Девиация - әлеуметтiк - педагогикалық проблема



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Девиация - әлеуметтiк-педагогикалық проблема

Девиация кездейсоқ себептердiң әсерiнен заттың қалыпты жағдайынан ауытқуы деген мағынаны бiлдiредi. Жасөспiрiмдiк шақ - балалық шақтағы ең қиын және ең күрделi кезең. Бұл кезеңдi өтпелi кезең деп те айтады. Себебi бұл кезде жасөспiрiмдер балалық шақтан жiгiттiк шаққа өтедi. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерiстер болады. Ол физиологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік өзгерiстерден көрінеді.
Қоғамда қалыпты мiнез-құлықтан ауытқыған балаларды қиын немесе тәрбиесi қиын бала деп санау қабылданған. Тәрбиесi қиын балалардың әрекетiн девиация құбылысы деп атайды. Мiнез-құлқында, iс-әрекетiнде ауытқуы бар балаларға мыналар жатады:
- мектепке, сабаққа бармайтын балалар;
- жетiм балалар;
- әлеуметтiк жетiм балалар;
- улы заттар мен наркотиктер пайдаланатын жасөспiрiмдер;
- жеңiл жүрiске түскен жасөспiрiмдер;
- тәртiп бұзатын жасөспiрiмдер.
Девиация девиантты, деликвенттi және криминалды мiнез-құлықты қамтиды.
Девиантты мiнез-құлық деп мiнез-құлқындағы нормадан ауытқуы бар балаларды айтамыз. Бұл топтағы адамдарды тәртiпсiз, әдепсiз деп атауға да болады.
Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі - анық немесе жасырын психопотологияның барлығын білдіретін психикалық саулықтың қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық.
Екіншісі - әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын антисоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, оларды құқық бұзушылық деп қабылдаймыз да, ал салмақты болса әрі жазаланса қылмыс деп атаймыз
Делинквенттi мiнез-құлық. Бұл мiнездегi балалар девиантты мiнез-құлықты балалар қылығын қайталайды. Делинквентті мінез-құлықты балаларға мынадай қасиеттер тән:
- зорлық көрсету, балағаттау, ұрып кету, адамзатқа қарсы әрекеттер жасайды;
- материалдық пайда табуды көздейтін қоғамдық көліктердегі ұрлық, машина алып қашу және т.б. айналысады;
- наркотик сату, тарату және т.б.
Бұл мiнездегi балалардың сыртқы әрекеттерiнде ғана емес, iшкi дамуында да көп ауытқулар болады.
Криминалды мiнез-құлық заңға қайшы әрекеттерi арқылы анықталады. Жасына қарай қылмыс кодескiнiң белгiлi статьясына байланысты қылмыстық iс қозғайды. Олардың іс-әрекеттері қоғамға және қоршаған ортаға қауіп төндіреді деп табылады.
Заңды бұзатын, мiнез-құлқында ауытқуы бар балаларға тән сипат мыналар:
- қылмыс түрлерi мен адамзатқа жат қылықтар жасау;
- iшкi құрылымдық ауытқу (яғни ауытқу белгiлi бiр әлеуметтiк топқа байланысты болса);
- ауытқудың сыртқы ортаға бағытталуы (отбасындағы ұрыс-керiс нәтижесiнде қылмысқа барса) немесе өзiне зиян келтiрсе (алкоголизм және т.б.)
Жеткіншектегі ауытқыған жүріс-тұрыс өз-өзін дәлелдеп көрсету үшін пайда болады. Ғалым П. М. Якобсон мінез ауытқуларын оның ішкі түрткілеріне қарай негізгі үш түрге бөліп қарастырған:
1. Дүниеқорлыққа бағдарланған ауытқу.
2. Агрессивтілікке бағдарланған ауытқу.
3. Әлеуметтік-пассивтік ауытқу.
А. Е. Личко жеткіншектердің мінез ауытқуларының ішінде жүріс-тұрысынан көрініс беретін бірнеше түрлерін анықтаған. Олар:
1. Ішімдікке салыну (маскүнемдік). Бұл құбылыс күннен күнге көбейе түсуде. Бұл заңдылыққа сай мәселені салыстырмалы-әлеуметтік зерттеушілер мына тұжырымдарға келді:
- Әлеуметтік-құқықтық жағдайларды бұзатындар ішінде ішімдікті пайдаланатындардың жиі кездесуі;
- Ішімдік пайдалану әлеуметтік бақылаудың спецификалық түрлерімен байланысты. Кей жағдайларда бұл құбылыс белгілі бір қажетті ритуал элементтерімен байланысты болса, басқа жағдайларда жүріс-тұрысының антинормативтік көрінісі ретінде кездесуі;
- Ішімдік, әдетте ішкі комфорттан тасымалданып, тұлғаның өз тәуелділік сезіміне негізделеді.
1.Нашақорлық. Есірткілерді пайдаланған кезде жеткіншектер белгілі бір жаман қылық жасауы мүмкін. Осыдан қылмыс жасау, ұрлықтар, кісі өлтіру саны көбейеді.
2.Агрессивті мінез-құлық. Жеткіншектер агрессиясы олардың өмірлік сәтсіздіктерге ұшырауының нәтижесінде өз-өзін сыйлауының төмендеп, қатыгез адамға айналуымен сипатталады.
3.Суицидиалды мінез-құлық. Осы бағытта ғалым А.Е.Личко жеткіншектердің мінезіне зерттеу жүргізген. Нәтижеде 17 жастағы жеткіншектердің 32%-ы суицидалды әрекетті жасауға бел буғанын анықтаған;
Әлеуметтік ауытқуды С. А. Беличева девиантты мінез-құлық деп атап, оларды төмендегідей етіп топтастырды:
- Пайдақорлық бағыттағы девиация: материалды, ақшалай, мүліктен пайда табу (ұрлық, алдау, жымқыру, сату, т.б. құқық бұзу, түрлері);
- Агрессивті бағыттағы девиация: адамгершілікке кері бағытталған әрекеттер жасау (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау);
- Девиацияның әлеуметтік енжар түрі: әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид) белсенді өмір сүруден қашу, азаматтық жауапкершіліктен жалтару.
К. К. Платонов девианттық мінез-құлықты бес түрге бөліп көрсеткен:
1. Делинквенттік мінез-құлық (әрекетке шектен тыс күш салу);
2. Аддиктивті мінез-құлық;
3. Патомінездік мінез-құлық;
4. Психопатологиялық мінез-құлық;
5. Гиперқабілеттілік базасындағы мінез-құлық.
Деликвенттік мінез-құлық адамның көңіл көтеруінде т.с.с. әрекеттерден де көрінуі мүмкін. Жасөспірім қызығушылықпен немесе (компания) топ арасында тұрып балконнан төмен қарай өтіп бара жатқан өткіншілерге ауыр зат тастап, дәл тигізгеннен қанағаттануы мүмкін.
Психологиялық ашығудың девианттылыққа жетелейтіндігі ғылымда дәлелденген.Э.Берннің пікірі бойынша адамда психологиялық ашығудың алты түрі бар:
- сенсорлық стимуляцияға ашығу;
- өзгелерге өзін мойындату бойынша ашығу;
- қарым-қатынас жасауға ашығу;
- физикалық жақындасуға және сексуалдық қатынасқа ашығу;
- психологиялық құрылымдық ашығу;
- тіл табысуға келіспеушілік жағдайында ашығу.
Девиациялық мінез-құлықтың шегінде көрсетілген ашығу түрлерінің әрбірі өрши түседі. Адам ашығу сезіміне қанағат таппайды және осы ақиқат жағдайда сол ыңғайсыздықты шешуге ұмтылады.
Мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінез-құлықтың бұзылуы. Бұл әлеуметтік нормаға қарсы немесе агрессивті мінез-құлық (қарсы шығу, дөрекілік) көрсетуімен байланысты ерекшеленеді.
Әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы - әлеуметтік қоғамда қалыптасқан нормаларды бұзу, балаларға қатыгездік істеумен көзге түсетіндер.
Әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы. Мұндай мінез-құлық антиәлеуметтік тұрақтылық (ұрлау, өтірік айту, сабақ кезінде қыдыру, үйден кетіп қалу, дөрекілік) немесе агрессивті мінез-құлық қарым-қатынасқа тез түсетін балаларда көрінеді.
Делинквентті мінез-құлық. Бұл қылмысқа жатқызуға, соттауға болмайтын бұзақылық.
Ерте кезден ішімдік қолдану, наркомания. Ішкілік наркоманияның басы болып саналады.
Девиацидті сексуалды мінез-құлық. Бұл жеткіншектің жыныстық қарым-қатынасқа шектен тыс ұмтылуымен, бірақ онда жыныстық идентификацияның әлі толық жетілмеген сипатымен айқындалады.
Л.М.Анисимова психикалық дені сау үлкен адамдарға суицидалдық мінез-құлық түрінде байқалатын патологияға жатпайтын жағдаяттық реакцияның алты типін бөліп көрсетті:
- эмоциялық дисбаланс реакциясы (жағымсыз эмоциялық тітіркендіргіштердің басым түрге айналған бұзылысы);
- сары уайымшылдық жағдаяттық реакция (дүниені сезінудің өзгеруі; бұл жағдайда бәрі күңгірт, қалыптасқан жағдайдан шығатын жол жоқ, болашақтан күтетін еш нәрсе де жоқ сияқты сезіледі);
- теріс баланс реакциясы (өмірлік қорытындыларды ұтымды жүргізу, болашақты бағалауда жоғары сыншыл деңгейін көздейтін реакция);
- жұмылдыру реакциясы;
- қарсыластық реакциясы (байланыстардан, алғашқы әрекеттерден бас тарту жападан-жалғыз қалу сезімімен, тұйыққа тірелумен қоса жүреді);
- тәртіпке көнбеу реакциясы (мазасыздық күйді туғызады).
Гипермаскулиндік(әйелде еркекке ұқсас белгілердің болуы) мінез-құлық еркектік, тәуелсіздік, әдейі дөрекілік, шамшылдық қасиеттері арқылы байқалып, көбіне жанжалшылдықпен және айқын көрінетін қаталдықпен қоса жүреді. Мұндай жеткіншектер
еркелету мен аялаудан қысылады, таза әйелге тән істер мен қызығушылықтардан қашып жүреді.

Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері

В.Т.Кондрашенковтың тұжырымы бойынша балаларда кездесетін өзін-өзі сыйлауының төмендігі девиантты мінез-құлықтың барлық түрінде көрініс береді, сондай-ақ қылмыстық топқа ену арқылы құқық бұзушылық әрекетінің болуы, наша қолдану, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлық мәселесінің теориялық аспектілері
Алкоголизм және девиация мәселелері әлеуметтік проблема ретінде
Даму кезеңіндегі психологиялық ауытқушылық түрлері
Жастар арасында девиантты мінез - құлықтың қалыптасуы
Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымды тұжырымдау туралы
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі девионтологияның орны
Әлеуметтік бақылау
Девианттық-мінез құлықтың салдарының виктимдішлігі
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Қазақстандағы девиантты мінез құлықтың көріністері, оның алдын-алу
Пәндер