Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері


Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Жоспары:
1. Кәсіпорынның қаржы ортасы
2. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері
Кіріспе
Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті - оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэфициентін анықтайды.
Негізгі қаржылық коэфициенттерді төмендегі 3 санатқа топтастыруға болады:
1. өтімділік (төлем қабілеттілігі) ;
2. пайдалылық (табыстылық) ;
3. активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы - кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп аталады. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.
1. Тез өтімділіктің коэффициенті - қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымдағы міндеттемесінің қатынасын білдіреді.
2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті - егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
3. Несие қарыздарының айналым кезеңі - бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді.
4. Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) - ол компанияның қызмет табысының неше рет проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.
5. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті - ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері) ара салмағын бейнелейді.
Сонымен кәсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті капиталы, өтемпаздығымен сипаталады.
Қаржыландырудың 3 негізгі көзі бар:
- Өнімді өндіру және өткізу процесінде туындайтын ерікті қаржыландыру;
2. Кәсіпорын пайдасының өндірісті дамытуға жұмсалатын бір бөлігі;
3. Сыртқы қаржы көздері есебінен қаржыландыру.
Кәсіпкер қаржыландыру көзінің қайсысын таңдайтындығы туралы шешім қабылдамастан бұрын, меншікті капиталы арқылы осы мәселені шешуге мүмкіншілігінің бар не жоқ екендігін анықтап алуы тиіс.
Кәсіпкерге бизнесті бастау үшін 3 теңге қажет делік. Ол бұл қаржыны несие алу арқылы (қарыздану) немесе өз қаржы көздерін жұмылдыру (өзін-өзі қаржыландыру) арқылы қамтамасыз етуі мүмкін. Осы мәселенің шешімі көбіне кәсіпорынның бизнес түріне, қаржы тұрақтылығына және жалпы экономикалық жағдайға, мысалға, банктік пайыз мөлшерлемесіне, сондай-ақ, кәсіпкердің өзіне және оның несие алуға деген көзқарасына байланысты.
Аталмыш екі әдістің қайсысын таңдау керектігі кәсіпорын пайдасының әлуетті мөлшері, қаржы тәуекелі және бақылау деңгейімен анықталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде меншікті капиталды тарту бірінші кезекте акция шыару дегенді білдіреді. Бұл жағдайда кәсіпкер пайыз (өсім) төлеу негізінде несие алып, оны толығымен қайтару және акция шығарып, өзіне тиесілі бақылау ауқымын кішірейту (азайту) жолдарының қайсысын таңдау керектігіне тоқталу қажет. Қазақстанда қазіргі таңда құнды қағаздар нарығының дамымағандығы, тіркеу жұмыстарының күрделілігі және жұмсалатын шығындар мөлшерінің көптігі салдарынан кәсіпорындардың барлығының дерлік акция шығаруға мүмкіншілігі болмай отыр. Сол себептен, көптеген шағын және орта кәсіпорындар өэ қаражаты жетпеген жағдайда тек несие алуға мәжбүр болуда.
Қаржыландырудың келесі маңызды қайнар көзі - коммерциялық банктер. Банктік несиенің берілуінің барлық кезде артықшылығы болғанымен оның кемшіліктері де бар, соның ішінде жоғарғы %-дық өлшем, белгілі бір мерзімде несиені қайтару қажеттілігі, төлемді алдын ала анықталған график бойынша жүзеге асыру, соңында жеке кепілдіктер беру сияқты.
Несиені қайтару мерзімі несиенің түріне байланысты қысқа және ұзақ мерзімді.
Банктің кәсіпорынды несиелеуден бас тартуы мүмкін келесі себептерді бөліп көрсетуге болады:
- банктің бизнестің мәнін немесе бизнес жұмыс істейтін саланы толық түсінбеу;
- кәсіпорын шығыстарының кірістерінен артып кетуі, теріс қаржылық көрсеткіштер;
- меншік иелерінің қарызды қайтаруға жеке кепілдеме беруді қаламауы;
- кәсіпкер және оның командасының бизнестің ашылуына нашар дайындалуы;
- бұрын қарызды қайтаруда проблемасы болған;
- несиелеудің кейбір түрлерін шектейтін, мемлекеттік реттеудің болуы және т. б.
Кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуЖоспары:
1. Еңбек ұжымының қалыптасуы. Жұмысшыларды орналастыру және жалдау, олардың міндеттерін анықтау
2. Еңбекақыны ұйымдастыру: еңбекақы нысандары, еңбекақы принциптері
3. Еңбекті ынталандыру
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Экономиканың қазіргі даму кезеңінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі негізгі проблемалардың бірі - персоналмен қалай жұмыс жасау болып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған әр түрлі елдерде кадрларды таңдау процедуралары мен әдістерін бір қалыпқа келтіру; оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін дайындау; персоналды басқарудың қажеттілігін талдауға ғылыми әдістерді пайдалану, кадрлық шешімдерді негіздеу және олардың жариялылығын кеңейту; мемлекеттік және шаруашылық және шешімдерді кадрлық саясаттың негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналып отыр.
Кейінгі 20-30 жылдың ішінде персоналды басқару тәжірибесінде күрделі өзгерістер болды. Бұрын маман бұл салада қызметкерлердің іс-қағаздарымен, инструкцияларымен, ережелерімен, сонымен қатар жұмыстың күрделілігін және жалақы мәселелерін шешумен ғана айналысатын еді. Ал қазіргі уақыт
та персоналды басқару функцияларының айырмашылығы мен рөліне келесі өзгерістер әсер етіп отыр:
- басқару жүйесі мен кәсіпорындардың қарым-қатынастары түбегейлі өзгерді;
- персоналмен жұмыс істеуге көмектесетін көптеген үйлестіруші әдістемелік орталықтар жойылды;
- басқару және шаруашылықпен айналысудың жағдайлары күрт өзгеріске ұшырады, ал бұл болса ой пікірдің селсоқтығына, арқа сүйенушілік сана сезіміне, қызметкердің немқұрайлы қарауына қайшы келді.
Персонал - бұл адамдардың жеке сапаларының күрделі жиынтығы, оның ішінде әлеуметтік-психологиялық қасиеттері басты рөл атқарады, персонал кәсіпорынның экономикалық және инновациялық кеңістігінің маңызды бөлігі. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындар жұмыс кезінде адам ресурстарының басқа ресурстар түріне қарағанда артықшылығын дәлелдейтін философиясымен басшылық ету кезінде шаруашылық субъектілерінің табысты іс-әрекетінің негізгі әлеуеті - кәсіпорын персоналында, олардың біліктілігі мен кәсіпорын мүдделеріне берілгенінде екенін жақсы түсінеді. Персонал ұйымдағы барлық адамдар ресурстарының жиынтығы. Персонал - бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор, себебі, тек адамдар ғана жұмысты орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіншілік береді.
Бүгінде отандық кәсіпорындардың кадрлар бөлімінің қызметі жұмыс күшін жалдау, жұмыстан босату, іс-қағаздарын жүргізу, оқытуды ұйымдастыру, кадрладың біліктілігін жоғарылату және қайтадан даярлау жұмыстарымен шектеледі. Жұмысқа қабылдау процесі мен оның сипаттамасына тоқталатын болсақ, жұмысшы күшін жинақтау келешек өзгерістерді ескере отырып, барлық жұмыс орындарына үміткерлерді дайындаумен түсіндіріледі.
Персоналды басқару процесіндегі бастапқы кезеңі - кадрларды жинақтау және іріктеу. Персоналды басқарудың барлық келешектегі іс-әрекеттері ұйымға қандай адамдар жинақталғанына және іріктелгеніне байланысты болады. Қажетті жұмыскерлерді жалдау үшін төмендегілерді білу қажет:
- жұмыс кезінде олар қандай тапсырмаларды орындайды?
- олардың жеке және қоғамдық сипаттамалары қандай?
Жұмысқа қабылдау процесі келесі кезеңдерден тұрады:
- бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылау;
- үміткерлерді іріктеп алу;
- үміткерлерді сұрыптап алу;
- жұмысқа қабылдау.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Еңбеақы бұл - жұмыскерлерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады - еңбеақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі.
Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі принциптерін еске алу керек:
- әділдігі, яғни тек еңбекке, тең жалақы;
- істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек біліктілігінің деңгейі;
- зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;
- еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшін ынталандыру;
- еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына қарағанда озық жүруі;
- инфляцияның деңгейіне сай жалақыны индекстеу;
- өндірістің қажеттілігін ең үлкен деңгейде қамтамасыз ету үшін үдемелі нысананы және жалақы жүйесін қолдану.
Еңбекақы нысандары. Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбек-ақының көп тараған екі нысаны: кесімді және мерзімдік.
Жалақының кесімді нысаны қызметтің көлемдік, сандық көрсеткіштерін жақсартуды ынталандырады. Ол өндіріс учаскілерінде қол еңбегінің немесе машиналы-қол еңбегінің басымдылығы жағдайында қолданылады; дәл осы жағдайда өндірілген өнімнің көлемін және оның сапасын арттыру және еңбек мөлшерін белгілеудің негізділігін ескеру қажет.
Еңбекақының мерзімдік нысанында қызметкерлерге еңбекақы белгіленген тарифтік мөлшерлемеге немесе өндірісте нақты жұмыс істеген уақытындағы қызмет ақысына қарай белгіленеді. Еңбекақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің біліктілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандырады.
Әр түрлі қажеттіліктерді (қажеттілік деп келеңсіздікті болдыратын әлдебір нәрсенің жетіспеуін айтамыз) қанағаттандыру керектігі адамды белсенді әрекеттерге итермелейді, ол - еңбек. Еңбек мотивациясы - бұл жұмыскерлердің еңбектік іс-әрекет арқылы қажетіліктерді қанағаттандыруға деген ұмтылысы. Еңбек мотивінің құрамына мыналар кіреді:
- қызметкерді қанағаттандыратын - қажеттілік;
- осы қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігі бар - игілік;
- игілікті алуға қажет - еңбектік іс-әрекет;
- еңбектік іс-әрекетті орындауға байланысты жұмсалған материалдық және моральдық тұрғыдағы шығындар - баға.
Егер игілік еңбек мотивін құраса, онда ол еңбек ынтасы болады. «Еңбек мотві» және «еңбек ынтасы» ұғымдары өзара ұқсас.
Еңбекті ынталандыру қажетті жағдайларды жасауды білдіреді (шаруашылық механизмін), соның арқасында белсенді еңбектік іс-әрекет алдын-ала анықталған нәтижелерді береді, қызметкерлердің мәнді және әлеуметке бағытталған қажеттіліктерін қанағаттандырудың, онан кейін еңбек мотивін құрудың қажетті және жеткілікті шарты болады.
Еңбекті ынталандыру жүйесі әміршілдік-әкімшілік басқару әдісінің жалғасы болғанымен, алайда оны ешқандай жағдайда алмастырмайды. Егер басқару органдары жалақы төлейтін жұмыс деңгейін көтеруге қол жеткізсе және сол деңгейде ұстап тұра алса, онда еңбекті ынталандыру әр уақытта тиімді болады. Ынталандырудың мақсаты - адамды жұмыс істеуге ықпал жасау емес, оны еңбек қатынастарында көрсетілген талаптарды одан да жақсырақ істеуге түрткі болу.
Ынталандыру қызметкердің қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына және қабілеттіліктеріне сай болуы тиіс, ынталандыру механизмі әр уақытта жұмыскердің мотивация механизміне сай келуі тиіс.
Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестерімен келісімдік қатынастары.Жоспары:
1. Коммерциялық мәміле жөніндегі ұғым. Мәміле түрлері (халықаралық, ішкі, негізгі және қосымша) және оның мазмұны. Коммерциялық мәміле жүргізудің негізгі әдістері. Тікелей сауда мәмілесін жүргізу артықшылықтары. Кәсіпорын мен делдалдар арасындағы қарым-қатынастың сипатына байланысты сауда-делдалдық топтар.
2. Келісімшарт - коммерциялық мәміле жүргізудің негізгі құжаты. Келісімшарттың негізгі түрлері және оның мазмұны. Сату және сатып алу келісімшарттарын жасауға қойылатын талаптар. Келісімшарттың негізгі бөлімдері.
Кіріспе
Кәсіпкерлік қызмет шикізаттарды, тауарларды немесе құрылғыларды сатып алусыз және де өндірілген тауарды өткізусіз немесе сатусыз жүзеге аспайды, сондықтан мәміле заты - тауар сату немесе оны сатып алу жөнінде кәсіпкер жабдықтаушы немесе сатып алушымен келіседі.
Коммерциялық мәміле деп келісімшартта бекітілген шарттарға сәйкес екі немесе бірнеше қатысушылар арасындағы тауарларды, жұмыстарды не қызмет көрсетулерді жеткізуге келісім деп танылады. Мәміле мәліметтері әр түрлі белгілер бойынша түрлендіріледі: мәміле қатысушыларына байланысты, маңыздылық дәрежесіне байланысты, іс-әрекет мерзіміне байланысты болады.
Олардың кейбіреулерін қарастырайық. Мәміле қатысушыларына байланысты халықаралық және ішкі болып бөлінеді. Егер мәмілеге әр түрлі елдердің уәкілдері қатысса, онда ол халықаралық деп саналады. Егер мәмілеге бір мемлекеттің уәкілдері және де сатушы немесе сатып алушы осы елде тіркелген шетелдік фирмалары қатысса, онда мәміле ішкі деп танылады.
Маңыздылық дәрежесі бойынша коммерциялық мәмілелер (операциялар) 2 түрге бөлінеді: негізгі және қосымша . Төмендегі қызметтермен байланысты болатын мәмілелерді негізгі деп санауға болады:
· өнімді сату-сатып алу;
· ғылыми-техникалық ілімдерді (патенттер, лицензиялар, «ноу-хау» және т. б. ) сату-сатып алу, айырбастау;
· техникалық қызметтерді (жаңа технологияларды еңгізу, бірегей объектілер құрылысында қатысу және т. б. ) сату-сатып алу;
· өндіріс факторларын жалдау;
· тауарларды, жұмыстарды не қызмет көрсетулерді жалдау;
· халықаралық туризмді ұйымдастыру.
Қосымша мәмілелерге тауарларды, жұмыстарды не қызмет көрсетулерді сатушыдан сатып алушыға жеткізуге байланысты келісімдер жатады және онда келесілер көрсетіледі:
· жүкті халықаралық тасымалдау;
· жүкті сақтандыру;
· жүктерді қоймаға қою, өңдеу және сақтау;
·қатысушылар арасындағы есеп айырысуды жүргізу (банктік операциялар) .
Коммерциялық мәмілелер ақша қаражаттарын қолма-қол немесе қолма-қол емес түрінде тартусыз, яғни бартерлік немесе өтемақылық деп аталатын тікелей тауар айналымы негізінде жүзеге асырылады. Мәміле мәліметтері онша дамымаған нарыққа сипатталады. Қазіргі жағдайда нарықтық экономикалы мемлекетте айырбас ерекше орын алады, бірақ бұл мәліметтер қосалқы, екінші дәрежелі сипатта болады.
Коммерциялық мәмілелерді өткізу үшін қажет шарттар бекітілген құқықтық құжат келісім немесе келісімшарт болып табылады. Мәміленің түрлендірілуімен сәйкес келісімшарттың келесі түрлерін көрсетуге болады: сату-сатып алу, жалдық, сақтандыру, тасымалдау, жеткізу, сақтау және т. б.
Тәжірибеде коммерциялық мәмілелерді өткізәдің 3 негізгі әдісі жиі қолданылады. Олар тікелей өндірушілермен, делдалдар арқылы, жоғарыда аталған екеуінің араласуы.
Тікелей сауда мәмілелері - бұл тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілер мен тұынушылар арасындағы операциялар. Олардың маңызды артықшылықтары:
1. Сатып алушының өзіне қажет тауарларды алу мүмкіндігі;
2. Сатушы мен сатып алушы арасындағы байланыстар ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстар сатысында орнатылады, өз уақытысында бұл жүзеге асырылатын мәмілеге түзету еңгізуге мүмкіндік береді;
3. Сатып алушы негізгі өнім жабдықтаушысымен немесе қатысушы-фирмалармен, әсіресе күрделі тапсырыстарда тікелей байланыстар орнатылады;
4. Тікелей байланыстар ұзақ уақытты әріптестікке немесе бірегей өндіріске әкеледі;
5. Тікелей байланыстар құрылғылардың жұмысы және де оны пайдалану сатысында да (кепілді және кепілден кейінгі қызмет көрсету) сақталады.
Коммерциялық мәмілені жүзеге асыруда тәжірибенің жетіспеушілігінен тәжірибелі және кәіби білікті делдалдарды тартады.
Сауда делдалдары - бұл сатып алу және өткізу бағасының айырмасы есебінен немесе сатушы не сатып алушы делдалға төлейтін делдалдық сыйақы есебінен пайда табатын коммерциялық фирмалар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz