Волейболда допты берудің тәсілдері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы:«Волейбол ойыны»

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Волейбол ойынының қысқаша тарихы
  2. Қазақстандағы волейбол ойыны
  3. Волейбол ойындарының тәсілдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Волейбол ((volleyball, volley - «қалқып ұру», ball - «доп») ) - спорт түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет. Егер команда өкілдерінің біреуіне доп тиіп, ол доп аутқа кететін болса, қарсылас команда ұпай еншілейді. Сондықтан қарсыласты қателестіру арқылы ұпай алуға болады. Доп белгілі бір команданың алаңында болған кезде, ол командадан тек үш ойыншы ғана допты келесі жаққа асыруға көмек ете алады, яғни, үш реттен артық допқа қол тигізуге болмайды (блок қойған жағдайда ғана төртінші рет допты алаңда ұстауға болады) .

Волейболдың ережелерін бекітіп, басқа да волейболға қатысты маңызды істермен айналысатын басты кеңес - Халықаралық волейбол федерациясы, FIVB (ағыл. ) .

Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.

Негізгі бөлім

  1. Волейбол ойынының қысқаша тарихы

Волейбол ойнаушы адамдардың бұл ойынды ұнатуының басты себептері: салауатты өмір салтын ұнату, ережелерінің оңай болуы және волейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы.

Волейболдың бірнеше түрі бар: жағажай волейболы, мини-волейбол, пионербол, саябақтағы (парктегі) волейбол (1998 жылы Токиодағы FIVB кеңесінде бекітілген) .

Волейбол ойынының кіндік кескен ортасы - Американың Гелиоке қаласы. Бұл 1895 жылы болған оқиға еді. Колледж оқытушысы Вильям Морган сабақ кезінде теннис орнын екі сырыққа бойлап жоғары көтеріп қойып, оқушыларға допты екі жаққа допты алма-кезек лақтырып ойнауды көрсетіп, оны оқушылардың да қайталауын талап етеді. Волейбол - деген сөздің мағынасы “ұшатын доп”

1896 жылы волейбол ойыны көпшілік назарына ұсынылды, ал 1897 жылы бұл ойынның ережесі жасалынды. Волейбол ойынының Европа мемлекетіне таралуы ХХ ғасырдан басталған. 1967 жылы Чехословакияда тұңғыш рет алғашқы жарыс ұйымдастырылды да, Франция, Румыния, Ауғанстан, Индия, Қытай, Корея, Жапония және Россияда волейбол ойынын қалаушылардың арнайы клубтары ашылды. 1947 жылы халықаралық волейбол федерациясы (ФИВБ) ұйымдастырылды.

Европа мемлекеттерінің алғашқы біріншілігі 1948 жылы дүние жүзінің біріншілігі 1949 жылы өткізілді.

Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны - бар ұлт үшінортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген ғой.

Волейбол - біздің халқымыз арасында ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын.

Волейбол ойынына тән ерекшелік - оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз. жеке тұлғаның жан - жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.

Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады, солардың ішінде спорт ұжымдары шешуші орындардың біріне жатады. Себебі дене тәрбиесі - мәдениет пен спорт, денсаулық кепілі, олай болса ұжымдық іс-әрекетті тез шешуге көмектесетін спорт ойындары, оның ішінде волейбол ойыны және ол ойынға қатысушылар еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын тездету, қоғам дамуының жаңа деңгейін жоғары дәрежеге көтереді. Осы жағдайда барлық жастағы қоғам мүшелері үшін ортақ спорт ойыны волейбол адамның өмірін, оқуын, спорттық жетістіктерін, жасампаздығын, күш қуат мәдениетін ұйымдас-тырудың ең тиімді құралы.

Волейбол спорт ойынымен айналысатын команда ұжымы - бұл спорттық іс-әрекетімен бірігіп топтасқан белгілі мақсатта бағытталған тұрақты бірлестік екендігін өмір көрсеткен шындық.

Волейбол ойынаушы 12 адамнан тұратын екі команда, миллионға жуық көрермендерді өз төңірегіне жинай қызықтататын керемет спорт ойыны.

1964 жылы Токио олимпиадасынан бастап волейбол ойыны олимпиадалық спорт түрі ретінде танылды. Ал дүние жүзінің кубогы үшін күрес 1965 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Волейбол ойыны тарихында, оның ережесі туралы көптеген жылдар бойы алауыздықтар болғаны бұл спорт түрінің тарихынан белгілі. Мысалы, 20-жылдарға дейін дүние жүзінде волейбол ойынының екі жүйесі қатар жүріп отырды. Олар европалық жүйе, яғни алаңға 6-ойыншыдан тұратын команда шығару және азиялық жүйе, алаңға 9-адамнан түратын командалар шығару. Бірақ екі контингент өкілдерінің өзара түсінушілігі - дүниежүзілік 6-жүйелі ойын өрнегін қалыптастырды.

КСРО тарихында волейбол ойынының алғашқы ережесі қабылданып, ойын жаңа арнаға түсе бастады. Өте қызық жағдай Москва қаласындағы алғашқы волейбол ойын алаңы Мейерхольд, Камерный, Революция және Вахтенгов театрлары жанынан жасалынатын, сондықтан да Россияда волейбол ойыны “әртістер ойыны” - деген атқа да ие болды. Тіпті 1932 жылы Москвадағы Үлкен театр сценасында КСРО-ның орталық атқару комитетінің сессия делегаттарына арнап волейбол ойынын әртістер көрсеткен. Бұл ойын бар болғаны 7-минутқа созылыпты, міне осы күннен бастап волейболға “халықтық” ойын деген атақ берілді, - дейді волейбол ойыны тарихын жазушы спорт мамандары.

Волейбол ойыны спортынан ең көп олимпиада медалін жеңіп алған команда КСРО, олар 4-рет Олимпиада чемпионы атанды.

Волейбол ойыны 18х9 метрлік алаңда өтеді, тордың жоғарғы жағы ерлер үшін 243 см биіктікке, әйелдер үшін 224см. жоғары тірекке байланады.

Қазіргі кезеңде кіші волейбол ойыны да үлкен беделге ие болып келеді. Олар: 9х4, 5 немесе 9х6 метрлік спорт алаңы, егер ойнаушы командалар құрамы 4:4 болса, онда алаң көлемі 12х6 метрден аспауы керек. Волейбол ойыны үшін дайындалған доптың салмағы туралы бәсеке көптеген уақытқа созылып, олар 260-280гр. салмаққа пәтуаласты. Қазіргі кезеңде халықаралық федерацияға мүше 173-ке жуық мемлекеттер бар.

Қазақстан волейбол тарихында алғаш рет КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған Октябрь Қыдырбай ұлы Жарылқапов. Оның шәкірті Заңғар Жаркешов жетекшілік еткен Қазақстанның “Буревестник” командасы 1969 жылы КСРО -ның чемпионы, 1970-1971 жылдары волейболдан Европа кубогын жеңіп алды.

Қазақ волейболшылары В. Кравченко, Жәнібек Саурамбаев, Олег Антропов - олимпиадалық, әлем, европа және КСРО чемпиондары.

Әйел волейболшылар табысы да ауыз толтырып айтарлық. Алматыдағы Үй құрылысы комбинаты командасы 1984-1992 жылдар аралығында КСРО-ның чемпионы атанды. Ал 1985 жылы Қазақстандық волейболшы қыздар Италияда өткен европа кубогін жеңіп алды.

Алматының “Азамат” атты ерлер командасы 1993 жылы клубтық командалар арасында Азия чемпионы атанды. Ал 2001 жылғы қыздар арасында Республика біріншілігі 2001 жылдың сәуір айында аяқталды. Барлық турда қарсыластарын қапы қалдырған Алматының “Рахаты” ел чемпионы атағын жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының базалық клубы болып саналатын “Рахаттық” арулар 2001 жылғы 16-20 мамырда Вьетнам Республикасында өтетін клубтық командалар арасындағы Азия біріншілігінде ел намысын қорғады. Команданың бапкері - Қазақстандағы волейбол ойынының бұрынғы майталманы В. Шаприн. бұл командамен қатар еліміздің абройын халықаралық жарыстарда асқақтатуға атсалысар командалар да бар. Олар - Алматылық “Глотур”, Ақсай қаласынан “Қарашығанақ”, Астана қаласынан “Астана қанаты” атты волейбол спорт ойынының жұлдыздары.

Қазіргі Қазақстан Республикасының волейболшы қыздары кіндік Азиядағы ең азулы ойыншылар қатарында. Мемлекетіміздің намысын қорғаушылар дайындауда жетекші тұлғалар бапкерлер екендігі белгілі, бірақ сол ұлағатты ұстаздардың өздері үшін де үздіксіз іздену, үйрете отырып кемелдену бұл өмір заңы екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да авторлар бұл әдістемелік оқу - құралын болашақ спорт мамандары мен жас бапкерлер үшін қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуды ниет еткен.

  1. Қазақстандағы волейбол ойыны

Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыған. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 - 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққаҚазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.

  1. Волейбол ойындарының тәсілдері

Волейболда допты берудің тәсілдері. Волейбол ойынының ереже - талабы мынадай айла - тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір - біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою. Волейболдағы орын ауыстыру тәсілдерін тіркемелі адыммен, қосарланған адыммен, жүгірумен, секірумен, бағытты кенеттен өзгертумен және допты құлап бара жатып алумен орындайды.

Волейболда допты берудің екі тәсілі болады.

Допты жоғарыдан беру.

Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.

Допты төменнен беру.

Бұл жағдайда қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.

Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру. Дұрыс тұра білу - жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.

Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.

Допты төменнен тіке ойынға қосу. Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.

Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді.

Тіке шабуылдау соққысы. Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамалы ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады.

Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.

Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:

Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;

Шабуыл соққысын жасау; Екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын сақтай білу) ;

Резеңке серіппедегі (амортизатордағы) допты ұру;

Екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;

Теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы "шабуыл соққысын" жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау) ;

Тордың маңындағы ұстағышқа (держатель) бекітілген допты соғу;

Доппен жүру жаттығулары: Шеңбер бойы жүріп, допты жоғары лақтырып, оны астынан қабылдау.

Допты жоғары лақтыру, оны оңға-солға бұрылып, астынан қабылдау.

Оңға - солға секіру.

Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, биікке беру.

Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биікке беру.

Допты беруде оңға-солға секіру.

Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.

1. Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру.
2. Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. Допты қарсыласының қолына дәл беру керек.
3. Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта береді.
Допты төменнен қабылдауды меңгерту
4. Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға.
5. Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді. Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
6. Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.

Допты төменнен қабылдауды меңгерту

Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету.

Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі волейболдың теориялық және әдістемелік негіздері
Волейбол оқыту әдістемесі
Күшті дамытуға арналған жаттығулар
Ойыншы торға тиіп кетсе
Допты қабылдау
Аяқтары иық жалпақтығында
Волейбол ойынының ережелері және төрешілік ету
Мектептерде дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы
Доп тастау
Күш қабілеттерінің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz