Маркетингтің мәні мен мағынасы және негізгі концепциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

ОРЫНДАҒАН: Жолдыбаева Дамира

Астана қаласы
2015-2016оқу жылы
Маркетинг дегеніміз не?
Маркетинг -- шаруашылық шешімдерді қабылдау үшін нарықта орын алып жатқан үрдістерді мұқият есепке алуды қарастыратын капиталистік кәсіпорынды басқару жүйелерінің бірі. Маркетинг мақсаты -- өндірістің қоғамдық сұранысқа, нарық талаптарына сәйкес болуы үшін жағдай жасау, нарықты зерттеу, өнім өткізуді қарқындату, тауарлардың бәсекелестік қасиетін жоғарлату бойынша ұйымдастырушылық - техникалық шаралар жүйесін құрастыру. Маркетингтің негізгі қызметтері: сұранысты, баға қалыптастыру мәселелерін, жарнама мен өткізуді ынталандыруды зерттеу, тауар ассортиментін, өткізу мен саудалық операцияларды жоспарлау, тауарларды сақтау, тасымалдау, сауда-коммерциялық персоналды басқару, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша қызмет.
Көптеген зерттеушілер маркетинг -- бұл үрдіс деген көзқарасты ұстанады. Бұл үрдіс компания жұмыс істегісі келетін мақсатты нарық сегментін зерттеу ден басталады. Маркетологтар әлеуетті сұранысты және оның көлемін (нарық сегментінің көлемін) анықтайды, яғни қажеттіліктері жеткілікті деңгейде қанағаттандырылмаған немесе нақты тауарлар мен қызметтерге қызығушылық білдіретін сатып алушыларды айқындайды. Нарықты сегменттеу жүргізіледі және сол сегменттің компания ең жоғарғы деңгейде қызмет көрсете алатын бөліктерін таңдау жасалады. Тауарды жасау және тұтынушыға дейін жеткізу жоспарлары, сонымен қатар сұранысқа тауар арқылы, бағаға, тарату арналары мен тауарды жылжыту әдістеріне әсер етудің маркетинг-микс (ағылшынша: marketing mix) стратегиясы жасалады. Жүргізіліп жатқан шараларды және олардың тұтынушыларға әсерінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін маркетингтік аудит жүйесі құрылады. Маркетинг көбінесе тауардан емес, тауарды сатып алуға мүмкіндігі бар төлем қабілеті жоғары тұтынушыны іздеуден басталады. Қоғамның прогрессивті дамуына қарай оның мүшелерінің қажеттіліктері де өседі. Адамдар олардың қызығушылықтары мен тілектерін туындататын объектілердің түрлерімен күннен күнге жиі кездесетін болды. Өндірушілер өз тарапынан тұтынушылардың тауарларды сатып алу тілегін ынталандыру үшін мақсатты шаралар жүргізеді. Олар өздері шығаратын тауарлар мен адамдар мұқтаждықтарын байланыстыруға тырысады. Тауарды бір немесе бірқатар ерекше мұқтаждықтарды қанағаттандыру құралы ретінде үгіттейді. Маркетинг қызметшісі мұқтаждықты тудырмайды, ол одан бұрын да бар болған. Әрбір қоғамның алдына қойған мақсат, міндеті болады. Соған сәйкес адамдарды тәрбиелеу өркениетке жету жолында белгілі бір мақсатқа жұмылдыру қажеттіліктері орындалады. Осы орайда материалдық қатынастар да үлкен үлес қоса отырып материалдық экономикалық құрылымының негізі болып табылады.

Маркетингтің мәні мен мағынасы және негізгі концепциялары

Рыноктық экономика жағдайында, маркетингтің қызметі тауарлар мен қызметтерге ұсыныс пен сұраныстың нәтижелі сәйкестілігін қамтамасыз ету үшін, еркін және бәсекелестік ұйымдарынан тұрады. Бұл сәйкестілік сыртқы әсерлерден болмағандықтан, материалдық айырбас ұйымы, немесе басқаша айтсақ, өндіруші мен тұтынушы арасындағы табиғи тауарлар ағымы және коммуникация ұйымы, жалпы айтқанда, информациялық ағымды қажет етеді.
Осындай жағдайда, маркетингтің ролі қоғамда сатушылар мен алушылар арасындағы айырбас пен коммуникация ұйымдарынан құралады. Бұл жағдайда маркетингтің есептері мен функциялары ерекше көңіл аударуы айырбас процесі мақсатына қатыссыз болып келеді.
Маркетинг - бұл философия бизнесімен қатар белсенді процесс болып табылады. Бұл бөлімнің басты мақсаты-кәсіпорынның операциялары мен ұйымдастыруларын, маркетингтің идеологиялық негіздерін және басты себептерін ойластыру жүйесін көрсету. Маркетинг белсенді процесс ретінде рыноктық экономиканың дұрыс жүруі үшін, көптеген сұрақтарына дәл жауап бере алады. Ал осыдан кейінгі мақсаты-бұл, сұрақтарды зор мәнділігі мен құндылығы және қиындығы, технологиядағы, экономикадағы, бәсекелестіктегі және халықаралық жағдайға байланысты болып жатқан өзгерістеріне байланысты баяндау 2.
Америка маркетинг Ассоциациясы (АмА) 1985 жылы терминологиялық комитеттің анықтамасы бойынша: маркетинг-өндірістен тұтынушыға немесе сатып алушыға тауар мен қызметтер қозғалысын жоспарлаумен байланысты кәсіпкерлік қызметң.
Маркетингң термині ағылшынша market (рынок) сөзінен келіп шыққан.Ол кәсіпорындардың өндірістік өткізу және сауда әдістерін бақылауды ұйымдастыру ретінде 19-20 ғасырлар аралығында пайда болды. Маркетингтің мәнін түсіну үшін анықтамасына тоқталуды жөн көрдік 3.
Маркетинг-бұл адамның тұтынуын айырбас арқылы қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет түрі Котлер П. Управление маркетингом , М - прогрессң, 1990 ж.47 бет ;
Маркетинг-бұл тауарға, қызметтерге, адамдарды ұйымдастыруға,
аймақтарға және идеяларға сұранымды айырбас арқылы болжау, бақылау және қанағаттандыру. Дж.Р.Эванс,Б.Берман Маркетинг -М.,Экономика 1990ж.,17бет.
Маркетинг-бұл кәсіпорынның сауда өткізу іс-әрекетінің зерттейтін өндіріс процесіне және тауар мен қызмет көрсетуді өндірушілерді тауар тұтынушыларына жылжытуға әсер ететін шаралар қазіргі заманғы маркетинг В.В.Хручкиийдің редакциясымен-М,финанс және статика 1891ж.,27 бет.
Қазіргі заман маркетинг теориясы оны басқарудың нарық бағдарын қамтамасыз ететін күрделі динамикалық жүйе деп қарайды. Салыстырмалы түрде айтсақ, маркетинг - күрделі ғылым.Ол экономиканың,инженерлік істің, жарнаманың, психологияның, сауданың жоспарлау және болжаудың өзіндік ерекшелігі бар қоймасы.Сонымен маркетингтің негізгі қасиеті ол нарықта болатын құбылыстарға белгілі бір қатынаста болуы.
Біздің пайымдауымызша - маркетинг ұйымдастырумен жеке
тұлғалардың мақсаттарының орындалуы,жүзеге асырылуымен оның жылжуын,сонымен қатар тауар қызметінің айырбас арқылы қанағаттандырылуы.
Осыдан біраз жыл бұрын, еліміз егемендік алмай тұрғанда, социализм тұсында тауар өте тапшы болды. Тұтынушы тауарды іздеуге мәжбүр болған. Ал қазіргі кезде ше?
Қазір еліміз егемендік алған тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан, рыноктық экономикаға көшу жағдайында. Демек, керісінше қазір тауар адамды іздейді. Осыдан келіп, маркетингтің ролі күшейе түседі.
Маркетингті қолдануда негізгі екі ағымы болады. Оны айта кетсек, стратегиялық маркетинг, яғни маркетингтің талдау процесі және оперативті маркетинг, яғни маркетингтің белсенді процесі.
Көптеген кәсіпорындар, ресми түрде қабылданған жоспарсыз жұмыс жүргізеді. Жаңа фирмаларда басқарушылардың өз кәсіпорнына жоспар құрастыруына уақыты да болмайды. Ал бұрыннан келе жатқан фирмаларда, басқарушылар жоспарсыз-ақ кәсіпорын жұмысын жалғастыра беруге болады. Олардың пікірі бойынша, рыноктағы жағдай тез өзгереді және жоспар қажетсіз болып табылады да, еш нәтижелік бермейді4. Осы және басқа да көптеген себептерден, көп кәсіпорындар өз жұмыстарында формальді жоспарлау қолданбайды. Ал формальды жоспарлау көптеген пайда береді. Мелвилл Бранч жоспарлаудың пайдаларын анықтап көрсетті. Мысалы, жоспарлау басшылардың перспективті ойлауын қолдайды; келесі бақылауға арналған қызмет көрсеткіштерін анықтайды; фирманың әрекеттерін нақты үйлестіреді; фирма өзінің міндеті мен саяси мақсатын анық белгілейді; фирманы күтпеген өзгерістерге дайын болуын жсайдыфирманың барлық бөлімдерінің байланысын көрсетеді.
Маркетингтің маңыздылығын "Корея системэ" оңтүстік кореялық компаниясының президенті Ли Тон Хун атап кеткен: "Біздің тәжірибемізде, және жеке менің практикада қолданылған, тексерілген бір заңдылық бар. Егер сен, шыныменен бизнеспен айналысқың келсе, ең алдыменен мемлекетіңнің, содан соң ондағы азаматтардың, ал одан кейін ғана барып, өзіңнің жағдайыңды ойла... Бұл-маркетингтің ең маңызды негізі."1.
Рыноктық экономикада жеке және өндірістік қажеттіліктерді қанағаттандыру, таусылмайтын еңбек шығындарының алмасуы көмегімен нәтижеге жетеді. Оның жүзеге асуы үшін ең алдымен құндылық және бағалылық мүмкіншілігі бар субьектілердің яғни, жеке және юридикалық тұлғалардың бар болуы және олардың әрқайсысы компромистік коммерциялық шешімдер іздеуге, мысалы, құны жағынан, тауардан талап күту және өзінен күтетін міндеттемелерді орындай алатын, мысалы, тауарға төлем, келісілген уақытта оны жеткізу, жеткілікті коммуникабельді болуы тиіс Сонымен қатар, процестің барлық қатынасушылары таңдауы өз еркінде, олар жасаған ұсыныстарды бұлар қабылдауға және қабылдамауға хұқы бар болуы керек. Тек сонда ғана ол жүзеге асады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, маркетинг тауар тасуға бағытталған.
Маркетинг экономикалық процесс ретінде, өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, олар жасайтын айырбасты нәтижелікке жеткізеді. Қарастырылған сапада маркетинг, рыноктық қатынастардағы потенциалды қатысушылардың арасында тек тауарлық қана емес, сонымен қатар информациялық айырбас жүргізеді. Біркелкі өнім өндірушілер ол тауарды неғұрлым көп қажет етсе, соғұрлым ол тауарға деген қажеттілік өседі.
Маркетингтің негізгі формуласы - өндірілген нәрсені сату емес, керісінше, сатылатын зат өндір, көлемі, жекелеген формасы мен капиталды қолдану саласынан тәуелсіз, байланыссыз түрде болатын өнеркәсіп, өзінің даму жолында, стратегиялық мақсатына жету жолында бірнеше функция қатарын орындайды. Олардың ішіндегі ең негізгісіне өндіріс дайындығын, өнімнің шығарылуын, қаржы-экономикасын, қамтамасыз етілуін және маркетингті жатқызуға болады 5. Ең алғашында маркетинг шаруашылық қызметінің көп саласының бірі ретінде және теңдестік функциясы ретінде, ал соңында интегралданған шаруашылық функциясы болып қарастырылды. Дәл осы соңғы көзқарас, интегралданған маркетингтің негізін құрайды.
Маркетингті, өндірістің шаруашылық функциясы ретінде жеткілікті жұмыс түрінің тізімін беру өте қиын. Сонымен бірге, кәсіпорынның мынадай сұрақтарға жауап іздеуінде оның рөліне шек келтірмейді: біріншіден, қандай тауарларды рынокқа ұсыну, яғни жаңа өнімді жоспарлау және ескі өнімді жаңарту; екіншіден, кімге, демек тұтынушыларды зерттеу; үшіншіден, тауарға қашан және қандай шарттарды қою керек, ол дегеніміз-баға, техникалық қызмет көрсету; ал соңында, тауардың тұтынушыға қалай жететіндігі жайлы, мысалы, өткізу жүйесін құру, жарнама, өтімді ынталандыру әдістері.
Негізгі пункті тауарға сұраныс болатын маркетинг қазіргі бизнестің концепциясы ретінде ойлау қабілетін қарастырады. Ол әртүрлі шешімдердің әр дәрежеде қолданылуын қанағаттандырады. Маркетинг концепциясына байланысты, фирманың барлық жұмыстарын рынок жағдайында әрқашан есепке алу және потенциалды тұтынушылардың мұқтаждығы мен қажеттіліктерін нақты білу, олардың болашақта өзгеруі, бағалау арқылы орындалуға тиіс. "Өндіргенді сатудың орнына, сатылатын зат өндіріңіз", "Тауарды емес клиентті жақсы біліңіз" - бұл маркетинг концепциясының қолданатын кредолары.
Ресми түрде маркетингтің кең өріс алған кезі Американдық маркетинг ассоциациясы (АМА) 1985жылы берген анықтамасымен көрінеді: "Маркетинг- ұйымдармен жеке тұлғалардың мақсаттарының орындалуы мен жоспарлау процесін, баға құруын, ойдың жүзеге асырылуы мен оның жылжуын, сонымен қатар, тауар қызметтерінің айырбас арқылы қанағаттандырылуы" 6 .
Бір шетінен, мұндай қызмет рынокты жан-жақты, жүйелі зерттеуге, тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін және талғамдарын табуға, оларға өндірісті бейімдеуге бағытталған. Одан басқа - ол өндірген тауарларды тиімді өткізу үшін рынокқа, қажеттілікті құруға мақсатты және белсенді әсер етуді болжайды. Маркетинг қызметінің негізгі мақсаты тұтынушы мен өндірушіні байланыстыру, бірін-бірі табуына көмектесу болып табылады. Маркетингтің мақсаты, әртүрлі тұтынушылар топтарының мұқтаждығын, қажеттіліктерін, сұраныстарын анықтауға, тұтынушыға қажетті және қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тауар өндеуге, шығаруға көмектесу, сонымен қатар, тұтынушыға қолайлы және өндірушіге пайданы жеткілікті қамтамасыз ететін баға қоюына, өндірген тауарды тұтынушыға ең тиімді, ыңғайлы жолдарымен жеткізуді анықтауға және рынокқа, сұранысты құру және өтімді ынталандыруға белсенді әсер ету жолдарын табуға үлкен әсер етеді.
Сонымен қатар, егер осылардың бәрі бірге қарастырылып қолданылса, олардың құндылығы және маңыздылығы өседі. Бұл жағдайда маркетинг концепциясы қолданылды деп есептеуге болады.Шетел кәсіпорындарының тәжірибесі, рыноктағы табыс кәсіпорынның тек қана өндірістік және қаржы мүмкіндіктері ғана емес, сонымен қатар маркетингті дұрыс қолдануы да дәлелдейді:

1. кәсіпорынды басқару принципі ретінде - тиісті рынок шешімдерін дәйекті бағыттау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруын белгілейді;
2. құралдар ретінде ерекше тәсілдер, құралдар арқылы тұтынушылардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық кәсіпкерлерге маркетинг
Маркетингтің негізгі мақсаттары
Маркетинг негіздері
Нарықтық экономика жағдайындағы өнім сапасын арттыру және маркетинг
Нарықтық экономикадағы маркетингтің мәні және негізгі концепциялары
Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары
Банктік маркетинг туралы ақпарат
Концепциялардың алғашқысы - өндірістік концепция
Маркетинг концепциялары
Тауар сапасын арттыру концепциясы
Пәндер