Жеке тұлғаның әлеуметтенуі ( биогенетикалық және социогенетикалық )


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жеке тұлғаның әлеуметтенуі

Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында, оны оқыту және тәрбелеуде қалыптасады. Жеке тұлғаның дамуының, сонымен қатар барлық психикалық сапалармен үрдістердің қозғаушы күштері не?

Психология тарихында бұл мәселені шешуде екі бағыт қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық.

Биогенетикалық бағыттың түсіндіруінше, жеке тұлғаның дамуы биологиялық, тұқым қуалау факторымен анықталады.

Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз еркімен) сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша, адам табиғатынан эмоциялық реакциясы жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып ғана қоймайды, сонымен қатар белгілі түрткілер жиынтығы бейімдік береді. (біреулер қылмыс істеуге бейім келеді, кейбіреулер ұйымдастырушылық қабілетке бейімділік аңғартады және т. б. ) . Адамдарда табиғатынан психикалық іс-әрекетінің түрлері бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен қатар оның мазмұны, психикалық даму кезендері және оның пайда болу тәртібі алдын ала анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзінің белсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекет етуінің жемісі ретінде қарастырады.

Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогенетиктер сияқты даму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімделушілік қызметін ескереді. Егер де социогенетикалық тұжырымдаманың айтқанына жүгінсек, онда мынадай мәселе түсініксіз болып қалады, неге бір әлеуметтік ортада әртүрлі адамдар қалыптасады, оның себебі неде?

Сонымен, биогенетикалық та, социогенетикалық тұжырымдама да жеке тұлғаның дамуы заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық та, социогенетикалық та психикалық дамудың қозғаушы күштерін анықтауға қабілетті емес.

Жеке тұлғаның дамуы туралы шет елде қабылданған белгілі теориялардың қателігі жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалау мен ортаның мәнін түсіндіруде емес, онда жеке тұлғаға әртүрлі ықпалдарды механикалық түрде тұжырымдайды, ол "ойыншық" ретінде қарастырылады. Соған сәйкес жеке тұлғаның белсенділігі жоққа шығарылады.

Жеке тұлғаның белсенділігі түрткілер жүйесі арқылы адамдарды іс әрекетке итермелейтін қажеттіліктер жиынтығымен байланысты. Қажеттіліктер тәртіп бойынша, пайдаболғаннан кейін тез арада қанағаттандырылмайды.

Оны қанағаттандыру үшін материалдық құралдар қажет, іс-әрекетке, білімге, ептіліккежәне т. б. жеке тұлғаның белгілі даярлық деңгейі қажет.

Жеке тұлғаның психикалық дамуының қозғаушы күштері адамның өзгермелі іс-әрекетіндегі қажеттіліктермен және қанағаттандырудың шын мүмкіншіліктерінің арасындағы қарама-қайшылықта анықталады.

Жеке тұлғаның қалыптасуында тұқым қуалау мен ортаның негізгі факторлар ретіндегі рөлін жоққа шығаруға болмайды.

Педагогтің оқу-тәрбие жұмысында жұртшылықтың арасында өте кең тараған тұқым қуалаудың жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің пайда болуында шешуші рөлі туралы пікірімен санасуға тура келеді.

Қазіргі кезде тұқым арқылы берілетін қасиеттерге мидың құрылымы мен жұмыс істеуінің кейбір ерекшеліктері жататындығы туралы негіз бар. Сонымен қатар жоғары жүйке қызметінің типтері (жүйке үрдістерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалғыштығы) тұқым арқылы беріледі. Тұқым қуалаудың белгілі дәрежеде жеке тұлғаның қалыптасуында рөлі бар, бірақ оны асыра бағалауға болмайды, әлеуметтік факторлардың да рөлін ескерген жөн.

Бір жұмыртқалы егіздердің психикалық дамуының барысын зерттеу нәтижесінде өте маңызды қажетті мәліметтер алынған болатын. Оларда тұқым қуалау бір жұмыртқадан дамығандықтан бірдей екендігін анғаруға болады. Тіпті бірдей жағдайда өмір сүрген бір жасушалы егіздердің бір-бірінен ерекше айырмашылығы бар. Егіздердің жеке тұлға құрылымында айырмашылығы анық байқалады, ал сыртқы түрі ұқсас болғанмен, психологиялық ерекшелігінде айырмашылықты аңғаруға болады.

Егіздердің даралық ерешеліктерінде айырмашылықтарды қалай түсіндіруге болады? Бұл айырмашылықтар оларда басқа адамдармен және өзара қалыптасқан әртүрлі қатынастармен, рөлдермен, нақтылы ахуал жағдайларымен түсіндіріледі. Осының барлығы көрсеткендей, жеке тұлғаның қалыптасуында даралық ахуалды қарастыру қажет. Баланы белгілі ортада бейжай нысан түрінде емес, ал оны белсенді субъект ретінде оған тән қажеттіліктермен қарастырамыз. Денсаулығына немесе мінез-құлқына байланысты егіздердің бірі ортадағы бірдей жағдайда оның психологиялық қасиеттері екіншіге қарағанда мүлде өзгеше болып келеді. Мәселен, ауру егіздердің бірі басқаларға қосылмай, өздігінен оқшауланып жүреді, ал екіншісі керісінше, көпшіл келеді, сол үйден немесе одан тыс жерден жолдас іздейді, дені сауы спортпен көбірек айналысады. Демек, егіздердің әрқайсысы осы ортақ ортаның шеңберінде өздерінің даралық микроортасын іздейді.

Егер де іштей жеке тұлға ортаға мәнді тәуелді болса, әлеуметтік психологияда суреттелетін және түсіндірілетін адамдардың қарым-қатынасымен және өзара іс-әрекетімен байланысты оның мінез-құлқының түрлеріне жатады.

Әлеуметтік психологияда кең тараған теориялардың ішінде әлеуметтік үйрету теориясы жатады. Ол әлеуметтік психологияның бөлімі және пәні ретінде жеке тұлғаның әлеуметтенуін қарастырады.

Әлеуметтенуді қоғамдық тәжірибені индивидтің меңгеру және белсенді өндіру үрдісі, соның нәтижесінде ол жеке тұлға болып қалыптасады және өмірге қажетті білімді, дағдыны, ептілікті меңгереді, демек, белгілі міндеттерді шешу барысында олармен қарым-қатынас және іс-әрекет жасау қабілеттілігі деп түсінеміз.

Әлеуметтену - бұл адамның қоғамдық өмірдің тәжірибесін меңгеруінің жан-жақты үрдісі. Әлеуметтену адамның әртүрлі адамдармен өзара тиімді қарым-қатынасқа қажетті адамзаттық қатынастардың мәдениетін, әлеуметтік нормаларды меңгеруін қамтиды. Сонымен қатар ол адамның қоршаған әлеуметтік шындықты белсенді танып білуін, дара және топтық жұмыстың дағдыларын меңгеруді, ол үшін қажетті қабілеттіктерді дамытуды қажет етеді.

Әлеуметтену ұғымы адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеру нәтижесі, сонымен қатар қызметі болып табылады. Индивидтің әлеуметтенуінің негізгі қайнар көздеріне жанұя, мектеп, қоғамдық институттар мен ұйымдар, баспасөз, радио, теледидар, білім беру жүйесі жатады. Әлеуметтену үрдісі негізінен бір-бірімен қарым-қатынас арқылы іске асады.

Әлеуметтенудің жеке, бірақ өте қажетті қызметі - идентификация . Балалар өсу және дамумен қатар ата-аналарына, жора-жолдастарына, қоршаған ортадағы адамдарға тән әртүрлі ережелерді, қатынастарды және мінез-құлық түрлерін көптеп меңгереді. Сол адамдардан олардың көзқарасын және өмір тәжірибесін қабылдайды. Идентификация арқылы бала әлеуметтік және жыныстық мінез-құлықтың әр түрлерін бойына сіңіреді.

Ата-аналар алғашқы сәбилік кезеңдегі балалар үшін идентификация негізгі қайнар көзі болып табылады. Одан әрі оларға жора-жолдастары, жоғары жастағы балалар және басқа үлкендер қосылады. Идентификацияның қайнар көзі не бойындағы бағалы қасиеттері мен жағымды мінез-құлық түрлері үлгі болатын басқа адамдар жатады.

Ерлер мен әйелдердің жеке тұлғасының қалыптасуында негізгі идентафикациялық үрдістердің бірі жыныстық - рөлдік жіктелу жатады. Жыныстық-рөлдік жіктелу дегеніміз бір жынысты адамдардың психологиясы мен мінез-қулқына тән ерекшеліктерді меңгеру үрдісі.

Жыныстық-рөлдік жіктелуде негізгі қызметті ата-аналар атқарады. Отбасында жыныстық-рөлдік мінез-құлық тәрбиесінде балалар үшін үлгі-өнегенің көзі - ата-аналар болып табылады. Балаларға ата-аналарынан олардың жыныстық-рөлдік ұстанымдары, соған сәйкес талаптары мен мінез-құлық үлгілері беріледі. Отбасында, әсіресе, ананың рөлі орасан зор. Қыз балаларға оның үлгісі, ер балаларға әкенің жеке басының өнегесі ерекше әсер етеді. Әкелеріне негізінен ер балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жүктеледі, олардан қыз балаларға қарағанда, ер балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу талап етіледі. Қыз балалар тәрбиесімен негізінен анасы айналысады.

Осындай әлеуметтену жағдайында мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдары ерекше рөл атқарады. Сонымен, қазіргі қоғамда жыныстық-рөлдік тұрақты көзқарастар

Идентификация - identificatio деген латын сөзі, қазақшасы ұқсас, бірдей деген мағынаны білдіреді. мен мінез-құлық түрлерін балаларда қалыптастыру үшін құралдар жеткілікті, екі-үш жас шамасыңда балаларды белгілі бір жынысқа тән мінез-құлық белгілері мен түрлері, көзқарастары мен бағалар анық аңғарыла бастайды.

Кейбір жүргізілген эксперименттерде белгілі бір адамдар мен балаларды идентификациялауға мүмкіншілік жасайтын тетіктер мен шарттар ашып көрсетілді. Мәселен, идентификацияның нысаны көп жағдайда үлкендер болатындығы, оларға негізінен балалар көп еліктейтіндігі атап көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
Жеке тұлға туралы ақпарат
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Жеке тұлға психологиясы
Л.С.Выготский жеке тұлға жайлы
Фрейдтің психоаналитикалық теориясы
Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың теориялары.
Жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық даму ерекшелігі
Жас ерекшелік психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz