Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі

Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914- 1918-ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден соққы беріле бастады. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады.
Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады.
Сөйтіп әуе шабуылынан қорғану үшін 1920 жылдары жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.
Кеңестер одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс АҚ - деп аталына бастады. Кеңес үкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ-не төмендегідей міндеттер жүктелді:
- әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;
- әуе шабуылының зардаптарын жою;
- бомбадан не газдан, улағыш заттардан УЗ паналау орындарын дайындау;
- зардап шеккен жан жануарларға көмек көрсету;
- қауіп төнген аудандардағы қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;
- ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу;
- арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.
Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, қорғаныс жасақшылары саны жаппай өсіп, 6 млн.-нан асып түсті. Соғыс жылдары бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары жалғастырылып жетілдіре берілді.
Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбысының қолданылуынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.
Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары:
1) Әр қоғамда ең басты, бағалы нәрсе - адам. Сондықтан барлық қорғау шараларында адамдардың қауіпсіздігін ескеру - негізгі мақсат. Адамдарды қорғай білу - мемлекет үшін маңызды іс. Сондықтан халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
2) Халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.
Азаматтық қорғаныс міндеттері:
- Халықты жаппай қыру қаруларының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу.
- Төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету (барлық өнімдердің қажетті мөлшерде өндіре алу).
- Зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу.
- Апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу.
- Зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету.
- Төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу.
- Өндіріс орындардағы апаттық көрші тұрған объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру.
- Адамдарды және техникаларды басқа объектілерді, улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу.
- Территорияны, техниканы, киімді, тамақты улы, радиоактивті заттардан, бактериялардан қорғау.
Қазіргі кезде ғылыми - техникалық прогрестің яғни завод, фабрикаларға энергия беру т.б. өндіріс орындарының (шаруашылық кешендерінің) адам өміріне келтіріп отырған пайдасы мен зияны, зардабы аз емес.
Шаруашылық кешені (ШК) деп өз алдына материалдық балансы бар, банк бөлімшесінде өзінің жеке тогы бар мекемені айтады. Тау-кен өндірісінде, көмір, металлургия, мұнай өнімдерінің өндірілуімен қатар, кейде апат кездерінде, адамға зиянды улы заттардың ауаға кетуі ықтимал, кездесіп те жатады. Төтенше жағдайлар мемлекеттік жүйе құруға мәжбүр етеді. АҚ ұйымдары территориялық және өндірістік принциппен құрылады.
Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:
1) Республикадағы Азаматтық қорғаныс штабы.
2) Облыстық, қалалық, аудандық штабтар.
3) Министрліктер бойынша жергілікті жердегі мекемелерде АҚ штабтары немесе қызметкерлері.
4) Азаматтық қорғаныс ұйымдарының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс орындары.
Азаматтық қорғаныс күштеріне жататындар:
- Азаматтық қорғаныс әскерлері.
- Ауқымдық не министрліктерге бағынатын жасақшылар.
- Арнайы жасақшылар.
Басқару орындары:
- Қазақстан Республикасының Премьер - министрі
- Республикалық Азаматтық қорғаныс штабы
- Төтенше жағдай жөніндегі комиссия
- Облыс әкімі
- Қала әкімі
- Аудан әкімі
- Әр мекемедегі бірінші басшысы
Әр мекеменің бірінші - Азаматтық қорғаныстың басшысы болып есептеледі. Оның бұйрықтары мен жарлықтарын осында істейтін барлық адамдар орындауға міндетті. Мекеменің бірінші бастығы осы мекеменің төтенше жағдайдағы дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүргізілуіне, оған адамдарды дайындап, ұйымдастыруына жауап береді. ТЖ - дың зардабын жоюға, ұжым мүшелерін ұйымдастыруға мемлекет алдында бірден - бір жауапты адам.
Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.
Адам табиғаттағы, өндірістегі, көлік апаттарының Төтенше жағдайының басы - қасында болғанда оқиғаны әртүрлі бағалайды әрі оған психологиялық кері әсер етуі мүмкін. Мұның өзі сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиын-қыстау жағдайда қалай қимылдауды білмегендігінен болады. Асып-сасушылық басым болуы мүмкін. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жаппай үрей (паника) тууы мүмкін. Қорқыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды, немесе асыра сілтеуге жақын тұрады. Олар өз сезіміне бой беріп, жауапкершілікті жоғалтады.
Бұндайда теріс түсінушілік, бұрмалаушылық әңгімелер көп болады. Жаппай үрейлену қайғылы жағдайларға соқтыруы ықтимал. Сондықтан адамдарды төтенше жағдайларға алдын ала дайындау маңызды жұмыс. Апат жағдайында қалай қимылдаудың, іс-әрекеттің кезегін үйрету керек, жаттығулар өткізу қажет. Азаматтық қорғаныстың қойған мақсаты осындай. Үрейленушіліктің алдын алу үшін төтенше жағдайда, дереу оның себептерін нақты түсіндірудің маңызы зор. Егер жаппай үрейленушілік туындаған жағдайларда адамдармен тез арада сұхбаттасып, қорқыныш сезімді жоюға тырысу керек. Басқаруды тез арада бір кісі өз қолына алғаны дұрыс. Содан кейін сол адамдардың өздерін құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына кірістіріп ақыл-ойларын соған бөлу керек. Тек сонда ғана қатты қорқынышқа ұрынған (паникаға) адамдарды тоқтатуға болады.
Сондықтан төтенше жағдайдағы психологиялық дайындыққа тиісті көңіл аударуды қатаң талап етеді.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі АҚ-тың міндеттері
Азаматтық қорғаныс қызметінің жұмысы жергілікті әкімшіліктің облыстық, қалалық, аудандық басшылығымен жүреді.
Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылымы мемлекеттік құрылымға сәйкес құрылады. Бұл қызметтің өзі қолда бар материалдық жағдайды және адам күшін, оларды негізгі қызметтерінен айырмай тиімді түрде пайдалана білу негізіне сүйенеді де, өзіне берілген міндеттерді орындауға бағытталады.
Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.
Территориялық - дегеніміз әр облыс, қала, аудан территориясында ұйымдастырылады.
Өндірістік - дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын Азаматтық қорғаныстың орындары болады.
Азаматтық қорғаныс күштеріне:
- Азаматтық қорғаныс әскерлері.
- Министрліктерге бағынатын өндірістіктегі жасақшылар.
- Арнайы жасақшылар, оларға: АҚ мен ТЖ құрылымдарының күш-тері, мекеме, өндіріс, орта және жоғарғы оқу орнындағы әскери емес жа-сақшылар (Жалпы қызмет атқаратындар; Арнайы қызмет атқаратындар)
Жалпы қызмет атқаратындар өз кәсіпорындарында құтқару не қалпына келтіру жұмыстарына қатыстырылады.
Олар жаппай жер сілкіну және де басқа да ірі апаттардың зардабын жоюға қатыстырылады. Бұл жасақшылардың құрамына әрбір еңбекке жарамды адамдар кіреді. Оларды құру негіздері: әр цех бойынша, бөлім, бөлімшелер, бригада басқа да өндіріс учаскелерінде ұйымдастырылады. Әр смена, бригада бір жасақшылар тобы болып, кей учаскелердегі адамдар біріктіріледі.
Азаматтық қорғаныс бастығының жанынан штаб құрылады да, барлық ұйымдастыру жұмыстары осында жүргізіледі.
Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, азаматтық қорғаныс бастығының төтенше жағдай кезіндегі бірінші орынбасары болып табылады.
Әрбір төтенше жағдайда дабыл хабарын тез арада халыққа жеткізудің маңызы өте зор.
Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың ең басты тәсілі ретінде мемлекеттік радио, теледидар және сонымен берілетін байланыс жүйелерінің құралдары пайдаланылады. Дабылды берудің мақсаты, халықтың назарын алдын ала аудару үшін сирена, өндірістік гудоктар арқылы Тыңдаңыздар баршаңызға - деп аталатын ескерту хабарлары беріледі. Бұл хабар бойынша барлық халық өздерінің радио, теледидар құралдарын іске қосып, төтенше хабарды тыңдауға әзірленуі керек. Бұл сигналдар бойынша тез арада радио тарату, теледидар станциялары, радио таратқыш жүйе тізбектері тез арада іске қосылуға тиісті.
Бұл азаматтық қорғаныс хабарлары төтенше жағдайдың жақындап қалғанын, не болмаса болған қатерлерді, сол сияқты жағдайға байланысты қандай іс - шаралар қабылданатындығын хабарлайды. Мысалы: химия кәсіпорнында апат болғаны және онда улы заттың ауаға тарағандығы жайлы дабыл болған жағдайда не істеу керек? Бұл жағдайда тезірек жиналып, көршілерге хабарлап, жел бағытына көлденең бағытқа жүгіру керек. Противогаз болмаған жағдайда дәкені не матаны ылғалдап, ауыз-мұрынды жауып тыныс алу керек. Немесе киімнің жағасы не мақталы жері арқылы дем алу керек. Содан кейін азаматтық қорғаныс штабынан келесі хабарды күту керек.

Төтенше жағдайлардағы ұйымдар жұмысының тұрақтылығы

Өндірістік объектінің тұрақты жұмыс істеуінің, оған әсер ететін жағдайларды оқып-білу. Ұйым жұмысы тұрақты негіздері.
ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі Мін-деттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік объектілердің жұмыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.
Шаруашылық объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бірқатар негізгі себептерге қатысты:
- өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;
- негізгі өндірістік қорлардың жылдам тозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі;
- өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;
- шарасыз заңдық және нормативтік бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;
- мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі
Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) жүйесі
Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен ролі
Төтенше жағдайдын топталуы
Өмір-тіршілік туралы курстың мақсаты және мазмұны
Азаматтық қорғаныс күштері
Пәндер