Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніңдегі тұжырымдамалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Э. Дюркгейм мен М. Вебердің әлеуметтану жөніңдегі тұжырымдамалары

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды, соларың арасында оның негізгі туындыларына Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы (1893), Әлеуметтанулық әдістің ережелері (1895), Өзіне-өзі қол салу (1897), Діни өмірдің қарапайым формалары (1912) жатады.
Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғьщан түсіндіруге қарсы шықты. Бұл көзқарастар бойьшша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады. Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатьш әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдап, индивидгердің, әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретіндегі қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар.
Дюркгейм социологизмінің басты принципі мен ерекшелігі - оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді. Бұның мәні- құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің тұтқасына айналуында. Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детерминация адамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмпирикалық өмірдің екі жағына айналады. Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді. Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар және құнды бағдарлар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары көрінді: егер де сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйенбей, қоғамның адамгершілік беделіне, адамдардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса, әлеуметтік нормалар да соғұрлым тиімді болады.
Э. Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақгалу керек, дейді ол. Өзіне дейінгілердің негізінен алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады. Оның пікірінше, әлеуметтану - әлеуметтік факторлар туралы ғылым. Бұл дегеніміз - адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси, құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықгарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік. Адамдардың күнделікті өмірде іске асыратын идеялары мен рухани құндылықтарын әлеуметтік құбылыстардың соңғы себептері ретінде қарастырады. Олардан кез келген әлеуметтік эволюцияның қайнар көзін көреді. Әңгіме ұжымдық сананың көрінісі ретіндегі идеялар мен рухани құндылықтар туралы болып отыр.
Жеке адамдарға қатысты әлеуметтік нормалар, құндылықтар және өзге де қоғамдық сананың көріністері объективті өмір сүреді. Әрбір адам қалыптасқан белгілі бір саяси, құқықтық, моральдық және басқа да нормаларға, құндылықтарға және әлеуметтік нұсқауларға кезігеді. Адам болса оларды меңгеруі қажет және күнделікті өмірде іске асыруы тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм әлеуметтік фактілердің екі негізгі белгілерін көрсетеді: жеке индивидтерге қатысты олардың объективтік өмір сүруі және олардың адамдарға мәжбүр ету ықпалы. Осылар арқылы Дюркгейм адамға әлеуметтік тіршілік иесі деп қарайды, оның дамуы мен қызметі әлеуметтік нормалар жарлықгардың ықпалымен жүреді. Әлеуметтік фактілердің ортақ рухани табиғаты және мәні бар. Олардың бәрі топтық немесе бұқаралық сананың көрінісі. Олар адамдарға ұйымдасқан саналы ықпал етеді және әлеуметтік институттар, соның ішінде құқықтық, діни, т.б. арқылы жүзеге асады.
Дюркгейм қоғамдық болмыс формасы немесе қоғам құрылымы мен жеке материалдық бөлімінің формасын қарастыратын әлеуметтік морфология деп аталатын фактіні ұжымдық сана немесе түсінікке қарсы қойды.
Морфологиялық фактілер -- материалдықты қоғамның сандық аспектісін, оның субстратын, ал ұжымдық сана рухани, саналы аспекті больш саналатын ұжымдық түсінікті құрайды. Сөйтіп, Дюркгеймнің әлеуметтік фактілер жөніндегі ілімінде қоғам мен тұлғаның өзара әрекетін түсінуге мүмкіндік беретін қажетті, маңызды ережелер қальштасқан, топтық, ұжымдық сананың рөлі көрсетілген. Осының бәрі әлеуметтанудың ғылым ретіндегі шынайы пәні болып саналады.
Дюркгеймнің қоғамда болатын Қалыптылық пен патологияның өзгешеліктері туралы, әлеуметтік аурулар және оларды жоюдың жолдары жөніндегі ілімдері аса маңызды. Қальшты және патология қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды, соның ішінде қылмыстарды, дағдарыстарды, т.б. интерпретациялауда қолданылға. Дюркгеймнің пікірі бойынша, нормальды -- бұл әлеуметтік организм ретіндегі қалыпты өмір сүру жағдайынан келіп шығады. Қылмыс және басқа да әлеуметгік аурулар қоғамға зиян келтіріп, жат қылыққа ұшыратса да, қалыпты болып саналады, өйткені олар белгілі бір қоғамдық жағдайда ірге тепкен және пайдалы да қажетті қоғамдық қатьшастарды қолдап отырады.
Өзі кең түрде қолданып келген оның қалыпты түсінігі Дюркгеймді күтпеген қорытынды жасауға, кейде релятивизмге әкеп соқтырды. Мысалы, кез келген қоғамда кездесетін қылмысты ол қалыпты құбылыс ретінде қарастырды. Керісінше, XIX ғасырдың соңында өзін-өзі өлтірушілердің санының артуы және экономикалық дағдарыстың кейбір типтері патологиялық деп сипатталды. Қоғамның қалыпты қалпын жоспарлы экономиканың дамуы және еңбек қатынастарын нормативпен реттеуден туады деп түсіндірді.
Сонымен қатар әлеуметтік саулық, Дюркгеймнің пікірі бойынша, индивидтің, ұжымның немесе қоғамның өмірлік күштерінің қалыпты дамуында, олардың орта жағдайларына бейімделу қабілеттерінде, оларды өз дамуларына қолдана білуінде. Қоғамның дамуына және адамдардын. тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал ететіндердің бәрі пайдалы және қажетті деп танылуы керек. Қоғамның ауруы оның кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Егер қоғам тұтастай ауру болса, оны әмбебап емдеу қажет. Дюркгейм қоғамның моральдық және саяси сауығуына үлкен маңыз береді.
Қоғамның қалыпты емес қалпына аномия жатады, бұл - индивңдтердің мінез-құлқын нақты моральдық реттеу әдісінің болмауынан қалыптасатын қоғамдық жағдай. Дюркгейм аномияны түсіндіруді әлеуметтік функциялардың арасын реттеп отыратын ережелердің әзірленбеуінен іздестірді. Ол реттеуге көнбейтін бәсекелестіктің, таптық шиеленістердің, ескішіл еңбектің және жұмысшы күштерінің деградациясының болуын өндіріс пен еңбек бөлінісінің жедел түрде асқынатын сырқаты ретінде анықтады. Қалыпты емес формаларды жоюда Дюркгейм шиеленістерді бейбіт жолмен шешуді, күрес пен бәсекелестікті көңілге сыйымды мөлшерде бәсендетуді, таптар қатынастарын қатаң реттеуші ережелер жинағын шығаруды, әділеттілікті және тендікті енгізуді ұсынды.
Дюркгейм қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, әлеуметтік фактілерді түсіндіруде себептік және функционалдық талдауды әлеуметтанулық зерттеудің маңызды әдісі етіп қарастырады. Себептік түсіндірудің мәні - әлеуметтік құбылыстың әлеуметтік ортаға тәуелділігіне талдау жасауда. Функция ұғымын Дюркгейм биологиядан алады, ол бойынша физиологиялық процесс мәліметтері мен организм қажеттілігінің арасында сайма-сай келетін қатынастар бар. Осы ережені ол әлеуметтік терминге айналдырып, әлеуметтік құбылыстың немесе институттың функциясы -- институт пен қоғамның кейбір қажеттіліктерінің арасындағы сәйкестіктерді жөнге салу, деп түсіндіреді.
Дюркгейм социологизмінің айқын көрінісінің бірі - оның, дін тұжырымдамасы. Діннің шығу көздерін ол қоғамнан іздеуді ұсынды. Австралия
тотемизмін зерттеген ол діннің шығуын алғашқы қауымдық құрылыммен, оның әлеуметтік ұйымымен байланыстырады. Дін әлеуметтік ортаның жемісі деген тұжырым жасап, қоғамның одан басымдылығын мойындайды. Алғашқы қауымдық дінді зерттеп, одан қазіргі күрделі қоғамның бейнесін көрген Дюркгейм тотемизмнің ерекшеліктерін қазіргі діндерге көшірді және діни жүйенің басты элементі ретінде құдай идеясын жоққа шығарды. Оның пікірінше, сенушілердің құдайы тек қоғамның фигуральды көрінісі, ал бұған керісінше құдіретті принцип - қоғам басқаларға қарағанда гипостазданған және басқа түрге айналғыш. Осыдан келіп мәдениетке, тұлғаға, сонымен қатар адамзат ойлауының негізгі зандылықтарына діннің шексіз ықпалы жасалады. Қоғам діни сенім мен догматтардың авторы және пәні, ол дінді жасайды және дінге табынуға итереді, қоғам - бір мезгілде құдай және табынушы. Дюркгейм дінге символдық жүйе ретінде де қарайды. Алғашқы қауымдық тотем алғашқы адамдардың қандай топқа жататынын анықтаушы символ ретінде түсіндірілді. Материалдық мәдениеттің өзге заттары белгілер ретінде қарастырылды, солардың көмегімен белгілі бір тарихи дәуірдегі ұжымдық санаға үңілуге мүмкіндік туды. Әлеуметтанулық сараптама бұл жүйенің базисі қызметін атқаратьш реалдықты, яғни қоғамды көруге тиісті еді. Дін символдық белгілер жиынтығы ретінде қарастырылды. Сол белгілердің көмегімен діннің қоғамдық интеграторлығы мәдениетті таратушы қызметтерді жүзеге асырып отырды.
Діннің басты компоненті, Дюркгеймнің пікірінше, оның догматтық бөлімі емес, жораларды атқарудағы ұжымдықтан көрінетін діннің практикалық қызметі. Белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді білдіре отырьш, дін қажетті қоғамдық міндеттерді атқарады. Дюркгейм табыну практикасындағы негізгі әлеуметтік қызметтерді атап көрсетті: тәртіпке шақыру, немесе мәжбүр ету және бақылау қызметі, соның негізінде әлеуметтік бірлік нығайып, бекиді; жаңадан өндіру міндеті, бұл жаңа ұрпаққа әлеуметтік-мәдени мұраларды берудің және оның жандануының көмегімен іске асады; эйфориялық міндет, бұл әлеуметтік аман-есендік қуаныш сезімін қальштастырудан тұрады. Діни ырымдар, ғұрьштар маңызды әлеуметтік міндеттер атқарады, қоғамның әлеуметтік ынтымақтастығын қолдауға және нығайтуға қызмет етеді, ал индивидуалдық деңгейде адамның өз күшіне сенімін артгырады.
Дюркгейм дін ұғымын діннің басты компоненттерінен, яғни құдай, т.б. айырьш, дінді кез келген әлеуметтік объектіге қатысы бар наным мен ырымдардың жүйесі ретінде кеңірек көлемде түсіндіреді. Түптеп келгенде, дінді уақыттан тыс тұрған, мәңгі сипатталған, кез-келген қоғамдық типте ұқсастығымен көрінетін абстрактілі идеологиямен теңестірді.
Дюркгеймнің маңызды зерттеулерінің бірі мораль болды. Оның табиғатын, шығуы мен атқаратын қызметтерін баяндауда Дюркгейм әлеуметтану тұжырымдамасын басшылыққа алды. Моральды өзінің ерекшелігіне орай, ол әлеуметтік жағдайдан, әлеуметтік ортадан, әлеуметтік құрылымнан туындатты. Дюркгейм моральды мінез-құлықгың объективтік ережелерінің жүйесі ретінде қарастырып, жеке индивидтің мойындамасқа лажы қалмайтын олардың императивті, мәжбүр ету сияқгы айрықша белгілерін де көрсетті. Моральдың басты белгісі ретінде борыпты (парыз) атады, оны қолдау адамның моральдық қасиетін артгырады. Бұдан кейін Дюркгеймді қызықтырған моральдың еріктілік мәселесі, қажеттік, тартқыштық және моральдық құндылықтарға адамның мүдделі болу белгілері де оның назарынан тыс қалмады. Моральдың әлеуметтік мәнін атап көрсеткең Дюркгейм, оның дін сияқты құдіретті сипатын ашьш, индивидген өзінің күшімен, беделімен асып тұратын қоғам моральдың қайнар көзі және объектісі екенін баяндады.
Моральды қоғамдық жағдаймен байланыстырса да, Дюркгейм әлеуметтік құрылымды түбегейлі өзгертетін қоғамдық идеалды қажет емес деп санады. Әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерге қоғамдық идеалды сәйкестендірсе жеткілікті деп есептеді. Сол кездегі қоғамдағы табиғаты жағынан моральдық саналған дағдарыстың негізіне жалпы адамдар санасының сипаты мен мазмұнының өзгеруін алды. Нормалар мен құндылықтарды тез өзгерту қоғамда бұрын қалыптасқан тәртіпті жояды, соның салдарынан қоғамды моральдық жүгенсіздікке (хаосқа) әкеліп соқтырады. Дағдарыстан шығудың жолы - ол моральды ретке келтіруді күшейту.
Дюркгейм тұжырымдамаларында ұжымдық ақыл мен ұжымдық мүдделердің қорғаушысы міндетін қоғамның бұдан басқа да мәселелерін ойлайтын және әрекет ететін мемлекет атқарады. Либерализм рухында мемлекеттің рөлін баяндаған ол өкімет билігінің асыра күшеюі мүмкіндігін алдын ала көре білді. Мемлекеттің асыра бақылауынан тыс индивидті екіншілік немесе аралық әлеуметтік топтар - діни, өндірістік, т.б. қорғау қызметін атқаруға тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм белгілі топтардың өкілдері ретінде индивидтердің мінез-құлқын реттеуші ерекше партикулярлық моральдық кодекстер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
Эмиль Дюркгейм
ХХ ғасырдағы әлеуметтану
Әлеуметтану ғылымның негізгі тарихи даму кезеңдері
Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері.
Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары туралы ақпарат
Интеллектуалды даму деңгейі
«Әлеуметтану» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері контактілік дәріс сабақтары
Э. Дюркгейм
Вебердің социологиясы және «веберлік қайта жаңғыруы»
Пәндер