Огюст Конт - позитивтік әлеуметтануды негіздеуші

XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет етуіне дәл талдау қажеттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділетгілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдары өз еңбектерін арнады. Солардың арасынан бірінші қатарға ғылымның атын ойлап тауып, оның негізгі нұсқасын суреттеген, оны ғылыми білімдер жүйесіне қосқан, әлеуметтануда позитивтік бағытты негіздеген және оның дамуына ықпал еткен Огюст Конт (1798-1857) шықты.
Ол Францияда қаржы чиновнигінің отбасында дүниеге келген. 1814 жылы Жоғары политехникалық мектепке түсіп, антиклерикалдық және республикашыл көзқарастары үшін оқудан шығарылады. Отбасындағы оқытушылық жұмысын, кейінірек, яғни 1818 жылдан 1824 жылға дейін Сен-Симонның хатшысы қызметін атқарумен алмастырды. Бірақ Сен-Симонның ұстанған утопиялық социализм идеясын қабылдамай, хатшылықтан кетіп, таптар келісімі идеясын уағыздайды, жеке меншікті мейлінше қорғайды. Осы көзқарастары үшін К. Маркс жөне оның ізбасарлары оған салқын қарады. Сол тұста О. Конт өзінің позитивизмін тұжырымдайды. Позитивизм -- әлеуметтанулық білімді жаратылыстану ғылымының методологиясын қолдану негізінде құрмақшы болған әлеуметтік ой мен қоғамдық ғылымдағы жаңа ағым болатын. Позитивизм ұғымы латынның позитивюс -- дұрыс, жағымды деген мағына беретін сөздерінен шыққан. Ол позитивтік көзқарастарын өзінің еңбектерінде тұжырымдап,дәлелдеді. Осыған орай Конт алты томдық Позитивтік философия курсы деген еңбегінде (1830-1842 жылдар аралығында жарияланды) ғылымды топтастырып, позитивтік философия мен әлеуметтану принциптерін жасаса, екінші бір еңбегін саясат негіздеріне және болашақтың дініне арнады. Ал төрт томдық кітабын Позитивтік жүйе немесе адамзаттың дінін белгілейтін трактат (1851-1854) деп атаған. Конттың тірі кезінде позитивизмді негіздеген бұлардан басқа да Қарапайым астрономия туралы философиялық трактат (1844), Позитивтік катехизис (1856) еңбектері жарияланып, ал қайтыс болғаннан кейін төрт томдық Огюст Конттың өсиеттері деген шығармасы жарық көрді. Конт әлеуметтану ғылымына позитивтік синтез ретінде қарап, оны ғылыми білімді жинақгаған энциклопедияға балады. Қоғамды зерттеуге жекелеген ғылымдар соншалықты қажет емес, қоғамды зерттеуге бір ғана әлеуметтану ғылымының көмегі жеткілікті деп, әлеуметтануға басымырақ маңыз берді.
Конт әлеуметтанудын объектісі мен пәнін анық айыра білмей, ғылымның осы атрибуттарын шатастырып алды. Оның пікірінше, әлеуметтану жалпы зандарды зерттеуі тиіс:
а) ерекше әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның тұтастығы; б) адамзат (оның өткені, бүгінгісі және болашағы);
в) бүкіл адамдар ұрпақтарының органикалық тұтастығы ретінде түсіндірілетін адамзат;
г) қазіргі елдер, халықгар мен мемлекеттер жүйесі ретіндегі бүгінгі адамзат;
д) адамзат қызметі нәтижесінің объективтілігі;
ж) адамдар санасы мен психологиясын жетілдіру процестері;
з) адамдар мінез-құлқы;
и) адамдар идеялары мен ой-пікірлерінің дамуы;
ж) отбасы, мемлекет және басқа да әлеуметтік институттардың құрылуы. Басқаша сөзбен айтқанда, Конт әлеуметтануды адамзаттың пайда болуы, өмір сүруі мен өзгеріске түсуін анықтайтын жалпы заңдар деңгейінде, сонымен қатар олардың нақты қоғамдық құрылыстары мен формаларының заңдары деңгейінде қоғам туралы білімдерді біріктірген әмбебап теориялық ғылым ретінде түсінеді.
Конттың көзқарасына сәйкес әлеуметтану мынадай әдістерді қолдануы тиіс:
- қоғамдық процестердің барысын қадағалау үшін бақылау:
- эксперимент, яғни әдейі, арнайы жасалған өзгерістерге бақылау жасау;
- адамзат өмірін жануарлар дүниесімен салыстыру;
- әр түрлі елдер мен халықгардың өмірін белгілі бір көрсеткіштер бойьшша салыстыру;
- тарихи талдау әдісі, әр түрлі тарихи кезенде адамзаттың немесе жекелеген халықтардың әр түрлі қалпын салыстыру.
Алайда, әлеуметтік қалыптағы өзгерістерді анықтауда математикалық
процедура мен өлшемдерді қолдануды талап ететін бақылау әдісін Конт негізгі әдіс деп санайды. Конт бақылаудың анықтығы мен дәлдігі, осы әдістің процедурасын жасау проблемаларын көтерді, алайда оларды сол тұстағы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер тәжірибесінің шектеулігіне байланысты шеше алмайды. Аталмыш әдістер, - деп үйретті Конт, іргелі әлеуметтану теориялары болған жағдайда ғана позитивтік білім алуды қамтамасыз етеді. Мұндай теориясыз олар тек көңілге қонбайтын толған фактілерді берген болар еді. Ал мұндай теорияны жасау үшіи айтылған әдістермен алуға болатын қорытындылаушы материалдар қажет. Конт пікіріндегі қарама-қайшылықты былайша түсіндіреді: теория мен қорытындылаушы материал бірінсіз-бірі бола алмайды, теория әлеуметтану материалдарын тиісінше жинауға мүмкіндік берсе, ал қорытындыланған материалдар теорияның дамуына негіз болады.
О. Конттың ойынша, позитивтік ғылым дінді алмастырып, қоғамды ұйымдастырушы негізгі күшке айндлуы тиіс болды. Ол өзінің тарихи миссиясын болашақтың Ғылыми Библиясын жасауға балап, ғылымды адамзат баласының өмір сүру формаларының шыңына көтермекші болды. Ғылымдарды біріктіру идеясы XVIII ғасырда етек алған еді. Сол тұста білімді біріктіру - қарапайым және түсінікті ережелерге сәйкес іске асырылды. О. Конт бұл мәселені жаңа қырынан көтерді. Ғылымдарды классификациялауда ол бірқатар негіздерге сүйенді: тарихи (ғылымның пайда болу уақыты және бір ізділігі), логикалық (абстрактіліктен нақтылыққа өту), зерттеу пәнінің күрделілігі бойынша (қарапайымнан күрделіге қарай), практикамен байланыс сипаты бойынша.
О. Конт өз шығармаларында өзіне белгілі ғылымдарды нағыз және жалған ғылымдарға бөлген. Жалған ғылымдар санатына ол шешілмейтін мәселелерді қарастырумен айналысатын және дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға мүмкін емес ережелі ғылымдарды қосқан. Бұлардың қатарына теологияны, мистицизмді, спиритуализмді, алхимияны, утопизмді, сонымен қатар метафизиканы, яғни философияны жатқызған. Өзінің ұстазы Сен-Симонның пікірін қолдай отырып ол нағыз, шынайы ғылымдар деп позитивтік ғылымды атаған. Олардың арасынан абстрактілі (теориялық) және нақты ғылымдарды бөліп көрсетті. Абстрактілі ғылымдар жалпы зандылықтарды қарастырады, ал нақты ғылымдар бұл зандарды жеке салаларда (мысалы, биология, медицина) қолданады.
Конттың пікірі бойынша, абстрактілі позитивтік ғылымдар саны алтау: математика, астрономия, физика, химия, биология, әлеуметтану. Бұлардың осындай реттілікпен орналастырылуы оларда позитивизмнің көрінуі мөлшерімен байланысты. Неғұрлым материя қарапайым болса, соғұрлым ол туралы позитивті пайымдау жеңіл болады. Әрбір позитивтік ғылым алдыңғыларға негізделеді, олардың өзіндік ойлау қалпындағы жақсыларды қабылдайды және дамытады.
Оның көзқарасы бойынша, математика басқа ғылымдарға айтарлықтай тәуелді емес, бірақ соншалықгы абстрактілі, қарапайым және практикадан аластатылған ғылым, сондықган ол басқа ғылыми таным формаларынан ерте пайда болған. Әлеуметтану, керісінше, практикамен тікелей байланысқан, күрделі, нақты, өзгелерден кейін пайда болды, өйткені ол басқалардың жетістіктеріне арқа сүйейді. Әлеуметтанудың қалыптасуын қоғамның жаңа даму сатысымен байланыстырумен бірге, оны бүкіл ғылымдардың даму тарихымен де сабақтастырады. Ғылымды топтастыру барысында ғылым иерархиясы жасалып, оған жоғарыда аталған ғылымдар енгізілді. Сөйтіп, бұл жүйе білім дамуының қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, жалпыдан ерекшеге өтуінің тарихи процесін көрсетті.
Әлеуметтануға біртабан жақын және біршама туысқан ғылым ретінде биологияны атайды. Бұл екеуін зерттеу пәнінің күрделілігі біріктіреді, тұтастық жүйе де соған дәлел бола алады, сондықтан биология мен әлеуметтануға талдау жасау жолын негізгі бағьгг етіп ұстанбайды, яғни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz