Тұлғаның әлеуметтену процесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тұлғаның әлеуметтенуі

1. Адам, индивид, тұлға ұғымдары.
2. Тұлға концепциялары.
3. Тұлғаның өзіндік және әлеуметтік идентификациясы.
4. Тұлғаның әлеуметтену процесі. Әлеуметтенудің агенттері.

Адам, тұлға мәселесі - өркениеттер жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі. Ол көне заманнан бері түрлі ғылым өкілдерінің ойынан орын алған. Теориялық және эмпирикалық жағынан қанша зерттелсе де, әлі күнге дейін белгілі бір жүйеге түспеген, ең күрделі мәселелердің бірі болып қала бермек. Адам өзіне бүкіл әлемді сидыра алады деп бекер айтылмаса керек. Әр адам көзге көрінетін және көрінбейтін жіптер арқылы қоршаған ортамен байланысты және онсыз өзін қоғамдық тұлға ретінде таныта алмайды. Міне дәл осы индивид пен адам, қоғам арасындағы ортақ қатынасты социология ғылымы қарастырады. Енді, тұлға ұғымына келсек. Тұлға, индивид, адам жақын ұғымдар болғанымен, әр түрлі ғылым объектілері болып табылады. Адам жер бетіндегі эволюциялық дамудың биологиялық және әлеуметтік қатынастарда біріктірілген күрделі түрі болып табылады. Әр жеке адам индивид, ол қайта тумайды. Жекелік туралы сөз еткенде де осы қайталанбастығын алға тартамыз. Адамға әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, ең алдымен оны қоғам мүшесі, қоғамдық мүдделерді жеткізуші деп қарастырамыз. Адам мен әлеуметтік орта арасындағы қарым-қатынасты зерттегенде тұлға сыртқы қозғаушы күш ретінде қана емес, әлеуметтік субъект, өзіндік қажеттіліктері мен қызығушылықтары қалыптасқан қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі болып табылады. Алайда, социологтар адамның қоғамдық құрылымына ғана қызығушылық танытпайды, олар өз зерттеулеріне биологиялық, психологиялық және т.б әсерлерді арқау етеді.Тұлға ұғымының мазмұнына нелер кіреді? Бірден бірнеше сұрақтар туындайды; кез келген индивид тұлға ма, индивидті тұлға деп тануға қойылатын шарттар қандай, олар жас мөлшерімен, таныммен, басқа да қасиеттермен байланысты ма және т.б.
1.Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі және саналы қоғам мүшесі.
2.Қоғамдық жүйенің тұрақты белгісі индивидті қоғамдық қауым мүшесі деп сипаттайды.
Тағы бір туындайтын сұрақ: жауапкершілік жүктей алмайтын және санасы толық жетілмеген субъект тұлға болып табыла ма? Екі жасар сәбиді тұлға деп есептеуге бола ма? Индивид - адамзат ұрпағының бір өкілі деген түсінік биологиялық тұрғыда да қарастырады. Себебі, индивид тек қана қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік институттар жүйесін де ғана тұлға бола алады.
Бұл тұжырымдарды былайша қорытындылаймыз: тұлға - әлеуметтік қатынасқа түскен индивид. Бұл анықтама аксиома болып табылмағанымен, әлеуметтік тәжірибе мен әлеуметтік қатынастар негіздері көбіне осы анықтамаға сүйенеді. Адамзат қоғамында дүниеге келген бала бірден қоғамдық қарым қатынасқа түсіп, ол күннен күнге кеңейіп, тереңдей береді. Ал жануарлар ортасында өскен адамзат баласы сол қалпы тұлға болып қалыптаса алмайды. Әр адам тұлға болу құқығына ие бола тұра белгілі бір дара тұлға болуға ұмтылады. Тұлғаның әлеуметтік сараптамасы оның қоғамдық анықтамасын меңзейді. Оны зерделеудің бірнеше жолы қалыптасқан. Сонымен қатар, бұл мәселемен психология ғылымы да айналысып, оны психо-динамика тұрғысында зерттейді.
Фрейдтің белгілі концепциясы тұлға құрылымен 3 элементке бөледі: Ол, Мен, Жоғарғы Мен.
Ол дегеніміз - біздің танымымыздың инстинкт билейтін көрінбейтін бөлігі. Фрейд бойынша негізгі екі қажеттілік бар: либидолық және агрессивтік.
Мен дегеніміз - біздің санамыз, өсу үстіндегі саналы қабылдауларымыз.
Жоғарғы мен дегеніміз - моральдық нормалар мен принциптер арқылы өзіңді қадағалай алатын жауапкершілік.
Сондықтан да, біздің санамыз әрдайым ішкі инстинкттерімен және әрдайым өз қағидаларына жүгінуді міндеттейтін Жоғарғы Менімен күресте жүреді.
Фрейдтің идеялары көпке дейін ғылымға қайшы болып саналып келді. Әрине , Фрейдтің идеяларының бәрі келісуге тұрады деуге келмейді, тек Фрейд тұжырымдарының негізгі идеялары тұлға құрылымын биологиялық және табиғи тұрғыдан үйлесімді сипаттап беруінде. Әлеуметтануда тұлға ұғымын микросоциологияда қарастырады. Демек, индивдтер арасында қанынас орнаса, тұлғаға айналады.Бұл теорияны жасағандар: Д. Хоманс, П. Блау, Д. Г. Мид, А. Щюц, Г. Гарфинкель.
Олардың Әлеуметтік ауысу теориясына тоқталайық. Әлеуметтік ауысу теориясы микросоциологияның негізгі бағыты әрі психология, экономика, социологияның күрделі мәселелерінің бірі. Бұл теорияны құрастырушы американ әлеуметтанушысы әрі психологы Дж. Хоманс (1910) былай дейді: Қоғамда материалмен немесе басқа дүниелермен сияқты құндылықтармен де алмасу болады. Өзгелерге бірдеңе берген адамдар өздері де олардан соны күтеді, ал өзгелерден көп алған адамдар оларға да қайтарымын бергісі келеді. Міне осындай ішкі алмасулар қоғам тепе-теңдігін сақтап тұрады. Берген адам үшін оның бергені шығын болуы мүмкін, алғаны ілтипат сияқты. Бұдан шығатыны адамдар тек материалдық емес, бір-біріне психологиялық көмек беріп, өзіне психологиялық кіріс ала алады. Бүкіл қатысушылар ортақ табысқа ие болғанша бұл қатынас қайталана береді. Г. Джакобс Ауысу теориясын былай көрсетеді: топ өз көшбасшыларына оның жетістікке жету деңгейіне өз дәрежелері мен сыйластықтарын алмастырады. Күрделі ұйымдастырылған ауысу процесі несие беру, төлем деген сияқты бірнеше жүйеден тұрады. Дж. Хоманс: Әлеуметтануда жиі көтерілетін мәселе экономикалық мәселелер. Бірақ бұл мәселеллердің шешімін социологиялық еңбектерден емес, күнделікті өмірден іздеуіміз керек дейді. Бұл теория тұрғысынан әлеуметтанушылардан Уильям Гудты, ал микроэкономика саласынан Нобель сыйлығының лауреаты Гэри Беккерді атауымызға болады. Гэри Беккер өз еңбектерінде отбасын құруды партнерін табыс көзі не қажеттілік деп қарайтын жұбайларға, екіншіден, балаларын нарықтық терминмен айтқанда ұзақ қолдану тауары деп қарайтын репродуктивтік шешімдерге арнады.
Неге біз бұған микросоциологиялық тұрғыдан келеміз? Себебі микросоциология тұлғаның жеке белгілерін қарастырады.
Осылайша, адам- қоғам диллеммасы сақталады. Микросоциологияда тұлға концепциалары мына сұрақтарға жауап береді: Тұлға құрылымы қандай, яғни тұрақты қасиеттер жүйесі бар ма?
Негізгі концепциялар:
*Диспозициялық концепция ( Уильям Томас, Флориян Знанецкий)
*Мен концепциясы. Айнадағы Мен ( Чарльз Кули, Эрик Эриксон)
*Рөлдер концепциясы. Рөлдер теориясы (Джордж Герберд Мид, Чарльз Кули)
Микросоциялогия құрамында әлеуметтену, әлеуметтік әрекеттер сияқты әлеуметтік қатынастардың ұсақ топтары қарасытырылады.
Сонымен тұлға үш үлкен әлемнің биологиялық және әлеуметтік қатынастар тоғысында туындаған күрделі мәселе. Ресей авторларында тұлғаның құрамы үш үлкен компоненттен тұрады: ес, мәдениет, қайраткерлік. Ес білімнен және оперативті мәліметтерден тұрады, мәдениет әлеуметтік нормалар мен құндылықтардан тұрады. Ал, қайраткерлік тұлғаның ішкі қалаулары мен қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің жүзеге асуы.
Тұлға құрылымынан мәдениет құрылымдары мен сапалары да көрініс береді.
Адамның мақсат мүдделері мен қызметі, оның атқарылуы тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындайды.
Әлеуметтік мәртебе (status жағдай) индивидті әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік топтар арасындағы орны немесе әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік мәртебе қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен қатынастар жүйесіндегі тұлғаның алатын орнына берілген баға деуге де болады. Әр түрлі сөздіктерде әлеуметтік статус мынандай анықтамалар арқылы беріледі:
· Әлеуметтік мәртебе индивид немесе топтың экономикалық профессионалдық, этникалық, т.б. белгілері бойынша әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың әлеуметтену механизмі
Әлеуметтену түсінігі
Қазіргі тұлғаның əлеуметтену ерекшеліктері
Тұлғаның дамуы мен әлеуметтенуі
Тұлғаның қалыптасуы туралы
Лицей оқушыларын әлеметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері
Әлеуметтанудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі әлеуметтік-педагогикалық атқаратын рөлі
Тұлғаны дамыту, қалыптастыру
Қазіргі кездегі жеке тұлға мәселесі
Пәндер