Эвакуация шараларын жүргізудегі негізгі ережелер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Эвакуация шараларын жүргізудегі негізгі ережелер

Халықты қорғау принциптері. Қазақстан Республикасының 05. 07. 1996ж. қабылданған «Табиғи және техногенді сипатқа ие төтенше жағдайлар» туралы заңында көрсетілген. Онда халықты қорғаудың негіздері, қоршаған ортаны қорғау, азаматтардың құқығы мен міндеттері, төтенше жағдай кезінде жедел медициналық көмекті ұйымдастыру негіздері қаралады

Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сипатқа ие төтенше жағдайлар» туралы заңының 1-ші бөлім, 3-ші беттерінде халықты, қоршаған ортаның қорғаудың негіздері қарастырылды:

  • төтенше жағдайды алдын - ала болжауды, алдын - алу шаралары мен халыққа хабарландыруды ұйымдастыру;
  • қауіп әкелетін шығынды алдын - ала болжауды ұйымдастыру, халықты қорғау шараларын жүргізу;
  • құтқару, қалпына және басқа төтенше жағдайдың алдын - алуда жедел жұмыс жүргізу, жедел медициналық көмек көрсету, зардап шеккен жұмысшылар мен халықты әлеуметтік қорғау.

Төтенше жағдайда халықты қорғау тәсілінің негізгі қағидалары.

Бейбіт және соғыс уақытында біздің республикамызда іске асырылатын төтенше жағдайдың ең маңыздысы халықты қорғауды қамтамасыз ету шаралары болып табылады.

Халықты қорғау қағидасы - бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгіленген ережелер.

05. 07. 1996ж. Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туралы» Заңының 1 - тарауының 3 - бабына халықты, қоршаған орта мен ШО табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде қорғаудың негізгі қағидалары анықталған.

Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және қазіргі заманғы заманауи соққы беруден қорғау, үш негізгі қорғау тәсілі кіретін, кешенді шараларды өткізумен іске асырылады.

  • Қорғаныс ғимаратына адамдарды жасыру;
  • Тұрғындарды көшіру және орналастыру;
  • Халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету.

соғыс кезінде заманауи соққы беру құралдарынан қорғаудың негізгі тәсілі болып табылады. Қорғаныс ғимараттары - бұл панаханалар, радиацияға қарсы жасырыну (РҚЖ) және қарапайым панаханалар.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру жолымен халықты қорғауды қамтамасыз етудің ең маңызды шарттарының бірі, панаханалар мен РҚЖ-ны тұрақты дайындықта ұстау, сондай -ақ АҚ дабылы болғанда халықты оларға тезірек кіруге үйрету.

Сонымен қатар, ТЖ туындағанда панаханалар мен РҚЖ басқару пункті ретінде қолданылады.

ТЖ- да халықты көшіру , әсіресе бейбіт уақытта болған ТЖ - ға, сондай - ақ соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы соққы беру құралдарынан қорғауға тән.

Халықты жеке басын қорғау үшін қолданылатын құралдармен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары, радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалды құралдардың организмнің ішіне, теріге киімге түсуінен, жұғуынан қорғауға арналған.

Олар келесілерге бөлінеді:

  • тыныс алу органдарын қорғау тәсілдері (ауаның сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы, (ПТМ- 1) және мақта - дәке таңғышы) ;
  • теріні қорғау тәсілі арнайы (арнайы оқшаулап қорғайтын киім, тұрғындары қорғайтын сүзгі және бейімделген киімі) .

Жеке басын қорғау заттарын қолдану - халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.

Халықты қорғау республикамыздың АҚ - ның басты міндеті, себебі адамдар - ең жоғарғы құндылық болып табылады, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ - ның алдын - алу мен әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.

Халықты инженерлік қорғау шаралары: бүкіл респулика аумағында алдын - ала; экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларының кешенінде жоспарланады және жүзеге асырылады; дифференциялау (панаханалар АҚ бойынша топтарға жататын қалалар мен аса маңызды объектілерде, радиациядан қорғайтын орындар қаланың сыртындағы (қауіпсіз) аймақта салынады) жүргізілуі тиіс; халық қорғаныс ғимаратын дұрыс пайдалануға дағдылануы қажет; халыққа хабарлау жүйесі ТЖ туындай қаупі мен туындауы кезінде АҚ дабылдары мен ақпараттарды беруге тұрақты даярлықта болуы тиіс.

Қорғаныс ғимараттары - бұл инженерлік ғимарат, ол халықтың радиоактивтік, химиялық, бактериалдық және жарылғыш заттардан зақымдануын барынша азайтуға арналған.

Төтенше жағдайда тұрғындарды қорғаныс ғимаратына жасыру. Халықты соғыс кезінде заманауи соққы беру құралдарынан қорғаудың негізгі тәсілі болып табылады. қорғаныс ғимараттары - бұл панаханалар, радиацияға қарсы жасырыну (РҚЖ) және қарапайым панаханалар.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру жолымен халықты қорғауды қамтамасыз етудің ең маңызды шарттарының бірі, панаханалар мен РҚЖ-ны тұрақты дайындықта ұстау, сондай-ақ АҚ дабылы болғанда халықты оларға тезірек кіруге үйрету.

Сонымен қатар, ТЖ туындағанда панаханалар мен РҚЖ басқару пункті ретінде қолданылады.

Қорғаныс ғимараттарының жіктелуі:

  1. Қорғаныс белгісіне қарай:
  • панахана;
  • радиациядан қорғайтын орындар (РҚО) ;
  • қарапайым жасырыну орындары;
  1. Мақсатына қарай:
  • халықты қорғауға арналған;
  • басқару органдарын орналастыруға арналған (басқару пункттері) .
  1. Орналасуына қарай:
  • жапсарлас салынған;
  • жеке салынған.
  1. Құрылыс мерзімі бойынша:
  • бейбіт уақытта алдын ала салынған;
  • жылдам тұрғызылатын (шабуыл қауіпі болғанда тұрғызылады) .

Панахана сиымдылығы бойынша мыналар бөлінеді:

  • шағын - 300 адамға дейін;
  • орташа - 300 - 600 адам;
  • кең - 600 - ден астам.

Негізгі бөлмелерге:

  • жасырынушыларға арналған бөлмелер;
  • басқару пункттері;
  • санитарлық орын (медпунк) жатады.

Қосалқы бөлмелер:

  • сүзгіжелдеткіш бөлмелер;
  • санитарлық тораптар;
  • қорғалған дизэлектрстанциялары;
  • электрщиттері;
  • азық - түлік сақтауға арналған бөлме;
  • айдау станциясы;
  • балондық;
  • тамбур - шлюз; тамбурлар.

Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі қабатты нар кезінде 0, 5м 2 және үш қабатты нар кезінде 0, 4м 2 болуы керек. Бөлменің көлемі бір жасырынушыға - 1, 5м. куб.

Бөлменің биіктігі 2, 15 - тен 3, 5 м дейін болуы керек.

Есептелген жатуға арналған орынның саны: жатуға арналған орын нар екі қабатты болып орналасқанда, панаханада жалпы орынның 20% - ды, ал үш қабатты болып орналасқан кезде 30% - ды құруы тиіс.

Сүзгіш - желдеткіш жүйесі тәртіп бойынша 2 режімнен тұрады.

  • таза желдеткіш - ауа радиоактивті шаңнан тазарады;
  • сүзгіш - желдеткіш - ауа сүзгіде тазартады, сонымен қатар, улайтын және бактериалы заттардан тазартады.

Бір жасырынушыға шаққандағы ауа көлемі:

  • таза желдету режімі бойынша - 13куб. м/сағ. дейін;
  • сүзгіш - желдеткіш режімі бойынша - 3куб. м/сағ. дейін.

Қажетті ауа қоршаған ортаның температурасына байланысты және панаханаларды салған кезде ескеріледі.

Панаханалардағы санитарлық тораптар - екіден кем болмауы тиіс, бірі ер адамдарға, екіншісі әйел адамдарға деп бөлінеді.

Панаханалардағы жылыту панахананың іші паналаушыларға толғаннан кейін тоқтатылады.

Ғимараттың ішіндегі ең жоғарғы температура +34 0 С және одан жоғары болса, (адам өміріне қауіпті) .

Панаханада әрбір жасырынушы үшін қарастырылған ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 литрден болып қарастырылған.

Қорғаныс ғимаратының ішіндегі ауадағы кислородтың ең аз мөлшері - 14% және одан төмен болса, адам өміріне қауіпті.

Шағын көлемді бөлмеде, ереже бойынша, панаханадағы ауаның таралуы үшін электрліқол желдеткіші орнатылады.

Орта және үлкен көлемді панаханаларда қорғалған дизелді - электростанциясын орнату қарастырылады.

Панаханаларда, ереже бойынша, шығу есігі екіден кем болмауы керек, олардың біреуі авариялық шығу болып қолданылуы мүмкін. Панаханалардағы сыртқы есікте ішкі есікте, ауа өтпейтіндей қорғалған.

Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) - қарсыластың шабуыл жасау қаупі төнгенде, 15 тәуліктен 1 айға дейінгі қысқа мерзімде, қарапайым жабдықтармен салынатын қорғаныс ғимараты.

Оның сиымдылығы, ережеге сейкес, 50 және 100 адам.

Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) - олар адамдарды радиоактивті зақымдалу (ластану) жағдайында сәулеленуден қорғауды және үсті - үстіне келіп жатқан, екі тәулікке есептелінген жасырынушыларды қабылдауды қамтамасыз ету керек. РҚО шамалы қираған жерде орналасатын болса, оларды қоршаған құрылымдар, 20кПа (0, 2 кгс/кв. см. ) тең шепте болған соққы толқынының қысымына төтеп беруше есептелінген болуы керек. РҚО қатты бұзылуы мүмкін аймақтан алшақ орналасқан шаруашылықпен айналысатын объектілер жұмысшылары мен қызметкерлерін, сонымен қатар санатталмаған қалалар, ауылдар мен елді мекендердің халқын көшіру кезінде белгіленген қалалар мен ауылдардың және елді мекендердің халқын қорғауға арналған.

Қарапайым панахана

Панаханалармен РҚО жетіспегенде, сондай - ақ уақыт тапшы болып және қаражат болмаған жағдайда, барлық еңбекке жарамды жұртшылық бірігіп, қарапайым панахана - құрылыстарын (ашық және жабық) салады.

Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды. Шығын ашық жермен салыстырғанда 1, 5 - 2 есеге азаяды. Сәулеленуге ұшырау ықтималдығы 2, 3 есе азаяды.

Егер тесіктерді бекітсе, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады, соққы толқынынан қорғану 2, 5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады. Тесіктер мен жарықтарды бекіту, сонымен қатар, киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, ондай - ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.

Эвакуациялауды ұйымдастыру және таратып орналастыру

Эвакуациялау шаралары халықты төтенше жағдайлардан, қазіргі заманғы

зақымдану құралдарынан қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады.

Эвакуациялау шаралары:

Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.

Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.

Бытыраңқы орналастыру -соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.

1. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;

2. Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;

3. Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;

4. халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;

5. көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;

6. стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;

7. халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;

8. жерасты құрылғаларын, жекпелерді және басқа да халықты жасауға болатын орындар мен құрылыстарды анықтау және оларды одан әрі жабдықтау;

9. Ааматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;

10. қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.

Барлық эвакуацияланатын халық қауіпсіз аймақтағы орналасатын пунктінде тіршілік етуге қажетті заттармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Эвакуациялау шаралары алдын ала жоспарланады. Эвакациялау шаралары барлық орталық, жергілікті атқарушы органдарымен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, қауіп - қатер және болуы ықтимал төтенше жағдайлар, зақымдану ошағы есебінен жүргізіледі.

Бейбіт уақытта эвакуациялау шараларын жүргізуге шешімді жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал соғыс уақытында - Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

Төтенше жағдайлардың туындауы және бүгінгі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде бейбіт уақытындағыдай, ал соғыс уақытында да халықтың жарты бөлігін алдын ала эвакуациялау жүргізіледі (жарым жартылау эвакуациялау.

1) . Эвакуациялау шараларын жоспарлау және жүргізу. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органдарымен бекітілген «Эвакуациялау шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқауға» сәйкес жүзеге асырылады.

Барлық санаттағы халықты қауіпсіз аймаққа тасып шығаруды және орналастыруды жергілікті атқарушы органдары, жұмыс, оқу орындары, тұратын жерлері бойынша ұйымдар ұйымдастырады.

Халықты эвакуациялау - халықты барынша үйлестіріп, жаяу тәртіппен және көліктің барлық түрімен (темір жол, әуе жолы, су, автомобиль, көлік - арба), оның ішінде жеке автомобиль көлігімен араластырып шығару әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Соғыс уақытында эвакуацияланған халықты орналастыратын және ұйымдардың қызметкерлерін бөліп жайғастыратын аудандар (пункттер) алдын ала анықталады, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі және олардың шешімімен (қаулысысмен) бекітіледі. Жарым - жартылау эвакуациялау кезінде халықты орналастыратын аудадарды (пункттерді) Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар анықтайды.

Эвакуациялау мен бөліп жайғастырудың принциптері:

  • эвакуациялауға жататын, барлық санаттағы халықты барынша қамту;
  • эвакуациялау шараларын өндірістік принцип және тұрған жері бойынша (мекені) жүргізу;
  • эвакуациялау шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде жүргізу;
  • эвакуациялау шараларын жүргізу кезінде жоспарлылық пен ұйымдастырушылықты сақтау;
  • эвакуациялау шараларын жүргізу үшін олардың жұмысының белгіленген режимін бұзбай - ақ көліктің барлық түрін пайдалану, сондай - ақ жеке меншік көліктерін пайдалану;
  • орналастыру, бөліп жайғастыру орындарын алдын ала дайындау;
  • жолда келе жатқан эвакуацияланған және бөліп жайғастырылатын халықты орналастыру мен жайғастыру орындарында олардың тыныс тіршілігін қамтамасыз ету;
  • өздерінің іс - қимылын жалғастырып жатқан объектілердің үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Бөліп жайғастыру мен эвакуациялауға басшыдықты Азаматтық қорғаныстың орталық атқарушы органдарының ұйымдарының бастықтары, ал халықты қабылдау және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды - Азаматтық қорғаныстың бастықтары, аумағына халық көшіп келетін жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Эвакуациялау шараларын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі негізгі міндеттері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігі
Өрт бөлімшелерінің өртті тоқтату жұмыстарын ұйымдастыру
Өрт қауіпсіздігі жоспары
Өрт қауіпсіздігі негіздері туралы мәлімет
Сауда орталығындағы өртті сөндіруді ұйымдастыру және өрт сөндіру тактикасын қолдану
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
Байланыс және құлақтандыру құралдары: авариялық жағдайлардың алдын алу. Жеке мүлік қорғанысы. Видеобақылау жүйелері. Күзет-өртке қарсы дабыл.
Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
Жұмыс орнындағы ауаның зиянды заттарынан қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz