Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастырушылық нысандары

Жоспары:
Кіріспе
1.Кәсіпкерліктің мәні
2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.
Кіріспе
Кәсіпкерлік дегеніміз - жеке және заңды тұлғалардың, тұтынушылардың қажеттілігін қаражаттандыру және пайда табу мақсатында атқаратын қызметін айтамыз.
Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.
Буржуазиялық саяси экономияда "кәсіпкерлік" түсінігі XVIII ғасырда пайда болды да, "меншік иесі" деген түсінікпен қатар орын алады. Мысалы, А. Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.
Несиенің дамуы мен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік күптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.
1. Кәсіпкерліктің мәні
Кәсіпкер дегеніміз кім? Кәсіпкерлікке не жатады? Кәсіпкердің бағы неде? Осы және басқа да осындай сұрақтар күн сайын көбейіп, бұл процеске деген ынтаны әлем деңгейінде күшейтуде. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере отырып, кәсіпкерлік туралы көзқарастың мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің дамуымен меншік қатынастарымен, ғылыми-техникалық прогрестің және қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай өзгеріп тұратынын атап өту қажет. әсіресе нарықтық несие мен ақша айналымының әсері айтарлықтай.
Қәсіпкерлік қызметке талдау жасау-оның жалпы экономикалық ой-пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда "кәсіпкер" деген термин, одан да бұрынғы "антрепренер" ("антрепренер" -- француз сөзі "делдалдық" дегенді білдіреді) екі мағынада қолданылды -- түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан, ерекше ой-пікір болған. Алайда батыстың экономикалық теориясында "кәсіпкерлік" мәселелеріне назар аудару XVIII ғасырдан басталды. Оны атақты ғалымдар Р. Кантилонаның, Л. Тюргоның, Ф. Кенэнің, А. Смиттің, Ж.Сэйдің есімдерімен байланыстырады. "Кәсіпкер" терминінің атасы белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантилон (XVII ғас. басы). Ол "кәсіпкер" деп нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік-экономикалық кұбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды караудың алғашқы нүктесі-олардың субъектісі мен объектісін анықтау.
Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл салада жеке-дара өндірісті (жан-ұя, кәсіпорны) ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағдайда кәсіпкер жалдаушы болады.
Кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүргізуі мүмкін, оларды байланыстырушы -- міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі -- ұжымдық, коллективтік деп аталады. жымдық кәсіпкерліктің субъектісі -- әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғамдар, кооперативтер және т.б. Жеке -- дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. өйткені мемлекет кәсіпорындарының ұжымы өзінен өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Бірақ, егер қайта кұрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі болады.
Кейбір жағдайларда кәсіпкерліктің субъектісіне мемлекеттік, оның тиісті органдарын жатқызады. Бірақ нарықтық экономиканың жалпы ережесі бойынша мемлекет бизнесті ұйымдастырудың жолын белгілеп, оны бақылап отырып кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің иерархиясы шығады:! мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне байланысты), ұжымдық, жеке-дара.
Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың субъектілерін номинальды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыға кәсіпкерлік қызметпен айиалысу кұқы жатады. Нарықты экономика елдерінде әрбіреуінің бұған құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын, реалды субъектісі -- бұған деген алғы- шарттары бар, ең бастысы -- капитал иемдену құқысы барлар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын кұрып, дамыта алады.
Кәсіпкерліктің объектісі-адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі неде? Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі -- өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ, ең бастысы-әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барынша азайту. Ал кәсіпкердің табысы көбіне оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мәселесі.
Сонымен, кәсіпкерлік -- жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету туралы болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әралуан-жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескіні қайта кұру, байланыстардың жаңа түрлерін жасау немесе ескілерін жою, модификациялау және т. б.
Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық-өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын комбинациялау.
Кәсіпкерлік әркезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі- шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі.Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату құқын береді. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқысы бар. Алайда қандайда болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты шарты-барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдаудағы автономиялылығы, өзбеттілігі.
Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерлік жұмыстың қозғаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады. Қәсіпкерлер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан ғана оларға тиісінше көңіл аударады. Жоғарыда көрсеткеніміздей олар өздеріне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтар енгізеді. Жаңалық процесінің мұраты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін, экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет-әдеттегі-ден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға творчестволықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат-шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде алғашқыда болашақ бұлдыр, оны болжап білу-қиын. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, ал оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуте мүмкін емес.
Шаруашылық қауіп-қатердің, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын шығындар мен нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығьндарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны, әлде күткен коньюнктура жайсыз болғаны.
өндіріс факторларын комбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне бойы қауырт жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа мүшелерінде тарайды. Сонымен, накты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу, пайдалылықты анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен, жабдықтаушымен, клиенттермен қарым-катынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді линзамен салыстыру орынды: ол басқалардың энергиясын көбейтеді. Тәуелсіздік (еркіндік) және ұйымдастырудағы новаторлық-кәсіпкерліктің мәні осында: біреуі оған өмір берсе, екіншісі-тағдырын аныктайды.
Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің кызметінен айыра білу шарт. өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет атқаратын капитал бөлінді. Осыған қарап өндіріс құрал-жабдықтарын меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі, тиісінше меншік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz