Тіл асты сүйегінен төмендегі бұлшық еттер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тіл асты сүйегінен төмендегі бұлшық еттер.
Мойынның бұлшық еттері. Адамның мойын бөлігі жоғарғы жағынан жақпен, төменгі жағынан бұғана жəне төс тұтқасымен шектеледі. Мойынның еттері шайнау, ымдау, тыныс алу, жұтыну, сөйлеу, т.б. қозғалыстарын жүргізеді. Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы жəне артқы топтарға бөледі. Соңғы тобы арқа еттерінің жалғасы болып табылады жəне олар арқа еттерімен бірге өтеді. Мойынның бүйір еттері жатқан жағдайына қарай беткей жəне терең еттер деп екіге бөледі. Мойынның беткей еттеріне төс-бұғана-емізікше еті мен теріасты мойынның беткей жатқан еттері жатады.
Теріасты ет (подкожная мышца) - қалдық ет болып саналады. Бұл ет сүтқоректілерде жақсы жетілген. Олардың терісінің астында бүкіл денесін жауып жатады, ал адамда теріасты мойынның екі бүйір бөлігін ғана жауып жатқан жұқа ет. Ол көкірек клеткасынан жоғары қарай көтеріліп, жақтың төменгі жиегіне бекиді. Бұл ет жиырылған кезде езуді төмен тартады.
Төс-бұғана емізікше еті (грудино-ключично-сосцевидная мышца) - мойынның алдыңғы бүйір бөлігінде орналасқан екібасты ет. Оның бір басы бұғанадан, екінші басы төстен басталып самай сүйегінің емізікше өсіндісіне бекиді. Бұл еттің екі жағы бірдей жиырылған кезде басты мойынмен бірге алға қарай иеді. Бір жағына жиырылса, басты қарамақарсы жағына бұрып, мойынды өз жағына иеді.
Мойын еттерінің алдыңғы тобы - тіласты сүйегінің үстіңгі жəне астыңғы еттері деп - екіге бөлінеді. Тіласты сүйегінің үстіңгі тобы ауыз қуысының төменгі тобын түзеді. Оларға жақ-тіласты, иек-тіласты, қос қарыншалы, біз-тіласты еттері жатады.
1. Жақ-тіласты еті (челюстно-подьязычная мышца) - шаршы келген жалпақ ет, ауыз қуысының түбін түзеді. Жақ сүйегінен басталып тіласты сүйегін жоғары қарай қозғайды, не керісінше жақты төмен түсіреді. 2. Иек-тіласты еті (подбородочно-подязычная мышца)- иектен басталып тіласты сүйегіне бекиді.
Қосқарыншалы ет (двубоюшная мышца)- атына сəйкес қос қарыншалы келеді. Көлденең бағытта жатады. Артқы қарыншасы арқылы самай сүйегінің емізікше өсіндісінен басталып, алдыңғы қарыншасы мен тіласты сүйегіне бекиді.
Біз-тіласты еті (шило-подьязычная мышца) - самай сүйегінің біз өсіндісінен басталып, тіласты сүйегіне тіркеледі. Тіласты сүйегінің үстіңгі жағында жатқан еттер жақты төмен түсіру жұмыстарын атқарады немесе жақ қимылсыз тұрған жағдайда, керісінше тіласты сүйегін көмекеймен бірге көтереді. Бұл жағдайда сөйлеу мен шайнау процестеріне қатысады. Тіласты сүйегінің астыңғы жағындағы бұлшық еттерге төс-тіл, төс-қалқан, қалқан-тіласты, жауырын-тіласты еттері жатады.
Төс-тіласты еті (грудино-подьязычная мышца) - төс тұтқасы мен бұғананың іш жақ бөлігінен басталып, көмекейдің алдынан өтіп, тіласты сүйегінің денесіне жалғасады.
Төс-қалқан еті (грудино-щитовидная мышца) - төс тұтқасынан басталып, қалқанша шеміршекке бекиді.
Қалқан-тіласты еті (щито-подьязычная мышца) - қалқанша шеміршегінен басталып тіласты сүйектің мүйізіне бекиді.
Жауырын-тіласты еті (лопаточная-подьязычная мышца)- жауырынның жоғарғы жиегінен басталып, тіласты сүйегіне жалғасады. екі қарны бар, төменгі қарны трапеция тəрізді бұлшық еттің астында жатады. Мойынның тіласты сүйегінің астында орналасқан еттердің қатысуымен көмекейдегі дыбыс шығару (сөйлеу), жұтыну қызметтері атқарылады. Мойынның терең еттерінің бүйір тобына алдыңғы, ортаңғы жəне артқы сатылы еттері, ал ортаңғы тобына бастың, мойынның тік еттері мен бастың жəне мойынның ұзын еттері жатады.
Мойынның алдыңғы, ортаңғы жəне артқы сатылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іштің бұлшық еттері
Аяқтың бұлшық еттері
Мойынның топографиясы
Бас бұлшық еттері. Аяқ және қол бұлшық еттері
Ас қорыту жүйесінің ағзалары
Алдыңғы бұлшық еттер
АДАМ АНАТОМИЯСЫ пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы
Тұлғаның бұлшық еттері
Қолдың топографиялық анатомиясы
Пәндер