Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері

Қазіргі уақытта әлемдегі барлық проблемалар түптеп келгенде экономикалық қал - жағдайға келіп тіреледі. Бұл ретте экономикалық жақтан гүлденіп, дамыған, дамып келе жатқан және даму жолына түскен, не болмаса артта қалған мемлекеттердің қай - қайсысында болмасын ерекше мән беруді талап ететін жеке адамдар мен топтар кездеседі. Айталық, ертедегі Спарта қоғамында ауру туған балаларды «өзіне де, басқаларға да зиянынан басқа пайдасы жоқ» - деп дереу көзін жойып жіберген.

Батыс Еуропа мемлекеттерінде және АҚШ - та ерекше көмекке мұқтаж адамдарды бір ұйымға біріктіріп, «проблемалы адамдарға» немесе «мүмкіндіктері шектеулі адамдар» деген мәртебемен барлығына бірдей өмір сүру шарттарын түзіп, кемістіктері мен ауытқуларына қарай әр түрлі іс шаралар қарастырылады.

ЮНЕСКО - есептеуіне сүйенсек, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың саны жылдан- жылға көбеймесе азаймайды екен. Осылайша қоғамда әдеттегі «қалыпты» дамыған адамдар мен қатар, одан ауытқыған адамдардың болуы заңдылық ретінде қарастырылады. Әр түрлі теріс әрекеттерге душар болған, мысалы, қылмысқа барған, ұрлық, қарақшылық зомбылық, маскүнемдік, нашақорлыққа салынған. Алғашқылардың арасында қоғамға пайдасынан зияны көп тиетіндері ерекше әлеуметтік қадағалу мен тәрбиені талап етеді. Сондықтан бұл жерде сол қалыптан тыс теріс ауытқудағы адамдармен жұмыс істеу қарастырылады.

Осылардың ішінде аса қауіпті қылмыскерлер, өз басына не басқаларға қауіпті іске баратындар, қоғамдық тәртіпті бұзушылар, заңсыз әрекеттерге баратын алаяқтар мен ұрылар, басқа да заң бұзушылар «қалыптан» ауытқушылар қатарына қосылады. Әлеуметтану ғылымында бұнда әрекеттерді «девиация» (ауытқу - отклонение) . Ол кезегінде істелген іс - әрекеттің сипатына және қоғамға тигізген зиянына байланысты, бірнеше топқа жіктеледі: Девиантты, деликвентті және криминалды жүріс - тұрыс.

Девиантты жүріс - тұрыс - бұған қалыптан ауытқудың бір түрі ретінде әлеуметтік жүріс - тұрыс ережелерін бұзған балалар мен ересек адамдар, жастар мен жасөспірімдер және жеткіншектер тарапынан істелген тәртіпсіздіктерді жатқызады.

Делинквинтті жүріс - тұрыстың девиантты қылықтардан айырмашылығы - тәртіп бұзушылық әдетке айналып, үнемі қайталанып, тұрақты мінез - құлық стереотипіне айналуы және соған қарамастан қылмысқа тартуға не жазалауға істеген күнәсін дәлелдеуге факты жетпеуі, не болмаса жасының жетпеген жеткіншек балалар кіреді. Деликвинтті жүріс - тұрыс түрлерін төмендегідей топтастыруға болады:

  • Белгілі бір тұлғаны кемсіту мақсатында істелген қаскүнемдік пен зорлық, қорлау, ұрып - соғу, кемсіту, өртеу, сындырып, бүлдіру.
  • Жеке басының мүддесі ұсақ - түйек қылмыстар жасау, мысалы, ұрлық істеу, біреудің машинасын не басқадай дүниесін тартып алу, т. б.
  • Наша секілді зиянды заттарды тарату және сату.

Криминалды жүріс - тұрысқа құқық бұзғандар жатқызылады. Қылмыстары девиантты немесе деликвинтті сипатта жіктелетін балаларды жас ерекшелігіне қарай заң бойынша жазалау қарастырылған.

Қоғамдық тәртіптің қалыбынан шығу, ауытқуына қарай төмендегідей сипаттамалар беруге болады:

  • Қылмыс түрлері мен сипатына қарай;
  • Деңгейі және көлеміне немесе масштабына қарай - жеке, ұйымдасқан топтық, көпшілік болып бөлінеді;
  • Құрылымына қарай - әлеуметтік топ, балалар, жеткіншектер, қыздар, қылмыстық топтар;
  • Қоршаған ортаға байланысты - отбасындағы келісе алмаушылықтан, зорлық пен жәбірлеу, ұрып - соғу немесе өз басына байланысты.

Девиация типтері және басты тұжырымы. Дене кемшілігі барлар қатарына: туа біткен дене кемшілігі бар техногендік немесе тұрмыстық жағдайлардан мүгедектер қатарына қосылғандар, тұқым қуалайтын не жұқпалы ауруға ұшырағандар, табиға апаттар мен құбылыстардың салдарынан денесі не психикасы зақымданғандар кіреді.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1980 жылы қабылданған тұжырымдаманың британдық варианты бойынша дене кемістігіне байланысты топтастырудың үш түрі бар:

  1. Туа біткен және созылмалы ауруға ұшыраған адамдар - физиологиялық, анатомиялық және психикалық қызметі бұзылып еңбекке жарамсыз болып қалғандар.
  2. Қабілеті шектеулі адамдар - өз алдына іс - әрекетке бара алмайтындар мен кемтарлық нәтижесінде іс қимылы шектеулі, адамдар.
  3. Мүгедектер - өз алдына күн көре алмайтын, басқа бір адамдардың көмегіне күнделікті мұқтаждар.

Дене кемістігі немесе мүгедек, психикасына зиян келгендер немесе психикалық ауытқулары барлар педагогикалық және әлеуметтік ауытқулар деп мына кестедегідей қарасытуға болады.

Девиациялық мінез - құлықтың қалыптасуы қоғамдық ортаның әсерін зерттеген фр. Психологы Э. Дюркгейм (1858 - 1917) «Анома» теориясын жасаған . Анома - мемлекеттің өз азаматтарының жүріс - тұрысын басқара алмай қалуын білдіреді. Анома сөзі грек тілінен аударғанда заңсыз қалыпсыз, басқарусыз деген мағынаны білдіреді. Бұл теория бойынша қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты фактор - ондағы адамдардың береке бірлігіне байланысты.

Дене кемістігі
Психикалық ауытқулар
Педагогикалық ауытқулар
Әлеуметтік ауытқулар
Дене кемістігі: Созылмалы не туа біткен аурулар, көруі, естуі нашар, аяғы кемтар не мүгедектер, т. б.
Психикалық ауытқулар: Ырық эмоциясы нашар, ақыл есінен ауытқыған жүйке жүйесіне зақым келген, санасының дамымауы, сезімінің бұзылуы, т. б.
Педагогикалық ауытқулар: Оқуға қызықпау, білім алмай қалуы, кәсіпке ие болмауы не қызықпауы, тәрбиедегі кемшіліктер, т. б.
Әлеуметтік ауытқулар: Жетімдік, маскүнемдік, нашақорлық қараусыз қалу, қылмыскер, үйден қашу, тәртіп, заң, құқық бұзу, т. б.

Жеткіншек балалар арасындағы девиант және оларға әлеуметтік - педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагогикада жасөспірімдер арасындағы девиацияның басты себептері осы жас кезеңіндегі ерекшеліктерімен байланыстырады, өйткені жеткіншектер қоғамдағы жақсы жаман нәрселерді барлығын лакмус қағазындай өз бойына жылдам сіңіріп алады. Педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында осы жас кезеңін «өтпелі», «тұрақсыз», «күрделі» дейді.

Баланың мінез - құлқының қалыптасуына тигізетін әсерін әлеуметтік педагогикалық мәселе тұрғысынан қысқаша былай көрсетуге болады:

  1. Баланың анатомиялық және физиологиялық дамуы талапқа сай келмейтін жағдайларда өтсе, оның әлуметтенуі күрделенеді.
  2. Психологиялық факторлар: Жүйке жүйелерін қозу және тежеу үрдістерінің әлсіздігі, мінез - құлқының жылдам бұзылуы, психопатия, психиатриялық не дәрігерлік көмекке мұқтаждық.
  3. Әлеуметтік педагогикалық факторлар: отбасындағы, қоғамдағы, мектептегі тәрбиенің кемшілігі мен қателіктері баланың жеке және жас ерекшеліктерінің ескерілмеуі, білім алуға қызықпауы және үлгермеуінің нашарлығы.
  4. Әлеуметтік экономикалық факторлар. Қоғамдағы адам құқықтарының бұзылуы мен әділетсіздік, адамдар арасындағы материалдық экономикалық айырмашылық, жалпы көпшілік халықтың кедейленуі, еңбекақының жеткіліксіздігі әлеуметтік ахуалдың нашарлауы да девиантты мінез құлықтың туындауына алып келеді.
  5. Құлықтық әдеп факторлары. Қоғамдағы адамддардың жүріс тұрыс мәдениетінің төмендеуі мен көпшілік ортада өмір сүру ережелерінің сақталмауы құлықтық әдеп құндылықтарының жоғалуы, ізгілік пен мейірім, физиологиялық, психологиялық дамуы, әлеуметтік ахуалының өзгеруімен сипатталады.

Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы психологиялық және педагогикалық мәселе ретінде

Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың іс-әрекеттерінің іздерін байқаймыз. Бұл іс-әрекеттері қазіргі қоғамдық ғылым тілінде девиантты мінез-құлық деп аталады (өзін-өзі өлтіру, нашақорлық, басқаларға агрессивті әрекет, қылмыстық) .

Негізге алынатын факт ретінде, біз девиантты мінез-құлық-бұл жүйелі немесе көпжақты анықтаушы (полидетерминтті) құбылыс. Аталған құбылыс пайда болу тарихы, макроәлеуметтік. Әлеуметтік-психологиялық және жеке тұлғалық факторлар бірлесе әрекет етеді. Сондықтан да девиантты құбылыстарының себептерінің жиынтығын зерттеу пәнаралық ғылыми міндетті қамтиды. Ғылыми пәндер салаларының ешқайсысында да осы құбылыстарды түсіндіруге және олардың қоғамдық әрекеттерінің алдын алу шараларын даярлауға қажетті барлық ұғымдар құралған жоқ. Тек қана жалпыға танымал ғылымдар тобы: әлеуметтану, психология, тарих, этнография, құқықтану, педагогика, психиатрия, генетика және т. б. девиантты құбылыстардың барлық «өлшемдерін» тұтас талдай және алынған мағлұматтарды ұйымдастыра алады. Осының барысында психология тұлға деңгейінде девиантты мінез-құлықтың нақты генезисін де («предивиантты синдромды» сипаттай отырып), қоғамдық санкциялардың басты амал-тәсілдерін де, соның ішінде емдеу мен ресоциализацияны да анықтап түсіндіреді.

Осы бөлімнің міндеті «мінез-құлықтағы ауытқушылық (девиация) » ұғымын анықтау болып табылады. Девиация (ауытқушылық) көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан (моральдық, әлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық есептеледі. Психологияда адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-әрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен қатар «мінез-құлық» термині кең қолданылады. Кез келген мінез-құлыққа баға беру әрдайым қандай да бір нормамен салыстыруды қажет етеді. Алайда, өкінішке орай, барлық мүшелері жалпы нормативті талаптарға сай әрекет ететін қоғам жоқ. Ауытқушылық әртүрлі формада кездесуі мүмкін:дарындылар, дуаналар, тақуалар, әулиелер, қылмыскерлер және т. б.

Әлеуметтануда ауытқыған мінез-құлықтың пайда болуының себептерін түсіндіретін бірнеше бағытты бөліп көрсетеді. П. Смелзер: «девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттерді түсіну қажет» деп жазған. Кейбір зерттеушілер аталмыш ұғмды анықтауда қосымша, дәлірек анықтайтын белгілерді енгізуді ұсынады. Сонымен, Роберт Мертон «Әлеуметтік құрылым және аномия» атты еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда болуының себептері қоғам ұсынған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқаша айтқанда, адамдар аномия күйіне әртүрлі жолдармен бейімделеді: конформизммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың әр алуан түрлерімен В. Фокс девиантты мінез-құлық «тәртіп бұзушыны түрмеге қамауға емесе басқа жазаға тартуға әкелетін, нормадан ауытқу» деп есептейді.

ХХ ғасырдың басында бихевиористтер мінез-құлық -психологиялық ғылым пәні деп жарияланғаннан кейін, адамның мінез-құлқы туралы ғылыми түсініктер кең тарала бастады. Мінез-құлық психологиясының негізін салушылардың бірі Джон Уотсон (1931) мінез-құлық туралы мынадай пікір айтқан: «мінез-құлық жұмыртқаның ұрықтануы кезінде пайда болатын және ағзаның дамыған сайын күрделенетін үздіксіз белсенділік ағыны».

Қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты зерттеу ек бағытта қарастырылады: біріншісі-психикалық денсаулық нормасынан ауытқыған мінез-құлық ретінде (жүйке аурулары, психосоматикалық бұзылулар, паталогиялық күй жене т. б. ) ; екінщісі-«әлеуметтендіру -дезадаптация-оқшаулау» құқықтық, мәдени және әлеуметтік нормаларды бұзуымен байланысты әлеуметтікке қарсы мінез-құлық.

С. А. Белиева девиантты мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:

а) пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теіс қылық. Бұлар:ұрлық, тонау, алыпсатарлық, алаяқтық және т. б. ;

ә) қастандық бағыттар: жеке тұлғаға қарсы бағытталған әрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау және т. б. ;

б) әлеуметтік енжар түрлері:белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық міндеттерден бас тарту, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге құлықсыз болу. Бұл топқа жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне қол жұмсау және т. б. жатады.

Даму мен мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалар санының артуы, әлеуметтік девиация мен мектепке бейімделмеудің оқушылар арасында көбеюі «Девиантология» курсын енгізу қажеттілігін тудырды. Аталмыш курс студенттерді дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар балалармен жұмыс істеуге, сонымен қатар оларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуге даярлауды, болашақ мұғалімге психологиялық және педагогикалық түзету жұмыстары әлеміне енуге көмектесуді, бұндай балалармен жұмыс істеудің алдын алу шараларымен таныстыруды көздейді. Дамуында кемшіліктері мен мінез-құлқында ауытқулары бар кәмелетке толмаған балалармен жүргізілетін тәрбиелік -алдын алу және түзету жұмыс осы уақытқа дейін оқыту үрдісін баланың жеке тұлғасын «қайта шыңдауға», «қайта жасауға» бағыттайтын қайта тәрбиелеу педагогикасына негізделген әкімшілік-жазалау тұжырымына сүйеніп жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған балалардың девиантты мінез-құлқының алдын алу мен психологиялық және педагогикалық үрдісті ізгіліктендіру мен дарашылдандыру қағидаларына сүйенетін тиімді және нәтижелі жолдарын қолдану қажеттілігі туындады. Сондықтан да мінез-құлық пен дамудағы ауытқушылықтармен жүргізілетін түзету психологиялық және педагогикалық жұмыстардың болмысы мен табиғатын анықтау үшін арнайы білім беру мекемелерінің ғылыми жаңалықтарына, алдын алу психологиясы мен арнайы педагогика салаларындағы ғылыми зерттеулерге баса назар аудару қажет.

Жасөспірімдердің отбасы мен мектептегі педагогикалық және әлеуметтік жолдан ауытқуының теориялық-әдістемелік негіздері.

Қазіргі психологияда девиантты мінез-құлық пен соған лайық заң бұзушылықтардың бастауын әлеуметтік мәдени және педагогикалық қараусыз қалушылықтан іздеу қалыптасқан.

Ауытқыған мінез-құлық табиғаты әртүрлі. Мінез-құлықтағы бұзылулар тұлғаның ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырылады. Абрумова А. Г., Жезлова Л. Я. девиантты мінез-құлық түрлерінің әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген тұжырымын ұсынады. Олар балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді:

  1. Тәртіпке қарсы мінез-құлық;
  2. Антиәлеуметтік (қоғамға қарсы) ;
  3. Делинквентті (құқыққа қайшы келетін) ;
  4. Прессивті мінез-құлық

Девиантты мінез-құлықтың тәртіпке қарсы түріне оқу-тәрбиелеу мекемелерінде қалыптасқан режим мен тәртіпті бұзу жатады. Мысалы: сабақтан күнделікті қалу, оқу тапсырмаларын орындаудан бас тарту және т. б.

Антиәлеуметтік мінез-құлыққа мінез-құлықтың көпшілік мақұлдаған өнегелі нормаларын мойындамау мен орындамауға байланысты қылықтарды, оқу мен еңбек әрекеттерінен бас тартуды, кезбелікті, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуді, сексуалды ұстамсыздықты, ішімдік ішу, нашақорлық, улы заттарды қолдануды жатызуға болады.

«Делинквентті мінез-құлық» ұғымы кәмелетке толмағандар құқықты бұзу әрекеттерін жасаған кезде ғана қолданылады. Бұған-біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау сынды заң бұзушы әрекеттер жатады. Бұндай жағдайда емдеу мен оңалту мақсатында дер кезінде диагностика жасау, сонымен қатар мінез-құлықтың бұзылуының ең ауыр формалары мен баланың жеке тұлғалық дезадаптациясының алдын алу қажет. Оларға әртүрлі этиологияның көптеген психикалық күйлері, есаландықтың және мінез акцентуациясының кейбір формалары, тұлғаның психогенді шартты патомінездік жауаптары жатады.

Психологияда «қиын» бала туралы бірыңғай түсінік, оның мінез-құлқына диагностика жасау мен түзетуге және тұлғалық дамытуға қатысты бірыңғай тәсіл жоқ. «Қиын жасөспірім» ұғымының өзі кең тараған әлеуметтік стереотип формасына ие болған. «Қиын» стереотипінде қоғамға қауіпті белгілі мінез-құлықтар бар және ол балалардың өздері де, ересектер де жете түсінетін толық анықталған типтік және әлеуметтік қасиеттер жиынтығын қамтиды.

«Қиынның» мінезіндегі ерекшеліктер:

  1. Өз нормалары, түсініктері, жаргондары, жалған аттары мен беделді адамдары бар белгілі бір көшелік субмәдениетк, яғни белгілі бір топқа ену. Бұл топ оның референттік тобын алмастырады және оның әлеуметтену үрдісін бағыттайды;
  2. Мектеп, отбасы тарапынан жүргізілетін тәрбиелеу жұмыстарына белсенді қарсылық білдіру, әлеуметтік құндылықтарды қабылдамау. Ол тек нашар оқып қана қоймайды, бұны мақтан тұтады, ішімдікті ішіп қана, темекіні шегіп, балағат сөздер айтып қана қоймайды, ол бұны мақтан етіп, батырсынады;
  3. Өзіндік сананың қалыптасу үрдісі қиындайды. Ол өзінің мінез-құлқын, іс-әрекетін өзі шынайы сын тұрғысынан бағалай алмайды немесе өзін формальды емес тобының ұстанымы тұрғысынан бағалайды немесе психологиялық қорғаныстың әртүрлі амалдарын қолданады.

Қазіргі замаңғы ресейлік әлеуметтануда Я. И. Гилинскийдің ұстанымы айрықша қызықты, ғалымның пікірінше, девиацияның бастау көзі-қоғамда әлеуметтік теңсіздіктің, әртүрлі әлеуметтік топтардың өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіншіліктері арасындағы айырмашылық деңгейінің өте үлкен болуы. Жеке тұлғалық мінез-құлық деңгейіндегі девиацияның ең жалпы себебі-жеке тұлғаның объективті қасиеттерінің, соның ішінде оның талаптарының, қабілеттерінің, сонымен қатар әлеуметтену үрдісінде қалыптасқан қасиеттердің қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі алатын позиция талаптарымен сәйкессіздігінің нәтижесі ретінде «әлеуметтік тәртіпке келтірмегендік» болып табылады.

Әлеуметтану ғылымында жеке тұлғаның әлеуметтену тетіктері мен салаларының ара жігі ажыратып көрсетіледі. Әлеуметтену тетігі-бұл адамның әлеуметтік ақпаратты қабылдайтын және меңгеретін тәсілдері. Психологтардың пікірінше, олардың қатарына сендіру, бейімделу, көндіру, еліктеу, басқару, үйрету және т. б. жатқызу қажет.

Мектептегі құқықтық әлеуметтену екі бағытта жүзеге асады. Біріншіден, бұл арнайы сабақтардағы тікелей құқықтық әлеуметтену, бұндай сабақтарда оқушыларға мемлекеттік құрылым, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен қызметтері туралы айтылады, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және т. б. туралы түсіндіріледі. Екіншіден, құқықтық әлеуметтенуге оқушылардың құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулері септігін тигізеді. Осы аталған кездесулерде оқушыларға құқықтық нормаларды бұзбау қажеттілігі түсіндіріледі және соттық тергеу әрекеттерінің мысалдарына сүйеніп, заң бұзушылықтың салдары таныстырылады. Біздің елімізде тікелей құқықтық әлеуметтендіру мектеппен ғана шектелмейді. Бұндай жұмыстар еліміздің барлық жоғары оқу орындарында жалғастырылып, студенттер құқық негіздері және заң психологиясы және т. б. сияқты пәндерді оқиды.

Жасөспірімдердің қылмыскерлігі және оның алдын алу шараларының психологиялық және педагогикалық негіздері

Мінез-құлықтың бұзылуы немесе әлеуметтік бейімдеушілік деп мінез-құлықтың әлеуметтік тұрғыдан мақұлданбаған формаларының пайда болуын атайды. Бұл формалар соншалықты әр алуан болғанымен, олар басқа жасөспірімдермен және үлкендермен жаман қарым-қатынастармен сипатталады. «Қиын» жасөспірімдердің мінез-құлқындағы бәріне ортақ негізгі кемшіліктер: адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың өнегелі нормаларына жағымсыз көзқарас (дөрекілік, қыңырлық, өтірік айту, қатыгездік, тәртіпсіздік және т. б. ), оқу жұмысындағы жағымсыз қылықтар (жалқаулық, көңіл қоймаушылық, интеллектуалды енжарлық, танымдық қызығушылықтың болмауы және т. б. ), сонымен қатар екі түрдің жағымсыз қасиеттерінің бір мезгілде көрініс табуы.

«Қиын» жасөспірімдерге психологиялық және педагогикалық түзету жұмыстары дер кезінде жүргілмесе, олар тұрақты асоциалды мінез-құлықпен және заң бұзушылыққа бейімділікпен сипатталатын санатқа өтіп кетуі мүмкін.

Кәмелетке толмағандардың заң бұзушылық әрекеттерінің мөлшерінің төмендегі жіктелімі ұсынылады:

  1. Биологиялық мотивтер, бұл мотивтер ағзаның физиологиялық тіршілік етуін қамтамасыз етеді (жасөспірім өзін, ішімдікке салынған ата-анасын, інілері мен қарындастарын асырайды) : тамақ, отын ұрлау және т. б. ;
  2. Инфантилді мотивтер:өзін-өзі асырау немесе олжа табу мақсаттары болмайды, романтикалық және шытырман реңкті мақсаттар басым болады, . Мысалы, топта бос уақытты «қызықты» өткізу мақсатында дүңгіршекті тонау: ұрланған заттарды бағаламайды, тамақ пен ішімдіктің қалғандарын басқаларға берулері мүмкін;
  3. Референтті топқа еліктеу реакциясы шеңберінде өзін-өзі таныту мотивтері, мұнда топтық заң бұзушылықтардың әртүрлі варианттары байқалады;
  4. Материалды қамтамасыздану мақсатындағы пайдакүнемдік мотивтер.
  5. Туысқандар мен жақындардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандырушы жалпы адамзаттық мотивтер. Мысалы, өзі немесе інісі үшін велосипед ұрлау, қарындасы үшін ойыншықтар ұрлау және т. б.
  6. Агрессивті мотивтер. Бұндай мотивтер бұзақылыққа, вандализм актілеріне, кек алу, өлтіру және т. б. бағыты бойынша дифференцивті және дифференцивті емес әрекеттерге әкеледі;
  7. Қорқыныш мотиві екі жақты болуы мүмкін: а) топтың мүшелеріне немесе оның басшысына психологиялық тәуелді болу. ә) күштеп бағындыру және қоқан лоқы көрсету арқылы бағындыру. Дәл осы жерде мотивтер күресі анық көрінеді.

Жасөспірімдердің ішімдікке деген қатынасы және оны қолдануға мотивациясы бойынша, жасөспірімдер төмендегі типологияға бөлінеді:

  • «әуестікпен» ішімдік ішуді бастағандар;
  • Өзін-өзі тұрақтандыру мақсатында ішімдік ішетіндер;
  • «ляззат алуды» жақсы көретіндер;
  • «алкогольдік эстеттер»;
  • батылдылар;
  • ішімдікке тәуелділер.

Улағыш заттарды қолдану мотивтері ішімдікті қолдану мотивтерімен сәйкес келеді. Ең кең тарағандары:

  • құмарлықпен қолдану;
  • батырлығын көрсету;
  • өзі сияқтылардың ортасында өзін-өзі танытуға ұмтылыс;
  • топтық іс-әрекеттер («біреуге серік болу үшін») ;
  • «ляззат» алуды қалау;
  • Көңілін көтеруді қалау;
  • Шынайы өмір мәселелерін ұмытып, галлюцинация әлеміне енуді қалау;
  • Асоциалды және криминалды әрекеттердің басқа түрін істеу алдында психологиялық кедергіні жою (топтық жыныстық қатынас жасар алдында, қылмыс жасар алдында және т. б. ) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез - құлықтың ауытқушылығының себептері
Әлеуметтік бақылау
Жастар арасында девиантты мінез - құлықтың қалыптасуы
Құқық бұзушылық және құқықтық мәдениет
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Девиантты мінез-құлық -әлеуметтік педагогика мәселесі
Отбасымен, жасөспірімдермен және жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу
Девиантты мінез - құлыққа жалпы анықтама беру
Девиантты мінез - құлықтың теориялық негіздері
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz