Шалабай ЖШС - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп ( Ветерианриялық медицина )


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Ветерианриялық медицина» кафедрасы
І Өндірістік тәжірибе бойынша есеп
Тәжірибе өту орны
Студент
аты-жөні топ курс қолы, күні
Кәсіпорыннан жетекші
аты-жөні қолы, күні
Университеттен жетекші
аты-жөні қолы, күні
Комисиия мүшелері
аты-жөні қолы, күні
Баға
Семей
2018
Жоспар
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім . . .
2. 1 Тәжірибе өткен орынның сипаттамасы, климаты мен географиясы «Шалабай» ЖШС . . .
2. 2. Шаруашылықтың індеттік жағдайы . . .
2. 3. Індеттану және жұқпалы аурулар . . .
2. 4 Ішкі жұқпалы емес аурулар клиникалық диагностикамен . . .
2. 5. Мал дәрігерлік істі ұйымдастыру . . .
2. 6. Ветеринарлық зоогигиена . . .
2. 7. Ветеринариялық хирургия . . .
2. 8. Ветеринариялық фармакология және токсикология . . .
2. 9. Ветерианриялық акушерлік және гинекология . . .
ІІІ. Қорытынды . . .
IV. Шаруашылыққа ұсыныс . . .
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
VI. Қосымшалар . . .
КІРІСПЕ
Шаруашылыққа қысқаша тоқталып өтіңіз.
Егеменді еліміз Қазақстан Республикасының аграрлық саласының қызметі ұлтымыздың ғасырлар тоғысының ғаламат үлесі ретінде қазақ халқының ата кәсібіне айналған мал шаруашылығынан бастау алады. Республикамызда асыл тұқымды мал санын арттыруға Үкімет тарапынан болашағы зор бағдарламалар құрылып, алыс-жақын ауылдарда заманауи кешендер тұрғызылуда. Шет елден өнімі жоғары асыл тұқымды малдар сатылып алынып, өсірілуде. Алайда мал басын саналы өсіріп, сапалы өнім алуда ветеринарияның қадағалауынсыз мүмкін емес. Соңғы жылдары әлем деңгейінде Аса қауіпті мал ауруларының шекарасы шетел асып, бір ұшы Қазақ даласына бұрын соңды болмаған ауруларды әкелуде (нодулярлы дерматит) . Сондықтан ветеринариялық медицинаның аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуда, жұқпайтын аурулардан, сақтандыруда, ең бастысы малдардан таза, сапалы өнім өндіріп, халық денсаулығының кепілі ретінде маңыздылығын ешқашан жоймайды.
Ауыл шаруашылығында ең басты мәселе күтіп-бағу, дұрыс азықтандыру, малды түрлі аурулардан сақтандыру болып табылады уақытында дұрыс төл алу мен өнімін арттыру. Азықтандыру дұрыс болса көп ауруларды айланып өтуге және мал ауырмайтыны бәрімізге мәлім [1] .
Мал ауыра қалса, ауру шыға қалса, аурудың алдын алу, дер кезінде ем қолдану - ауыл шаруашылықта аса маңызды жұмыстар. Осыған орай мал ауруларының пайда болуының жиі себептері - күтіп-ұстап, бағу әдістерін дұрыс игеру мен олар орналасқан қора-жайдың микроклиматын қалыпта ұстаудың маңызы зор.
Келешекке кемел біліммен қадам басқан бүгінгі студент - ауыл шаруашылығының алтын көпірін болашаққа байланыстыру үшін өндірістік тәжірибеден өтуі мал саулығы мен халық денсаулығының сенімді кепілі болатына бек сенімдімін. Сондықтан мен өзімнің алдыма «Шалабай» ЖШС-нен университетте оқыған теориялық өндірістік тәжірибемде шыңдай түсуді мақсат етіп қойдым. Армандар орындалады, мақсатың айқын болса!!!
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. «Шалабай» ЖШС сипаттама
Шалабай ауылдық округі - Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы Қалбатау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 43 км жерде, Қалба жотасының шығыс беткейінің етегінде Қызылсу-Шар өзенінің жағасындағы дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1, 1 мың адам (2006) . Іргесі 1932 ж. ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал өсіруге арналған зауытты құру негізінде қаланған. 1996 ж. зауыт таралғаннан кейін, оның негізінде ЖШС (сурет-1), бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Сурет1. «Шалабай» ЖШС
Тиімділік жағынан қарастырсақ, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының «Шалабай» ЖШС асыл тұқымды шаруашылығының экономикасына тоқталып отырмыз. Себебі «Шалабай»ЖШС-нің асылтұқымды шаруашылығы қазіргі кездегі Елбасымыздың халық алдына қойған міндетінің бірі малды, оның ішінде қазақтың ақ бас сиырының тұқымын жетілдіруді талап етуде. Сол мақсатта сол шаруашылығына мән беріп отырмыз.
Қуаныш Сүлейменовтің «Шалабай» ЖШС-нің жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай. Ол ұсақ қожалықтардың басын біріктіріп, шаруашылығын ұлғайтып, қазақы асыл тұқымды сиыр тұқымын өсірумен айналысып келеді (Сурет-2) . Соңғы үш жылда осы мақсатта 575 миллион теңгенің инвестициясын игеріп, жетістікке қол жеткізіп отыр. Жалпы, 71 адамға жұмыс орны ашылды.
Қуаныш Серікқазыұлының бұл ұстанған жолы Үкіметтің ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, ірілендіру қажет деген бағдарламасына, мақсат-талабына сәйкес келіп отыр. Бұл тұқымның 3-5 жасар өгіздерінің тірі салмағы 940-960 кг тартады. Әукесі салбыраған, бура сан мұндай асыл тұқымды әр өгіздің өзі қаншалықты ет беретінін есептей беріңіз.
«Шалабай» ЖШС асыл тұқымды шаруашылығында сыртқы ортаны қорғау үшін барлық жұмыстар тиянақты, әрі ұқыпты түрде жүргізіледі. Бұған жаңағы малдың астынан шыққан көң, төсеніштері қоқсық ретінде лақтырылмай, арнайы картоп, жеміс-жидек егетін орындарға тыңайтқыш ретінде төгіледі. Сонымен қатар шаруашылық жұмысшыларына осы қалдықтарды дұрыс пайдалану жөнінде үгіт насихат жүргізіледі. Және де осы қалдықтармен су көздерін ластамауы қадағаланып отырады. Маңайда көптеп кездесетін тал, қараған, тобылғы, сексеуіл, шырғай, жыңғыл сияқты өсімдіктердің қажетсіз өртелмеуі қадағаланып отырады. Жайылымдарды өрт қаупінен сақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Қорыта келгенде шаруашылықта қоршалған ортаны қорғау толығымен және кешенді түрде қолға алынған.
Сурет 2. Шалабай шаруа қожалығындағы асыл тұқымды сиырлар
Ірі қара малдарын жазықты жерлерде жазғытұрым мезгілдерінде, ал жазда шалғын-шабындық, күзде тұздықты шалғындарда жаяды. Қойларға құрғақ, шөптері қысқа, дөңес, таулы және жазық жерлерді пайдаланады. Жылқылар үшін құрғақ, топырағы тығыз, дөңес жерлердегі шөптері көп, бірақ ұзын емес жайылымдарды пайдаланады. Толағай, Тарбағатай тауларымен қоршалған. Таулы, сай-салалы, өзен сулы аймақ жерінде Қызыл су, қара көл, мөртас және сондай-ақ тағы басқа өзендер ағып жатады, жазық. Ақтық өсетін бірнеше жүздеген гектар жерлері бар (Кесте-1) .
Кесте1
«Шалабай» асыл тұқымды шаруашылығының жарамды жер көлемі 27000га, жайылым көлемі 8000га, шабындық 3000га болады
Бұл кестедегі көрсетілген жерде шаруашылық жергілікті халыққа қажетті мәдени өсімдіктер картоп, сәбіз, қызылша одан өнім алынып, біраз мөлшерін сатып пайдаға асырылады.
Шаруашылықтағы жалпы мал саны ірі қара - 1500 бас, ұсақ малдар- 2000 бас, аттар- 450 бас (кесте-2) . Мал қыстайтын қыстағы бар. Мал азығын екпе шөп, астық, көк майса беріледі, ал ірі қара малдарына бордақылайтын уақытта кабикором, жем, жмых береді.
Кесте 2
Соңғы үш жыл бойынша шаруашылықтағы мал басының саны
Бұл кестеде «Шалабай» ЖШС асылтұқымды шаруашылығының малдар санының жылдан жылға өсіп келе жатқанын көрсетеді. Әсіресе қой малының 2011 жылы саулықтардың саны 1040 болса, 2012 жылда екі есеге көбейген, ал 2011 жылы қой малының басының азаю себебі, қыс қатаң болып көп әсерін тигізген. Бұл шаруашылықта мал басының сатылып алынуын, сонымен қатар ол ауруларға қарсы шаралардың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты дамуын көрсетеді. Малдарды азықтандыруды ұйымдастыру сапалы өнім алуға көп мүмкіндік береді. Мал азығы қорын дайындау мал шаруашылығын өркендетудің басты міндеті. Қысқы кезде мал азығына шөп, сабан дайындалып сақталады. Ылғалды азықтан сүрлем, тамыр-түйнектерден картоп, жүгері сүрлемі, арпа, сұлы, кебек, күнбағыс күнжарасы дайындалып беріледі. Сонымен қатар ет комбинатында дайындалған ет-сүйек ұны, витаминдер беріледі.
Кесте-3. Тауарлық өнімнің көлемі мен құрылымы.
Тауарлық өнімнің көлемі мен құрылымына келетін болсақ барлық тауарлық өнімнің көлемі бойынша егін шаруашылығына қарағанда, мал өнімінің үлес салмағы көбірек болып тұр.
Кесте-4. «Шалабай»ЖШС асылтұқымды шаруашылығының етке мал тапсыруы.
Етке тапсырыл
ған мал санының жасы
Бір бас малдың тірідей салмағы
(кг)
Әр бастан алынған таза ет (кг)
45 %
1 центнер тірі салмақтан 45 пайыз таза ет алынады.
1 кг еттің бағасы-1400 теңге.
1836 кг*1400 тг= 2 570 400 теңге.
Кесте-5 «Шалабай»ЖШС асыл тұқымды шаруашылығының орташа жылдық сүт алу көрсеткіші.
Сауылған сиыр саны
(бас)
Жыл ішінде сауылған
мерзім (күн)
Сүт сауудан алынған табыс:
1 литр сүт 100 теңге бағалағанда
42700 литр*100 теңге =4 270 000 теңге
Өнімнің өзіндік құны дегеніміз шаруашылықтағы өнімнің өнім бірлігіне жұмсалатын (азық, еңбек ақы, амортизация және т. б. ) барлық ақшалай шығындар. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы дегеніміз пайыз түрінде көрсетілетін үлес салмағы.
Кесте-6. Өнімнің өзіндік құны.
Өнім құрылымының өзіндік құнының негізгі шыққан шығындар көрсеткіші кесте бойынша 30-64 % азыққа келеді. Ал еңбек ақыға 14-42 %. Сондықтан шарушылықтағы мал өнімділігінің өсуі өзіндік құнды төмендетедіде, ол азық өндіруді арзандатады және еңбек өнімділігін арттырады [2] .
2. 2. Шаруашылықтың індеттік жағдайы
Эпизоотияға қарсы шаралардың және басқа профилактикалық шаралардың негізі, ол шаруашылыққа жұқпалы ауруларды енгізбеу болып табылады. Ол үшін барлық шаралар уақытында істеліп отырылуы керек.
Жарма ауданы Шалабай ауылдық округі бойынша «Шалабай» ЖШС -нің індеттік жағдайын тексере келе, жұқпалы аурудан таза деуге болады. Ауылдық малдәрігері қызметі жіті және созылмалы жұқпалы және инвазиялық ауруларды болдырмау үшін нақтылы жұмыстар атқарып отырады. Эпизоотиялық аурулардан тазартудың ең алғашқы талабы- ол уақытында алдын алу шаралар толық жүргізіп отыру болып табылады, Шалабай ауылының жергілікті ветинспектормен бірлесе отырып, шаруашылықта күнтізбелік жоспар жасалып, профилактикалық шаралар жүргізіледі. Жыл сайын уақытында сібір жарасына, қарасанға вакцинация жүргізіледі. Ірі қара малдарды бруцеллез бен лейкозға серологиялық зерттеу арқылы қан сары суын жылына бір рет тексеріледі (сурет-3) . Иммунизацияны вакцинация арқылы жүргізеді.
Сурет-3. Сиырлардан серологиялық тексеруге қан алу жұмыстары.
Мал қораларға жылына екі рет дезинфекция жасалуды көздейді. Бұл жұмыстар толығымен жасалынып отырылады.
Кесте 7
ЖШС «Шалабай» асыл тұқымды қожалығығында жүргізілетін індеттік аурулардың алдын-алу шаралары:
«Шалабай» ЖШС өндірістік тәжірибеден өту барысында шаруашылықта бұзауларға Трихофитияға қарсы ЛТФ-130 вакцинасын егу жұмыстарына қатыстым (сурет-4) .
Сурет-4. ЛТФ-130 вакцинасын бұзауға егу.
2. 3. Індеттану және жұқпалы аурулар
Індеттану туралы түсінік. Індеттану - індет процессін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет-жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым, деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі ұғымның жиынтығы эпизоотия /грекше ері - арасында, zооп - жануар/ және Logos - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия - жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы [5] .
Індеттану курсында қарастырылған ветеринариялық санитарияның
негізгі әдістері:дезинфекция, дезинсекция және дератизация.
Мен кітап жүзінде оқыған білімімді нығайту мақсатымен І
шаруа қожалығында өндірістік тәжірибені өттім. Қазіргі таңда көптеген
шаруашылықтарға үлкен зиян келтіретін аса жұқпалы ауру бруцеллез кең
таралғандықтан бұл ауруға қарсы профилактика жұмыстарын жоспарлы
түрде жүргізіп отырады. Осындай профилактикалық іс-шаралардың бірі - ірі
қара малдан бруцеллезге қан алу жұмысына қатыстым. Қан алу методикасы:
вакуумді пробиркамен инені күре тамырға кіргізіп, пробиркаға 5-7 мл
көлемде қан ағызып алдым, пробирканы нөмірледім. Осы қан алынған
пробиркаларды зертханаға жібердім.
Тағы біз « Шалабай » шаруа қожалығында ірі қара аусылына, құтырыққа жоспарлы вакцинация іс - шараларын жэне туберкулез ауруына аллергиялық реакциясын және ұсақ малдарғада аусыл мен құтырыққа қарсы вакцинация жұмыстарын атқардық. Жылқыларды манқаға қарсы тексеру жұмысын тексердік. Ол үшін жылқыларға маллеин препаратын көзге тамыздық.
Егер жұқпалы ауруларға қарсы уақтылы шұғыл шаралар қолданылмаса мал шаруашылығы орасан зор шығынға ұшырайды. Бұл шығынды құрайтындар: мал өлімі және соған байланысты мал басының кемуі, ауырған малды емдеуге кеттетін шығындар және т. б.
Сурет-5. Қан алынған пробирканы нөмірлеу
2. 4 Ішкі жұқпалы емес аурулар
Жануарлар жұқпалы аурулардан гөрі жұқпалы емес аурулармен көп ауырады. Жұқпалы емес аурулардан малдың 90% өлім-жітімге ұшыраса, жұқпалы аурудан небәрі 10% ғана ұшырайды. Жұқпалы емес аурулар сырттан келген малдан жұқпайды, керісінше шаруашылықтың өз ішінде азықтандыру тәртібінің бұрмалануы, азықтың жеткіліксіздігі, құнарсыз азықпен азықтандыру немесе дұрыс күтпеу сияқты қолайсыз жағдайлардың салдарынан ғана пайда болады [3, 8] .
« Шалабай» шаруа қожалығында малдарды топ-топқа бөліп алып бірнеше кун диспансеризация жасадық. Ветеринарлық талаптарға сай барлық жұмыстар атқарылды. Сондай ақ малдарды бір-бірден таразыдан өткізіп, салмағын тексеріп, журналға тірі салмағын жазып қойдық. Кездескен ауру малдарды станокка тұрғызып емдедік.
Сурет-6. «Шалабай» ЖШС базасы.
Сурет-7. Мал салмағын өлшеу.
2. 5 Мал дәрігерлік істі ұйымдастыру
Мал дәрігерлік істі ұйымдастыру мен экономикасына мал дәрігерлік
заңдылықтың, мал дәрігерлік статистиканың, ветеринариялықтағы
бухгалтерлік есептің, мал дәрігерлік санитарлық жұмыстың ветеринарлық жабдықтаудың, мал дәрігерлік құрылыстың, мал дәрігерлік іс жүргізу жұмысының негізгі ережелері кіреді.
" Шалабай " шаруа қожалығында мал дәрігері, бірнеше қойшы, 38 жұмысшы адам жұмыс істейді. Шаруашылықта малдарды тасымалдауға арналған автокөлік бар, шөп таситын тракторларыбар.
Мал дәрігерлік қызметкерлердің негізгі міндеті ауыл шаруашылық өндірісінің шығынын неғұрлым азайтьш, ауыл шаруашылық өнімдерін сапалы өндіріп дұрыс сақтап, жоғары бағамен сатылуына ықпал ету. Сондықтан малдәрігерлік істі дұрыс жоспарлау өте маңызды. Жоспар бойынша дұрыс ұйымдастырылған іс материалдық және қаржылық кұралдың тиімді пайдаланып жұмсалуына жұмыс күшінің оңтайлы жұмсалуына әсер етеді және жоғарғы экономикалық эффектілікпен қамтамасыз етеді.
Малдәрігерлік жоспарлаудың объектілері:
1. Инфекциялық және инвазиялық аурулардың алдын- алу шараларын өткізу.
2. Ішкі жұқпалы емес аурулардың алдын- алу шараларын өткізу. З. Малдәрігерлік шараларды материалдық және техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру.
2. 6 Ветеринариялық зоогигиена
Зоогигиена пәні - малдың денсаулығын сақтап, одан аз шығын мен мол өнім салуға бағытталған ғылым. Бұл пән:
Малдарға туғызатын жағдайдың (қамау, айдау, байлау) денеге әсері.
Күн сәулесі ауа, топырақ, су азықтардың құрамдары мен денеге тигізетін әсері.
Қора бөлшектерінің қасиеттері және тазалау, желдету жұмыстарының денеге әсерін оқытады.
Малдарды, жас төлдерді аурулардан сақтандыру жолдарын, әсіресе адам мен малға ортақ жолдарын сақтандыру әдісі.
Сыртқы ортаны, ауа, су, топырақ, сақтандыру шараларын оқытады [4] .
ТОО"Шалабай" асыл тұқымды қожалығының мал тұратын баздарының ұзындығы -300 м, ені-10м, биіктігі-2м . Осы базда 2 үлкен қақпа мен 4 кіші есік бар, ауа алмастыратын 9 құбыр бар.
Өндірістік тәжірибе өткен кезде мен баздағы қи ою және әктеу жұмыстарына қатыстым. Шаруашылықта мал тұрағын әктау дезинфекциялауда бір жақсы көзі болып саналады. Сондай-ақ дезинсекция, дератизация- кемірушілерге қарсы зоокумаринді қолдандық.
Дезинфекциялау үш сатыдан тұрады :
1. Механикалық тазалау.
2. 4 пайызды каустикалық содамен деинфекциялау.
3. Ақтау.
Өндірістік тәжірибе өткен кезде мен қорада әктеу жұмыстарына қатыстым. Шаруашылықта әктеу дезинфекцияның бір жақсы көзі болып саналады.
Сондай-ақ шаруашылықта көң қиды залалсыздандыру мақсатында дезинфекциялық жұмыстар. Шыбын шіркейлерге қарсы дезинсекция ал кемірушілерге қарсы дератизациялық шаралар жүйелі түрде жасалып отырады. Қи ою мұнда қолмен жүргізіледі және белгілі бір орынға жиналады және жеке малдың гигиенасын сақтау үшін ұсақ малдарды қырқу жұмыстарын жүргіздік. Қырқу біткен соң сол жерді тазалап, әктеу жұмысын жүргіздік.
2. 7 Хирургия
Хирургия - медицина ғылымының үлкен бір саласы. Хирургия сөзінің мағынасы грек тілінен аударғанда, "хиер" қол және "ерго" әсер ету. Хирургия операция жасау жолымен емделетін дерттерді зерттейді және ондай операцияның әдіс тәсілдері мен техникасын хирург мал дәрігерлердің күнделікті іс тәжірибесі арқылы жетілдіре отырып, жүзеге асырады. Хирургияның тарихы сонау замандардан басталады. Хирургия әсіресе грецияда күшті дамыған. Гректің атақты ғалымы Гиппократтың хирургия жөнінде жазған еңбектері осы күнге дейін сақталған [7] .
«Шалабай» шаруа қожалығында өндірістік тәжірибені өткен кезде хирургияға әр түрлі хирургиялық ауруларды кездестірдім. Мысалы: аяқ сыну, сіңір созылу, шиқан, жарық, әртүрлі жарақаттарға медициналық көмек көрсеттім. Бұл жұмысты малдәрігерімен бірге жасадым. Сиырдың тұяқ ауруы айырманы емдедік. Өліеттенген жерін тұяғымен қоса кесіп тастадық та дегать жағып, құрттағандарына карален жағып емдік шаралар жұргіздік.
Ірі қара малдарында әр -түрлі көз аурулары кездесті. Мал дәрігерімен бірге ноғалаға қарсы Аутогемотерапиялық ретробульварлық новокаин блокадасын жүргіздік. Сонымен қатар үшінші қабақ астындағы шеміршекті кесу жұмыстарын көріп үйрендік. Үшінші қабақ астындағы шеміршекті қысқыш кайшымен қысып алып айландырып отырып шеміршекті бері шығарып алдықта скальпельмен кесіп тастадық. Орнын калий перманганатымен шайып залалсыздандырдық та себінді сеуіп қойдық.
Сурет-8. Көздің үшінші қабағындағы шеміршекті кесу.
2. 8 Ветеринариялық фармакология және токсикология
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz