Халықты қорғауды ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Халықты қорғауды ұйымдастыру
Халықты қорғау ұйымдардың соғыс уақытында жұмыс істеп жатқан сменасын баспаналарға жасырады, ол жетіспеген жағдайда сол смена толығымен жасыру үшін тездетіп құрылыс салу арқылы жүзеге асырылады. Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатта пайдаланылады, жасырынушыларды бір тәулік ішінде қабылдау мерзімімен. Қала мен селолық жерлердің қалған халқы радиацияға қарсы баспаналарда, төнелдерде, кен орындарында, жер асты өткелдерінде, жер асты гараждарында және басқа да жасырыну ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі эвакуациялау шаралары болып табылады, оған:
адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағы мен қазіргі заманғы зақымдану құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты эвакуациялау;
соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Эвакуациялау шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін эвакуациялау шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Соғыс уақытына шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты эвакуациялау тәртібі анықталынады.
Халықты:
аймақтық және көлемді төтенше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға - темір жол, автомобиль, авиациялық және су көліктері арқылы, жергілікті жердің көлеміндегі төтенше жағдайлар аймағынан және ұйымдардан - көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз айамқтың сыртына;
соғыс уақытында - аваиациялық, темір жол, автомобиль Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын, су көлігімен, көлік құралдары жетіспеген жағдайда - эвакуациялау пункттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен; аралық пункттерден орналасатын жерге дейін - барлық көліктің бар түрімен;
соғыс уақытындағы болжанбаған жағдайда және ойда болмаған төтенше жағдайларда, оның ішінде ол бола қалған жағдайда - жедел тәртіппен эвакуациялау жүргізіледі.
Бейбіт уақыттағы сияқты соғыс уақытында да халықтың жартысына алдын ала эвакуациялау жүргізілуі мүмкін.
Соғыс және бейбіт уақыттарда эвакуациялау шаралары:
+ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасыларының мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;
+халықты - аумақтық принципі бойынша жүзеге асырады.
Эвакуациялау шараларын жүргізу кезінде эвакуациялауды ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлерінің кооперативтеріне жүктеледі.
Халықты оқыту барысында, Азаматтық қорғаныс жөнінен жаттығулар жүргізуде және күнделікті іс-қимылда мынаны талап ету қажет, эвакуациялауға жататын әр адам өзінің жасайтын іс-әрекеті тәртібін білуі керек (жиналу орны, келіп жету мерзімі, эвакуациялау әдісі, эвакуацияланатын орны, жеке заттары мен азық - түліктерінің саны мен тізімі т.т).
Санатталған қалаларда соғыс уақытында жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін жайғастырып орналастыру жұмысшылар мен қызметкерлерді және олардың отбасын қауіпсіз аймаққа ұйымдасып тасу арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс істейтін сменалар жұмыс орындарына жасалынған кесте бойынша апарылады.
Эвакуациялау шараларын жүргізуге басшылық жасау үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда эвакуациялау (эвакоқабылдау) комиссиялары құрылады. Эвакуацияланғандарды тізімге алу, оларды қауіпсіз аймаққа ұйымдасып тасу үшін жинақталған эвакуациялау пункттері (эвакоқабылдау) құрылады.
Эвакуациялау шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдары мен ұйымдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға:
1) санатталған қалалардың халқын;
радиоактивті және химиялық зақымдану туралы хабарлауды ұйымдастырумен;
тыныс алу органдарын жекеленген қорғану құралдарымен қамтамасыз етумен;
баспаналарда, радиацияға қарсы баспаналарда және басқа да жасырыну ғимараттарында жасырынумен;
зақымдану аймағынан тасып шығарумен;
радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен;
радиацияға қарсы және химияға қарсы профилактика, объектілерге, техникаларға, жабдықтар мен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен;
өзін-өзі қорғау әдістеріне үйретумен жетеді.
2) санатталмаған қалалар мен елді мекендердің халқын - уақытында хабарлау, жасырыну ғимараттарына жасыру және өзін-өзі қорғау мәселелері бойынша оқыту арқылы жетеді.
Жеке қорғану құралдарын құру, жинау:
Санатталған қалалардың ұйымдарының жұмысшылары мен қызметкерлеріне - ұйымдардың қаржысы есебінен;
Санатталған қалалардың қалған халқы үшін - жергілікті атқарушы органдарының қаржысы есебінен жүргізіледі.
Санатталмаған қалалар мен елді мекендердің халқы үшін жеке қорғану құралдарын жинау жүргізілмейді, халық өзі қорғану құралдарының қарапайым түрлерін дайындайды (мақта-дәке жара таңғыштары және т.т.).
Радиациялық және химиялық қауіпті өндірістердің жұмысшы қызметкерлерін, осы оюъектіге жақын тұратын және болуы мүмкін зақымдану ошағына жататын халық, сондай-ақ осы объектілердегі аварияларды жою үшін тартылатын Азаматтық қорғаныстың құрамалары қорғану құралдарымен осы ұйымның қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі.
Халықты радиоактивті және химиялық зақымдану жағдайына іс-қимыл жасауға дайындау мақсатында оларды ережелерге және іс-әрекет жасау тәртібіне, өзді-өзіне және бір-біріне өзара көмек көрсетуге үйрету жүргізіледі.
Халықты қорғау жөніндегі ерекше орынды зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері алуы тиіс.
Төтенше жағдайларда және бүгінгі зақымдану құралдарын пайдалануда санитарлық көмек мүлдем жойылғанда, медициналық көмек емдеу-эвакуациялық, санитарлық-гигеналық және эпидемияға қарсы кешенді шараларды жүргізу, медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру арқылы көрсетіледі.
Төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсету қызметінің алдында төмендегідей:
уақытында медициналық көрсету;
зақымданғандарды эвакуациялау және емдеу, оларды еңбекке қайта араластыру мақсатында денсаулықтарын қалпына келтіру мақсатында, зақымдану ошақтарындағы орны толмас өкінішті болдырмау, сондай-ақ медициналық эвакуациялау сатысында мүгедектер мен қаза тапқандардың көрсеткіштерін азайту;
апаттың халыққа әсер еткен жүйке-неврологиялық және сезім әрекетін төмендетуге бағытталған, емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу және оларды тез оңалту;
апат ауданындағы халықтың санитарлық саулығын қамтамасыз ету, апат ауданында және соған жақын жатқан аумақтардағы халықты жаппай жұқпалы аурудың пайда болуы және оның жайылуы жөнінде ескерту;
төтенше жағдайдың медициналық зардабын жою кезінде медициналық қызметтің жеке құрылымының денсаулығын сақтау, құтқару бөлімшелерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету;
қаза тапқандарға, олардың өлімінің себебін белгілеу және зақымднғандардың жарақаттарынң (ауруының) дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық куәландыру және жұмысқа жарамсыздығын бағалау жататан сот-медициналық сараптау сияқты негізгі міндеттер тұрады.
Төтенше жағдайларда халықты медициналық қорғау екі саты бойынша жүргізіледі.
Бірінші сатыда медициналық эвакуация жүргізіледі және төтенше жағдай аумағында сақталған емдеу мекемелерінің, медициналық опат қызметі құрамаларының күштерімен алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Екінші сатысында төтенше жағдай аумағынан тыс орналасқан емдеу мекемелерінде, сондай-ақ кәсіби және мамандандырылған медициналық көмек көрсету және зақымданғандардың толық емделіп шығуы үшін арналған, қосымша құрылған емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетіледі.
Соғыс уақытында бүгінгі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде жаппай санитарлық шығын ошағында бірінші медициналық көмек төтенше жағдай кезіндегідей көрсетіледі. Одан басқа, Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауыстыру жөніндегі шараларды өткізу кезінде санатталған қалалардан емдеу мекемелерін эвакуациялау есебінен селолық жерлер мен санатталмаған қалаларда құрылған қала сыртындағы аурухана базалары, сондай-ақ селолық жерлер мен санатталмаған қалаларды медицина мекемелері құрылады.
Болжанылған санитарлық шығындарға сай аурухана кереуеттерінің саны алдын ала жоспарланады. Бір мезгілде дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтардың және мүліктердің қоы құрылады, сондай-ақ қоғамдық үйлерде медицина мекемелерін орналастыру үшін жұмыстар жүргізіледі.
Жаралыларды, зақымданғандарды және ауруларды зақымдану аудандарынан (ошақтарынан) қала сыртындағы емдеу мекемелеріне тасу үшін эвакосанитарлық құрамалар (автосанитарлық отрядтар, эвакосанитарлық поездар, авиасанитарлық эскадрильдер және эвакосанитарлық теңіз кемелері) құрылады. Эвакосанитарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты жұмыспен қамту туралы мәліметтер
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жайлы
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жүйелері
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Эвакуация шараларын жүргізудегі негізгі ережелер
Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету
Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы
Кәсіпорындағы кызметкерлерді әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар
Пәндер