Түркістан облысының топырақ климат жағдайына сипаттама



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі Бөлім
2.1 Түркістан облысының топырақ климат жағдайына сипаттама
2.2 Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
2.3 Бақ алқабын құру
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жеміс-жидек шаруашылығы -- жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т.б.), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады.
Жеміс-жидек шаруашылығы -- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б.з.б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б.з.б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б.з.б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды.
Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор
Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами бастады. Аймақтық тәжірибе станциясы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының қарамағына берілді. 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді (А.Н. Кацейко, М.П. Левина, А.Д. Виновец, Н.Ю. Нұртазина, М.Т. Нұртазин, т.б.). Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы (К.Г. Карычев, И.П. Савеко), таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы (А.Жанғалиев, И.С. Голованов, Ю.Л. Кудасов, Е.Г. Раузин, А.С. Куцуков), ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру (С.Г. Долгих, Н.П. Клоконос), жидек дақылдарын өсіру технологиясы (С.Н. Олейченко) жасалды.

Негізгі бөлім
2.1. Түркістан облысының топырақ климат жағдайына сипатама
Аудан территориясында негізінде морфологиялық белгілеріне, физикалық қасиеттеріне жəне химиялық құрамына қарай сұр топырақ кездеседі, олардың құрамында суда тез ерігіш тұздардың көптігі зерттелген. Сол сияқты топырақ жамылғысы өсімдік қауымдастықтары сəйкес болатын көптеген топырақ ерекшеліктерінің кешендерінен тұрады.
Сұр топырақтарда гумус мөлшері шөлмен салыстырғанда көбірек (1-2%) болады.Шөлмен салыстырғанда терең қабаттары ылғалы мол сілтілі болып келеді, бұдантопырақтағы карбонаттылықтың аз екенін түсінуге болады. Топырақ түзуші аналықжыныстар лессті сұр топырақтар мен шөгінділерден тұрады (Панков жəне т.б., 1942).
Орта Азияның сұр топырақтарын жан-жақты терең зерттеген профессор А.Н.Розановтың(1951) зерттеуі бойынша жалпы сұр топырақ ерте көктемгі ылғалды жақсы пайдалануға бейім, тез пісіп-жетілетін өсімдіктер (эфемерлер) қалың бітік өседі.
Топырақтағы гумус мөлшері 1,5-3,0%-ға дейін болады. Əдетте сұр топырақтар типі үш зонашаға бөлінеді: күнгірт, кəдімгі жəне ашық сұр топырақтар. Неғұрлым тауға жақынырақ болған сайын онда жауын-шашын да молырақ түсіп, өсімдіктер қалыңырақ өседі, бұл зонашада күңгірт сұр топырақтар түзілуін қамтамасыз етеді. Таудан алыстаған сайын жауын-шашын мөлшері кеміп, оның шөл зонасына өту шекарасындағы зонашада ашық сұр топырақтар түзіледі. Ескеретін жай, барлық тау етектерінде осы айтылған топырақ зонашалары түгел кездесіп, бірін-бірі ауыстыра бермейді. Кейбір зонашалар аймақтың табиғи жағдайларына, ең бастысы таулардың көлемі мен биіктеріне т.б. байланысты түсіп қалады.
Аудан топырағында А.Н.Розанов зерттеген сұр топырақтардың үш түрі де кездеседі: ашық сұр топырақ, типтік сұр топырақ жəне күңгірт сұр топырақ.
Ашық сұр топырақтарда қарашірік мөлшері аз, қарашірікті қабатының жалпы қалыңдығы 40-50 см, қарашірік қабатын бөліп алу өте қиын, ал өзінің түсі бойынша сұр топыраққа ұқсас болып келеді, қалыңдығы 6-12 см. Ашық сұр топырақта климаттық жағдайлары мен суда ерігіш тұздардың құрамына қарай шөлдік жазықтарға ұқсас болып келетін 300-500 (700) м биіктіктегі тау етегіндегі жазықтарда қалыптасқан. Олардың ішінде спицификалық эфемерлі өсімдіктердің (тұзданбағаны) сортаңданбаған түрлері де кездеседі.Ал, типтік сұр топырақтар теңіз деңгейінен 500-800 м биіктіктегі таудың қырқалы бөлігінде тараған. Олардың ашық сұр топырақтардан ерекшелігі: гумус қабаты анағұрлым күңгірттеу болып келеді, тұзды жəне гипсті қабаттар тереңіректе орналасқан. 1000-1200 м биіктікте сілтіленген сұр топырақтар белдеуі жайғасқан. Ал, 1400 м биіктіктегі тау беткейлерінің ылғалды учаскелерінде құба топырақтар дамыған. Күңгірт сұр топырақтар климаттық жағдайы мен өсімдіктер жамылғысы жөнінен тауларға ұқсас болып келетін гумидтік аймақта тараған. Көктемгі жауын əжептəуір мол болғандықтан, эфемер шөптер қалың өсіп, топырақ бетінде 0-5-7 см шымды қабат түзеді.Қабат биігірек жатса, күңгірт сұр, ал таудың ең алысырақ шетінде орналасса, ашық сұр түсті келеді. Механикалық құрамы шаңды-сазды. Құрылымы бос. Шөптері жақсы тамырланған.
Топырақ түзуші факторлардың бірі ретінде Қазығұрт ауданы сұр топырағында
Буылтық құрттар типі (Annelida), Азқылтандылар класының (Oligocheata) өкілі жауын құрттардың (жергілікті аты - Шубалшан) кездесу жиілігін анықтау мақсатында ауданның бірнеше жер үлескісінде тəжірибе жүзінде осы омыртқасыз жануардың саны анықталды. Жауын құрты шіріген жəне шіріп үлгере қоймаған органикалық қалдықтармен қоректенеді. Бақшадағы топыраққа араластырған малдың қиы, шіріген жапырақтар сияқты органикалық тыңайтқыштарды өңдеп, биогумусқа айналдырады. Бүкіл денесін бойлай созылған көлемді ішегі асты қорытып, ішек ферменттерімен əбден араласқан қорытылмаған ас қалдығы ішектің ең ұзын артқы бөлігінен өтіп, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Ғылыми зерттеулер нəтижесі бойынша топырақты жұмсартып, құнарландырады. Шұбалшанның арнайы тынысалу мүшесі болмағандықтан, денесін қаптаған ылғалды жұқа қабықша арқылы газ алмастырады, яғни тынысты бүкіл денесімен алатындықтан, жауын жауғанда топырақ арасындағы ауа өткізгіш қуыстар сумен толып, ауа тапшылығының əсерінен бұл жануарлар жер бетіне шығып қалады. Жауын құрттары аса маңызды топырақ түзуші ретінде терең зерттеуге лайық жануарлар. Сол себепті олардың жергілікті жер топырақ жамылғысында кездесу жиілігі мен мөлшерін анықтау ақпан,мамыр, тамыз жəне қараша айларына жоспарланып, олардың динамикалық өсуі мен жаппай көбеюі жəне диапауза кезеңіндегі сан мқлшері, белсенді маусымдық кезеңдері, топырақ көлеміндегі жауынқұрттар биомассасын зерттеу жоспарланды.

2.2. Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
Алма сорты. Мелба - Канадалық сорт. Алмаиы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбастары жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты, кең болады.
Жемісті - 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі - орта есеппен әрбір ағаштан 75 - 100 кг .Жемісінің ірілігі орташа (130г), түсі көкшіл сары, жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.

1-сурет. Мелба
Алмұрт сорты.Бере Арданпон - Белгиялық сорт. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Ағаштары өскелең, бөрікбастары биік пирамидалы, суыққа шыдамдылығы орташа, жемісін отырғызылғаннан кейін 8-9 жылда салады, жемісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер ресурстары туралы түсінік
Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық - экологиялық жағдайы
Оңтүстік Қaзaқстaн oблысының егіншілік шaруaшылығынa сипaттaмa
Жамбыл облысы
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы туралы
Оңтүстік Қазақстан облысына жылпы физикалық - географиялық сипаттама
Пәндер