Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер


Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер.
1. Әлеуметтік институттар әлеуметтік өмірдің маңызды элементі ретінде.
2. Әлеуметтік институттардың қызметтері мен белгілері.
3. Әлеуметтік институттардың типологиясы.
1. «Институт» ұғымы - әлеуметтанудың бірден бір өзегі, сондықтанда әлеуметтанушылардың алдында тұрған міңдет институционалдық байланыстардың қызметін зерттеу.
«Әлеуметтік институт» термині әртүрлі кең мағынады қолданылады. Ең
бірінші болып әлеуметтік институтқа анықтама берген американ социологы және экономисті Т. Веблен. Оның қарастыруынша қоғам эволюциясы әлеуметтік институттардың табиғи сұрыпталуына алып келеді. Өзінің табиғаты бойынша олар сыртқы өзгерістерге икемделген жоғарғы қабілеттегі бейнеде болады.
Келесі американ әлеуметтанушысы, Ч. Миллс, институттын негізінде кейбір әлеуметтік ролдердің жиынтығының формаларын түсіндірді. Институттдарды ол яғни институционалдық тәртіпті қалыптастырудағы атқатартын міңдеттеріне байланысты класстарға жіктеді.
Неміс социологы А. Гелен институтты ретке келтіруші кәсіпорын ретінде қарастырды, адамдар жануар тәрізді әрекетіне сай белгілі бір салаларға бағытталады да, ал институт жануарлардың тәртібін бақылап отыратыны тәрізді.
Больвенің пікірінше, әлеуметтік институт - нақты әлеуметтік қажеттіліктер немесе мақсаттарын қанағаттандыруға бағытталған, мәдени элементтердің жиынтығы.
Дж. Бернард және Л. Томпсон институтты ережелер мен үлгілердің жиынтығы ретінде қарастырады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, сенім, заңдардың ерекше мақсат пен ерекше функцияларды атқаратын күрделі конфигурациясы.
Отандық әлеуметтану әдебиеттерінде әлеуметтік институт көптеген индивидуалды адамдардың әрекеттерін координациялап және интеграциялайтын, қоғам өмірінің арнайы салаларына әлеуметтік қатынастарды тағайындап отыратын, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі компоненті ретінде анықталады.
Егер жоғарыда айтылған әртүрлі ойларды жинақтап бір қорытынды шығарар болсақ, әлеуметтік институт:
- ережелер мен статустарды қамтитын ролдік жүйе;
- салт-дәстүр, әдет-ғұрып және тәртіп ережелерінің жиынтығы;
- формалды немесе формалды емес ұйымдар;
- қоғамдық қатынастардың ерекше салаларын реттеп отыратын кәсіпорындар мен ережелердің жиынтығы;
- әлеуметтік әрекеттердің күрделенген кешені.
Әлеуметтік институттар -жеке адамдар мен топтардың әрекет ету тәсілдерінің жүйесін, әлеуметтік бақылау құралдары мен топтардың әрекетін, қоғам мүшелерінің әлеуметтік өмірін реттеп, қамтамасыз ететін жүйесін білдіреді. Мазмұны жағынан әлеуметтік институттар-бұл жеке адамдардың белгілі бір жағдайларға тікелей бағытталған тәртіптік стандарттар жиынтығы. Әлеуметтік институттар арқылы қоғамның белгілі бір мүшелері өзінің қажеттіліктерін іске асырады. Әлеуметтік институттарды шешілетін жаттығуларына байланысты бөледі. Әлеуметтік институттарға өндіріс және міндеттерді бөлумен айналысатын мекемелер жатады.
Саяси институттар -билікке күресумен оны іске асырумен, бөлумен айналысатын мекемелер. Әлеуметтік институттардың дамуы келесі басты варианттарда білінеді.
Бірінші, жаңа әлеуметтік институттардың пайда болуы. Бүгін, бұрынғы СССР халықтарында мынадай маңызды институттар пайда болады: әскер, қаржы, дипломатия. Көптеген халықтар әлеуметтік институттар арқылы жоғарғы білім алатыны күмәнсіз.
Екіншіден, құралған әлеуметтік институттарды жаңарту.
а) құралған әлеуметтік институттарда көбінесе дамуы ішкі дифференцияция арқылы өтеді, байланыс функцияларын мамандандыру, мекемелерді. Ескі институттарды дифференциациялау арқылы жаңа институттар тууының біз куәгері болып келеміз. Осының арқасында жалпы соттық жүйеден жеке институт болып Конституциялық сот дамыды. Осымен қатар нашақорлықпен күресу жеке институты пайда болды.
б) Институализденген әлеуметтік байланыстарды қайта регуляциялау басты мақсат болып келеді. Осындай жағдайда осы байланыстың басты қатысушылары институттарды сақтап қалуға тырысады, және оны түбегейлі өзгерту. Әлеуметтік институттарды қайта ретте - бұл күштердің кері күресуімен жүретін, драмалық қиын процесс. Әлеуметтік институттар - бұл нақты тәсілмен ұйымдастырылған тірі адамдардың тәжірбиелік қарымқатынасы.
2. Мазмұны жағынан әлеуметтік институттар - бұл жеке адамдардың белгілі бір жағдайларға тікелей бағытталған тәртіптік стандарттар жиынтығы. Әлеуметтік институттар арқылы қоғамның белгілі бір мүшелері өзінің қажеттіліктерін іске асырады. Әлеуметтік институттарды шешілетін жаттығуларына байланысты бөледі. Әлеуметтік институттарға өндіріс және міндеттерді бөлумен айналысатын мекемелер жатады. Әрбір әлеуметтік институттардың өз ерекшелігіне байланысты атқаратын қызметтері бар. Сонымен қатар оларды біріктіріп тұратын барлығына тән ортақ белгілері бар, яғни институционалдық белгілері - деп аталады.
1. Қондырғылар мен тәртіп үлгілері (құштарлық, ниеттестік, жауапкершілік, сыйластық) .
2. Символикалық мәдени белгілері (неке сақинасы, неке дәстүрі) .
3. Утилитарлық мәдени белгілері (үй немесе пәтер, жиһаз, тұрмыстық техникалар) .
4. Ауызша және жазбаша кодекс (отбасылық тиымдар, рұқсат етулер) .
5. Идеология ( романтикалық махаббат, үйлесімділік, индивидуализм) .
Сонымен институт - бұл идеология, ережелер мен нормалардың негізінде өңделіп шыққан, яғни өрістеп отыратын әлеуметтік бақылаудың қадағалауындағы әлеуметтік қатынастардың ерекше формасы
Функция (лат. - орындау, жүзеге асыру) - ерекше әлеуметтік институт немесе үдірістің жалпыға қатысты орындалуындағы бағыты немесе ролі (мысалы, мемлекет, отбасы және т. б. қоғамдағы функциясы) . Әлеуметтік институттың қызметі - яғни шешілген міңдеттердің жиынтығы, қол жететін мақсаттар, көрсетілетін қызметтер тәрізді қоғамдағы пайдалы әрекеттер. Әлеуметтік институттың бірінші және маңызды міңдеті қоғамның онсыз өмір сүре алмайтын маңызды өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру. Расында, егер біз институттардың функцияларының мәнің түсінгіміз келсе, қажеттіліктерімізі қанағаттандырумен тікелей байланыстыруымыз керек. Бұл байланысты бірінші болып көрсеткен Э. Дюркгейм: «еңбек бөлінісінің функциясы қаншалықты екенін сұрасақ, ол қандай қажеттілкпен сәйкестікте екендігі тек зерттеуді ғана талап етеді». Жаңа ұрпақпен толықтырылып, тіршілік құралдарын игеріп, бейбітшілік пен тәртіпте өмір сүріп, жаңа білімдерді игеріп және оларды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, рухани мәселелерді шешіп отырмаса ешбір қоғам өзінің өмір сүруін жалғастыра алмайды. Барлық институттың қызметтеріне тән регулятивтік, интегративік, трансляциялық, коммуникативтік әмбебап қызметтерін атап көрсетуге болады. Осы әмбебаптылығымен қатар өзіне тән ерекше қызметтеріде орын алады. Бұл функциялар бір ғана институтқа тән, мысалы, қоғамда тәртіп орнату (мемлекет), жаңалық ашып жаңа білімді беру (ғылым және білім беру) және т. б.
Қоғамның құрылымы институттар қатарының бір уақытта бірнеше функияны орындай алуына және бір функцияны орындауға бірнеше институттың бағыт алуына мүмкіндік береді. Мысалыға, балаларды әлеуметтендіру немесе тәрбие беру функциясын мынадай, отбасы, дін орындары, мектеп, мемлекет тәрізді институттар атқара алады. Сонымен қатар отбасы институты балаға тек қана әлеуметтену мен тәрбие беруді орындап қоймай, репродуктивтік, бір бірінің сезімін қанағаттандыру мәселесінде атқарады.
Мемлекет өзінің қалыптасуы барысында қысқа шенбердегі міңдеттерді ғана шеше алды, ең алдымен ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қанағаттандыру.
Бірақта қоғамның шектен тыс күрделенуі мемлекеттің күрделенуіне алып келді. Бүгінгі танда мемлекет тек сыртқы жауынан қорғанып, қылмскерлермен күресіп қана қоймайды, сонымен қатар экономиканы реттеу, салық жинау, әлеуметтік мәселелерді шешу, денсаулық, ғылым, мектеп және т. б. қамтамасыз ету мәселелерімен де айналысады.
Дін ошақтарының қалыптасуы маңызды дүниеге көзқарас пен жоғарғы ізгіліктерді тағайындау болса, қазіргі уақытта олар білім беру, эконмикалық қызметтермен (медресселік шаруашылық) айналысып отыр. Егер институт қоғамға пайдасынан гөрі зияның көп тигізетін болса ондай әрекетті дисфункция деп атайды, Институт туралы айтылғанда, егер ол дисфункцияланса олардың кейбір әрекеттерінің салдары басқа әлеуметтік әрекеттердің немесе басқа институттардың жүзеге асуына кедергі жасайды. Немесе, дисфункцияның әлеуметтік сөздіктердің біріндегі анықтамасы, бұл «әлеуметтік жүйедегі пайдалы әрекетті қамтамасыз етуге кері негативті әсерін тигізетін кез келген әлеуметтік қызмет». Мысалыға, эконмикалық институт өзінің дамуы барысында білім беру институтынан біршама жоғары міңдеттерді талап етеді. Дәл осы экономиканың талаптары индустриалдық қоғамдағы бұқаралық сауаттылықты дамытуға алып келеді, осыдан келіп - сапалы мамандардың санын артылуына қажеттілік туады. Бірақ, егер білім беру институты өзінің осы міңдетін орындай алмаса, яғни эконмиканың талаптарына сай, онда қоғам ешбір индивидтің дамуына, өз ісіне шебер кәсіпқойлардың орын алуына қол жеткізе алмайды. Осылайша функциалар дисфункцияға айналады. Сондықтанда әлеуметтік институттардың қызметтері функцияны қоғамдағы интеграция мен тұрақтылықты сақтап тұру қабілетіне байланысты анықтайды.
Әлеуметтік институттардың функциясы мен дисфункциясы барлығымен мойындалып айқын көрінген болса онда оны анық, немесе егер ол жасырын және әлеуметтік жүйедегілерге танылмаған болса онда оны латентты деп аталады.
Институттардың анық функциялары қажетті және болжалатын болып келеді. Олар кодекстерде қалыптасып және жариаланады, сонымен қатар статустар мен ролдер жүйесінде бекітіледі. Латентті функциялар институттар немесе жеке адамдардың қасақана емес қызметтерінің жемісі. Анық функциялар кез келген институттар негізінде мақсатына жетуді көрсетсе, ал латентті - онын оган тигізген әсерінін көрінісін бейнелейді. Білім беру институты ретінде мектептің анық құрдасынан бір саты жоғары тұрғандығын көрсетеді. Анық, яғни толық көрсетілген жоғарғы білім институтының функцияларына жастарды әртүрлі арнайы ролдер мен қоғамдағы орын алып отырған мораль және идеология тәрізді құндылықтарды игеруге дайындауды жатқызсақ, ал жоғары білімді игерушілер мен игере алмағандар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті айқын емеске жатқызуға болады.
3. Институттардың пайда болуы ежелгі дәуірден бастау алады. Ең ежелгі болып отбасы институты орын алады (500 мың ж. б. ) . Дін өзінің алғашқы пайда болып (фетишизм, тотемизм) дамуы барысын шамамен 30-40 мың жылға созады. Мемлекеттің пайда болуы 5-6 мың жылды көрсетеді.
Әлеуметтік институттар басты (негізгі, фундаменталды) және басты емес (негізгі емес, жеке) болып екіге бөлінеді. Екіншісі біріншісінің шенберінде орын ала отырып, ұсақ білім беру тәрізді олардың бір бөлігі ретінде орын алады. Басты және басты емес болып бөлумен қатар, оларды басқада критерилерімен класстарға жіктеуге де болады. Мысалыға, институттар өзінің пайда болу кезеңімен және өмір сүру ұзақтығымен де ерекшеленеді (әрдайым әрекет етуші және қысқа уақыттағы институттар) .
Сонымен қатар ережелерді бұзған жағдайда қолданатын санкциялардың қатандығына, өмір сүру жағдайына байланысты, басқарудағы бюрократиялық жүйенің орын алуы немес орын алмауы, формалды ережелер мен рәсімдердін орын алуы немесе орын алмауы т. б. байланысты.
Ч. Миллс қазіргі қоғамда бес институционалдық тәртіпке реттеп, басты институттардын ретін көрсетті:
- эконмикалық - шаруашылық қызметті ұйымдастырушы институттары;
- саяси - билік институттары;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz