Ветеренария - емтихан сұрақтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
БИЛЕТ № 1 Сперманы сұйылту Ұрықтардың сұйылтқыштарын дұрыс пайдаланған кезде оларда келесі артықшылықтарды айыруға болады: ) ұрықтардың көлемі көбейіп, іс жүзінде асыл-тұқымды, бағалы өндіруші ұрықтары тиімді пайдаланылады.2) ұрықты кейбір сұйылтқыштармен араластырғанда ұрық қарқынды қимыл қозғалыс күйін жоғалтып, уақытша тіршілігін тоқтатады. 3) қосалқы жыныс бездері секреттерін жасанды ортамен алмастырғанда, организмнен тыс қалған жағдайда ұрықтың өмір сүргіштігі ұзарады. Алғаш рет И.И. Иванов ұрық сұйылтқышы ретінде хлорлы натрийдің физиологиялық ерітіндісін (0,9%) қолданған. Бірақ жай физиологиялық ерітінді ұрықты сұйылту үшін жарамсыз болып қалған, себебі оның жабысқақтығы ұрықтың жабысқақтығына қарағанда төмен, сондықтан ұрықтар физиологиялық ерітіндінің түбіне тез тұнып қала берген. К.Н. Кржишковский және Г.Н. Павлов (1927) ұрықтың өмір сүргіштігін жақсарту мақсатында сұйылтқыштардың құрамына лецитинді және тауық жұмыртқасының сарысын қосуды ұсынды. Қазіргі уақытта ұрықты қысқа мерзімде сақтау үшін бірнеше реактивтер қолданады. Мысалы: Фруктоза, Глюкоза, Дистиллденген су, Тауық жұмыртқасы сарысы ж\е т.б
БИЛЕТ №2 Ұсақ малдардың буаздылығын анықтау. Қой мен ешкінің буаздығын рефлексологиялық тәсілмен тексереді.Ұрықтандырғаннан немесе қашырғаннан кейін қойды оныншы тәуліктен,ешкіні бесінші тәулікпен бастап күніне екі рет күйек қошқар,текеге қосып,олардың күйіті келгенін тексереді.Бір ай өткенде ұсақ малдар қайталап күйлемесе оларды буаз деп есептейді.Сонымен қатар ішкі және сыртқы зерттеулер болады.Сыртқы зерттеу ұсақ малдың буаздығын анықтайтын негізгі тәсіл болып табылады.Буаздықтың үшінщі айынан,яғни екінші жартысынан бастап малдың құрсағын сыртынан қолмен басып зерттейді.Қой мен ешкінің буаздығын сыртынан қолмен басып зерттейтін үш түрлі тәсіл бар:1.Ұсақ малдың арт жағына тұрып,құрсағының астына оң және сол қолмен бөксесін жоғары көтеріп,саусақтардың басымен іштөлдің денесін зерттеуге әрекеттенеді.Малдың көтерілген бөксесін өайтадан орнына қойғанда қолды құрсақтан ажыратпай,іштөлдің алақанға салмақ түсіруін күтеді.Жоғары көтергнедеомыртқа мен құрсақ қабырғасының арасында қатты дене білінсе және ол астынан тосқан алақанға салмақпен түссе онда зерттеген мал буаз болады.2.Тағыда малдың арт жағынан тұрып,құрсақты екі жағынан қолмен қысып астынан үстіне қарай баяу өрлетіп,алақандардің арасына қатты дене орналасқанын біледі.Екі қолдың арасын жақын ұстаса іштөлді саусақтармен сезу оңайырақ болады3. Бөксесі кеудесінен жоғары,көтеріңкі тұратындай болдырып қой немесе ешкіні еңіске қаратып тұрғызады.Малды сол қолмен мойын астынан орап ұстап,сол жағына сол тізені бүгіп отырады.Оң тізені құрсақ асты төсеп малдың ішек қарынын кеудеге қарай көтере жылжытады.Осы кезде құрсақтың оң жағын оң қолдың саусақтарымен басып іштөлді зерттейді мал буаз болса құрсақ ішінде қатты дене білінеді.Ішкі зерттеуде.Қой мен ешкіні қынап және тік ішек арқылы зерттеп буаздығын немесе қысырлығын анықтауға болады.
БИЛЕТ №3 Туу актісі және тууды болдыру себептері Төлдеуіне бірнеше күн қалғанда малды туу цехының төлдеу алды секциясына ауыстырады. Алдын ала оларды клиникалық зерттейді, сүт безінің жағдайына көңіл аударады, санитарлық өңдеуден өткізеді, сыртқы жыныс органдарын, аралығын, құйрығын және сауыр бөлігін әлсіз дезинфекциялық ерітінділермен сулайды. Тууға 1-2 күн қалғанда сиырларды қосымша өңдеуден кейін туу секцияның боксына ауыстырады осы жерде туу актісі өтеді. Шуды төлдеген мал жеп қоймау үшін тез арада түскеннен кейін жинап алады. Әрбір шуды әдетте шудың қалдығы жатырда қалып қоймауын білу үшін зерттейді. Байқағаннан кейін шуды жояды. Осы жалпы шаралармен туу бөлмедегі жұмыстар шектелмейді.Туу бөлмелерін ұйымдастыру кезінде зоогигиена ережелері мен арнайы нұсқамаларды қатаң басшылыққа алу керек. Әдеттегі туу кезінде неғұрлым белсенді араласу орын алса, соғұрлым шиеленісу жеңіл пайда болады. Жиі көмек анасы организміне кері әсерін тигізеді. Сондықтан туу актісі ағымына араласу тек осыған тікелей көрсеткіш болғанда және асептика мен антисептика ережелерін қатаң сақтап жүргізілуі қажет.
БИЛЕТ №4 Туу кезеңдері мен және туу механизм Төл туар алдындағы маңызды белгілерге келесі көрсеткіштер жатады: аналық малдың әдеттегі жамбасы туу жеріне айналуы, оның байланыс аппаратының әлсіреумен көрінеді. 2 жыныс еріндерінің ісінуі және үлкеюі: 3 ұрық туу алдында қынаптың қою жабысқақ шырышы сұйылады. Ұрықтың тууына -2 тәулік қалғанда қынап шырышының сұйылу үрдісі байқалады. 4 уыздың бөлінуі әдетте 2-3 тәулік бұрын басталады, 5 төл туар алдында 12-50 сағат бұрын малдың дене Т-сы 0,4-1,2 С-қа төмендейді. 6 тік ішек арқылы зерттегенде жатыр мойыны ұзындығының қысқаруы байқалады. Туу үрдісінің ағымы. Толғақ пен күшену жатыр жүйке элементтерін тітіркендіруімен өтеді, олар күшті ауру сезімін тудырады. Толғақ пен күшену және олардың арасындағы үзіліс тірі төл тууын қамтамасыз ететін фактор. Егер олардың арасында үзіліс болмаса, онда тамырлардың оттегі жетіспеуі салдарынан қысылуы байқалып төл өледі.Туғаннан кейінгі кезең - туу уақытының аяқталуынан аналық малдың жыныс және басқа органдарының инволюциясы біткен уақытты төлдеуден кейінгі мезгіл деп атайды. Инволюция дегеніміз аналық малдың дене мүшелерінің қайта бастапқы қалпына келуі. Барлық малдарда туудан кейнгі уақыт жаңа буаздылықпен немесе бедеулілікпен аяқталады. Туудан кейнгі мерзімде барлық организмнің қайта құру процесі өтеді.
БИЛЕТ №5 Аналықтарды тууға дайындау және көмек көрсету Әрбір мал шаруашылығында туу бөлмегі және жаңа туған төлдерге арналған қора болуға тиісті. Осындай бөлмелердің жабдықтары анасының өнімділігін және денсаулығын сақтауға, жаңа туған төлдің денсаулығымен өмірін, қиын төлдеу кезінде уақытында көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Туу бөлмесіне арнайы қора бөледі. Ол жылы, құрғақ, жарық жақсы желденетін және жылы еденді және кең қабырғалы болуы тиісті. Патологиялық туу кезінде көмек көрсету үшін акушерлік аспаптармен және медикаменттермен жабдықталған арнайы бокс орналасқан. Әрбір секцияға кірер алдында дезинфекциялық ерітінділермен сіңірілген дезкілемшелер орналастырылады. Туу бөлмесінің маңында қоршалған әрбір төлдейтін мал серуендейтін қоршау болуға қажет. Серуеннің болмауы - туу және туудан кейінгі ауруларға бейімдейтін негізгі фактор.Туу бөлмесінде қызмет жасайтын адамдар тек осы жерде ғана жұмыс жасау қажет, ветеринарлық-санитарлық ережелерімен тыныс болу және әдеттегі туу кезінінің әдістерін білу керек.Туу бөлмесінде тәулік бойы күзет ұйымдастырылады өйткені әдетте туу түнде өтеді.Туу бөлмесіндегі барлық малдардың дене қызуын өлшейді, дене қызуы жоғары аналықты бөлек орындарға ауыстырады. Төлдегеннен кейінгі босаған орынды тазалап, дезинфекциялайды.Төлдеуіне бірнеше күн қалғанда малды туу цехының төлдеу алды секциясына ауыстырады. Алдын ала оларды клиникалық зерттейді, сүт безінің жағдайына көңіл аударады, санитарлық өңдеуден өткізеді, сыртқы жыныс органдарын, аралығын, құйрығын және сауыр бөлігін әлсіз дезинфекциялық ерітінділермен сулайды. Тууға 1-2 күн қалғанда сиырларды қосымша өңдеуден кейін туу секцияның боксына ауыстырады осы жерде туу актісі өтеді. Шуды төлдеген мал жеп қоймау үшін тез арада түскеннен кейін жинап алады. Әрбір шуды әдетте шудың қалдығы жатырда қалып қоймауын білу үшін зерттейді. Байқағаннан кейін шуды жояды.Осы жалпы шаралармен туу бөлмедегі жұмыстар шектелмейді.Туу бөлмелерін ұйымдастыру кезінде зоогигиена ережелері мен арнайы нұсқамаларды қатаң басшылыққа алу керек.
БИЛЕТ №6 Қозылаған кезде саулыққа көмек көрсету Саулықтарда туу алдында құйымшақтың түсуі, сарпайдың үлкеюі жақсы байқалады. Уыз 3-4 күн бұрын, кейде төлдеуге бірнеше сағат қалғанда бөлінеді. Жатыр мойыны ашылу кезінде, саулық мазасызданады, қарынына қарайды, жиі жатады және тұрады.Төл туу сатысы 7-25 минутке созылады. Шудың бөлінуі әдетте төлдеуден кейінгі бірінші сағатында аяқталады. Лохийдің бөлінуі 7-10 күннен кейін аяқталады. Жатыр инволюциясы 21-25 күнде аяқталады, осы уақыттан кейін саулықтарды ұрықтандыруға болады.Акушерлік көмек көрсетудің негізгі қағидалары. Туа алмай жатқан малға көмек көрсеткенде белгілі бір тэртіппен, ретімен жұмыс істеп, бір ережелерге сүйенбесе, құры босқа тартқылай бергендіктен ешқандай нәтиже шықпайды,яғни мына төмендегі қағидаларды ескеру керек:мүмкіндігі болғанша анасының да, баласының да тірі қалуын көздейміз,акушерлік көмек көрсету кезінде анасының жамбас қуысы мен төл дене мүшелерінің анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін, өзара орналасу қатынастарын ескеру керек,төлді ары итермей тұрып оньщ барлық қол жететін дене мүшелеріне іұзақ салып бекітіп алады,төлдің қайырылып қалған дене мүшелерін жатыр ішінде ғана түзету керек,төлді жатыр ішіне мал тыныштанып босаңсыған кезде ите- ріп түсіреді де, күшенген кезде ғана тартып шығаруға әрекет жа- сайды.төлдің қайырылып қалған дене мүшелерін түзету жэне оны тартып шығару оңай болу үшін жатыр ішіне 2-3 литр майлы сұйық (қайнатылған сабынды су) кұйып, туу жолдарын ихтиол майымен майлайды.операцияның сәтті аяқталуына күмән келтірсеңіз (союға тура келетін болса) иісі жаман дәрілерді, дезинфекциялық ерітінділерді(креолин, лизол, карбол қышқылы, йодоформ,камфора) қолдануға болады.егіз төлді тартып шығарған кезде алдымен үстінде жатқан төлді шығару керек.егер консервативті әдістер тиісті нәтиже бермейтін болса көп кешіктірмей кесар операциясьша немесе фетотомияға кірісу керек.
БИЛЕТ №7 Ұсақ малдардың шуының кешеуілдеуі Туу акті қағанақ қабаттары (шу) түсуімен аяқталады. Шу түсуі әр жануар түрі үшін әрқилы мерзімде өтеді. Шу кешеуілдеуі жайлы мына жағдайда айту орынды: биеде 35 минуттан соң түспесе, сиырда 6 сағаттан соң, саулық, ешкі, мегежін, ұрғашы ит, мысық пен ұрғашы қоянда 3 сағаттан соң түспесе.Шу түспеуі барлық жануар түрлерінде болады. Көбіне шу түспеуі іш тастау асқынуы ретінде байқалады. Ол толық, яғни қағанақ қабаттары туу жолдарынан шықпаса, жартылай, егер жатыр қуысында жекелеген хорион бөліктері немесе жекелеген плаценталар қалса, болады.Шу түспеуінің негізгі үш себептері бар деп есептелінеді: 1) туудан кейінгі күшенулер мен толғақтың жеткіліксіз болуы және жаптыр атониясы; 2) эндометрийде немесе төл хорионында төлдік плацента бөлігінің аналық бөлігімен жабысып өсуі; 3) карункулдар ұлпаларының тургорының жоғары дәрежелілігі.
БИЛЕТ №8 Туғаннан кейінгі қабынумен өтетін аурулар Жатыр жыртылуы (Ruptura uteri) Олар толық,яғни барлық қабаттарының біртұтастығы бұзылғанда және жартылай, яғни қабырғасының бір, екі қабаты жыртылуында бола алады. Этиологиясы бойынша жатыр жыртылуларын өздігінен болған және жасанды деп бөледі. Жыртылуға ықпал етуші факторларға қабыну үрдістерінен кейінгі жатырдағы өзгерістерді жатқызу керек. Кейде күшті толғақтар, күшенулер өз септігін тигізеді. Шуы түспеген мал мазасызданады, жем-шөпке қарамайды. Дене қызуы көтеріліп, сүттілігі азаяды. Жатыр мойынын тұрақты түрде ашық тұруына байланысты жатыр қуысына микробтар еніп, оның қабынуына душар етеді. Төлдеуден кейінгі параметрит (parametritis puerperalis) - әдетте флегмона және абсцесс түрінде өтетін жатырдың кең сіңірінің немесе паравагинальді клетчаткасының қабынуы. Себептері. Қабыну процесінің жатыр маңындағы тканьдерге жайылуынан метрит, периметрит, өлі еттенген вагинит ауруларының салдарынан, қынап маңындағы дәнекер тканьдердің жайылып қабынуынан, сондай-ақ жатыр мен қынаптың жарақаттануынан болады.
БИЛЕТ №9 Туудан кейінгі ауруларды алдын алу Серуеннің болмауы - туу және туудан кейінгі ауруларға бейімдейтін негізгі фактор.Туу бөлмесінде қызмет жасайтын адамдар тек осы жерде ғана жұмыс жасау қажет, ветеринарлық-санитарлық ережелерімен тыныс болу және әдеттегі туу кезінінің әдістерін білу керек.Туу бөлмесінде тәулік бойы күзет ұйымдастырылады өйткені әдетте туу түнде өтеді.Туу бөлмесіндегі барлық малдардың дене қызуын өлшейді, дене қызуы жоғары аналықты бөлек орындарға ауыстырады. Төлдегеннен кейінгі босаған орынды тазалап, дезинфекциялайды.Туудан кейінгі аурулардың алдын алу жұмыстары былай жүргізіледі: Жыл бойы айына бір рет акушерлік гинекологиялық диспансеризация өткізу керек, сиырлар бұзаулағаннан кейін бұл істі 11-12 күндері бастаған жөн.2.Туғаннан кейінгі кезеңде ауру бастасымен тез арада емдеу істерін жүргізу керек.3. Шаруашылықта аналық малдың іштастауы байқалса оның себебін дер кезінде анықтап нәтижесі бойынша іс-шаралар ұйымдастыру қажет.4.Шаруашылықтағы аналық және аталық мал басын бруцеллезге, трихомонозға, кампилобактериозға тексеру қажет.
БИЛЕТ №10 Туғаннан кейінгі жатырдың субинволюциясы Жатырдың субинволюциясы өте кең таралған және орта есеппен төлдеген сиырлардың 32,5% - ы тіркеледі. Босанғаннан кейін жатырдың инволюциясы белсенді монцион болмаған кезде, рациондардың толық емес болуына байланысты туындайды және ішкі органдар мен жүйелердің функцияларының бұзылуымен жиі жүреді. Оның негізгі себептері жатырдың атониясы, аз мөлшерде дәрілердің бөлінуі немесе олардың кідіруі, босанғаннан кейін 4 күннен астам сұйық қоңыр дәрілердің өтуі, дәрілердің бөліну мерзімдерінің артуы болып табылады. Жатырда сұйық қара қоңыр түсті ақпалар жиналуы және токсиндердің пайда болуына әкеледі. Туудан кейінгі пайда болатын ақпалар ыдырау өнімдерімен дененің уыттануы желінсауды тудырады. Жыныстық циклдер бұзылады. Жүктілік кезінде жатыр көлемі артады, босанғаннан кейін оның кері дамуы, яғни инволюция. Жатырдың инволюциясы кезінде міндетті емес жағдайға тән мөлшерге дейін азаяды. Әдетте жатырдың инволюциясы 3 апта ішінде аяқталады. Алайда, кейде бұл процесс ұзаққа созылады. Жатырдың инволюциясының баяулауы субъинволюция деп аталады. Жатырдың субинволюциясы - босанғаннан кейін оның кері даму үрдісінің осы ағзаға тән ауру. Бұл патологияның сиырлардың кейінгі өсімін молайту қызметі үшін ерекше қауіптілігі оның аясында жануарлардың ұзақ немесе тұрақты бедеулігіне әкелетін қабыну сипатындағы жыныс мүшелерінің аурулары мен аналық бездердің функционалдық бұзылулары жиі дамиды. Жатырдың субинволюциясы әдетте ауру жануардың жалпы күйіндегі нормадан ауытқуды тудырмайды. Тек жекелеген жағдайларда ол септикалық интоксикациялармен бірге жүреді. Жатырдың субинволюциясының ерекше қаупі, ол жіті және созылмалы босанғаннан кейінгі эндометриттердің, аналық бездердің функционалдық әр түрлі бұзылуларының және жыныстық аппаратта басқа да патологиялық процестердің пайда болуына және соның салдарынан бедеулікке әкеп соқтырады. Бұл патология сиырлардың барлық босанғаннан кейінгі ауруларының ең көп таралған болып табылады. Әсіресе жиі жатырдың субинволюциясы қысқы - көктемгі кезеңде тіркеледі. Дер кезінде емдеуде ауру сауығумен аяқталады. Алайда, бұл ауру эндометриттермен жиі асқынады, бұл бедеулікке әкеледі. Сондай - ақ жатырдың субинволюциясы төлді алмау салдарынан экономикалық шығын әкеледі. Жануарларды өнімді пайдалану мерзімінің қысқаруы байқалады, яғни оларды жарамсыз деп тану. Осы аурудың этиологиясы, патогенезі және алдын алу мәселелерін зерттеуге үлкен көңіл бөлу қажет
БИЛЕТ №11 Бедеуліктің таралуы және экономикалық шығыны Негізінде бедеулік деген биологиялық түсінік. Оны кейде экономикалық түсінік қысырлықпен шатастырады, ол дұрыс емес.Бедеулік деген аналық малдың уақытша, не өмір бойы буаз болмауы, төлдеу қабілетінің жойылуы. Себебіне қарай: туыстықтан болған бедеулік (инфантилизм, фримартинизм, гермафродитизм), кәріліктен болатын бедеулік (жыныс мүшелерінің семуі), симптомдық бедеулік (жыныс органдардың аурулары), алиментарлық бедеулік тағы да басқаларына бөлінеді. Қазіргі кезде бедеулікті жіктеудің 10-нан аса түрі ұсынылды. Олардың барлығы бедеуліктің пайда болуын және оны жою жолдарын табуға бағытталған. Сондықтан да бедеулік себебін жіктеу сәтсіздікке ұшырап отыр. Арнайы зерттеулер бедеулік себебін табу қиын екендігін көрсетті. Өндірістік тәжірибелер, бедеулік себебін анықтаудың зор мәні бар екендігін дәлелдеді. Бірақ, оларды тек анықтап және жойып қана қоймай, сонымен бірге бедеулік төменде көрсетілген үш жағдай болған кезде дамитынын ескеру қажет. ) ұрықтануға құштарлық қасиетіне кері әсер ететін себептер. 2) бедеулікті тудыруға әсер ететін жағдайлар. 3) ағза жағдайын (резистентілгі) төмендететін себептер. Өзіндік ерекшелігі бар себептер әсерінен түрлі бедеуліктер туады. Оларды жою үшін осыларға тән ем түрлері қажет. Бедеулікті тек жалпылама зоотехникалық, малдәрігерлік, агрономиялық, ұйымдастырушылық шаралары жиынтығы күшімен қана жоюға болады. Жалпы бедеуліктерді жою шараларын жасамас бұрын, басты, негізгі түрлерін, себебін анықтап соған көңіл аудыру қажет.
БИЛЕТ №12 Бедеуліктің классификациясы (жіктелуі) : Бедеулік аналық малдың төлдеу қабілетінің дұрыс азықтандырмауынан, ұрықтандырмағандықтан дұрыс пайдаланбағандықтан немесе жыныс мүшелерінің ауруларына байланысты жойылуы. А.П. Студенцов бойынша ауыл шаруашылық малдарының бедеулігінің жіктелуі: Туғаннан болған бедеулік : Аналық малдар Инфантилизм (шала жетілу), Гермафродитизм (қосжыныстылық, Фримартинизм (кемтарлық) Аталық малдар- Крипторхизм (еннің құрсақ қуысында қалып қоюы). Кәріліктен болған бедеулік Аналық- аталық малдың жыныс аппаратында сему процесстерінің өтуі Симптоматикалық бедеулік: Аналық-аталық малдардың жыныс және басқа органдарының аурулары еоргандарының аурулары. Алиментарлық бедеулік: Көтерем болу салдарынан, тым семірудің салдарынан, рационның сапалы еместігінің салдарынан (азық құнарсыздығы) өсіп жатқан малды дұрыс азықтандырмағандықтан және осының себебінен . Эксплуатациялық (көп пайдалану әсерінен болатын) бедеулік. Ауа райына байланысты болатын бедеулік: Көп не болмаса жеткіліксіз инсоляциясының нәтижесінен, микроклиматтың жақпауы және аналық пен өндірушілерді асырау мен бағуында қате жіберушіліктен.
БИЛЕТ №13 Туа біткен және жасанды бедеулік. Туа біткен бедеулік . Крипторхизм екі еннің біреуі не екеуі бірден ұмаға түспей, құрсақ қуысында, не шап өзегінде қалып қоюы. Құрсақтағы төлдің эндокриндік жүйесіне ақау түсу, осының нәтижесінде сол жүйеге тән реттеуіш тәртіптің бұзылуы салдарынан болатын дерт. Инфантилизм (infantilis баладағыдай). Мал денесінің не оның органдары мен орган жүйелерінің шала, әдеттегіден кем болып қалыптасуы. Жасанды пайда болған бедеулік Дұрыс және уақтылы емес қолдан ұрықтандыру. Ұрықты алу, сақтау,тасу, жұмыстары дұрыс болмауы. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерге жіктелуі. Жасанды бағытталған бедеулік:Аналық-аталық малдарды жыныстық жетілуден физиологиялық жетілу кезеңіне дейін бөлек ұстау. Сауу мерзімін ұзарту үшін жыныс циклдары кезінде аналық малды жоспар бойынша ұрықтандырмай жіберіп отыру. Операциялық немесе қансыз әдістермен пішу, аналық жыныс клеткасының түтігін байлау немесе басқа стерильдейтін операциялар жасау.
БИЛЕТ №14 Алиментарлық және кәріліктен болатын бедеулік Алиментарлық бедеулік (лат alimentum азық) малдардың өндіру функцияларының жалпы немесе азықтардың сапасының төмендігі салдарынан бұзылуы.Алиментарлық бедеуліктің себептері мен түр өзгешіліктерін анықтау үшін азық рационын, азық ресурстарын талдау жұмыстарын жүргізу маңызды.Азу салдарынан дамитын бедеулік. Егін өнімділігінің төменділігі, азықтардың уақтылы жеткізілмеуі, азықтандыру кезінде азықтарды дұрыс өңдемеу, азықтардың бұзылуы, т.б себептерден бедеулік дамуы мүмкін.Жалпы азықтанудың жеткіліксіздігі организмге кері әсер ете отырып, ең алдымен жыныс циклы сатысын бұзады. Бұл көрініс анафродизия және толық емес жыныс циклымен байқалады.Клиникалық белгілері. Жүдеген малдарда жыныс циклдары байқалмайды. Күйлеу, жыныстық күйіт немесе овуляция келмейді. Тік ішек арқылы зерттегенде аналық жыныс бездерінің кішірейіп, тығыздалғанын анықтайды. Кей кезде ірі сары денелерді анықтайды, бірақ фолликулдар болмайды немесе олардың пісуі кешеуілдейді, ал овуляция келмейді. Фолликул лютеинизацияға ұшырайды немесе фолликулярлық қуыста қабыну процессі белгілері байқалмайды. Алиментарлық бедеулік гипопротеинемия түрінде өтуі мүмкін. Қан сарысуында жалпы ақзат деңгейі томендейді, ал альбумин және глобулин фракцияларының пайыздық қанынасы өзгермейді. Альбумин және бета глобулин фракциялары көп уақытқа төмендейді, ал альфа және гамма глобулин фракциялары тез арада калпына келеді (А.И.Пучковский). Алиментарлық бедеулік жасырын іш тастау немесе өмірсүргіштігі төмен төл тууымен өтуі мүмкін. Кәріліктен болған импотенция. Малдар жасының ұлғаюына байланысты жыныстық энергия төмендеп, ұрық сапасы нашарлайды әрі мөлшері азаяды. Көбіне аспермия, некроспермия, олигоспермия және тератоспермия байқалады. Көптеген өндірушілерде клиникалық зерттеу кезінде жыныс аппараттарында ешқандай морфологиялық өзгерістер байкалмайды. Бұл жағдайда ұрық сапасы маңызды рөл атқарады. Өте құнды өндірушілерде олардың жасының жоғарғы деңгейіне жетуіне байланысты жарамсыз деген шешімді шығаруда абайлық қажет, өйткені кейбір өндірушілерде (әсерісе айғырларда) өндіру қабілеттілігі көп уақыт бойы сақталынады.
БИЛЕТ №15 Симптомдық бедеулік. Малдың жыныстық органдарының ауруы салдарынан қысыр қалуын симптомдық бедеулікке жатқызады. Тек қана жыныстық органдар емес басқа да, айталық жүрек тамыр жүйесі, ас қорыту органдарының, желін ауруларынан да, тіпті, жұқпалы аурулардан да (аусыл ауруынан кейін) мал қысыр қалуы мүмкін. Жыныстық органдардың ауруын қабыну үрдісі ретінде (вульвит, вестибулит, вагинит, цервицит, эндометрит, сальпингит, оофарит) немесе сол органдардың қызметінің бұзылуы ретінде кездестіреміз (аналық ұрық безінің гипофункциясы, атрофиясы мен склерозы, күлдіреуігі, тұрып қалған сары денесі). Жыныстық органдардағы патологиялық үрдістер спермийлердің еркін қозғалуына, аналық ұрық торшасымен кездесіп ұрықтану үрдісінің өтуіне, зиготаның пайда болуына кедергі келтіреді. Жыныстық органдарда жиналған патологиялық эксудаттар спермийлер үшін өте жағымсыз орта болғандықтан, спермийлер эксудатпен араласқанда тез арада қырылып, өліп қалады. Кейбір жағдайда зигота пайда болғанымен, ол жатыр ішіне түскен соң әрі қарай өсіп дами алмайды. Ал ұрық безінің аурулары кезінде, эстрогендік гормондар түзілмегендіктен мал күйлемейді, күйлеген малда овуляция болмауы мүмкін. Сөйтіп мал бедеулікке ұшырайды да, қысыр қалады. Симптомдық бедеулік барлық бедеу сиырлардың 30-50 %-ын құрайды.
БИЛЕТ №16 Аналықтардың нейрогуморальдық реттелуі: А.П. Николаев төлдеудің басталу процессінің негізгі себебін түсіндіру үшін нейрогуморальдық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша төлдеу актісі ацетилхолиннің әрекетінен жатыр жүйке элементтерінің тітіркенуінен болады. Буазыдылқ соңына таман ацетилхолин және өзге биологиялық белсенді тітіркендіруші заттардың (хемо-, баро-, механорецепторлар) туындалуы күшейеді, олар жатыр жиырылуын тудырады. Туу механизмі төлдің туындалуы, оның жетілуі барысында плацента арқылы анасының организміне көп мөлшерде кортикооидтар бөледі. Соңғылары плацентаның аналық бөлігінің ерекше жасушаларын сары денелердің гормоналдық қызметін доғаратын простогландиндер бөлуге итермелейді. Яғни, толғаққа қажетті жағдайлар туындалады. Аталықтың жыныс жүйесінің функциясы аналықтардағыдай принципте орталық жүйке жүйесі, гиполамус, гипофиз, тестикулдер арқылы нейрогуморальдық жолмен өтеді. Гипоталамустың (рилизинг-фактор, немесе гонадотропин-рилизинг гормон) нейросекреті гипофизді ФСГ және интерстициальды клеткаларды ынталандыратын гормон (ГСИК), аналықтарда ЛГЌ-деп аталатын гормонды бөлінуіне итереді. Аталық жыныс бездерінің тарамдалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру саласындағы маркетинг
Экономика саласын басқару
Диспансеризация жайлы
Патологиялық анатомияның тарихы
Емдеу алдын – алу және балабақша мекемелерінде жасалынатын дезинфекция
Мәлімет қоймасын құру қадамы
ТЖ министрлігінің ролі, негізгі міндеттері мен ұйымдастырушы құрылымы
Химия мамандығы бойынша phd докторантураға түсушілерге арналған материал
Патологиялық анатомияға кіріспе
Патологиялық анатомияның дамуы
Пәндер