ДЕВИАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ


ДЕВИАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын өз халқына арналған Жолдауында адамдардың дұрыс мінез-құлқының дамуына баса назар аударды. Бүгінгі күнде әлеуметтік, саяси нормалар саласы үлкен өзгерістерге ұшырауда.
Әр қоғамның әлеуметтік, саяси норма туралы өз түсінігі бар, демек, девиация туралы да өз түсінігі бар деген сөз. Сонымен бірге әлеуметтік, саяси нормалардың сол қоғамдағы әртүрлі таптар мен топтарға тән айырмашылығы да баршылық. Сонымен, мінез-құлық, қоғамдық пікірден қолдау таппайтын, девианттық деп аталады. Бұл: билетсіз жол жүруден бастап адам өлтіруге, отанын сатуға дейінгіні қамтитын мейлінше кең құбылыстар тобы. Девиант кең мағынасында - жолдан тайған немесе нормадан ауытқыған кез келген адам. Мәселені осылай қойған кезде ауытқудың түрлері мен көлемдері туралы да айту жөн. Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмыс, алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, құмар ойындар, психикалық бұзылу, өзіне-өзі қол салу (суицид) жатады. Тар мағынада девианттық мінез-құлыққа қылмыстық жауапқа тартылмайтын ауытқушылықтар түсініледі. Басқаша айтқанда, бұлар заңға қайшы келмейтін ауытқушылықтар. Заңға қарсы қылықтар немесе қылмыстар жиынтығы әлеуметтануда - делинквенттік (сөзбе-сөз - қылмыстық) мінезқұлық деген ерекше атқа ие болды.
Девианттық мінез-құлық - бұл көпшілік таныған құқық, саясат, мораль, әдетғұрып, салт-дәстүр нормаларынан ауытқу, көпшілік мойындаған нормаларды, ережелерді бұзуға жеткізетін және әлеуметтік топтар, халық немесе қоғам тарапынан оған басқаша жауап беру қажеттігін тудыратын адамдардың немесе олардың топтарының әлеуметтік-саяси әрекеті, қылығы. Әлеуметтік, саяси нормалар мен ережелерді бұзу маңызды және маңызсыз, саналы және санасыз болуы мүмкін. Қоғамдық нормалар мен ережелердің бұзушылығының барлығы девианттық мінезқұлыққа жатады. Осыдан кейін девианттық мінез-құлық әртүрлі формаларға бөлінеді. Қазіргі жағдайда девианттық мінез-құлықтың негізгі формаларына, қылмысты, ішімдікке салынуды, нашақорлықты, өзіне-өзі қол салуды, психологиялық ауытқуды жатқызуға болады.
Қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты зерттеу екі бағытта қарастырылады: біріншісі-психикалық денсаулық нормасынан ауытқыған мінез-құлық ретінде (жүйке аурулары, психосоматикалық бұзылулар, паталогиялық күй жене т. б. ) ; екінщісі- «әлеуметтендіру-дезадаптация-оқшаулау» құқықтық, мәдени және әлеуметтік нормаларды бұзуымен байланысты әлеуметтікке қарсы мінез-құлық.
С. А. Белиева девиантты мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:
а) пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теріс қылық. Бұлар:ұрлық, тонау, алыпсатарлық, алаяқтық және т. б. ;
ә) қастандық бағыттар: жеке тұлғаға қарсы бағытталған әрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау және т. б. ;
б) әлеуметтік енжар түрлері:белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық міндеттерден бас тарту, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге құлықсыз болу. Бұл топқа жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне қол жұмсау және т. б. жатады. Сондықтан да мінез-құлық пен дамудағы ауытқушылықтармен жүргізілетін түзету психологиялық және педагогикалық жұмыстардың болмысы мен табиғатын анықтау үшін арнайы білім беру мекемелерінің ғылыми жаңалықтарына, алдын алу психологиясы мен арнайы педагогика салаларындағы ғылыми зерттеулерге баса назар аудару қажет.
Мектептегі құқықтық әлеуметтену екі бағытта жүзеге асады. Біріншіден, бұл арнайы сабақтардағы тікелей құқықтық әлеуметтену, бұндай сабақтарда оқушыларға мемлекеттік құрылым, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен қызметтері туралы айтылады, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және т. б. туралы түсіндіріледі. Екіншіден, құқықтық әлеуметтенуге оқушылардың құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулері септігін тигізеді. Осы аталған кездесулерде оқушыларға құқықтық нормаларды бұзбау қажеттілігі түсіндіріледі және соттық тергеу әрекеттерінің мысалдарына сүйеніп, заң бұзушылықтың салдары таныстырылады. Біздің елімізде тікелей құқықтық әлеуметтендіру мектеппен ғана шектелмейді. Бұндай жұмыстар еліміздің барлық жоғары оқу орындарында жалғастырылып, студенттер құқық негіздері және заң психологиясы және т. б. сияқты пәндерді оқиды.
Психопрофилактикалық жұмыс барлық үш деңгейдегі іс шаралар кешеніне кіре алады. Психопрофилактикалық жұмыстың бірнеше формалары бар:
• Әлеуметтік ортаны (отбасы, әлеуметтік топ, нақты тұлға) ұйымдастыруға :салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жасалатын әлеуметтік жарнама БАҚ, жастардың субмәдениетімен жұмыс. • Мәлімет беру (дәрістер, әңгімелесулер, арнайы әдебиеттерді, видео және телефильмдерді тарату) ;
• Әлеуметтік тұрғыдан маңызды дағдыларды белсенді әлеуметтік үйрету;
Аталмыш үлгі көбінесе топтық тренингтер формасында жүзеге асады. Қазіргі кезде төмендегідей формалар кең тараған.
1. Резистенттілік (әлеуметтік жағымсыз әсерге тұрақтылық) тренингі. Тренинг барысында девиантты мінез - құлыққа нұсқаулар өзгереді, жарнамалық стратегиялады тани білу дағдыларын қалыптастыру, құрдастар қысым көрсеткен кезде “жоқ” деп айту қабілетін дамыту, ата - аналар мен басқа үлкендердің (мысалы, ішімдік ішетіндердің) ықтимал жағымсыз әсері туралы ақпарат беріледі.
2. Ассертивтілік тренингі, немесе аффективті - құндылыққа үйрету тренингі. Ол девиантты мінез - құлық эмоционалды ауытқушылықтармен тікелей байланысты деген түсінікке негізделеді. Аталмыш мәселенің алдын алу үшін жасөспірімдер эмоцияларды жеңе білуге үйретіледі.
3. Өмірлік дағдыларды қалыптастыру тренингі. Өмірлік дағдылар дегеніміз - тұлғаның ең маңызды әлеуметтік іскерліктері. Ең алдымен, бұл қарым - қатынас жасау, достық байланыстарды сақтау және тұлғааралық қарым - қатынастардағы қақтығыстарды шешу іскерлігі, сонымен қатар бұл өзіне жауапкершілік алу, алдына мақсат қою, өз ұстанымы мен мүддесін қорғау қабілеті;
• Девиантты мінез - құлыққа альтернативті әрекет ұйымдастру (таным, өзін - өзі сынау, қарым - қатынас, махаббат, шығармашылық, әрекетшілдік) .
• Салауатты өмір салтын ұйымдастыру (дұрыс тамақтану, таза ас, жүйелі физикалық жұмыс көлемі, еңбек және демалыс режимін сақтау, табиғаттпен қарым - қатынас, нысапсыздықтан аулақ болуы) және т. б.
• Жеке тұлғалық ресурстарды белсендіру (спортпен шұғылдану, шығармашылықпен айналысу, топтық тренингтерге қатысу, арттерапия) және т. б.
• Девиантты мінез - құлықтың жағымсыз салдарын азайту (мәлімет беру, топтық пікірталас, тренингтік жаттығулар, рөлдік ойындар, әлеуметтік тиімді мінез - құлықты үлгілеу, психотерапевтік әдістемелер) және т. б.
• Қолданылған әдістерге байланысты, психопрофилактикалық жұмыс тренингтер, білім беру бағдарламалары (мектептік арнайы курс), психологиялық кеңес беру, дағдарыстық көмек (сенім телефоны) формасында, сонымен қатар шекаралық күйлер мен жүйкелік психикалық ауытқулардың психотерапиясы формасында жүзеге асыруға болады.
• Кешенділік (әлеуметтік кеңістіктің, отбасыны және тұлғаның әртүрлі деңгейлеріне әсерді ұйымдастыру) .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы». Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: «тәртібі нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын» тағы басқа. Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығуларының жоқ екені, олар мектепке де сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен дайын заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген.
Қазіргі кезде оқу-тәрбие үрдісіндегі ең негізгі және күрделі мәселелердің бірі - «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақытта оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттер өте жиі кездеседі. Статистика бойынша балалардың мұндай жағымсыз әрекеттері жылданжылға күрт өсуде.
«Девиантты мінез-құлық» терминін психологияда көбіне жастық категориямен, яғни жасөспірімдік кезеңмен байланыстырады. Бұның себебі жасөспірімдік кезең әлеуметтік-мәдени өзгерістерге және әлеуметтік жағдайлардың дамуына жоғары сензитивтілікпен ерекшеленеді. Дәл осы жаста баланың мінез-құлық девиациясы отбасы, мектеп ұжымы шекарасынан шығып, қиын мәселені туындатып, қоғамға, өзіне қауіп төндіре бастайды. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуы мен салдары оның тұлға ретінде дамуына қатты әсер етуі мүмкін.
Жалпы, баланың қиын тәрбиеленуі, қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауын ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды. Соған орай көптеген әдебиеттерде «қиын бала» түсінігінің орнына «девиантты» терминінің қолданылуы жиі кездеседі. Жалпы, «қиын мінез-құлық», «девиантты мінез-құлық», «ауытқыған мінез-құлық» түсініктері синонимдер болып табылады. Қиын бала туралы ұғымда қай терминді алсақ та қателеспейміз.
Девиацияның тағы бір себептерінің бірі - жасөспірімнің психикасының жас ерекшеліктері. Жаңа әлеуметтік құбылыс - жасөспірімнің даму кезеңіне ең бірінші болып назар аударған - Я. А. Коменский. Адам тибиғатына сүйеніп, ол өсіп келе жатқан ұрпақтың өмірін әрқайсысы алты жылға созылатын төрт жас кезеңіне бөледі. Ол есею шекарасын 6-12 жаста анықтайды. Оның пікірінше, есею ес пен елестің, оларды жүзеге асыратын дене мүшелері - тіл мен қолмен бірге дамуымен сипатталады.
Жасөспірімдік жасты бөлек бір кезең ретінде қарастырмау керек, оны даму динамикасында қарастыру қажет, себебі онтогенезде бала дамуының заңдылықтарын қарама-қайшылықтарды білмей, жасөспірімнің психикалық ерекшеліктерін айқындау мүмкін емес. Бұндай зерттеулердің негізінде тұлғаның дамуын үдеріс ретінде қарастыратын әрекеттік әдіс жатыр. Аталған үдерістің қозғаушы күштері: біріншіден, ішкі қарама-қайшылықтарды шешу, екіншіден, қалыптасқан қажеттіліктерді қайта құру мен жаңалардың пайда болуына жағдай жасайтын әрекет түрлерінің ауысы болып табылады. Зерттеу барысында (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин және т. б. ) қоғамға пайдалы әрекеттерде толық көрініс табатын өзара қарым-қатынастар нормаларын меңгеру жасөспірімдік жасқа әрекет екендігі анықталды. Осылайша, жасөспірімдік кезеңді зерттеу - әлі күнге дейін аяқталмаған, өте күрделі, көпсалалы үдеріс. Әлі күнге дейін оның барлық ерекшеліктері туралы біркелкі түсінік жоқ, психологтар арасында дау-дамай таусылмаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz