МАРКЕТИНГТЕГІ ТАУАР САЯСАТЫ


ҚАЗАҚ БИЗНЕС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
МАРКЕТИНГТЕГІ ТАУАР САЯСАТЫ
Орындаған: Рақы Ибрагим
Астана қаласы
2015-2016 оқу жылы
Жоспар:
I. Тауар ассортименті
II. Жаңа тауарды жоспарлау
III. Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі
IV. Tayap саясатындағы сервис
Тауар ассортименті
Тауар ассортиментін жоспарлау, құру және басқару маңыздылығы тауар өндірушілер өздерінің өндіріс мүмкіндіктеріне қарай белгілі тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін керек кезде нақты тауарлар жиынтығын ұсынуға бағытталған. Өндіруші-кәсіпорын рынокқа ұсынған белгілі тауардың түрлі жиынтығын ассортимент деп атайды.
Тауар ассортименті - кәсіпорын өндіретін белгілі тауардың барлық түрлерінің жиынтығы. Оған әртүрлі тауар түрлері кіреді. Тауар түрі (автокөлік, трактор, станок, т. б. ) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай ассортименттік топтарға бөлінеді. Әр топ топтастырудың төмен сатысын көрсететін (тауар түрлілігі немесе таңбалары) ассортимент позициядан тұрады. Мысалы, кәсіпорын тоңазытқыш және кір жуғыш машинасын өндіреді делік. Тоңазытқыштың бір, екі және үш камералық т. б. үлгілері болады. Олар әр түрлі таңбаға ие болуы мүмкін және көлемімен, ерекше техникалық көрсеткіштерімен сипатталады.
Тауар ассортименті мына көрсеткіштерімен сипатталады: ені, тереңдігі және салыстырмалылығы. Ассортимент ені - ассортиментте топтардың саны. Ассортимент тереңдігі - әр ассортименттік топтағы жайғасым саны. Ассортимент салыстырмалылығы - тұтынушылар көзқарасынан, түпкі колдануға, тарату арналарына және бағаға байланысты ұсынған ассортименттік топтардың арақатынасы.
Ассортиментті құру арқылы нақты тауарлар түрлері, олардың жеке серияларының мәселелері, "ескі" және "жаңа" тауарлар, "күрделі" және "жәй" тауарлар арақатынасын анықтауға болады. Ассортиментте құру кезінде баға, сапа, кепілдеме, сервис жайында өзекті мәселелер пайда болуы мүмкін.
Ассортимент құрудың алдында фирма ассортимент қағидасын өңдейді. Ол оңтайлы ассортимент құрылымы мен тұтынушылардың талаптарын ескеріп, шикізатты, техниканы, қаржы қорларын тиімді қолданып, өнімді төмен шығынмен өндіріп, тауар ұсынысын құруға бағытталады. Ассортименттік қағида көрсеткіштері жүйесімен сипатталады. Олар: тауарлардың түрлері (тұтынушылардың түрлеріне қарай), ассортиментті жаңарту деңгейі мен оның жиілігі, белгілі тауар түріне белгіленген баға деңгейі және т. б. Ассортименттік қағиданың мақсаты фирманы нақты тұтынушылар сүраныстарының түрлері мен құрылымына сәйкес тауарларды өндіруге бағыттау болады.
Ассортиментті жоспарлау жұмысы қажетті анықтаудан, немесе рынокты зерттеу нәтижесінде өнім туралы негізгі ұғым қалыптасқаннан кейін басталады. Жаңа өнім туралы ойдың пайда болған көзіне қарамай ойдағы өнімнің қажетке сәйкестігін анықтау керек. Кейбір жағдайда жаңа немесе жаңартылған өнімді бар ассортиментке қосу немесе ассортименттегі ескі өнімге айырбастау ғана қажет болады. Ал өндіру үшін жаңа өнім жобасы болмаған жағдайда, сол өнім туралы ойды жобалау-конструкторлық бөлімшелерге жібереді, олар жаңа тауар үлгілерін дайындап, өндірудің алдында оны тексеріп көреді.
Жаңа тауарды жоспарлау
Жаңа тауар дегеніміз қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттерімен ерекшеленіп рыноққа ұсынылған жаңа өнім. Жаңа тауардың маңыздылығын мына факторлар бейнелейді:
♦ пайданы өсіруге көмектеседі;
♦ қалыптасқан тауар және ассортимент топтарына қарағанда ерекше қасиеттері бар;
♦ өндіріс қалдықтарын пайдалануға мүмкіндік жасауы мүмкін;
♦ фирманың инновациялық қабілетін сақтауға және оны көтеруге ықпалы бар;
♦ маусымды жұмыс жасайтын фирмалардың шығындарын азайтып, өткізу арналарын жыл бойы тұрақтандырады:
♦ тұтынушылардың демографиялық өзгеріс сипаттамаларына өндірісті сәйкестендіруге жағдай жасауы мүмкін. Жаңа тауарды жоспарлау ісі келесі сатылардан тұрады:
1. Идея жинау сатысы жаңа тауар шығару мүмкіндіктерін үздіксіз ізденуден тұрады. Ол идеяларды фирманың қызметкерлерінен, өтім арналарынан, үкімет органдарынан және бәсекелестердің тауарларын салыстыру арқылы жинауға болады. Негізінде идея жинаудың үш әдісі бар: "ой шабуылы" тауарларды талдау, сауалдама арқылы.
2. Өнімді бағалау сатысында іріктеу арқылы жарамсыз идеяларды талдаудан тыс шығарады. Ол үшін "іріктеу тізімі" қолданылады. "Іріктеу тізімінің" бір шетінде жаңа тауардың маңызды қасиеттері көрсетіледі, ал екінші шетінде идея бойынша өндірілетін тауарлары салыстырылады.
3. Тұжырымдаманы тексеру сатысында тұтынушыға өндірілетін тауар ұсынылады, сол арқылы оның затқа деген ниеті мен сатып алуға деген ынтасы анықталады.
4. Экономикалық талдау сатысында сұраныс болжамданылады, шығындар мен пайда есептелінеді.
5. Өнімді шығару сатысы идеяны нақты іс-қимылға айналдыру деген ұғым.
6. Байқау маркетингісі сатысы дегеніміз өнімді бір, немесе бірнеше таңдаған аймақта өткізіп көру.
7. Коммерцияға енгізу сатысы тауар өміршеңдік кезеңінің еңгізу фазасына сәйкес келеді.
Жаңа тауарды сатып алушылар тұтынушы ретінде мынадай түрлерге бөлінеді:
• "жаңашыл тұтынушы"- жаңа тауарды қызыға бірінші болып тұтынып, сапасын сынайтын тұтынушылар;
• "жақтаушылар" - тауарды атақты және сән ретінде болуына себепшілер;
• "прогресшілер" - өсу фазасында тауардың өтімін қамтамасыз ететін тұтынушылар;
• "күмәнданушылар" - жетілу фазасында тауардың өтімін қамтамасыз етуге кешіккендер;
• "кертартпалар" - жаңа тауарды оның дәстүрлі кезінде ғана қабылдайтын тұтынушылар.
Демек, шығарылған жаңа тауарлардың бәріне рынокта сұраныс бірдей болмайды. Жаңа тауардың сәтсіз жолыда болуы мүмкін, егерде ұтымды ерекшеліктері жеткіліксіз болса, дұрыс жоспарланбаған болса, немесе рыноққа шығу мерзімі дәл анықталмаса.
Тауарды тестілеу . Жаңа тауарлардың сапасы мен сұранысын анықтау үшін тестілеу жүргізіледі. Мысалы, бір жыл ішінде шет елінде бірнеше жаңа тауарлар тестіленеді. Ал оның ішінде тестілеудің нәтижесінде шамамен 40 % «сәтсіз» тауарлар болып шығады. Англия, Бельгия, Голландия және Германияда Еуропадағы ең жоғары беделге ие болған төрт тестілеу орталығы орналасқан. Олар неше түрлі тауарларды және қызметтерді тестілеу жұмысын атқарады. Ал дәрежесінің ең күштісі- Берлиндегі «Test» журналын шығарушы (1964 жзылы ФРГ парламенті құрған) тауарды тестілеу орталығы «Stiftung Warentest» («SW») » болады.
Кейінгі жылдарда бұл орталықтарда негізінде тұрмыстық электроника бұйымдары және де басқа үй тұрмысына қажет бұйымдар тестіленетін болған.
Ол тауарлар 5 балдық шкаласымен. Бағаланады. Оның белгілері: өте жақсылары «++», жақсылары «+», орташалары «0», нашарлары «-», өте нашарлары «--». Тауарлардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы негізгі белгілері болып саналады.
Кейінгі кезде Ресейде рынокқа ұсынылған шетелдік жаңа тауарларға тестілеу жүргізілетін болған. Тестілеудің қорытындысы тұтынушыларға арналған «Спрос», «Добрые советы» журналдарында жариялануда. Ал бұл журналдар Қазақстанда да таратылады. Біздің елімізде осылай тестілеу жүргізілуі тұтынушыларға тиімді және қолайлы болар еді. Бұл халыққа көрсетілген қамқорлық болуымен қатар кәсіпкерлерге де тиімді және өтімді тауарларды таңдап алуға көмектесер еді.
Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі
Өнімнің сапасына және бәсекеге қабілеттілігіне қазіргі әлемде барлық фирмалар көп көңіл бөледі. Бұл мәселелерге әр елдің экономикалық және әлеуметтік өмірі байланысты. Себебі сапа және бәсекеге қабілеттілігі деген ұғымы елдің, әр өндірушінің тауарлар мен қызметтерді өңдеу, өндіру, өткізу мүмкіндіктерінің жиынтығын анықтаушы көрсеткіш б. т.
Сапа дегеніміз ұлттық экономиканың даму серпіні мен деңгейінен бастап әр шаруашылық бірлікте сапаны құру үдерісін басқару мен ұйымдастыруды көрсететін синтетикалық көрсеткіші. Нарықтық экономикада өнім сапасы тауар өндірушілерінің рынокта "өмір сүру" шарты болады және де олардың шаруашылық әрекеттерінінің нәтижелілігінің, мемлекеттің экономикалық жағдайының өлшемі болады.
Тауардың бәсекеге деген қабілеттілігі дамыған бәсекелестік рынокта оның коммерциялық табысын керсететін маңызды факторы болады. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз тауардың рыноктағы табысын анықтайтын тұтыну және құнды (бағалы) сипаттамаларының жиынтығы, яғни бәсекелес ұқсас тауарларды молынан ұсыну кезіндегі бір тауардың басқаларға қарағанда артықшылықтары. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін тек басқа бәсекелес тауар мен салыстырып қана анықтауға болады, сондықтан оны нақты рынокқа және сату уақытына байланыстырып қарастыру қажет.
Өзінің қажетін қанағаттандыру үшін сатып алушыға тек тауарға ие болу жеткілікті емес. Егер ол техникалық "күрделі" өнім болса, онда сатып алушыда оны пайдалану үшін қосымша шығын шығарады (жөндеуге, майлайтын майға және т. б. заттарға) . Сондықтан сатып алушының шығындары екі бөліктен тұрады: сатып алу шығындары (тауар бағасы) және тұтынумен байланысты шығындар (тұтыну бағасы) .
Әдетте тұтыну бағасы сату бағасынан бір шама артық болады (жалпы пайдалану шығындарында көліктің сату бағасы 20 жоғары болмайды, жүк автокөліктікі - 15) . Сондықтан бәсекеге кабілеттілігі мол тауардың тұтыну бағасы төмен болады. Бірақ бұл экономикалық көрсеткіш (тұтыну бағасы) бәсекеге кабілеттілік ұғымын толық бейнелей алмайды. Бәсекеге кабілеттілік параметрлер саны өнімнің күрделілігіне, түріне, зерттеу мақсатына және т. б. сыртқы факторларға байланысты болады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін зерттеу жұмысы (1-сурет) үзіліссіз және жүйелі түрде, тауардың өміршеңдік кезеңінің саларына сәйкес жүргізілуі қажет.
1 - сурет. Тауардың бәсекеге деген қабілеттігін анықтау үлгісі.
Tayap саясатындағы сервис
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz