. Арабтар ислам дiнiн уағыздаумен бiрге ғылым мен бiлiм де әкелдi. Нәтижесiнде түркi халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Яссауи, Баласағұн және басқалары араб тiлi мен мәдениетiн меңгердi. Оның үлкен прогрессивтiк маңызы болды. Көптеген шаһарларда дiни медреселер ашылды, ғылым мен бiлiм деңгейi артты. Медреселер дiни iлiмдермен ғана шектелiп қалмай, арифметика, медицина, жақаннама (философия), дiнтану, астрология сияқты әлемдiк маңызы зор дәрiснама берудi басты мақсат еттi. Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екiншi Аристотелi атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870-950) еңбегiне ерекше болды. Ол математика, музыка, логика, философия, психлогия ғылымдарының негiзiн салды. Өмiр бойы ғылым жолына берiлiп өмiрiнiң көбiн Сирия, Дамаскiде өткiздi. Ол бiрнеше ұлттардың тiлiн бiлген, ғылым-бiлiм жолында бар өмiрiн сарп еткен ғалым.
Адамгершiлiк, азаматтық жолды, ғылым-бiлiмдi мақсат тұтқан ғалым шетте жүрсе де атамекенiн бiр сәт естен шығармаған шынайы патриот азамат болды[14].
Iзгiлiк, имандылық, адамгершiлiк қасиеттердi паш еткен Жүсiп Баласағұнидың "Құтты бiлiк", Ахмет Жүинекидiң "Ақиқат сыйы", Махмұт Қашқаридiң "Түркi сөздерiнiң түсiндiрмесi", Қожа Ахмет Яссауидiң "Диуани хикмет" атты еңбектерiнiң ХI-ХII ғ.ғ этикалық-педагогикалық мән-мағынасының зор болғаны, бұл еңбектердiң он ғасыр өтсе де өзiнiң тағылымдық қадiр-қасиетiнiң бiр сәт төмендетпейтiнi сөзсiз.
Қазақстан мен Орта Азия елдерiн ХIII ғ. басында Шыңғыс ханның жаулап алуы мәдениеттiң тоқырауын тудырды.
Көне мәдениет көздерi - Отырар, Сығанақ, Исфиджаб қалалары жалынға оранды. Қалалар қиратылып, мешiт, медiреселер, сауда дүкендерi, кiтапхана қорлары талқандалып жоқ болды[15].
Алтын Орда ыдырап, қазақ даласы Ресей қол астына қарағанға дейiн (1731) қазақ жерi кескiлескен шайқастардың, қанды майданның аренасына айналды.
Моңғол шапқыншылығына Алтын орданың ыдырауына дейiнгi аралықта (ХIII-ХҮ ғ.ғ.) түркi тiлдерiнде едәуiр жазба мұралар жасалды. Мәселен Р.Хорезмидiң "Махаббатнама" поэмасы, ақын Сайф Сарайдың "Гүлстан" аты дастаны атты еңбектер адалдықты, әдiлдiктi, махаббаты марапаттады.
Дiни медреселерде Шығыс халықтарына ортақ "Чөр кiтаб" атты тәлiмдiк-танымдық педагогикалық туынды дүниеге келдi.
Атақты астроном Ұлықбектiң әлемде тендесi жоқ обсерваториясы ортағасырлық үлкен ғылыми жетiстiк болып саналды[16].
Алтын Орда мемлекетiнiң кезiнде пайда болған "Бабырнама" ("Бабыр дастаны"), ал Хорезмидiң "Мухаббатнама", Саиф Сарайдың "Қырық бiр батыр жыры", "Гулстан бит турки", Құтыптың "Хусрау Шырын" сияқты туындылары сөзсiз жас ұрпақтарға тәлiм-тәрбиелiк ықпалын тигiздi. Бұл кезеңдердегi тәлiм-тәрбие көрiнiстерi негiзiнен әскери-жауынгерлiк бағытта өрбiдi. Ел қорғау мәселелерi ұлы ойшылдар мен ақындар шығармаларының өзегi болды. Ата-аналар ұрпақтарының ең алдымен қайратты, ептi және намысқой, өнерлi болып өсулерiн талап етiп отырды.
Қазақ хандығының құрылуы -- ХIҮ-ХҮ-ғасырларда, Алтын Орда мемлекетi мен Ақсақ Темiр империясының өзара бақталастықтарының нәтижесiнде әлсiреп, ыдырай бастаған кезеңдерге тура келедi. Қазақ хандығы -- сөзсiз кешегi ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндардың, ежелгi түркiлердiң, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлерi болып саналады.
Алтын Орда империясының ыдырауы -- Русь мемлекетiнiң отаршылдық бұғаудан босанып, өз тәуелсiздiгiн алуына әкелiп соқты. Шыңғысхан мен Алтын Орда империяларынан саяси тәжiрибе жинақтаған Русь мемлекетiнiң тәуелсiздiк алуы -- қайта өрлеу дәуiрiне (14 -- 16 ғ.ғ.) дөп келдi[17].
Тарихтың бұл бетi -- Шыңғысхан империясының тарихымен бiрге өрбидi. Бiр кезде Шыңғысхан, Бату, Жошы, Тоқтамыс, Ақсақ Темiр империясының отар елi болған Ресей, кейiн сол империядан ыдырап, бөлiнiп шыққан халықтарды (өзбек, татар, ноғай, Сiбiр (Көшiм), Қырым, Астрахан хандықтарын) өз империясының отар елiне айналдырды.
Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасуы барысында (1470-1718 ж.ж.) 250 жылдай тәуелсiз ел болып, дербес өмiр сүрдi. Бiрнеше ауыр қасiреттердi, жойқын соғыстарды басынан кешiрiп, тiптi жер бетiнен жойылып кете жаздады.
Қазақ жерiнiң байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары құпия келiсiм-шарт жасасып, қытай -- жоңғарларды, ал Ресей -- қалмақтарды бiзге қарсы айдап салды.
Осындай саяси оқиғалар қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық дамуын тежедi. Көне ғасырлардан берi қалыптасып келе жатқан ғылым мен бiлiмнiң, тарих пен мәдениеттiң одан әрi дамуына қажеттi жағдайлар туғыза алмады.
Қазақ халқының өзiндiк мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрi қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнiбек, Керей, Асанқайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қасым, Есiм, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанбердi, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбiлқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды . Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелi сөздерiмен, өлең-жыр толғауларымен зор ықпал етiп, халықты ел болуға, берекелi бiрлiкке шақырып, қоғамдық өмiр сахнасына шыға бастады.
Қазақ жырауларының толғау тебiренiстерi, билердiң шешендiк- қанатты сөздерi өзiнiң тәлiмдiк шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бiрге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәнi жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлiк заманда хандар мен бектердiң, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшiсi болып, жорыққа бiрге аттанды, ру-тайпаларына басшылық еттi, сұрапыл қанды майдан көрiнiстерiн жырға қосты, ерлiктi мадақтады, шейiт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлiстi.
XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерiнiң тәлiмдiк идеяларымен Асанқайғы, Шалкиiз, Жиембет, Бұқар жырау секiлдi дала философтары ерекше көзге түскен едi. Халқының қамын жеп, оның береке-бiрлiгiн, келешектегi бағытын, келер күнiн аңсаған Асанқайғы (XV ғ.) өз отандастарының алдағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кештi. Содан да болар, ел аузында оның есiмiне "қайғы" деген ат қосақталып, аңызға айналды[18].
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы iргетасының қалана бастауына негiз болған Асанқайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қазтуған, Шалкиiз, Үмбетей, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн .
XV-XVII ғасырларда өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрiн, ой-арманы мен тiлек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткенi, жыраулар толғауларынан халықтың небiр нәзiк сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүйiнiшi, келер ұрпаққа айтар өнегелi өсиетi өзектi орын алған. Яғни, олар халықтың тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұлағатты ұстаздарының рөлiн атқарды.
Қазақтың тәрбие мектебi -- ақын-жазушылар мен билердiң өсиеттерi, ғибраттары және халық мақал-мәтелдерi, тыйым сөздерi мен ұлттық салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халықтық осы қағидалар шын мәнiсiнде жас ұрпақ түгiлi, ересек адамдарға да үлкен әсерiн тигiздi, ұлттың сана-сезiмiн оятты, тәлiмдiк-тәрбиелiк, танымдық мектебiне айналды. Жалпы ХV-ХIХ ғ.ғ. акын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшiн еткен еңбегiне, ой қиял өрiстеу өресiне, қимыл, әрекет-iсiне қарай үш топқа бөлiп: жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтамбердi, Махамбеттер); мәмiлегер (Асанқайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлiмгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жiктеуге болады. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де, өнегелi iсiмен де халыққа белсене қызмет етiп, ел ұйытқысы, тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi.
Тәуке ханның "Жетi Жарғысы" -- бүгiнгi Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың (Конституциямыздың} негiзгi iргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дұниеге келген Мұхаммед-Хайдар Дулатидың "Тарихи-и-рашиди", "Жаханнама", Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың "Жамиғат тауарих" (Жылнамалар жинағы), халық туындылары: "Наурыз бәйiтi", "Нысабнами казах" ("қазақтар шежiресi") т.б. ұрпақ танымы үшiн аса зор тәлiмдiк мәндi шығармалары едi.
Бұл дәуiрде мал шаруашылығы, егiн шаруашылығы, ою-өрнек пен зергерлiк бұйымдар жасау, кiлем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фараби мұрасы: білім-ғылым, тәрбие берудегі өзекті мәселелер
Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы
Қазақстанда педагогика және әлеуметтік педагогика тарихына үлес қосқан тұлғалар
Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларын анықтау
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Екатерина ІІ-нің жеке тұлғалық ерекшелігі
Қазақ ойшылдарының (XV-XVІІ) педагогикалық мұраларын бастауыш сынып оқушыларына адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалану
Пәндер