Ойлау мен болмыстың арақатынасы


Жоспар
Кіріспе
- Ойлау мен болмыстың арақатынасы
- Ойлау және оның органы
- Ойлаудың түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.
Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары - философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б. з. д. 384-322 ж. ж. ) .
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология - болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында) ; гносеология - таным туралы ілім; Аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология - адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология - адам туралы ілім; Логика - дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Ф. Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы - ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны.
Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың ара қатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.
бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не - идея, рух па әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.
екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле ала ма әлде танып-біле алмай ма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді [1] .
Объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті- Ойлау. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді [2] .
Ойлау мен болмыстың арақатынасы
Ойлау мен болмыстың арақатынасы себеп пен салдарлық қатынастың шеңберіне сыймайтындығын айтылған. Олардың кайсысы бірінші деген сұрақ та олардың өзіндік табиғатын ашуға бағышталмағандығын да көрдік. Себебі, мәселені солай қоюдың да өзі не жөнінде сұрап түрғанын айқын көрсетпейді. Өйткені ол қайсысы себеп, ал қайсысы салдар деген мағынаны да, немесе олардың қайсысы уақыт жағынан алғашқы, кайсысы кейін деген мағынаны да білдіре алады. Бірақ бұл олардың қайсысы себеп, қайсысы салдар екендігін анықтаған күнде де ойлаудың тікелей өз табиғаты (сущность) жөнінде сауал қойып түрған жоқ. Материалистік философияда ойлаудың табиғаты туралы сауалға, ол материяның немесе болмыстың бейнесі деп жауап беріледі. Бұл, жауап, әрине, біршама нақтылау. Яғни, ойлаудың табиғаты шын, бар нәрсенің бейнесін жасау. Ғылымның деректеріне, күнделікті көріп жүрген қүбылыстарға сүйеніп, материалистік философия бейнелеудің түрлері адамсыз-ақ, адамға дейінгі табиғатта қашаннан бар деп түсіндіреді. Мөлдір, тұнық судағы басқа заттардың сәулеленіп тұратындығы сияқты құбылыстар әркімге белгілі. Ойлау осы тұрғыдан табиғаттағы, адамдағы бейнелеу қасиеттерінің бізге белгілі ең күрделісі. В. И. Ленин “Материализм және эмпириокритицизм” деген еңбегінде адамдағы түйсіну іспеттес бейнелеу қасиеті материяға жалпы тән қасиет болуы мүмкін деген жорамал да айтқан. Яғни бұл тұрғыдан болмыс ойлаудан мәні жағынан да бірінші, ол мәңгілік бар нәрсе, ал ойлау тек екінші. Осы жағынан да оны салдар деп қарауға болады. Оның себебі, бар нәрсе өз бейнесінсіз-ақ бола алады, ал бейне өзі бейнелейтін нәрсесіз бола алмайды - демекші.
Ал ойлауды адамнан, тіпті жалпы табиғаттан, элемнен тыс болатын, тіпті солардың өзін жаратушы күшке айналдыратын идеалистік бағыттар (Платон, әсіресе Гегель) оның жаратымпаздық сипатын тым әсіре жоғарылатты. Яғни ойлау болмыстан барлық жағынан бірінші, мәңгілік жағынан, мәні жағынан, себептілік жағынан да. Осылармен қатар ойлау да, болмыс та бір-бірімен байланысты, бірақ, бір-біріне тәуелсіз екі түрлі субстанция деп түсінетін философия да бар екенін айтқанбыз. Ол екі түрлі дүниенің қалай бір-біріне сай үйлесімді болып түратындыгын түсіндіре алмайды. Көбінесе осы үйлесімдікті екеуін де жаратқан құдайдың құдіретінен көреді. Бүкіл болмыста, әлемде, табиғатта ойлау барлық уақытта болған, бола береді деу және оны анықтау философиядан гөрі ғылымның проблемасына жақын. Біздің проблема - адамның ойлауы, оның табиғаты, оның болмысындағы орны. Ойлауда, әрине, бейнелеу, бейне жасау оның табиғатына тікелей қатысты. Ол, сөз жоқ, бар нәрсе. Бірақ, ең алдымен сол бейне деп нені айтамыз. Күнделікті өмірде де ол-айдан айқын сияқты. Айнаға қарап өз жүзін көру, әрбір тегіс мөлдір нәрседен өзінің, басқа заттардың бейнесін кору, суретке түсу т. т. Күнделікті көріп жүрген нөрсені білу мен оның табиғатын тану аспан мен жердей екі түрлі нәрсе. Сол сияқты адамның ойын да сол ойдан тыс басқа нәрсенің көрінісі дейді. Бір зат пен екінші заттын арасындағы байланыстан, олардың бір-біріне белгілі табын түсіруден де бейнелікті көруге болар. Бірақ, ол екі заттың өздеріне емес, соны бақылаушы адамға ғана бейне. Ал заттардьщ өзара қатынасында олар бейне емес, тек табиғи (физикалык, химиялық т. б. ) процестер. Тек адам бір заттың табиғатының белгісін екінші заттан көре алады. Яғни өзара ықпал етуші екі зат адамның тұрғьісынан бірін-бірі бейнелейді. Бейнелеудің негізінде байланыстағы құбылыстардың бір табиғаттастығы, бір тектілігі болуы мүмкін (идентификация) . Ол барлық жағынан бір тектілік емес, бір ғана қатынаста, олардың болмысының тек бір белгісінде болуы хақ. Тіпті табиғаты түтасымен алғанда бір-бірінен соншалықты алыс нәрселердің өзінде де бір қосалқы қасиеттерінде ортақтық бола береді. Ол ортақтық өзара ықпал ететін құбылыстардың табиғатының бірдейлігі емес. Ол бір қүбылыстың ықпалынан болған екінші құбылыстағы өзгерістерден алғашқы құбылыстың табиғатын тану. Осылай тану, әрине, негізінде, адамның қасиеті. Бірақ, бір заттағы, қүбылыстағы екінші заттың табиғатының белгісі тек адам үшін ғана бейне, себебі тек ол ғана бір заттан екінші заттың, тіпті ж оқ заттың табиғатын көре алады. Яғни бір зат белгілі дәрежеде екінші заттың көрсеткіші. Хайуанаттарда осы бейнелікті танудың алғашқы нышаны бар. Бүлар көбінесе әлі де анықталмаған қүбылыстар. Егер бүларды біз бейнелеу қүбылыстарына жатқызсақ, олар тек бар нәрсенің бейнесі болып түрады. Бейнелеудің шығу негізі адамдардың, қүбылыстардың әрбір саласының табиғатын неғүрлым толық жетілген дәрежесінде игеруге бағытталғандығына да байланысты. Өмірдің әр саласында даму процесінде пайда болған оның ең толысқан, ең жетілген формалары болады. Сол саладағы жеке құбылыстардың барлығының ортақ табиғаты осы формада неғүрлым айқын көрінеді. Біз өмірде ондайларды нағыз, хас деген сөздермен сипаттаймыз: нағыз адам, нағыз батыр немесе хас батыр, хас сүлу т. т. осы сияқты құбылыстардың шын, қоспасыз, таза көрінген түрі. Осындай жетілген формалар өз тарапындағы қүбылыстардың таза үлгісі, олардың ішкі табиғатының өлшемі, бәрінің өзінің кім және қандай екенін көретін сыртқы айнасы болып түрады. Бүл да тек адамдық қатынастардың аясында ғана атқарылатын функция. Көбінесе адамдардың өздері әр нәрсенің таза үлгісін бөліп шығарады. Лондон мен Париждегі сақталатын алтын, жез т. б. нәрселердің эталондары сияқты. Ондай эталондар басқа функциялардың ішінде, әсіресе бейнелік функцияға ие. Өйткені алтынның алтыны, жездің жезі. Бейне мұнда да бір типтес қүбылыстардың ішінен бірінің бөлініп, оқшауланып, басқаларында ж оқ өзгеше функцияга, яғни бәрінің ішкі табиғатының бөлініп, олардан оқшау, әрі дербес жеке құбылыс болып шыгуында. Яғни оның бүтін оқшау болмысы басқаларының бәрінің табигатының өздерінен ажырап, оларға қарама-қарсы түрған формасына айналады. Өте сирек кездесетін алтынды өндіруге кететін қогамдык қажетті еңбектің тым коптігі оны тым қымбатқа түсіреді. Азғантай ғана алтынның қүнды болуы, химиялық өзгеріске үшырамайтындығы, оңай бөлшектенетіні т. т. қасиеттері оны барлық товарлардың күнының олардан окшау түрган натуралдық формасына айналдырды. Яғни ол белгілі қүны бар қатардағы товардан күнның эталонына, құнның заттық болмысына айналды. Ол, әрине, ұзақ дамудың нәтижесі. Акдіаның осылай шығатындығы саяси экономиядан белгілі. Алтынды, дәлірек айтқанда оның ақшал ы қ айырбастағы функциясын Маркс идеалдық функция, немесе идеалдық форма деп атаған. Себебі ол бүкіл товарлар дүниесінде құнның айнасы болып түр. Құнның оқшауланган таза болмысы ретінде қызмет атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz