Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары - сүзгіш, оқшаулағыш. Респираторлар

Қызметтік принцптеріне байланысты ТАОЖҚҚ сүзгіш және оқшаулағыш болып екіге бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің жеткілікті болуы және зиянды заттардың шектеулі мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етсе, оқшаулағыш құралдар ауадағы оттегінің жеткіліксіз болуы және зиянды заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді.
Сүзгіш ТАОЖҚҚ үш түрге бөлінеді:
* аэрозольдан қорғануға арналған, шаңға қарсы;
* булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газға қарсы;
* ауада бір мезгілде болатын аэрозольдан және булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газды шаңнан қорғайтын.
Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ екі түрге бөлінеді:
* шлангты, ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған;
* автономды, ауамен қамтудың жеке көзінен тынысалу қоспаларының берілуін қамтамасыз етеді.
Тыныс алу органдарын аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респираторлар қолданылады.
Тыныс алу органдарын ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдан қорғану үшін респираторлар қолданылады: газға қарсы, сорбитті - сүзгіш, газды шаңнан қорғайтын, клапансыз, бір рет қолданатын.
Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскадан және қуыстық сүзгіштерден (екі сүзгіш секция) тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдардан жасалады.
Әмбебап респираторлар бір мезгілде тыныс алу органдарын газдардан және улы, бактериалды, силикатты, цементті, көмірлі және радиоактивті шаңдардан қорғайды.
Дәкелік таңғыштар респираторлардың ең қарапайым түріне жатады және кірлегеніне қарай ауыстырып ортыратын 5- 6 қабат дәкеден тұрады. Дәкелік таңғыштар аз концентрациядағы және аса улы емес шаңдардан қорғануға ұсынылады, мысалы ағаш шаңы.
Авариялық - құтқару жұмыстары кезінде сүзгіш газқағарлар кеңінен қолданылады. Олар тек кана химиялық заттардың ауадағы концентрациясы мен құрамы белгілі болғанда, ал қалыпты оттегінің құрамы 16% кем болмаған жағдайда қолданылады (көлемді); бұған қоса ТАОЖҚҚ қорғау қызметінің уақыты ТЖ аймағында жұмыс жасауға жетуі және жоғарғы тыныс алу жолдарының күюін болдырмауы керек.
Қорғау қызметінің уақыты ауа ағынының жылдамдығы 30 лмин, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75% және қоршаған орта температурасы 30 °С - ден 40 °С дейін болуына арналған.
Құтқарушыларды кәсіпорындарда орын алған авариялар кезінде ҚӘЗУ - ден қорғау үшін үлкен және кіші габаритті өнеркәсіптік сүзгіш газқағарлар қолданылуы мүмкін. Олардың қатаң бағытталуы (таңдаулы) бар және тек қана белгілі бір химиялық заттардан қорғануға арналады.
Өнеркәсіптік газқағарлардың қораптары аэрозольге қарсы (АҚС) сүзгіштермен және сүзгіштерсіз (М және СО маркалы) шығарылады. ҚӘУЗ жұтылуы үшін АҚС бар қорапшаларды қолданған дұрыс. Кейбір ҚӘУЗ жөніндегі үлкен габаритті қораптардың қорғаныс қызметінің уақыты төмендегі кестеде көрсетілген.
ҚӘЗУ бойынша өндірістік газқағарлар қорапшасының сипаттамасы
КӘУЗ атауы
Бастапқы конпентрациясы мгм[3]
Қорапшалардың қорғау қызметінің уақыты,
мин және айырым түстері
А
қоңыр
В
сары
КД
сұр
СО
ақ
м
қызыл
БКФ
жасыл
Аммиак
15000
-
2,2
21
21
40
2,6
Акрилонитрил
10000
180
48
33
-
-
48
Хлор
25000
40
47
37,6
46
43
4
Күкіртті ангидрид
14000
-
11,9
-
-
Этилен тотығы
10000
3
7
-
37
65
8
Азот тотығы
5000
-
60
-
26
38
Фосген
22000
22
62
30
34
14
53
Фторлы сутек
5000
30
30
30
30
30
Хлорлы циан
6000
.
-
-
.
-
111
Хлорпиктин
36000
-
-
-
-
-
32
Күкірткөміртек
17000
50,7
56,9
17
45
38
49,7
Көрсетілген түстен басқа АҚС бар газқағарлардың қорабында тігінен жүргізілген ақжолақ болады. Аз габаритті қорапты өнеркәсіптік газқағарлар жоғарыдағы кестеде көрсетілгендерден 2,5 есе төмен мағыналы ҚӘУЗ концентрациясында қолданылады.
ПМФ - 1 өндірістік сүзгіш газқағары тек белгілі бір ҚӘУ3 буларынан, газдарынан, аэрозольдарынан қорғануға арналған. Газқағар панорамалық әйнегі бар беттік бөліктен, белгілі маркадағы (ҚӘУЗ түріне байланысты) газқағарлық қорапшадан тұрады. Зақымдалу көзінен 500 м және одан жоғары қашықтыққа кеткенде қолданылады. Газқағармен жұмыс істеу уақыты 30 - дан 100 мин дейін (30 лмин орташа ауыртпалығы кезінде).
Окшаулағыш ТАОЖҚҚ
Құтқарушыларды ҚӘУЗ буының жоғарғы концентрациясынан, сондай - ақ өрттерден, кейінгі атмосфераның жоғарғы түрінді газдануынан және жарылыстар мен заттардың балқуы кезінде оқшаулағыш ТАОЖҚҚ қолданылады. Оларды концентрация құрамы белгісіз болғанда қолданылады; қалыпты оттегінің құрамы 16% кем болған жағдайда (көлемдік бөлігі); басқа ТАОЖҚҚ қорғаныс қызметінің уақыты зақымдалған аймақта жұмыс жасауға жеткіліксіз болған жағдайда пайдаланылады.
Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ - тар автономды және шлангты болып екіге бөлінеді.
Автономды ТАОЖҚҚ адамды баллондағы тыныс алу қоспасымен қамтамасыз етеді (сығылған ауа немесе оттегі) немесе жұтылған ауаның регенерациялануы есебіндегі оттегісі бар заттардың көмегімен қамтиды. ҚӘУЗ шығуымен (төгілуімен) байланысты орын алған авариялардың зардабын жою кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал автономды ТАОЖҚҚ болып табылады. Олар тыныс алу аппараттарынан, оқшаулағыш газқағардан, өздік құтқарушылардан тұрады. Тыныс алу аппараттары сығылган ауасы бар металл баллоннан және оның тыныс алу органдарына берілуін реттеп отыратын клапандардан тұрады.
Шлангті ТАОЖҚҚ тынысалу органдарына таза ауа шланг арқылы ауа үрлегіштен немесе компрессордан келеді.
Оқшаулағыш газқағар регенеративті патрондармен жабдықталған, олардың ішіндегі оттегі түйіршіктелген затта (сілтілі металлдардың тотығы - натрий мен калийдің) болады және адам дем шығарғанда түзілетін су буы мен көміртек диоксидінің жұтылу реакциясы кезінде бөлінеді. ҚӘУЗ зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін төмендегідей тынысалу аппараттары мен оқшаулағыш газқағарлар пайдаланылады: АСВ - 2 (сығылған ауамен), КИП - 8, КИП - 9 (сығылған оттегі бар) және ИП - 4 (химиялық байланысқан оттегі бар). АСВ - 2, КИП оқшаулағыш тыныс алу аппараттары ҚӘУЗ - дің ауадағы жоғары концентрациясынан тыныс алу органдарын қорғауға арналған.
ИП - 4М оқшаулағыш газқағары ҚӘУЗ қоспаларының жоғарғы концентрациясынан, сондай - ақ оттегі жетіспеген немесе жоқ болған жағдайда тыныс алу органдарын қорғауға арналған.
СПИ - 2 өндірістік оқшаулағыш өз - өзін құтқарушы (ПДУ - 3) қысқа мерзімді жедел қорғануға және зақымдалған аймақтан шығуға арналған.
Оқшаулағыш тыныс алу аппараттары баллондарын бірнеше мәрте ауыстыру мүмкіндігімен немесе регенератнвті патрондардың көмегімен көп уақыт пайдалануға болатын құралдарға жатады. Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ жұмыс уақыты, ең алдымен, физикалық ауыртпалыққа, қоршаған орта температурасына және ауа (оттегі) қорына немесе оттегісі бар құралдардың қорына байланысты болып келеді. Тыныс алу органдарын қорғаудың ең басты элементтерінің бірі - ЖҚҚ, оның ішінде газқағарларды білу мен дұрыс пайдалану болып табылады.
Газқағарды пайдалануға дайындау шлем - масканың қажетті өлшемін анықтаудан басталады. Ол басты тігінен айналдырып өлшегенде анықталады. Өлшеу төбеден басталып, бет пен иекті қамтиды. Қолданар алдында газқағардың бұзылмағандығы мен герметикалығын тексеру керек. Шлем - масканы тексеру барысында талапқа сай болуын қадағалау керек. Одан кейін оның бүтіндігін әйнектеріне қарап тексеру керек. Бұдан кейін клапан қорапшасы тексеріледі. Ол қоқысқа толған немесе жыртылған болмауы керек. Сүзгіш - жұтқыш қораптар мыжылмай, тот баспай, тесілмей сақталуы тиіс және мойынында зақым болмауы керек. Сонымен қатар қорап ішіне жұтқыш ұнтақ түсіп кетпеуі қадағалануы керек.
Газқағарды мынандай жолмен жинайды. Сол қолымен шлем - масканы клапанды қорапшасынан ұстайды. Оң қолымен сүзгіш - жұтқыш қораптың мойының шлем - масканың клапанды қорабының түтігіне соңына дейін бұрайды. Жаңа газқағардың беттік бөлігін киер алдында ішкі және сыртқы жағынан аздап суланған таза шүберекпен сүртеді, тыныс шығару клапанын үрлеу керек. Егер қандай да бір ақау байқалса, оны жөндейді, ал жөндеу мүмкін болмаған жағдайда ол газқағарды басқа, ақауы жоғымен ауыстырады. Тексерілген газқағарды жиналған күйінде сөмкеге жинайды: түбіне - сүзгіш - жұтқыш қорап, үстіне - бүктелмеген күйде, тек кана әйнектік бөлігі зақымдалмас үшін аздап қайырып қояды.
Газқағарды сөмкеге салынған күйінде алып жүреді. Сөмкенің бауы оң иыққа асылады. Сөмкенің өзі сол жақ жамбасқа қарай, клапаны өзіне қарап тұрады. Газқағар далалық, дайындық, ұрыс жағдайында болуы мүмкін. Далалық жағдайда - улы заттармен, ҚӘУЗ - бен, радиоактивті тозаңдармен, бактериологиялық заттармен зақымдалу қауіпі төнбей тұрғанда сол жағында тұрады. Жүрген кезде қолға кедергі жасамас үшін артқа қарай ысырылып қойылуы мүмкін. Сөмкенің жоғарғы жағы белдің деңгейінде болуы, ал клапаны түймеленіп тұруы керек. Дайындық жағдайында сөмкені сәл алдыға қарай орналастырып, белге белдік арқылы бекітіп қояды. Клапанның түймесін ағытып кояды. Бұл газқағарды жылдам пайдалануға көмегін тигізеді.
Газқағарды ұрыс жағдайына ауыстырған кезде:
* тынысты шығармай, көзін жабу керек;
* бас киімді шешіп бұтының арасына қысып тұру немесе жанына қою керек;
* шлем - масканы сөмкеден алып, үлкен саусақтары сыртында, ал қалғаны ішінде қалатындай етіп, қалыңдатылған жиектерінен екі қолымен ұстау керек. Шлем - масканы иегіне жақындатып, қолының ілгері - кейінді қимылымен газқағарды басына киюі керек. Бұл кезде қатпар қалмауын және әйнектің көз деңгейіне келуін қадағалайды.
* толығымен дем шығарады, көзін ашып, тынысалуды қалпына келтіреді;
* бас киімді киіп, сөмкені түймелейді және сөмке белге бекітілмеген болса, бекітеді;
Егер әйнектік бетінің бөлігі көзге қарама - қарсы орналасса және шлем - маска бетке толық жабысып тұрса, газқағар дұрыс киілді деп есептеледі. Газқағарды кигеннен кейінгі көзді апшай тұрып және тынысалуды қалпына келтірмей тұрып жасалатын терең тыныс шығару газқағарды кию кезінде оған түсуі мүмкін зақымдалған ауаны шығару мақсатында жасалады. Газқағар киіліп тұрған кезде терең және бір қалыпты тыныс алу керек. Қажет болмаса, шұғыл қимыл жасауға болмайды. Егер жүгіруге тура келсе, жүгіруді ақырын бастап, біртіндеп қана көтеру керек.
Газқағарды шешу үшін бір қолымен бас киімді ұстап тұрып, екінші қолымен клапан қорапшасынан ұстап тұрып шлем - масканы төмен тартады да алдыға қарай шешіп алады; бас киімді киіп, шлем - масканы теріс аяналдырады, мұқият сүртіп, сөмкеге салып қояды.
Газқағарды қыстың күні қолданған кезде резеңке, әйнек және клапаның қатып қалуы немесе клапан қорашпасына жабысып қалуы мүмкін. Бұл ақаулардың алдын алу мен оларды жою үшін зақымдалмаған атмосферада киімнің астына салу арқылы жібітуге болады. Шлем - маска кигенге дейін қатып қалған болса, кигеннен кейін толығымен бетке жабасып тұратындай етіп жылыту керек. Газқағарды кигеннен кейін дем шығаратын клапанның қатып қалуын болдырмау керек. Мезгіл - мезгіл клапан корабын қолымен жылытып, осымен бір мезгілде клапанды үрлеп (шұғыл дем шығару) отыру керек.
Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары
Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ең алдымен, шаңнан, қатты бөліктерден, химиялық агрессивті емес сұйықтықтар мен газдардан, ультракүлгін сәуле мен басқа да қауіпті факторлардан қорғайтын қорғаныс көз әйнектері жатады. Оларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz