МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ

Мергенбаева Малика Әділжанқызы

malika. mali2016@mail. ru

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Есеп және Аудит» мамандығының 3-курс студенті, Астана

Ғылыми жетекшісі -Тажикенова Сапия Каргабаевна

Бұл мақала республикада мемлекеттік аудит жүйесін құрудың алғашқы кезеңдерін сипаттайды. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Есеп комитетінің мемлекеттік аудит жүйесінің нормативтік құқықтық базасын, сондай-ақ ақпараттық және кадрмен қамтамасыз ету жүйесін құру бойынша жүргізіп жатқан ауқымды жұмыстары, оның ішінде кәсіби кадрларды даярлауға баса назар аударылғаны қарастырылған.

Түйінді сөздер: мемлекеттік аудит жүйесі, аудит стандарттары, арнайы мақсаттағы аудит, сертификаттау, мемлекеттік аудитор.

Мемлекеттік аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың әр түрлі салалары мен аясында жүзеге асырылады. Тиімділік аудитін өткізу кезінде сыртқы мемлекеттік аудит органдары мемлекеттік аудиттің тақырыптық (арнайы) түрлерін жүргізе алады. Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары жүргізетін тиімділік аудитінің ерекше түрлерінің бағыттарына жатады (1-сурет) :

  • экологиялық (қоршаған ортаны қорғау саласындағы аудит) ;
  • стратегиялық (республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалауды) ;
  • IT аудит (ақпараттық технологиялар саласындағы аудит) ;
  • мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген, сондай-ақ, мемлекет кепілгерліктері бойынша борышты қалыптастыру және басқару;
  • ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке саласына, әлеуметтік және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларына дамуына әсерін бағалау;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтері мен басқа да активтерді басқару аудиті.

Кез келген мемлекеттік аудиттің түрін жүргізуге келесі аудиттің кезеңдері тән:

  • аудит объектісімен алдын-ала танысу;
  • аудит жүргізу жоспарын әзірлеу;
  • қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;
  • аудит нәтижелерін жинақтау.

IT-аудит - ақпараттық жүйелердің жұмысын оңтайландыру, демек тұтастай бизнесте компанияның шынайылық жағдайына әсерін тигізетін механизмдердің бірі.

ІТ аудитінің негізгі мақсаты ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты тәуекелдерді бағалау, олардың бақылауын бағалау және тәуекелдерді төмендету қажет жерлерде түзету шараларын қабылдау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

ІТ аудиторлық жұмысының көлемін анықтау үшін IT-диагностикасын жүргізу үшін жұмыс уақытын және жұмысты ұйымдастыру ұсынылады. Диагноз 3-5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Диагностика кезінде ІТ саласында негізгі проблемаларды анықтау үшін қажетті ақпарат жиналады. Осы ақпарат негізінде компанияның IT-аудиті бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар жасалды.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ

Сурет 1 - Мемлекеттік аудиттің жаңа бағыттары

ІТ-инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу:

  • әр ұсынысты орындау құнын бағалау;
  • ұсынымдарды іске асыру жоспары.
  • ІТ инфрақұрылымын қайта құру бойынша ұсынымдар.

IT-инфрақұрылымы мынадай көрсеткіштердің аудит және сараптама бөлігі ретінде сынақтан өткізіледі: өнімділік, функцияны толық, қауіпсіздікті, IT-процестерді тұтастығын, және басқалар.

Нәтижесінде, компания ұсынымдар мен жұмыс жоспарын іске асыру үшін шығын сметасын бар, анықталған IT-инфрақұрылым және бизнес қажеттіліктеріне арасындағы сәйкессіздіктер, проблемалар және IT-инфрақұрылымын дамыту тәуекелдер, сондай-ақ түзету іс-қимыл үшін ұсынымдар сипаттамасы алады.

Бұл ақпарат автоматтандыру стратегиясын құру және ІТ инвестициялау ең тиімді жолдарын анықтау үшін негіз болып табылады.

Экологиялық аудит экологиялық экспертиза және экологиялық инспекциямен қатар тең құқылы жағдайды иемденуі қажет. Ең бастысы экологиялық аудит қосымша бюджеттік шығындарсыз қоршаған табиғи ортаны қорғауды басқаруды нығайтуға, экоменеджментің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сондықтан да мемлекет экологиялық аудитті дамытуда және сәйкесіне оның әрекет етуі үшін құқықтық және нормативтік негіздерді құруда қызығушылық танытуы қажет. Экологиялық дағдарыстың қауіпті көріністерінің бірі - су, жер ресурстарының азаюы мен ластануы, қауіпті стихиялық апаттардың бас көтеруі, ормансыздануы, биологиялық көптүрліліктің түрлерінің қысқаруы және де осының салдарының бірі ретінде республика аймақтарының 60%- ының шөлге айналуы болып табылады. Адам денсаулығына ең көп зиянды ауа бассейнін ластануы әкеледі. Ол глобальды және аймақтық экологиялық жағдайдың қалыптасуына шешуші эсер ететіннің ішіндегі ең көп салалысы болып табылады. Өйткені, бүл сфера зиянды заттарды тастаулардан қорғалмаған және өнімдерінің алмасуы арқылы тікелей байланысқа түседі. «Ауаның ластану процесі» деген түсінік әуе ортасын ластаушы қалдықтардың тасталынуын білдіреді. «Ауаның ластануы» терминін онда ластаушы заттардың бар болуы немесе ауаның құрамында кездесуі деп түсінуге болады, оған қоса осы ластануды қабылдаушыларға ұзақ мерзім бойы кері әсер ететіндей мөлшерде болатынын білдіреді. Қазақстан бойынша зиянды заттардың тасталынуының жиынтығы бойынша ерекше орындарды келесі аймақтар алады: Қарағанды (43, 4%) ; Павлодар (18, 9%) ; Шығыс Қазақстан (7, 1%) ; Атырау (5, 8%) облыстары. Олар Қазақстанның басты өнеркәсіптік аймақтары болып табылады. Атмосфералық мәселелерді шешу, келтірілген мәліметтерден көрініп отырғандай, осы аймақтардың, олардың үлесіне республиканың стационарлы өнекәсіптік көздерінен жалпы тасталынатын зиянды заттардың 76, 5%-ы тиесілі болғандықтан, күш салуға байланысты болып отыр. Атмосфераның ластануының негізгі көзі энергетикалық өнеркәсіптік кәсіпорындары болып табылады. 2008ж өнеркәсіптік көздерден тасталынған жалпы тасталым көлемінің ішінен энергетикалық өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесіне 1098, 5 мың тонна келіп отыр.

Кез келген қаланың және өнеркәсіп орталығының атмосферасында кездесетін, ең көп таралған ластаушылар - жалпы зиянды заттардың жиынтығының 95%-ын құрайтын қатты заттар (шаң), күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкірт ангидридтері, көмірсутектер болып табылады. Жамбыл облысында өнеркәсіп қалдықтары 3, 3 мың га жерді алып жатыр, олардың сол жерлерде 58 млн. т. жиналған, соның ішінде 33 млн. т. радиоактивті қалдықтар. Облыстық қоршаған ортаны қорғау бөлімдері тарапынан жер ресурстарына келтірілген экономикалық зиянды жою үшін шаралар қолданылады. Республикамызда 184 мың га жер құртылған, солардың ішінде рекультивациядан 59 мың га жер өтуі керек. Бірақ бұл бағытта жұмыстар өте баяу жүріп жатыр. Мысалы, Жамбыл облысында рекультивациядан 1008 га жер өту керек, ал соңғы 4 жыл ішінде құртылған жердің бір де бір гектары рекультиацияланбаған.

Оңтүстік Қазақстан облысының ластаушы зат түрлерінің саны 7 мыңнан асып жығылады. Өнеркәсіп орындарының күйеге шығарылатын шаң - тозаңдарды ұстап қалатын құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілуі небәрі 65% төңірегінде ғана. Ал, қала халқының әрбір тұрғынына шаққанда жылына 260 килограмм зиянды қалдықтар қоршаған ортаға шығарылады. Оның ішінде құрамында қорғасын, фосфор қосылыстары бар заттар, фторлы сутек, аммиак, көмір қышқыл газы, азот оксидтері, күкіртті газ және өзге құрылыс мекемелерінің қоқыстары бар. Қоршаған ортаға шығарылатын жалпы қоқыс мөлшерінің зиянды заттар үлесінің 40% автокөліктердің іштен жану двигательдерінің жұмысы нәтижесінде түзілген газдар құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысында суды тиімді пайдалану да өз дұрыс шешімін күткен мәселе. Жыл сайын өнеркәсіп, ауыл шаруашылық жұмыстары мен тұрмыс қажетін өтеу, күн - көк саласында таза судың 6 шаршы метр мөлшері жұмсалады және мұның 4, 2 бөлігі мөлшері облыс аймағындағы су көздерінен түзіледі. Таза судың 90% астамы ауыл - шаруашылық жұмыстарында пайдаланылады. Суару жүйелерінде 1 шаршы метр мөшеріндегі су ысырапқа үшырайды. Соңғы 10-15 жыл ішінде облыс ауқымындағы 40-шақты шағын өзендер суалып, тартылып кетті. Облыс аймағында орман алқабы 1, 3 миллион гектардай алаңды алып жатыр, яғни небәрі 12%, ал, бұл көрсеткіш негізінде 22-26% болуға тиіс еді. Орман қорына кіретін 1 миллион гектардай жер бетіне ағаш отырғызылған емес және мұның 97% ауыл шаруашылық мекемелері мен жайлымы үшін пайдаланылады. Ал, бұл жер қыртысының нығыздалып су эрозиясына жол ашады. Су қоймасы, тоғандардағы балық дүниеліктерін жөнді - жосықсыз пайдалану олардың күрт азаюына, ал, тіпті кейбір түрлердің жойылып кетуіне де әкеліп соқтырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Табыстармен шығыстардың аудиті
Аудитті құжаттау — аудит жұмысының маңызы
Аудит қызметінің этикасы
Ішкі аудит стандарттары
Аудиттің теориялық негізі мен ерекшеліктері
Кәсіпорындa aудитті жүргізуді тaлдaу
Қаржылық есептілік нысандары пайдаланушы үшін ақпарат ретінде
Жалпы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына сипаттама және аудит ролі
Аудиттің мәні, пәні мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz