Ғұмар Қараштың өмірі мен қызметі


Кіріспе
Ғұмaр Қaрaштың aзaмaттық өмiрi қысқa бoлды - oл нeбaры қырық жeтi жaс жaсaды. Сaлыстырмaлы түрдe aқындық өмiрбaяны дa кeлтe - пoэзиядaғы тырнaқaлдысы 1909 жылы ғaнa бaспa бeтiн көрдi. Дeмeк, Ғ. Қaрaш aқындық өнeрмeн oтызғa кeлiп aйнaлысқaн. Ocы aз уaқыттың iшiндe oл aca өнiмдi жaзaтын, үнeмi iздeнiп, алға ұмтылып отыратын ақын ретінде танылды. Бұл арада шығармашылық адымына, соның ішінде әдебиеттің дарынды өкіліне тән үйрену, іздену сатыларының бәрінен өтті. Ол артына мол ақындық мұра қалдырды. Ғұмарды ақын ретінде танытатын осы шығармаларға жалпы сипаттама берілу жөн деп есептеймін. Сонымен қатар, бізді ақынның шығармашылығы қатты қызықтырады. Болашақ тарихшы маман ретінде осы тақырыпты терең білсек, сол арқылы қазақ тарихында орын алатын Ғ. Қараштың өмірін насихаттау ісіне өз үлесімді қоссам деген ойдың жетегінде аталмыш тақырыптағы зерттеу жұмысын қолға алдым.
Тақырыптың өзектілігі. Кеңес өкіметі кезінде яғни әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі кезінде ұлттық идея жайында айта алмайтын бұл ұғым кәзіргі қазақ азаматтарының талқысында жүр. Ұлттық идеяны тәуелсіздік алғаннан бастап қолданысқа енгіздік емес пе?
Ал шын мәнісінде бұл ұғымның тарихы ерте кезден бастау алады. Мысалы аталарымыз қазақ хандығының тұсында өзінің ұлттығын сақтап қалып, кейінгі ұрпаққа аманат етіп тапсыру үшін салт-дәстүрлерін, мәдени ұстанымдарын, тарихи ата-тектерін, рухани байлықтарын, территорияларын сақтап қалуға барынша тырысқаны бізге тарихтан белгілі.
Ұлттық идеяны сөз қылудың өзі бізге жетістік. Өйткені адамдардың ұлт ретінде одан әрі дамуы, өзінің ұлттық мәселелеріне көңіл аударуы, адамдарды бірлікке алып келеді. Ұлттық идеяны бір күнде қалыптастыру мімкін емес жағдай, ол ұзақ уақыттық процесс.
Ұлттық идея - бұл бір көптен көтеріліп жүрген тақырып. Мазмұнына көз жүгіртсек, екі бөліктен тұратынын көреміз. Бірі - ұлт, екіншісі - идея мәселесі. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдіс екені ақиқат. Осыдан 3 мың жыл бұрын өмір сүрген Геродоттан бастауын тауып, қазіргі жас тарихшы азаматтар мен азаматшалар арқылы мақсатқа сай Қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны арғы тегіміз сақтарды, салт-дәстүрімізді, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын болмысын танып-білуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек.
Қазақтар да әлемнің саяси, тaрихи, этникалық дамуына бейхабар қалған жоқ. Дала даналарының орыс, қытай, қалмақ, өзбек, араб, парсы, жұрттары жөнінде айтқандары бүгінгі күнге келіп отыр. ХХ ғасыр этностарды мидай араластырып жіберді. Отарлаудың зорлық-зомбылығынан жоғалып кеткен ұлттар аз емес. Бір ғана КСРО-ның өзінде 1926-1939 жылдар ішінде 194 ұлттан 100-ге жетпейтін ұлт қалған екен. Осылайша қлттану өзекті мәселеге айналды.
Жетпіс жыл бойы тарих, саяси-құқықтық ілімдер тарихи ғылымы, большевиктердің идеологиялық қыспағында болып, таптық бағалау қағидасы негізінде жалған мағынада жазылды, келер ұрпақтың санасын, рухани өмірін коммунистік режимге қажетті идеялармен уландырды. Соның нәтижесінде тарихи-құқықтық ғылым, өтірік мағынамен жазылды. Егемендіктің туын ұстап, дербес мемлекет құру сәті ғана, есімдер тарих беттерінен өшіп қалған саяси-құқықтық өй-пікірдің қайраткерлерін толыққанды мағынада зерттеуге мүмкіндік беріп отыр.
Тіпті, Кеңес дәуірі кезеңінде жарық көрген шығармаларда қазақ халқының батырлық пен ақындық дәстүрге бай тарихы, саяси және қайраткеріміз жағымсыз кейіпке суреттелінеді. Қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірдің ойшылдары мен қайраткерлері «тек қана бай-феодалдарды мадақтап, хандардың қанішерлік, басқыншыл және заңсыздық әрекеттерін уағыздаумен шұғылданды» деген пікірді халық санасында қалыптастыруға барлық күшін, бүкіл таптық идеологиясын жұмсап бақты. Ал, олардың шын мәнінде халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін және ағартушылық саласында өлшеусіз қызметтері саналы түрде бұрмаланып қана қоймай, оларға «ұлтшыл», «пантюркист», «панисламист», «буржуазияны мадақтаушы», «үстем тап өкілі», «бай-феодалдардың құйыршықтары» сияқты айдарлар тағылды. Осының салдарынан, ұлы даланың бүкіл бай рухани қазынасы “керексіз”, “ескі” деп жарияланды. Қазақ халқы жетпіс жыл бойы большевиктердің сандырақ идеологиясымен уландырылды. Соның нәтижесінде, Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімде ғұмыр кешкен ұлы ойшылдардың еңбектерін оқуға, зерттеуге тыйым салынады, тіпті есімдерін атаудың өзі қылмыс санатына жатқызылды. Еңбектері еш, өмірлері сор, өшіп барып, қайта халыққа оралған қайраткерлерді зерттеу, насихаттау - тәуелсіздіктің басты міндеттерінің бірі.
Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі Алаш қозғалысы, оған қатысқан қазақ зиялыларының өмірімен тығыз байланысты қаратыруды қажет етеді. Өйткені ХХ ғасырдың басында ұлт азаттық қозғалысқа қатысқан интеллигенция өкілдерінің дені ұлттық мәселені шешуді бірінші орынға қойған еді. Осы мақсатта бүкіл қазақтың зиялылары мүмкіндіктерінше құлшыныс жасады.
Әдебиетте өзіндік із қалдырған Ғұмар Қараш еңбектерін зерттеу ісі жаңа ғана қолға алынуда.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ рухани мәдениетінде өзіндік орны бар ақын Ғұмар Қараштың әдеби мұрасына талдау жасау мен шығармашылығындағы ұлт мүддесінің алатын орнын анықтау жұмыстың мақсаты. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Ғұмар Қараштың өмір жолын көрсету;
- Ақын шығармашылығына талдау жасау;
- Ғұмар Қараш еңбектеріндегі оқу ағарту ісінің дамуы мәселелерін зерттеу;
- Ақын шығармашылығындағы тәуелсіздік, дін, теңсіздік мәселесіне талдау жасау.
Жұмыстың зерттелу деңгейі.
Ғұмар Қараштың шығармашылығын зерттеуге, тіпті атын атауға Кеңес өкіметі барлық Алаш Орда қайраткерлеріне сияқты қатаң тыйым салды. Ақын туралы зерттеулер тәуелсіздік алғаннан кейін жарық көрді.
Ғұмар Қараш қоғамдық-саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуы жайында еңбек қалдырған Қ. Аллабергеннің «Отарлау саясатының ойрандары»[1],
Жалпы Алаш қозғалысы тақырыбы бойынша жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде ой-тұжырымдар жасаған көрнекті ғалым К. Нүрпейісов «Алаш һәм Алашорда»[2] көрсеткендей, 1930 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың соңына дейін отандық тарихнамада Алаш қозғалысына байланысты зерттеулер жүргізілмеді. Осының әсерінен жарты ғасыр бойы Ғ. Қараштың аты аталса, тек идеологиялық жау тұрғысынан ғана аталуы тиіс болды. Қ. Ә. Жиренчин «Политическое развитие Казахстана в ХІХ - начале ХХ веков»[3] . Бұл еңбектерде ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси өзгерістер сипатталған.
Ғұмар Қараш тұлғасымен таныстыру мақсатында Қабибола Сыдиықұлының «Халқымен қайта табысқан»[4] еңбегі жазылған. Бұл мақалада автор көбіне адамдардың естеліктері арқылы жазуға тырысқан. Мақалада ақынның өмір жолы сипатталады.
С. Өзбекұлының 1998 жылы жарық көрген «Арыстары Алаштың»[5] еңбегінде «Ғұмар Қараш Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы дамуы кезеңінде қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірге ерекше, молынан үлес қосып, артына өшпес із қалдырған ірі тұлға» деп бағалайды, М. Тұрғынбайдың «Ғұмар Қарашұлы»[6] еңбектерінде ақынның өмір жолы баяндалған. Және де көптеген әдебиеттерде Ғұмар Қараштың дүниеге келген уақытын осы еңбектегідей 1876 жыл деп белгіленеді.
С. Мұқановтың «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті»[7] еңбегінде Ғұмар Қарашқа үлкен орын берілген. Бірақ бұл еңбекте Сәбит Мұқанов ақынның шығармалары мен ой-пікіріне сын көзбен қараған.
Ө. Әбдиманұлы «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті»[8],
А. Исмайлов пен С. Өзбекұлының «Ғұмар Қараштың қоғамдық-саяси және құқықтық көзқарастары»[9], С. Жұмағұл «Ғасырына өң берген Ғұмар Қараш»[10] .
Соңғы жылдары ұлт қайраткерінің ақындығы, өмірі мен шығармашылығына арналған еңбектермен қатар Ғұмар Қараштың саяси-құқықтық көзқарасы жөнінде ғылыми тұжырымды пікірлер жазылған ғылыми зерттеулер жарық көрді. Бұл орайда әдебиеттанушы ғалым М. Тәжімұратовтың «Ғұмар Қараш»[11], «Біз білмейтін Ғұмар Қараш»[12] еңбектерінде ақынның шығармашылық мұрасын зерттеуде үлкен үлес қосты. Ә. Дербісәлин «Қазақтың октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті»[13], Б. Аташ пен Қ. Әлжан «Ғұмар Қараш»[14], И. Кенжалиев «Ғұмар Қарашұлы туралы жаңа деректер»[15] С. Ысмағұлова «Қиын да сұлу тағдыр»[16] И. Нәсекенұлы «Арысымызды ардақтай білген абырой болар»[17]
И. Мадановтың «Кіші жүз шежіресі»[18] еңбегінде ақын тамырының қалай таралғаны көрсетілген. В. Викторин «Бөкей ордасына көшіп келген рулар»[19] еңбегінде Ғұмар Қараш шыққан ноғайқазақ руының қысқаша тарихы жазылған.
Р. Жанғожин, Р. Созақбаев жазған «Қайраткер Ғұмар Қарашев»[20] мақалада ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіне Ғ. Қараштың атсалысып, атқарған еңбегі баяндалады.
Сонымен қатар ақын жайында американдық ғалым Т. Виннер «Устное творчество и литература казахов Русской Центральной Азии»[21] еңбегінде мәліметтер келтірілген.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары жазылған бірқатар ғылыми еңбектерде зерттеушілердің Ғ. Қараштың қоғамдық-әлеуметтік қызметіне көңіл аударғаны байқалады. Мәселен, С. Зимановтың кеңестік ұлт мәселелеріне байланысты зерттеулерінде, «В. И. Ленин и советская национальная государственность в Казахстане»[22] атты еңбегінде ХХ ғасырдың 20 жылдары Ғ. Қараштың қызметін сипаттайды.
С. Өзбекұлы «Абай және адам құқы»[23] еңбегінде Ғұмар Қараштың шығармашылығын, ХІХ ғасырдың ғұламасы - Абаймен салыстырып, екеуінің ойлары бір жерден шығатынын көрсетеді.
Ғұмар Қараштың қоғамдық көзқарастарының қалыптасуында ерекше әсер еткен 1905-1907 жылғы революция И. Кенжалиев «Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары»[24] еңбегінде сипатталады. Осы төңкерістен кейінгі Ғ. Қараштың өміріндегі өзгерістер осы еңбекте орын алды.
Ғ. Қараштың өмірі мен шығармашылығына қатысты мол дерек қорын қалдырған - зерттеуші Мұстафа Ысмағұлов. «Ғұмар Қараш»[25] еңбегіндегі деректерді Москва, Санкт-Петербург, Орынбор, Омбы, Астрахань, Алматы қалаларындағы мұрағат қорларынан жинақтады. Зерттеуші Е. Ысмайлов «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті»[26] еңбегінде «Ғұмар Қараш көзі ашық және әртүрлі саланы оңай меңгереді» деген пікір қалдырған.
Ғұмар Қараштың дүниеге келуі құпияға толы, сонымен қатар оның өлімі жайында И. Кенжалиев «Ғұмар Қарашты кім өлтірді»[27] еңбегінде өз ойымен бөліседі.
Зерттеу жұмысының деректік негіздерін 1911-1913 жылдары «Қазақстан» газетінде жарияланған Ғұмар Қараштың мақалалары, шығармашылығы және саяси ой-пікірлері құрайды. Ақынның еңбектері одан бөлек «Айқап» журналында жарияланған.
1998 жылы Ғұмар Қараш шығармашылығын жинақтап, «Замана»[28] еңбегі жарық көрді.
1911 жылы Ғұмар Қараш кейбір еңбектерін Ғабидолла Мұштақ деген лақап атпен баспадан шығарып отырды. Соның қатарында «Қарлығаш»[29], «Тумыш»[30], кейін өз есімімен берілген шығармалары: «Бала тұлпар»[31], «Газет деген не зат»[32] .
Елеусін Бұйрын мен Ғұмар Қараш «Қазақстан» газетін уақытша жабылып, керек жарақтарын іздеуге шыққан кезіндегі қиын жағдайлар жайында Е. Бұйрынның жұбайы Ұмсынның естеліктері[33] . Ғ. Қараш жайында естетіктерін қалдырғандар қатарында К. Әжікеевтің «Менің Ғұмар Қараш туралы білетіндерім»[34] еңбегінде ақынның ауылдағы мешіт молдасы болған кезі жайында жазылады.
Сонымен қатар жұмыста естеліктер, заманхаттар, түрлі зерттеу жұмыстарындағы деректік мәліметтер т. б. қосымша дерек көздері ретінде пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.
- Ғұмар Қараштың қоғамдық-саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуы
1. 1 ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық, саяси-құқықтық және рухани жағдайы.
ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуының өзіне тән ерекшеліктері болған еді. Бұл кезеңінде Қазақстанның барлық аумағы Ресей империясының құрамына еніп, оның аймақтағы ажырамас бөлігі ретінде танылғандықтан «ішкі отары» мәртебесіне ие болды. Осыған байланысты көшпелі қазақ қоғамының ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық, саяси-құқықтық құрылымы өз ерекшеліктерінен ажырап, капиталистік қатынастардың ықпалын біртіндеп сезе бастаған анық байқалды. Орыс көпестері мен буржуазиясы Қазақстанды және оның жергілікті халықтарын ашық тонаудың жемтігіне айналдырды. Мысалы, көпестер 5 тиын тұратын құмыраны 80 тиын, сапасыз теріден жасалған киімдерді жарты қойға сатуда күнделікті өмірдің экономикалық талабына айналдырған[1, 28б. ] .
Жергілікті халық арасынан шыққан алыпсатарлар мен саудагерлер орыс буржуазиясының өндірістік тауарларын тарату қызметімен шұғылданды, үй өнеркәсібі мен жергілікті қолөнердің дамуына үлкен кері әсерін тигізді. Олардың нарық пен мыңдаған ұсақ шаруашылықтың арасында алыпсатарлық ролін атқарулары, жергілікті халықты қанаудың нағыз құралы болды.
Қазақстанның экономикалық жағдайының дағдарысқа ұшырауының негізгі себептерінің бірі - жердің тарылуы болды. Кейбір деректерге жүгінетін болсақ, Ресей империясының жаулап алу саясатының нәтижесінде, 1917 жылға дейін қазақ халқының 45 миллион десятина шұрайлы жері оның тікелей пайдалануына тартып алынып қазақтар мен орыс офицерлеріне, орыс мұжықтарына тегін үлестіріп берілді. Патша өкіметінің қазақ жерін тартып алу саясаты, қазақ халқының экономикалық мүддесін ескермей, іс жүзіне асырылып отырды. Ата-баба жерлерінен күштеп қуылып көшірілген жергілікті халық, шөл және шөлейт, тақыр жерлерге ығыстырылуының нәтижесінде, олардың тұрмыстық жағдайы нашарлап, жаппай қырылу қаупіне әкеп соқтырды. Ал, жер аударушылардың құқықтары болса, қазақ халқының мүдделерінен ашық түрде жоғары қойылды. «Уақытша ереже» қазақ даласында заң жүзінде орыс қоныстанушыларының санының өсуіне де тікелей ықпалын тигізді. Тек 1896-1910 жылдар аралығында Ресейдің орталығы мен оңтүстігінен, Қазақстанға 294 мыңнан астам адам көшіп келген болса, ал 1906-1910 жылдары олардың саны 770 мыңнан асқан.
Патша өкіметі Қазақстанда жазалау, қуғынға салу саясатын іс жүзіне асыруда асқан бассыздық пен заңсыздық әрекеттерін танытты. 1891 жылы наурыздың 25-ші жұлдызында қабылданған ереженің 17-ші бабы, генерал-губернаторға «саяси сенімсіз» танытқан адамдарды тергеусіз, соттың үкімінсіз 5 жылға дейін жер айдап жіберуге құқық берді. Аталмыш норманы отарлық әкімшілік 1905-1907 және 1916 жылдарда пәрменді түрде пайдаланып отырды. Соның нәтижесінде, демократиялық бағыт ұстап, қазақ халқын отарлық және ұлттық езгінің тепкісінен арашалауға ат салысқан, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары қуғынға ұшырады. Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Жақып Ақпаев, Көлбай Тоғысов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Наурызбай Таласов, Мәмбетәлі Сердалин, Барлыбек Сыртанов, А. Кенжин Шәймерден Қосшығұлов сияқты көптеген алаш зиялылары сот үкімінсіз бақылауға алынып, қуғынға ұшырады[2, 46б. ] .
Тіпті, орыс әкімшіліктерінің барлық сатыларындағы шенеуніктерді, өз тарапынан ойына келген тәртіптерді орнатуды іс жүзіне асырып отырды. Қазақ ұлтының құқығымен санаспай, бүкіл халықтың ар-намысын таптайтын әрекеттерді заңдастырып, ұлы державалық шовинизмді ашықтан-ашық асқақтатуды саясаттың ең негізгі өзегі ретінде танып бақты. Жетісу облысының кейбір уезд бастықтары, қазақтар - орыс офицерлері мен шенеуніктерін кездестіргенде, міндетті түрде аттан түсіп, бас киімін шешіп, иілуге міндетті деген нұсқаулар шығаруға дейін барған. Верный қаласының ресторандары мен көпшілік орындарының есігінде, немесе маңдайында «Иттер мен қазақтарға тиым салынады» деген жазуларды ілуді дәстүрге айналдырған.
Қазақстанның саяси-құқықты дамуын зерттеген ғалым Қ. Ә. Жиренчин, патша өкіметінің Қазақстанға енгізген реформаларына мынадай баға береді: «әкімшіл реформалар отаршылдық басқару жүйесін жетілдіруде мәжбүрлеу апараттарын жаңа тарихи жағдайларға бейімдеуге бағыттаған . . . жергілікті әкімшілік, самодержавиеге толық тәуелді және жалпы мүдделер мен жеңілдіктерге байланыстылығы бола, Қазақстанда оның саясатының жол басшысы болды. Бірақ, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, табиғи жағдайларының өзіндік ерекшеліктері және елдің саяси орталықтан шалғай орналасуы жергілікті билік жүргізу әрекеттеріне үкімет тарапының қадағалауынан, белгілі бір қиындықтар тудырды . . .
Самодержавиенің дәйектілікпен бекітіліп жатқан Қазақстанды басқару жүйесі, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатты кері әсерін бере отырып, оның қалыптасуына бөгет жасады»[3, 227-228б. ] .
Қорыта айтқанда Ресей империясының саяси-құқықтық әдістері арқылы қазақ жерін отарлау әрекеті патша өкіметіне жергілікті халықты ұлттық езгіге салуға, құқықтары мен бостандықтары аяққа таптауға мүмкіндік беріп, отаршылдардың ғасырлар бойы қалыптасқан «бөліп ал да, билей бер» қағидасын іс жүзіне асыру болды.
Міне, Қазақстанның осындай экономикалық, саяси-құқықтық жағдайларында, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының басына түскен ауыр жағдай қайраткер Ғұмар Қараштың қоғамдық-саяси және құқықтық көзқарастарын қалыптасуына негіз болды.
- Ғұмар Қараштың өмірі мен қызметі.
Бізге жеткен деректерге қарағанда, Ғұмар Қараш 1876 (кейбір деректерде 1875 жыл) жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасының Қырқұдық ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген[4, 3б. ] . Ғұмар Қараш жайындағы зерттеулерге негіз болған С. Мұқановтың «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» деген еңбегі[7] . Себебі ең алғаш ақынның өмірі мен шығармашылығы сол кітапта қысқаша жазылған. Ал ол туралы мәліметтер қайдан, қашан алынғаны көрсетілмеген. Сол мәліметтердің сипатына қарағанда елден естіген ауызекі әңгіме болу керек. Ақынның туған жылының әртүрлі келтірілуі осы себептен болар. Мақсат Тәжімұратов бір мақаласында «Біз Ғұмар Қарашты әлі күнге шейін жөнді білмейміз. Тіпті туған жылын да дәл айта алмай жүрміз»[12, 8б. ] - деуінде мән бар. Осы күнге дейін ақынның туған жылы әр деректе әртүрлі айтылып келеді.
Шежіре бойынша, Ғұмардың руы - Кіші жүз құрамына кіретін ноғайқазақ. Кіші жүз шежіресін түзуші, тарихшы Х. Мадановтың пікірінше: «Кіші жүзде Әлімұлы, Байұлы, Жетіруға кірмейтін Ноғайқазақ руы бар. Ол ертедегі ноғайлы елінен бөлініп қалған Орақ Мамай, Қазтуғанның тұқымдары»[18, 14б. ] .
Осы Ноғайқазақтар басым орналасқан аймақ, яғни Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауылының тұрғындары арасында Еділ-Жайық бойындағы ұлттар тарихын зерттеуші ғалым В. Викториннің жүргізген зерттеу нәтижесінде: «Ноғайқазақтар өздерін біз таза қазақпыз, бабаларымыз ғана ноғай болған»[19, 32б. ] , - деп санаған.
Ғұмар Қараштың немересі Нәдия Қарашева жасаған ата-тек кестесі бойынша зерттеуші М. Тәжімұратов Ғұмар тегін былайша тарқатады: «Ноғайқазақ іштей: Қояс, Қазанқұлақ, Қостаңбалы, Үйсін дейтін 4 арысқа бөлінеді. Ғұмар соның ішіндегі Қоясы. Қоястан - Оразақай, Қонай, Жолай, Әжі туады. Оразақайдан - Нияз, Жылмамбет, Бозай. Нияздан - Жәңгір ханның он екі биінің бірі, Исатай мен Махамбет көтерілісі кезінде ханды құтқарып қалған делінетін Шомбал туады. Бозай тоғыз ұл көрген. Соның үлкені Наурызәліден, Қараш, Жанарыстан, Биарыстан, Қабан туған. Қараштан 5 бала - Арыстанбек Рақила, Оспан, Ғұмар, Сыдық»[11, 58б. ] .
Ал Батыс Қазақстан облысына қарасты Жалпақтал ауданы, Көктерек ауылының тұрғыны, ноғайқазақ, белгілі мұғалім Темірболат Жұнысовтың қолжазбасында Ғұмар Қараш тегін біраз басқаша жазады. Шежірешінің жазуынша, Қоястан Құдайберді, Қара, Әлдей, Арқай, Оразақай, Бозай, Наурызғали туады. Наурызғалидан Биарыстан, Жанарыстан, Қараш. Жанарыстаннан Әубәкір, Ықсан, Қадырғали. Қараштан - Ғұмар[20, 32б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz