Ұрғашы малдың жыныс мүшелері топографиясы
Жоспар:
І Кіріспе
а) Ұрғашы малдың жыныс мүшелерінің ауруларына қысқаша сипаттама
ІІ Негізгі бөлім
а) Жатырға, сарпайға, қынап кіре берісіне қысқаша сипаттама
б) Жатырдың, сарпайдың және сарпай аралығының жыртылуы және жыртылу кезінде көрсетілетін көмек
в) Малға көмек көрсетер алдындағы техникалық-санитарлық талаптар
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ұрғашы малдардың жыныс мүшелері аурулары жұқпалы және жұқпалы емес деп екіге бөлінеді. Жұқпалы ауруларға жыныс мүшелері арқылы жұғатын ауруларды жатқызамыз. Олардың себепкерлері болып микроорганизмдер, (бактериялар, вирустар) инвазиялық аурулар жатады. Ал жұқпалы емес ауруларға малдың механикалық, химиялық, физикалық әсерлерден болатын әр түрлі жарақаттары әсерінен пайда болатын аурулар жатады. Мысалы: жатырдың жыртылуы, қынаптың жыртылуы, әр түрлі соққылардың әсерінен пайда болатын ауруларды, жарақаттарды жатқызамыз.
Малдың жыныстық органдарының қысыр қалуын симптомдық бедеулікке жатқызады. Тек қана жыныстық органдар ғана емес басқа да, айталық жүрек тамыр жүйесі, ас қорыту органдарының, желін ауруларының да, тіпті, жұқпалы аурулардан да (аусыл ауруларынан кейін) мал қысыр қалуы мүмкін.
Жыныстық мүшелердің ауруын қабыну үрдісі ретінде ( вульвит, вестибулит, вагинит, цервисит, эндометрит, сальпингит, оофарит) немесе сол органдардың қызметінің бұзылылуы ретінде кездестіреміз (аналық ұрық безінің гипофункциясы, атрофиясы мен склерозы, күлдіреуігі, тұрып қалған сары дене).
Жыныстық органдардағы патологиялық үрдістер спермийлердің еркін қозғалуына, аналық ұрық торшасымен кездесіп ұрықтану үрдісінің өтуіне, зиготаның пайда болуына кедергі келтіреді.
Жыныстық органдарда жиналған патологиялық эксудаттар спермийдер үшін өте жағымсыз орта болғандықтан, спермийлер, эксудатпен араласқан кезде тез қырылып, өліп қалады. Кейбір жағдайда зигота пайда болғанымен, ол жатыр ішіне түскен соң әрі қарай өсіп дами алмайды. Ал ұрық безінің аурулары кезінде, эестрогендік гормондар түзілмегендіктен мал күйлемейді, күйлеген малда овцляция болмауы мүмкін. Жатыр, сарпай және басқа жыныс мүшелері зақымданса да мал бедеулікке ұшырап, ары қарай төл бере алмай қалуы мүмкін. Бұл экономикалық тиімсіз, шығынға ұшырататын жағдай болып табылады. Сол себепті малдың кез келген жыныс мүшелерінің ауруларын алдын алып, болған жағдайда тиісті ем жүргізу керек. Ауруға ұшыраған малдан кейінгі уақытта төл алу мен, мал басын көбейту қиынға ұшырайды. Сондықтан әрбір мал дәрігері бұндай жағдайдың алдын алып, уақытылы бақылап отыруы керек.
Негізгі бөлім

Жатыр (uterus)- ұрықтың өсіп-дамитын ағзасы. Ол: жатыр мүйіздері, жатыр тұлғасы және мойын болып үш бөлікке бөлінеді. Бұл бөліктердің арақатынасы, мөлшері түлік түріне, малдың жасына қарай өзгеріп отырады. Жатыр мүйізінің ұзындығы сиырда 25 см, қойда 12 см, мегежінде 2 м, биеде 25 см. Жатыр түлғасының тұрқы сиыр мен қойда 3-5 см, мегежінде 5-12 см, биеде 15 см. Жатыр мойынының ұзындығы сиырда 10 см, қойда 6 см, мегежінде 20 см, биеде 8-см. Қынап тереңдігі сиырда 38 см, саулықта 12 см, мегежінде 18 см, жылқыда 30 см шамасында.
Жатыр мойыны (servix uteri) қынап пен жатыр денесін жалғансытырып тұратын өте тығыз, бұлшық етті орган. Жатыр мойыны тек мал күйлеген кезде және мал туар алдындағана ашылады.
Жатыр тармақтары (cornua uteri) жатыр денесінен жіңішкере келіп жатыр түтікшесіне барып жалғасады. Жатыр тармағының қабырғасы үш қабаттан тұрады: сыртқы қабаты сірлі қабық, ортасында етті қабық, ең ішкі қабық кілегейлі қабық. Ол сөл бөліп шығаратын эпителиймен қапталаған. Күйіс малдарының жатырының кілегейлі қабатында сүйел тәрізді, сопақша келген диаметрі 2-5мм болып келетін аранйы құралымдар болады, олардың жалпы саны 80-120-ға дейін жетеді. Олар жатыр денесінде ретсіз, ал жатыр тармағына 3-4 қатар болып, тізіліп орналасады. Оларды карункулдер деп атайды.
Жатыр түтігі - tuba uterina, salpinx- жұмыртқалық пен жатырдың аралығында орналасып, жатырға ашылатын жіңішке иректелген жұп түтікше мүше. Оның жоғарғы жұмыртқалыққа жақын бөлігі қуысында ұрықтану процесі жүреді. Оның кеңейіп басталған бөлігін жатыр түтігінің құйғышы, ал шашақталған жиегін түтік салпыншағы деп атайды. Осы бөліктердің барлығы шажырқайға бекініп тұрады.
Қынап (vagina) - жыныстық қатынасты және төлдің туу процесін қамтамасыз ететін, жатыр мен несеп - жыныс кіре берісі аралығында орналасқан қуыс түтікті мүше. Ол жамбас қуысында жатырдан кейін орналасып, ешқандай шекарасыз несеп-жыныстық кіреберіске өтеді. Олардың шекарасын уретраның сыртқы тесігі белгілеп өтеді.
Сарпай (лат. vulva, орыс. вульва) -- ұрғашы малдың сыртқы жыныстық мүшелерінің медициналық (яғни: ғылыми) атауы; жалпы атауымен келесі зәр шығару және жыныс мүшелерін қамтиды: қынап алды, пәктік қабығы (жыныстық қатынасқа түспегенде), алдыңғы үлкен без (Бартолин бездері), зәр өзегі, кіші жыныстық еріндер, клитор, үлкен жыныстық еріндер, ұма.
Шүртекей (clitoris) үңгірқуысты денеден құралған. Оның негізін каверналық етті дене құрайды., дөңгеленген кішкентайбасы болады. Жалпы ұзындығы сиырда 1-2 см жетеді.
Қынап кіреберісі (vestibu-um vaginae) жыныстық саңылаудан басталып, қынапқа қосылатын ұзындығы ірі малда 8-10см болып келетін түтік. Қабырғасы үш қабаттан тұрады: сырты дәнекер ұлпалы клечатка (адвинтиция), ортасында етті қабат, ішкісі кілегейлі қабат. Қынап сияқты көптеген ұзын қатпарлар түзеді. Кілегейлі қабықтың астынан, қынап кіреберісіне бартолиний бездерінің түтіктері ашылады. Қынап кіреберісі мен қынаптың шекарасында кішкентай, әлсіз дамыған көлденең қатпарша - қыздық перде (hymen) орналасады.
Аналық жыныс безі (жұмыртқалық) -- жануарлар организмінде құрсақ қуысында орналасады. Ол пішіні сопақ не дөңгелекше келген паренхима мүше. Жүмыртқалық сыртынан сірлі қабық тың жалғасы -- бастама эпителиймен (бір қабатты текше тәрізді эпителий) қапталған.
1-сурет. Ұрғашы малдың жыныс мүшелері топографиясы
1-жұмыртқалық, 2-жатыр түтігі, 3-жатыр тармақтары, 4-жатыр денесі, 5- жатыр мойны, 6-қынап, 7-қыздық перде, 8-қынап кіреберісі, 9-сарпай, 10-тік ішек, 11-қуық, 12-несеп-жыныс түтігі, 13-нысеп-жыныс тесігі, 15-желін.

Сарпайдың жарақаттануы (Cantusio vulvus). Көбінесе сиырларда кездеседі, жыныс ернеулерін сиыр мүйізімен сүзіп жібергенде, ол қатты соғылып езілгендіктен ісінеді, қан ұйып гематома пайда болады, абсцесске айналуы мүмкін, кейде жалбырап жыртылып кетеді, тіпті, сарпай мен анус қосылып кетуі де мүмкін.
Сарпайдың жыртылуы бірінші тумалар мен туа алмай жатқан сиырларға көмек көрсеткенде болуы мүмкін. Жыныс ернеуінің жыртылған жерін дезинфекциялық ерітіндімен жуып тазартып, жараның шеттерін жаңартып 2-3 түйінді тігіс салып бекітеді. Жазды күндері жараға шыбын қонбас үшін креолин, йодофарм жағып қояды.
Гематома, абсцесс болса, оны тіліп ішінде жиналған іріңді экссудатты, ұйыған қанды шығарып тастап, орнына стрептоцид пен йодоформ ұнтағын араластырып сеуіп тастайды.
Сарпайдың, қынаптың қабынуы(Vulvitis vestio litus-vaginitis). Себептері: қабыну үрдістері негізінен бұл органдардың туу кезіндегі езіліп, жыртылып зақымдануынан және шағылысу кезінде немесе қолдан ұрықтандыру кезінде, қынап арқылы зерттеу жұмыстары кезінде инфекция түсіуінен болады.
Клиникалық белгілері: қабынған органдар ісініп, қызарып, кілігей қабықтарында жолақтанып, нүктеленіп, қанталаған жерлері байқалады. Ұстап қарағанда, қолға ыстық болып білінеді, мал ауырсынады, сырттай қарағанда құйрығы сәл көтеріліп, белін бүкшитіп күшеніп тұрғанын көреміз. Жиі-жиі зәр шығарады, жыныс органдарынан шырышты экссудат, кейде ірің ағып тұрады. Құйрығына, сауырына ағып шыққан жалқыаяқ қатып, қабыршақтанып тұрады. Малдың жалпы жағдайы көп өзгермеген болады.
Егер де қабыну үрдісі некрозды түрде өтетін болса, қынап кіреберісі мне қынаптың кілегейлі қабығы іріп-шіриді де, өлі жараға айналып, одан иісі сасық қара-қошқыл түсті сұйық ағып шығады, оның құрамында бөлшектеніп, шіріп түскен ұлпаны көреміз. Малдың жалпы жағдайы нашар, тамыр соғуы әрең білінеді, тыныс алуы жиілеген.
Емдеу шаралары. Қынап ішін, српайын марганец қышқылды калий ерітіндісімен (1:2000) тазалап жуады. Басқа дезинфекциялық ерітінділермен фурациллин (1:5000), риванол (1:1000), қос көмірқышқылды соданың 2%-дық ерітіндісімен, ихтиолдың 2-3-дық ерітіндісін қолдануға болады.Содан кейін қабынған органдардың кілегейлі қабығына май дәрілерді жағады немесе май дәріге малынған анжы салып, оның ұшын сыртқа шығарып қояды.
Сарпай мен қынаптың тарлығы (Vulva et vagina angusta). Кәдімгі қалыпты жағдайдағы төл өтк алмайтындай қынап іші мен сарпайы тар болады. Мұндай жағдай көбінесе, бірінші тума жас малда, кейде бұрын туып жүрген ересек малда да кездеседі. Оның себебі мал бұрын қиналып туып қынабы немесе сарпай арасы жыртылып тыртық болып бітуі мүмкін.
Мал қаншалықты күшенгенімен төлді сыртқа сығып шығара алмайды, сарпайынан төлдің бір немесе екі аяғы ғана көрініп тұрады. Қынапқа қол салып көру мүмкін емес, симайды.
Төлді тез шығарып алу үшін сарпай аралықты жоғары қарай тіліп жібереді, қынаптың ішін вазелин, ихтиол майымен жақсылап майлап төлді аяқтарына, басына жіп салып күшпен тартып шығарады.
Жатыр мойны тар немесе оның толық ашылмауы (Stenosis cervicis uteri). Жатыр мойны бұрын болған жарақаттың әсерінен тыртық болып тартылуы, ісік пайда болып, тарылуы, қабыну үрдісінің (цервицит) әсерінен дәнекер ұлпа өсіп қатайғандықтан жақсы ашылмауы немесе жаңадан көріне бастаған қағанақ қабықтарын жыртып, шарана суын ерте ағызып жібергендіктен жатыр мойыны толық ашылмай қалуы мүмкін. Оның бәрі жатыр мойнының тар болып төлдің шығуына кедергі жасайды. Төл жатыр мойнына келіп, кептеліп қысады да, толғақ қарқындай түседі. Сыртқа шығып келе жатқан төл (не оның дене мүшелері) көрінбейді. Себебін білу үшін қынапқа қол салып жатыр мойнының тар екендігіне оңай көз жеткіземіз. Төлді құтқарудың бірден-бір дұрыс шешімі тезірек кесар операциясын жасау.
Жатырдың жыртылуы (Routura uteri). жатыр мойны толық ашылмай қалғанда, төл теріс келіп, дене мүшелері қайырылып, мал өздігінен туа алмай қатты күшенген кезде (қарқынды толғақ) жатыр қабырғасы, жатыр мойны жыртылуы мүмкін. Кейде тек кілегей мен ішкі етті қабығы ғана жыртылып сыртқы қабықтары аман қалады (жатырдың жартылай жыртылуы), ал енді жатыр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz