Девианттық мінез-құлық. Оның негізгі ерекшеліктері туралы

Қазақстан Республикасы - ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан - 2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп аталатын өз халқына арналған биылғы Жолдауында адамдардың дұрыс мінез-құлқының дамуына баса назар аударды. Бүгінгі күнде әлеуметтік, саяси нормалар саласы үлкен өзгерістерге ұшырауда.
Әр қоғамның әлеуметтік, саяси норма туралы өз түсінігі бар, демек, девиация туралы да өз түсінігі бар деген сөз. Сонымен бірге әлеуметтік, саяси нормалардың сол қоғамдағы әртүрлі таптар мен топтарға тән айырмашылығы да баршылық.
Сонымен, мінез-құлық, қоғамдық пікірден қолдау таппайтын, девианттық деп аталады. Бұл: билетсіз жол жүруден бас - тап адам өлтіруге, отанын сатуға дейінгіні қамтитын мейлінше кең құбылыстар тобы. Девиант кең мағынасында - жолдан тайған немесе нормадан ауытқыған кез келген адам. Мәселені осылай қойған кезде ауытқудың түрлері мен көлемдері туралы да айту жөн. Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмыс, алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, құмар ойындар, психикалық бұзылу, өзіне-өзі қол салу (суицид) жатады.
Тар мағынада девианттық мінез-құлыққа қылмыстық жауапқа тартылмайтын ауытқушылықтар түсініледі. Басқаша айтқанда, бұлар заңға қайшы келмейтін ауытқушылықтар. Заңға қарсы қылықтар немесе қылмыстар жиынтығы әлеуметтануда - делинквенттік (сөзбе-сөз - қылмыстық) мінез-құлық деген ерекше атқа ие болды.
Девианттық мінез-құлық - бұл көпшілік таныған құқық, саясат, мораль, әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларынан ауытқу, көпшілік мойындаған нормаларды, ережелерді бұзуға жеткізетін және әлеуметтік топтар, халық немесе қоғам тарапынан оған басқаша жауап беру қажеттігін тудыратын адамдардың немесе олардың топтарының әлеуметтік-саяси әрекеті, қылығы.
Әлеуметтік, саяси нормалар мен ережелерді бұзу маңызды және маңызсыз, саналы және санасыз болуы мүмкін. Қоғамдық нормалар мен ережелердің бұзушылығының барлығы девианттық мінез-құлыққа жатады. Осыдан кейін девианттық мінез-құлық әртүрлі формаларға бөлінеді. Қазіргі жағдайда девианттық мінез-құлықтың негізгі формаларына, қылмысты, ішімдікке салынуды, нашақорлықты, өзіне-өзі қол салуды, психологиялық ауытқуды жатқызуға болады. Девиацияның әрбір формасының өз ерекшелігі бар. Енді халық арасындағы девианттық мінез-құлықтың негізгі формаларына жеке-жеке тоқталайық.
Қылмыс. Қылмыс деп жалпылама түрде заңдарды бұзу түсініледі. Қылмыскерлерге сот айыптаған адамдар жатады. Бұл жағдайда сот таңбалау функциясын атқарады, яғни оны қылмыскер деп жариялап, адамға мемлекеттің өзіндік таңбасын жапсырады.
Қылмыс проблемаларын зерттеген сайын зерттеушілердің назарына оның динамикасына ықпал ететін барынша көп факторлар түседі. Бұған мыналарды: әлеуметтік жағдайды, жұмыс түрін, білімді, қайырымдылықты жатқызуға болады. Соңғыны өз алдына жеке фактор ретінде де қарастыруға болады. Сонымен қатар таптығынан айырылудың, яғни индивид пен әлеуметтік топ арасындағы байланыстың қирауының немесе әлсіреуінің ерекше маңыздылығы да анықталған. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы зерттеулер, әлеуметтануда Чикаго мектебі деп аталған мектептің өкілдері жүргізген, қалалар ішіндегі қылмыстың әртүрлі деңгейін анықтаған: ең қылмысты аудандар деп әлеуметтік тәртіп бұзудың жоғары дәрежесі бар аудандар айқындалған. Десек те, бүгінге дейін қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуындағы биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынасы пікірсайыстық проблема болып қалып отыр.
Зерттеушілердің атап көрсеткеніндей, негізгі сапалық көрсеткіштері бойынша біздің еліміздегі қылмыстың өрістеуі жалпы әлемдік тенденцияларға жақындау. Индустриалды елдерге қарағанда әзірге бізде қылмысты тіркеу деңгейі төмен, бірақ қылмыс санының арту қарқыны өте жоғары. Осымен байланысты қылмыстың сандық және сапалық шынықтыру табалдырығының бар екенін ескеру қажет, бұның сыртында ол қылмыстық, заң қорғау проблемаларынан саяси мәселеге айналып кетеді.
Қазақстандағы қылмыстық жағдайға нарықтық қатынастарға көшу және бәсеке, жұмыссыздық, инфляция сияқты феномендердің пайда болуы үлкен ықпал етті. Мамандар біздің еліміздегі қылмыстың сипатын әлі де болса патриархалдық ретінде анықтауға болатынын айтып отыр, бірақ девианттықтың индустриалануын білдіретін үрдістер де байқалуда.
Ұйымдасқан қылмыс қазіргі қоғамда ерекше қауіпті. Мысалы, Ресейдегі қылмыстық тұрақты топтардың жалпы саны 200 мыңға жетті. Олар нарықтарды, өндірістік құрылымдарды, депутаттарды, банктерді бақылайды, әскери қоймалардан қару-жарақты ұрлайды, лас ақшаларды жуады, адамдарды өлтіреді, адамдарды ұрлайды, тонау, бопса, зорлық-зомбылық, қауіп-қатерді жүзеге асырады. Ресейде татарлардың (Қазан, Набережные Челны, Альметьевск), Мәскеу түбіндегі (Солнцево, Подольск), тамбовтік, шешендердің, ростовтықтардың және басқа жерлердің қылмыстық топтары аса танымал. Ұйымдасқан қылмыс үлкен қаржыны иеленген, әрбір қылмыстық ұйым касса, қор құрады (общак деп аталатын), бұлар қылмысты қаржымен қамтамасыз ету үшін, полицияны және әкімшілікті сатып алу үшін, айыпталған подельниктер мен олардың отбасына көмек көрсету үшін қару-жарақ, есірткі, ішімдік сатып алу үшін қызмет етеді.
Қазіргі заманда өткір әлеуметтік, - саяси күйзеліс тұсындағы келеңсіз ауытқулар, соның ішінде қылмыс барынша кең тараған. Қылмыстың жаңа ерекше қауіпті формасы пайда болды немесе тарап отыр. Соның ішінде мемлекет ішкі және халықаралық деңгейлердегі қылмыстар (трансұлттық монополиялардың қылмы - сы), қызметкерлердің сыбайлас жем - қорлығы, өнер туындыларын ұрлау, есірт - кімен байланысты қылмыс, халықара - лық лаңкестік, тұтынушыларға қарсы қылмыстар (жасанды өнімдер), экология - лық қылмыс, экономикалық бопса және т.б. атап айтуға болады.
Біздің еліміздегі қылмыстың формалары мен келеңсіз ауытқудың типтері өзгерді. Жеке кәсіпкерліктің, кооперацияның дамуы өмірге сұғанақ қол - рэкет сияқты формасын алып келді. Ұйымдасқан қылмыс, балалар қылмысы, жезөкшелік дамыды.
Қазіргі әлеуметтанушылар мен криминалистер қылмысты толықтай жою мүмкін емес деп санайды, өйткені оны тек әлеуметтік орта ғана емес, адамдардың қылмыстық типтерінің биологиялық және психологиялық табиғаты таратады. Осыдан мемлекеттің басты міндеті - қылмысты қоғам үшін қанағаттандырарлық деңгейде ұстап тұруы келіп шығады.
Қылмыс - адамзат кеселінің көрінісі. Бүгінге дейін бірде-бір қоғам оны жоюға қол жеткізе алмады. Қазіргі кезде шынайы міндетке - қылмыстың өсу қарқынын төмендетуді және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұруды әлеуметтік, - саяси шыдамдылықпен бақылауға алуға жұмылдыру қажет.
Ішімдікке салыну (алкоголизм). Бұл девианттық мінез-құлықтың келесі формасы. Ежелгі қоғамдарда ішімдік және кейбір есірткілер (мысалы, улы саңырауқұлақтар), наным-сенімдер мақсаттарында қолданылған. Ежелгі гректер мен римдіктерде тіптен шарап Құдайы (Вакх және Либер) болған. Антикада шарапты ішудің алдында оның жартысына су қосқан. Ішімдікті ішуге тек 30 жастан асқан ер адамдарға рұқсат етілген.
Орта ғасырда күшті ішімдіктер байлар - дың иелігінде болған. Шаруалар мен қолөнер - шілер негізінен мейрамдарда іше - тін еді. Этил спиртін өндіру ашылғаннан кейін (ХVІІІ ғ.) дамыған елдердің төменгі топ - тары ішімдікті жиі тұтынуға мүмкіндік алды. Осы кезден бастап ішімдікке салыну проб - лемасы қоғамдық маңыздылыққа ие болды.
Ішімдікті тұтыну деңгейінің көрсеткіші тұтыну құрылымы туралы мәліметтермен үйлестіргенде ғана мағынаға ие болады. Сондай-ақ мысалы, тұтынудың жиілігі, ұзақтығы, ас қабылдаумен байланысы сияқты бірқатар сипаттамаларды да ескеру қажет. Халық арасында ішімдіктің жалпы көлемін бөлу ерекшеліктері де: ішетіндердің, ішпейтіндердің, орынды ішетіндердің саны мен құрамы; ер адамдар мен әйел адамдардың арасында, жасына қарай және басқа да әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша ішімдікті тұтынуды бөлу де маңызды.
Бір дәрежеде мас болудағы мінез-құлықты және осы мінез-құлықты бағалауда социомәдени және этникалық топтарда мәнді айырмашылықтар бар. Жоғарыда айтылған барлық сипаттамалар ішімдікті тұтыну моделі ұғымына кіреді.
Қоғамның ішімдікпен күресі тарихынан оның екі бағытта жүргізілгенін байқауға болады. Біріншіден, ішімдікке қол жеткілікті шектеу, оларды сатуды және өндіруді қысқарту, бағаны арттыру, тыйым салулар мен шектеулерді бұзған үшін жазалау шараларын күшейту. Екіншіден, ішімдікті тұтынуды азайту бағытына күш салу, өмірдің әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту, жалпы мәдениет пен руханиятты арттыру, ішімдіктің зияндығы туралы байыпты, салмақты ақпарат тарату, халықта ішімдіксіз мінез-құлық стереотиптерін қалыптастыру.
Ішкіштікпен күрес тарихы кейбір елдердің аумағында (Англия, АҚШ, Финляндия, Ресей) құрғақ заңды енгізуге тырысудың болғанын да біледі. Олардың бәрі де өз мақсаттарына жетпеді, өйткені ішімдіктің болуы ішімдікке салынудың бір ғана және басты себебі ғана емес. Маскүнемдік пен ішімдікке салынуды жою проблемасы аса күрделі болып табылады, ол экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық, демографиялық, заңдық және медициналық аспектілерді қамтиды. Тек қана барлық аспектілерді есепке алып, оны табысты шешудің мүмкіндігі бар.
Осылайша, ішімдікке салынумен күресті мемлекеттік құрылымдар, қоғам - дық және медициналық ұйымдар жүр - гізеді. Ішкіштерге олардың туыстары мен жақындары үлкен ықпал ете алады. Өзін-өзі тежеу өте маңызды. Оған ішімдіктің ден - саулық үшін зияны туралы және мас - күнемдіктің әлеуметтік салдарлары жө - ніндегі дер кезіндегі ақпаратта ықпал етеді.
Есірткі. Есірткі тұтыну девианттық мінез-құлықтың келесі бір формасы болып табылады. Наркомания термині гректің narke - естен айырылып қалушылық және mania - құтыру, есалаңдық сөзінен шыққан.
Есірткіні өсіру мен тұтыну дәстүрінің кем дегенде 2,5 мың жылға жететінін айту керек. Скифтердің шарап сияқты жемістер түтініне мас болғаны жөнінде кезінде Геродот та жазып кетті. Есірткіні тұтыну мәдениеті Шығыста - Үндістан, Қытайда, Араб елдерінде көбірек тараған. Еуропа мен Америкада есірткі заттарын тұтыну отарлық дәуірде тез тараған еді. Бұған химияның, көліктің дамуы, адамдардың көші-қоны, медицинадағы табыстар ықпал етті. Қазіргі кезде есірткі заттарын өсірудің ірі орталықтары Үндіқытайда, Колумбияда, Ауғанстанда жұмыс істейді.
Дамыған және дамушы елдердегі он миллиондаған адамдар есірткіні тұтынады. АҚШ-та, мысалы, олар 30 млн. адамнан асады. Есірткі проблемасы Ресейді де айналып өтпеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2002 жылдың соңына қарай нашақорлардың саны 3-3,5 млн. адамға артқан, ал есірткінің дәмін алғаш татқандардың жас мөлшері 11 жасқа дейін төмендеген. Бұл ұлттың денсаулығы мен генофонына өте қауіпті. Есірткі проблемасы балалар өлімі, жаңа туған балалардан бас тарту, білім деңгейінің төмендеуі, есірткі саудагерлерінің енуіне мемлекеттер шекараларының ашықтығы, заңнаманың жетілдірілмеуі, полицияның, кеденнің есірткі заттарын өсіруге, тасымалдауға, сатуға, таратуға жұмысының әлсіздігі сияқты әлеуметтік және саяси проблемалармен байланысқан.
ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz