Туберкулезді алдын алу туралы науқастармен әңгіме өткізу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Кафедра:Фтизиатрия және дерматовенерология

Дисциплина:Фтизиатрия

Тақырыбы: Туберкулезді алдын алу туралы науқастармен әңгіме өткізу

Орындау формасы: Әңгімелесу

Орындаған: Тәжіғос А. Т.

Тексерген: Татимов Е. А

Тобы: 407 Б

Ақтөбе 2019 жыл

- Туберкулез қандай ауру?

Туберкулез (құрт ауруы) -жиі Кох таяқшалары деп аталатын туберкулез микобакте-рияларымен шақырылатын жұқпалы ауру. Ауру адам организмінде осы микробтар-дың көбеюіне жауап ретінде ғана дамиды.

Туберкулез-әлеуметтік жағдайға және инфекцияға тәуелді ауру. Туберкулез барша адамзаттың дерті. Қазіргі уақытта Әлемнің үштен бірі туберкулез микобактерияла-рымен инфицирленген. Жыл сайын Жер шарының 1% тұрғыны туберкулезбен ауы-рады. Әр жылда 8, 4 миллион жаңа оқиғаларды тіркеп, 2 миллионға жуық адам осы аурудан өледі.

Туберкулез тек қана әлеуметтік ауру емес, ол сонымен қоса жұқпалы ауру. Ол адам-нан адамға ауа-тамшылы жолмен, яғни жөтелгенде және қарапайым әңгімелесу ба-рысында да жұғады. Өкінішке орай, сыртқы келбетіне қарап эпидемиялы қауіпті науқасты анықтау мүмкін емес.

-Туберкулезді қалай жұқтыруға болады?

Туберкулезді жұқтырудың негізгі көзі өкпе туберкулезімен ауратын адам. Жөтел кезінде тыныс алу жолдарынан туберкулез микобактериялары бар қақырық бөліне-ді. Қақырықтың ұсақ тамшылары қасында отырған сау адамның тыныс алу жолдары-на түсуі мүмкін. Қақырық еденде, жерде, заттардың беткейінде ұзақ сақталуы мүмкін. Инфекция адам организміне гигиена шараларын сақтамағанда енеді.

-Сіздің организміңіздің қорғаныс күштерін не әлсірете алады?

Егер тыныс алу жолдарына туберкулез таяқшаларының көп мөлшері түссе, орга-низмнің мұндай көп санға қарсы тұра алмауы мүмкін. Егер сіз ұзақ уақыт бойы ту-беркулезбен ауратын науқаспен қарым-қатынаста болсаңыз, сіздің организміңіз үз-діксіз күрес жағдайында болады және бір күндері инфекциямен күресуге шамасы келмей қалады. Организмде микобактериялардың дамуына қолайлы басқа да фактор-лар бар:стресс, алкогольді шектен тыс қолдану, темекі тарту, құнарсыз тамақтану, ор-газинзмді әлсірететін басқа да аурулар, балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер, қарттар

-Туберкулездің белгілері қандай?

-әлсіздік, тез шаршау;

-асқа зауқы соқпау, жүдеу;

-3 аптадан аса жөтеліп жүру;

-түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу;

-дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі;

-түстен кейінгі мезгілде бейжай болуы.

Осындай белгілер білінсе міндетті түрде терапевт-дәрігерге көрініп қақырықты үш күн қатарынан үш рет “Кох таяқшасына” тексеру керек. Қақырықты жинау әр уа-қытта медицина қызметкерінің бақылауы арқылы терең тыныс жолдарынан алын-ғаны дұрыс. Егер тексерілген қақырықта туберкулез микробоактериясы табылмаса, онда ол науқас рентген арқылы тексерілуі тиіс. Әр нәрсенің алдын алған жөн, себебі туберкулездің жеңіл түрі болса, ол тез емделіп, тез жазылады. Қандай жағдайда бол-масын, туберкулезге шалдыққан адам тез арада емделуі қажет. Қазіргі жағдайда ту-беркулезбен ауырған жанды емдеп жазуға болады.

-Туберкулезбен қай жастағы адамдар аурады? Ұлтына, дәрежесіне байланысты ма?

Біздің халықта егде тартқан адамдарда туберкулез болмайды деген ұғым бар. Бұл ұғым дұрыс емес. Туберкулез жас талғамайды және әр жастағы адам ауырады, адам ағзасының әр түрлі органдарын зақымдайды. Ұлтына, нәсіліне, дәрежесіне қара-майды. Туберкулез-аса қауіпті дерт. Анықталған аурулар емделмесе бір жылда 50 пайызға жуығы өлімге душар болады.

-Туберкулез науқасымен кімдер тез ауырады немесе бейім тұрады?

А) байлығына немесе кедейлігіне қарамай санитарлық-ағарту мәдениеті төмен

адамдар ауруға бейім тұрады;

б) уақытында тамақтанбайтындар, өз денсаулығына мән бермейтіндер;

в) маскүнемдер, нашақорлар, жүйкесі тозғандар, есі ауысқандар, үй-жайы жоқ кез-белер;

г) гармон дәрілерін көп қабылдайтындар;

д) тұмаумен жиі ауыратындар, қант диабеті, өкпе-тыныс жолдары сырқатының со-зылмалы түрі мен асқазан-ішек жараларымен ауыратындар;

е) туберкулез науқасымен қарым-қатынас жасайтын барлық жанұя мүшелері, жұмыс қызметтестері;

ж) жас балалар, жүкті әйелдер, кәрі кісілер туберкулезге бейім тұрады.

-Науқас адам туберкулезін жұқтырмау үшін не істеу керек?

Туберкулезді жұқтырмай жүру мүмкін емес! Алдын-ала тексерілу мүмкін нәрсе!

Науқас жөтелгенде, түшкіргенде жақын отырған адамдардан бетін бұрып, аузы мен мұрнын орамалмен жауып, қолын жиі-жиі жуып, орамалды күніне бірнеше рет ал-мастыруға тиіс. Өйткені оған туберкулез микробтары өте көп жиналады. Әсіресе балаларды сақтандырудың барлық шараларын мұқият қараған абзал. Оларды қолы-на алып сүюіне, бір ыдысты ортақ пайдалануына, бір бөлмеде ұйықтауына, бәрінен бұрын төсекте бірге жатуына болмайды. Науқас адамның меншікті ыдыстары, зат-тары, төсек орны болуы тиіс, олар жанұяның басқа мүшелерінен оқшау сақталады. Кірлеген төсекті жинау үшін бөлек жәшік немесе қап арналады. Науқасқа күн жақ беттен жеке бөлме берген дұрыс. Оған мүмкіндік болмаса, пайдаланатын орнын бел-гілеп, шымылдықпен бөлу керек. Науқас адамның төсегі үй қабырғасынан 0, 5 метр, ал жанұя мүшелерінен кемінде 1, 5 метр қашық салынғаны жөн. Кілем, киіздерді алып тастап, оңай жуылатын, ауру жұқтыруға әсер етпейтін заттарды ғана қалды-рады. Кірлегенде бөлек жуады.

Науқас бөлмесінің еденін, қабырғаларды, ыдыс-аяқтарын жууға жеке-жеке шүберек, шелек бөлінуі тиіс. Науқас қақырықты қалта түкіргішіне түкіруі тиіс, ол екеу бол-ғаны жөн, біреуін науқас пайдаланған кезде, екіншісі залалсыздандырылады.

-Туберкулезді анықтау әдістері?

Туберкулездің алдын алу үшін профилактикалық шаралар жүргізу, барынша туберкулезді ерте табу (енді басталғанда), жеңіл түр болса тез емделеді. Ол үшін:

1) Манту сынамасы қойылады. Бұл әдіспен туберкулездің жұққанын анықтаймыз, балалар үшін манту сынамасын қойғызу (алу) керек

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Құрсақішілік туберкулез инфекциясы
Туберкулезді диагностикалау және емдеу
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық
Туберкулездің ашық түрімен ауыратын пациенттерге медициналық көмекті ұйымдастыру
Анаэробты және соз. хирургиялық (спецификалық) инфекция. Медбикенің рөлі
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Туберкулезбен ауыратын пациенттерге көрсетілетін мейіргерлік күтім ерекшеліктері
Туберкулез ауруы
Туберкулездің микробактериялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz