Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Маркстік әлеуметтанудың негізгі ілімдері

К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі және қазіргі көптеген әлеуметтанулық теориялар адамзат қоғамының дамуын, түптеп келгенде, белгілі бір рухани бастаулардың - құдайдың, әлемдік еріктің, сонымен Қатар адамдар санасының ықпалымен болады деп түсіндірді. Адамдар құдайдың немесе ғарыштық ақыл-парасаттың еркін жүзеге асырушысы ретінде сипатталады, сонымен қатар адамдар мәдениетті жасаушы, оны олар өздерінің мүдделерінен, мақсаттарынан және идеяларынан шығара отырда жасайды. Оларды анықтаушы-сана, ал оның туындысы -- адам болмысы, мәдениеті және өмір салты.
Әлеуметтануды қоғамдық ғылым деп танитын бұл ғылымның көптеген өкілдері қоршаған ортада өз түсінігіне орай, өз мақсаттарына және қызмет-қабілеттеріне қарай әрекет ететін жеке индивидтерді (жеке адамды) тарихи процестің негізгі субъектілері етіп алды. Маркстік әлеуметтану оған басқа тұрғыдан қарады. Маркс пен Энгельс тарихи процесті зерттеуді өмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін, адамдардың өзара қарым-қатынастарын және өзара әрекеттерін алғышарттар етіп қарастырудан бастады. Бүкіл әлемдік субъектілердің қоғамдық байланыстары мен қатынастарының жиынтығы қайсыбір қоғамды құрайды. Қоғам өзіне тән қоғамдық қатынастар жүйесі, материалдық өндіріс,саясат және өзге де әлеуметтік институттар арқылы адамдар қызметінің мазмұнын дұрыс арнаға бағыттайды, белгілі дәрежеде оны анықгайды, әрбір адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Индивидуалдықты әлеуметтікке жеткізу маркстік әлеуметтанудың маңызды принципіне айналды, сөйтіп, ол адамдардың қызметі мен мінез-құлқының объективтік әлеуметтік негіздерін анықгаудың және пайымдаудың алғашқы маңызды қадамына айналды. Бұдан тарихты материалистік тұрғыда түсіну келіп шықгы.
Осы бағьпта жасалған келесі қадам - ол адамдар қызметіндегі материалдықтың рөлін дәлелдеу болды. Әділін айту керек, Маркс пен Энгельс өндірісте, саяси және басқа да қызмет түрлерінде болатын саналы мотивтердің рөлін ешқашан жоққа шығарған емес. Керісінше, олар бұл мотивтердің мазмұны мен бағытталуына үлкен маңыз берді. Қоғам тарихында белгілі бір мақсатқа ұмтылған адамдар санамен, оймен әрекет етеді. Бұл жерде бірде-бір іс санадан, ниеттен тыс, мақсатсыз жасалмайды. Бірақ марксизм тұрғысынан алып қарағанда адамдардың ниеттері және мақсаттары, экономика, саяси және басқа да қызмет салаларындағы ішкі мотивтерінің бүкіл жүйесі, түптеп келгенде, объективтік әлеуметтік заңдардың әрекетінен жинақталып, көрініс табатын тарихи процестің объективтік факторлары арқылы дәлелденеді. Бұдан шығатын қорытынды -- адамдар қызметінің ішкі мотиві тарихи оқиғалардың соңғы себептері бола алмайды.
Материалдық қажеттілік (мұқтаждық) пен мүдделер адамдардың мінез-құлқына, қызметіне, олардың ниетіне, психологиялық көңіл-күйіне, идеялар мен теорияларға себепші болады. Маркс өзінің тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіруге субъектілердің әлеуметтік өмірі мен қызметіндегі материалдық мүдденің рөлі мен маңыздылығын пайымдау арқылы жеткенін жазды. Бұл жерде әңгіме олардың жеке басына қатысты және жалпы материалдық мүдделер жөнінде болып отыр. Мұның соңғысы үлкенді-кішілі әлеуметтік топтардың мүддесі бола отырып, Маркстің сөзімен айтқанда, еңбек бөлінісіндегі индивидтердің өзара тәуелділігін көрсетеді.
Басқаша айтсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі әлеуметтік топтардың түрлі жағдайы олардың әралуан материалдық мүдделеріңе себепші болады, сөйтіп, ол өндірістік және басқа да қызметтің қуаты есебінде байқалады.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сәйкес материалдық игіліктерді өндірудің маңызы да арта түсті. Сол арқылы адамдар өздерінің алуан түрлі материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандырады. Сайып келгенде, материалдық өмірдің өндіріс тәсілдері өмірдің жалпы, әлеуметтік, саяси және рухани процестерін қамтамасыз етеді. Ол әртүрлі дәрежеде қоғам өмірінің аталмыш салаларының дамуына ықпал етеді. Бұл тұрғыдан алғанда өндіріс тәсілі қоғамның өмір сүруі мен дамуының материалдық негізі болады.
Өндіріс тәсілі өзінің негізі жағынан өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастарын біріктіруші ретінде көрінеді. Өндіргіш күштерге ең алдымен білімі, дағдысы және өнеркәсіптік қызмет тәжірибесі бар адамдар, сонымен қатар олардың өндірісте қолданатын еңбек құралдары мен заттары, өндірістік ғимарат, энергия көздері, транспорт және т.б. жатады. Өндірістік қатынастар -- бұл адамдардың өндірістік қызмет процесі барысында қалыптасатын, ең алдымен олардың өндіріс құралдарымен қатынастары. Өндіріс құралдарының кімнің меншігінде болуына байланысты, өндіріс процесінде әрқилы адалдар әр түрлі орындарға ие болады, айталық, біреулер өндірістің иелері болса, басқалары - жалдамалы еңбеккерлер. Өндірістік қатынастар сондай-ақ, еңбек бөлінісі мен өндіріс құралдарына меншіктік қатынастардың негізінде болатын адамдардың қызметтерін өзгертулерінен де көрінеді, жүзеге асады. Тұжырымдай айтар болсақ, өндірістік қатынастар - бұл өндірілген қоғамдық өнімдерді бөлу, оларды айырбастау және тұтыну арқылы жүзеге асатын адамдардың қатынастары. Бұл қатынастардың мазмұнын, түптеп келгенде, өндіріс құралдарына меншіктік қатынастар анықгайды.
Маркстік әлеуметтану өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастарының өзара диалектикалық әрекетте болатынын жан-жақгы дәлелдеді. Адамдар саналы түрде және алдына белгілі бір мақсат қойып, өндірістік қатынастарға түскеніне қарамастан бұл қатынастар өндірістік қызметтің объективтік жағдайларының шешуші ықпал етуі арқылы қалыптасады. Мұның соңғысына адамдардың және өндірістің объективтік қажеттіліктері, сонымен қатар өндіргіш күштердің даму деңгейі мен сипаты жатады. Қоғамның өндіргіш күштерінің тікелей өндірістік қатынастардың мазмұнын анықтайтыны сөзсіз. Олар алдарына өндіргіш күштердің дамуына барынша ықпал жасайтын, оларды оңтайлы қолдануға және сонымен бірге өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға септігін тигізетін, адамдардың қажеттілігін мейлінше толық қанағаттандыратын өндірістік қатынастарды орнататын объективті талаптар қояды.
Осы талаптарға қалыптаса бастаған өндірістік қатынастар сәйкес келуі тиіс. Егер өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің дамуына және тиімді пайдаланылуына ықпал етсе, онда қоғам тығырыққа тіреледі, экономикалық дағдарыстық жағдай пайда болады, өндірістің құлдырауы басталады. Осының бәрі қоғам алдына ескі өндіріс қатынастарын жаңамен, прогрессивтілерімен алмастыру талабын қояды. Сонда ғана ол өндіргіш күштердің қазіргі дамуының талаптарына сай келетін болады. Осы объективті қажеттілікті адамдар ерте ме, кеш пе түсінеді де, оны практикада жүзеге асырады. Бұл неғұрлым ерте басталса -- қоғам үшін соғұрлым тиімді. Егер басқаша болса, өндірістік қатынастарды жаңалау процесі ұзаққа созыльш кетсе, немесе оны тиімді іске асыра алмаса, онда қоғам үлкен экономикалық және әлеуметтік шығындарға ұрынады, ал оның азаматтарьшың көпшілігі ауыр халге түседі және қайыршылықты басынаң кешіруге мәжбүр болады.
Өндірістің өсуіне нақгы ықпал ететін, сөйтіп халықтың өмір деңгейінің артуына жағдай тудыратын өндірістік қатынастардың формаларын енгізуге ықпал жасау қажет. Әрине, әлеуметтану үшін адамдардың өндірістік қызметінің неғұрлым күшті мотивтерін анықтау, сонымен қатар сол аталмыш жүйелердің бүкіл еңбекшілерінде құнды бағдарларды қалыптастыру маңызды міндеттер болып қалады.Қоғам өміріндегі материалдық өндірістің рөлі мен маңыздылығын көрсете отырып, маркстік әлеуметтану тарихи прогреске ғылыми сараптама жасауға, оның объективті зандарын талдауға көп мүмкіндік берді. Әңгіме материалдық өндірістің объективті даму зандары және оның қоғамдық өмірдің басқа жақтарына, жалпы қоғамға ықпалы жөнінде болып отыр. Бұл зандарды ашу және талдау тарихты идеалистік тұрғыда түсінуден материалистік ұғынуға өтуді мейлінше тездетті.
Маркстік әлеуметтану бойынша қоғам ең алдымен қоғамдық қатынастар жүйесі больш табылады. Бұл жүйе экономикалық, саяси, құқықтық, діни және басқа да қатьшастардан құралады. Бұл жерде олардың әлеуметтік мазмұны - қоғамдық қатынастарды сұрыптаудың негізі етіліп алынған. Егер де оның субъектілерінен бастайтын болсақ, онда әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды бөліп айтуға болады сонымен қатар таптық және ұлттық қатынастарды, қала мен ауыл адамдарының арасындағы, ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы қатынастарды, отбасылық қатынастарды, тұлға мен қоғам, тұлға мен әлеуметтік топ, ұжым арасындағы қатынастарды, тұлға аралық қатынастарды айтуға болады.
Барлық қоғамдық қатынастар өзара органикалық байланыста және бір-бірімен тікелей немесе жанама қарым-қатынаста болатын адамдардың өзара тәуелділігі мен өзара әрекетін көрсетеді. Бұл қатынастардың және олардың өзара байланысының объективтік негізі - ең алдымен қоғамдық еңбек бөлінісі және адамдар қызметінің әр түрінің дамуы. Өйткені марксизм қоғамды зерттеудің бастауы етіп тек индивидгерді ғана алып қоймайды, олардың түрлі қызметінен туындайтьш әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды алады. Маркстің сөзімен айтқанда, қоғам индивидтердің бір-бірімен болатьш байланыстары мен қатынастарының жиынтығын көрсетеді. Қоғамның құрылымы өзіне тән қоғамдық қатынастардың құрылымы ретінде көзге түседі.
Барлық қоғамдық қатынастар, марксизм бойынша, материалдық және идеологиялық больш бөлінеді. Материалдық қатынастар адамдардың санасы мен еркінен тыс қалыптасьш, көрінеді.Бұл олардың ең алдымен экономикалық, өндірістік-технологиялық қатьшастары, сондай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вебер Макс
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУ ДАМУЫНДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ
М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
Маркстік философия туралы
XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ойлар
Қоғам және философиялық ерекшеліктер
ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Пәндер