Қазақстандағы мүгедектердің жағдайы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Негізгі бөлім
1.1. Қазақстан Республикасындағы мүгедектікке құрылымдық талдау

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселесі мен оларды әлеуметтік қорғауды
ұйымдастырудың өзектілігі, оның масштабтылығымен негізделеді. БҰҰ деректері
бойынша дүние жүзінде мүгедектер 600 млн адамды немесе халықтың 10%
құрайды. Олардың ішінде 385 млн еңбекке қабілетті жастағылар.
Соңғы 30 жылдың ішінде дүние жүзінде мүгедектерге қатысты саясатты
құрастыратын механизмдер мен тұрақты тенденциялар қалыптасты, түрлі елдер
үкіметтерінің бұл әлеуметтік топтың мәселелерін шешуде арнайы әдістер
жасаудағы қолдау көрсету және мүмкіндіктері шектелген адамдарға аталған
саясатты анықтау мен жүзеге асыруда мемлекеттік және қоғамдық институттарға
көмек көрсету.
Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың
басым бағыттарының бірі болып табылады. 2002-2005 жылдарға есептелген
мүгедектерді реабилитациялау Бағдарламасының шеңберінде медико - әлеуметтік
экспертиза қызметі қайта құрылды, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері,
әлеуметтік қызмет көрсетудің стационарлық мекемелерінің жүйесі кеңейтілді,
мүгедектерге берілетін техника көмекші құралдарының сапасы жақсарып, көлемі
өсті, мүгедектерге инфрақұрылымды пайдалануды қамтамасыз ету шаралары
қарастырылды.
Ақырғы жылдары реабилитация идеологиясы маңызды эволоцияны басынан
өткерді. Егер де 1940 жылдары созылмалы аурулар мен мүгедектерге қатысты
саясаттың негізінде оларды қорғау мен күтім болса, 1950 жылдардан бастап
аурулар мен мүгедектерді қарапайым қоғамға интеграциялау тұжырымдамасы дами
бастайды; ерекше көзқарас оларды оқыту мен олардың техникалық көмекші
құралдарды алуға негізделді. 1970-1980 жылдары аурулар мен мүгедектердің
қажеттіліктеріне қоршаған ортаны максималды адаптация идеясы туындайды, жан
– жақты заңды түрде мүгедектерге білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қызметтер мен еңбек қызметімен қамтамасыз ету салаларында қолдау
көрсетіледі. Реабилитация жүйесі көп жағдайда қоғамның экономикалық дамуына
байланысты болады.
Әр түрлі елдердегі реабилитация жүйесінің айырмашылықтарына
қарамастан, бұл саладағы халықаралық бірлестік кеңейе дамуда, мүмкіндігі
шектеулі адамдардың координацияланған бағдарламасын халықаралық жоспарлау
мен жүзеге асыру сұрағы жиі қозғалып отыр. Осылай 1983 жылдан 1992 жылдар
аралығын БҰҰ мүгедектердің Интеграциялық декадасы деп жарияланады; 1993
жылы БҰҰ Бас ассамблеясы БҰҰ—на мүше елдерде мүгедектердің құқығын қорғауда
негізгі құрал болатын. Мүгедектердің қабілеттерін басқарудағы стандартты
ережелерді қабылдайды. Ақырындап болып отырған қоғамдағы әлеуметтік –
экономикалық өзгерістерге байланысты медициналық реабилитацияның ғылыми –
тәжірибелік міндеттері мен идеясының трансформациясы болуы тиіс.
Медициналық реабилитацияның жалпы көрсеткіштері реабилитациядағы
мүгедектікті алдын алу бойынша комитет сарапшыларының баяндамасында
көрсетілген (1983). Оларға: функционалды қабілеттердің маңызды төмендеуі;
оқуға деген қабілеттің төмендеуі; сыртқы орта әсеріне ерекше төнуі;
әлеуметтік қатынасының бұзылуы; еңбек қатынастарының бұзылуы жатады.
Ресейде қоғамдық денсаулықтың Ұлттық НИИ деректері бойынша (бұрынғы
Н.А. Семашко атындағы әлеуметтік гигиена, экономика мен денсаулықты басқару
ВНИИ) терапевтік профиль бөлімінде жалпы госпитализацияланғандардың 10000
халыққа шаққанда 8,37—сі қайта қалпына келтіру емін қажетсінсе, хирургиялық
профиль бөлімінде - 20,91, неврологиялық бөлімінде – 21,65 құрады; яғни
қайта емдеуге негізгі профиль бөліміне байланысты 20%- дан 30%- ға
дейінгілер жатты, ол 10000 халыққа 6,16 орын талап етті. Амбулаториялық
реабилитацияда Н.А. Шестаковтың мәліметтері бойынша поликлиникаға
жолыққандардың 14-15% қажет етті, олардың 80% тірек – қозғалыс аппараттары
бұзылған адамдар болатын.
Қазақстанда ҚР Еңбек және Халықты Қорғау Министрлігінің деректері
бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша барлық санаттағы
мүгедектердің саны 413,6 мың адам немесе барлық халықтың 3% құрады. Алғашқы
мүгедектіктің төмендеу тенденциясы байқалуда. (1 кесте)

Халықтың 10000 адмға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің интенсивті
көрсеткіші
Көрсеткіш 2002 2003 2004
Алғаш рет мүгедек болып 46727 44658 42825
танылғандар (барлығы)
Соның ішінде:
Балалар арасында 7734 7081 7017
Үлкендер арасында 38993 37577 35808
Алғашқы мүгедектіктің 31,2 29,9 28,4
интенсивті көрсеткіші
(барлық мүгедектер санатына)
Соның ішінде:
Балалар арасында 17,4 16,5 15,0
Үлкендер арасында 36,9 35,0 34,4

Алғашқы мүгедектіктің нозологиялық құрылымы тұрақты (2 сурет).
Үлкендердің арасында мүгедектік қанайналым жүйесінің ауруынан келеді. (22-
23%), рак ауруы (17-18%), жарақат (11-12%) және психикалық ауытқулар (8-
9%). Бала – мүгедектер арасында әр бесінші туыла берілген даму аномалиясы
немесе хромосомалық аурумен ауырады, 20% балаларда мүгедектік себебі жүйке
жүйесінің ауруы, психикалық бұзылыс ауруы 17,3% құрайды.

• Қан айналымы жүйесі ауруынан
• Рак аурулардан
• Жарақаттардан
• Психикалық бұзылыстан
• Басқа себептерден

2 сурет. Алғашқы мүгедектіктің нозологиялық құрылымы.

2000-2004 ж. ж. мүгедектер арасында ІІ топ - 60%, І топ - 11%, ІІІ
топ - 29% құрады. 2004 жылы қайта тіркелген 151191 адам, осымен бірге
жартылай реабилитация көрсеткіші 8,7% құраса, мүгедектіктің ауырлаған
топтар көрсеткіші - 7,0%, толық реабилитация көрсеткіші - 5,0% құрады.
Мүгедектердің жастық құрылымында еңбекке жарамды жастағылар басым болып
келген (түгел мүгедектер санының 70%) (3 сурет).

І - топ
ІІ - топ
ІІІ - топ

Топ бойынша мүгедектердің құрылымы

Қазіргі уақытта мүгедек өмірлік қызметінің шектелуі мен оның
әлеуметтік қорғауға қажеттілікке алып келетін организм қызметінің тұрақты
нашарлауы, ауру, жарақат пен оның салдары, дефектілеріне негізделген
денсаулығында бұзылуы бар тұлғалар ретінде сипатталады.
Мүгедектіктің көрсеткіші кейбір факторларға байланысты: әлеуметтік
саясаттың басымдылығы мен мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық даму
дәрежесіне, ұлттың денсаулық жағдайына, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы,
медициналық қызметтің сапасы мен оған қол жету; реабилитациялық
қызметтердің сапасы мен оған қол жету; еңбектің қауіпсіздігі мен қорғау
жағдайы; экологиялық ортаның жағдайы және т.б.
Реабилитациялық деп тек медико - әлеуметтік және кәсіби –
педагогикалық шаралар кешенін жүргізетін мекемелер атала алады. Бұл
шаралардың келесі аспектілерін көрсетеді:
1. Медикалық аспект – емдік, емдік – диагностикалық және емдік –
профилактикалық жоспардағы сұрақтар кіреді;
2. Физикалық аспект – физикалық еңбекке жарамдылығын көтеруге арналған
(физиотерапия, ЛФК, механо – және еңбек терапиясы) қолданумен
байланысты барлық сұрақтарды қамтиды;
3. Психологиялық аспект – ауруының нәтижесінде өзгерген өмірлік жағдайына
психологиялық бейімдеу процесін күшейту, дамушы патологиялық
психологиялық өзгерістерді емдеу мен алдын алу;
4. Кәсіби аспект – жұмыс жасаушы адамдарда – еңбекке қабілеттілігін
жоғалту немесе төмендеу мүмкіндігін алдын алу; мүгедектерде – еңбекке
қабілеттілігін мүмкіндігінше қалпына келтіру; бұған еңбекке
қабілеттілігін анықтау, жұмысқа тұрғызу, кәсіби гигиена, еңбектің
физиологиясы мен психологиясы, еңбектік оқыту мен қайта
квалификациялау сұрақтары кіреді;
5. Әлеуметтік аспект – аурудың дамуы мен өтуіне әлеуметтік факторлардың
әсері, еңбектік және зейнеткерлік заңнамамен әлеуметтік қамсыздандыру,
аурудың отбасымен, қоғам мен өндіріспен өзара қатынасына байланысты
сұрақтарды қамтиды;
6. Экономикалық аспект – медициналық және әлеуметтік – экономикалық
шараларды жоспарлауға арналған қалпына келтірулік емдеу, формалар мен
реабилитациялық әдістер кезіндегі күтілетін экономикалық эффект пен
экономикалық шығындарды зерттеу.
Медицинаның алдыңғы қатарлы салаларының дамуы, қиын оперативті
араласуларды енгізу мен медикаментозды терапияның жетістіктері біздің
елімізде мүгедектердің өмірлік қызметін қалпына келтіру мен тиімді емдеу
мүмкіндіктерін қалыптастырды. Бірақ та бұл мүмкіндіктер орынды
қолданылмауда. Мүгедектікті ескерту мен реабилитация арасындағы қажетті
байланыс орнатылмады. Мүгедектерге медициналық қызметтер көрсетудің ғылыми
негізделген стандарттары, медициналық реабилитация технологиялары
құрастырылмады.
Медициналық реабилитация нәтижелерін жақсартуға реабилитациялық
мекемелер желісінің шектелгендігі қарсы тұруда. Республикамыздағы
функционалдық негізде стационарлық төсектер бөлу тәжірибесі реабилитацияның
стационарлық этапын жүзеге асыруға жеткіліксіз (қазіргі уақытта медициналық
реабилитацияға арналған төсектік қор республикамызда жалпы күштіліктің 3%
ғана құрайды).
Амбулаториялық – поликлиникалық бөлімдер мен санаториялық – курорттық
мекемелрді емдеуді жалғастыру мен реабилитация төмен тиімділігімен
ерекшеленеді. Организм қызметін толық емес қалпына келтіру мен аурудың
өмірлік қызметінің шектелулерінің медициналық реабилитация сатысындағы
сақталуы әлеуметтік реабилитация шараларын қабылдауды талап етеді.
Мүгедектерді әлеуметтік реабилитация – мүгедектердің өмірлік қызмет
шектеулерін жеңу, әлеуметтік мәртебесін қалыптастыру, олардың әлеуметтік –
тұрмыстық және қоршаған орталық адаптациясына арналған жағдайлар жасауға
бағытталған шаралар кешені. Ол өзіне мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру,
оларға керекті әлеуметтік қызметтерді беру, оларды техникалық көмекші
құралдармен қамтамасыз ету, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық
инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізумен қамсыздандыру, ақпараттық ортаны
қолдануда теңдей мүмкіндіктер жасау, материалды және әлеуметтік –
психологиялық қолдау көрсету және т.б. қамтиды.
2005 жылға дейін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мүгедектерге
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнайы мемлекеттік жәрдемақылар
төлеуді енгізді. 2005 жылы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақының орта мөлшері 6700 теңгеге немесе 50% өсті, бірінші топ
мүгедектеріне – үш айлық есептік көрсеткішке (әрі қарай АЕК) немесе 2895
теңгеге; екінші топ мүгедектеріне - 2,5 АЕК – ға немесе 2412,5 теңгеге;
үшінші топ мүгедектеріне – 2 АЕК (1930 теңге); 16 жасқа дейінгі
мүгедектерге – 3 АЕК (2895).
Біреудің күтімі мен көмегін қажет ететін мүгедектерге әлеуметтік
қызмет көрсету жүйесі республикада интернат – үйлер мен үйде әлеуметтік
көмек көрсету бөлімдер желілерін құрайды. Қазіргі уақытта 79 интернат –
үйлер жұмыс істеп, олардың 35 қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы
типтегі интернат – үйлер болса, 26 – психо – неврологиялық ауруларға, 17 –
ақыл – есі кемдерге, 1 – физикалық кемістігі бар балаларға арналған. Бұл
мекемелерде толық мемлекеттік қамсыздандыруда 17 мыңға жуық адамдар тұрады.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді 339 бөлімдер мен 7 территориялық
орталықтар орындайды. Олар 34 мың инвалидтер мен жалғыз қарт азаматтарға
қамқорлық жасайды. Жеке интернат – үйлер де пайда болуда. Бала мүгедектері
бар отбасыларға үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімдері жасалуда.
Олардың негізгі міндеттері біреудің көмегін қажет ететін бала мүгедектерді
анықтау, оларға әлеуметтік, өз - өзіне қызмет көрсету біліктерін үйрету,
бос уақытын ұйымдастыру, бала мүгедекпен қарым – қатынас жасауға ата –
анасын және отбасы мүшелерін оқыту, медициналық және құқықтық көмекке кеңес
беру. 2003-2004 ж.ж. 10 мыңға жуық бала мүгедектерге қызмет ететін осындай
90 бөлімдер құрылды.
Ақырғы жылдары бала –мүгедектерге медико - әлеуметтік мекемелерді
қаржыландыру жақсарды. Егер де 2003 жылы мүгедек – балаларға арналған
интернат – үйлеріндегі бір қамқорланушыны асырау шығыны 231 мың теңгені
құраса, 2004 жылы бұл сомма 286,7 мың теңгені құрады.
Бала – мүгедектерге типтік медико - әлеуметтік мекемелер есебінде
әлеуметтік – тұрмыстық көмек көрсету проблемасы өзекті болып қалуда.
Сурдоқұралдар мен сурдокөмекті 94000 адам қажет етсе, тифлоқұралдарды –
18841 адам немесе 28872 адам – протезді – ортопедиялық құралдарды өндіруді
қаржыландару көлемі ақырғы үш жылда төрт есе өсті. (106,6 млн теңгеден
436,2 млн теңгеге дейін). Бұл 2004 жылы 16840 мүгедектерге протезді
ортопедиялық көмек көрсетуге мүмкіндік берді, олардың әр бесіншісі модулды
протездерді қолданудағы жаңа технологиялармен протезделген.
Естуі бойынша мүгедектерге ұсынылатын сурдоқұралдар саны кеңейтілді.
2004 жылы саңырау мүгедектерге 6,9 мың есту құралдары (оның ішінде 1,5 мыңы
бала – мүгедектерге), 320 телефакстер, 1000 көпфункционалды белгі жүйелері,
2,2 мың мәтіндік хабарлама мен қабылдау бағдарламалары бар мобильді
телефондар берілген. Көруі бойынша мүгедектер тифлоқұралдармен қамтамасыз
етілді. 2002-2004 ж.ж. соқыр мүгедектерге 11 мың тифломагнитолдар, 28
оқитын машиналар, 15 компьютерлерБрайлдың рельефті –нүктелік шрифы бар
дисплеймен, 8 мың арнайы қол сағаттары берілді. Қозғалуда мүмкіндігі
шектелген, есту мен көруде дефектілері бар мүгедектерге сәйкес инфрақұрылым
жасалуы тиіс.
Мүгедектерге әлеуметтік инфрақұрылымдарға, соның ішінде тұрғын – үй,
қоғамдық және өнеркәсіп мекемелері, жол көлігі, мәдени қйымдар мен спорттық
құрылыстарға кедергісіз қол жеткізу түсінігі мүгедектер өмірінде маңызды
өзгерістер алып келеді.
Қазақстанда мүгедектер ақпараттық ортаға жеткілікті мөлшерде қол
жеткізе алмайды. Есту мен көруі бойынша мүгедектерге радио мен
теледидарлардағы ақпараттық және әдеби бағдарламалардың үлкен бөлігі,
кітапханалар арнайы шрифт қолданылатын әдебиеттермен қамтамасыз етілмеген.
Мүгедектерді қоғамға интеграциялау мақсатында кәсіби реабилитация
шаралары да қажет. Мүгедектерге қатысты дүние жүзілік іс - әрекет
бағдарламасы кәсіби реабилитацияны алу немесе бұзылған кәсіби
біліктіліктерді, кәсіби бағыттылық пен еңбекке тұруды қалпына келтіру
шараларына жатады. (2 кесте)
Ақырғы үш жылда еңбекке қабілетті мүгедектердің көлемі бір есеге
көбейген (5910 – нан 9128 дейін). Соның ішінде екінші топ мүгедектері
арасында еңбекке тұру 0,7 – ден 3,7%, үшінші топ 8,9дан 16,1% мөлшерінде.
Кейбір абсолютті көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, еңбекке тұрылған
мүгедектердің саны еңбекке қабілетті жастағы мүгедектердің жалпы санының аз
ғана бөлігін құрайды.
Қазақстанда мүгедектерді жұмыспен қамту маңызды кедергілермен
кездесуде, олардың ішіндегі бастысы – мүгедектердің еңбек нарығындағы
бәсекеге қабілетсіздігі. Мүгедектерді жұмыспен қамту құралдарының кеңейген
түрі мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің арнайы кәсіпорындары болып
табылады. Республикада Қазақстандық соқырлар қауымдастығының 33 оқу -
өндірістік кәсіпорындары мен 18 Қазақстандық саңыраулар қауымдастықтары
бар. Оларда жалпы төрт мың мүгедектер жұмыспен қамтылған. Көрсетілген
кәсіпорындардың негізгі қызмет түрлері болып тоқыма заттарын тігу,
трикотажды, картонажды, электротехникалық, пластмассалық заттарды өндіру,
жиһаз жасау, полиграфиялық қызметтер мен жөндеу жұмыстарын жасау және т.б.
Кезеңді қайта ұйымдастыру, реабилитациялық бөлімдерді, күндізгі немесе
балалардың медико - әлеуметтік мекемелерінің негізінде 5 – күндік орналасу
бөлімдерін ашу, үйге жақын шарттарды жасайтын қалалар мен аудан
орталықтарында кішігірім интернат – үйлер салу мақсатымен әлеуметтік қызмет
көрсету мекемелер желісін социологиялық зерттеу кешенін жасауға қажеттілік
туындап отыр.[1]

Білім берудің арнайы коррекциялық желісі мен контингенті
Көрсеткіш 2002 2003 2004
Арнайы тағайындалған 36 39 45
мектепке дейінгі ұйымдар
Арнайы топтары бар, жалпы 236 201 119
тағайындалған мектепке
дейінгі ұйымдар
Мектепке дейінгі 9876 9380 11229
коррекциялық ұйымдар мен
топтардағы балалар саны
Арнайы коррекциялық білім 103 102 103
беру ұйымдары
Арнайы коррекциялық ұйымдар 23604 24214 24737
мен жалпы білім беру
мектептеріндегі арнайы
сыныптардағы балалар саны

1.2. Қазақстандағы мүгедектердің жағдайы

Мүгедектер Қазақстанда кедей халықтың ішіндегі ең әлсіз тобы болып
табылады, яғни адам әлеуетінің даму мүмкіндігі көзқарасына байланысты.
Мүгедектер арасында кедейлік қауіпі жоғары, біріншеден, денсаулығының
бұзылуына байланысты өмірлік қызметінің шектелуі, яғни өзінің базалық
қажеттіліктерін қанағаттандыруда мүмкіндіктерінің шектелуі. Екіншіден,
мүгедектер Қазақстанда халықтың басқа топтарымен салыстырғанда қоғамдық
және саяси өмірге қатысуда, білім беру қызметтеріне, әлеуметтік – саяси
қажеттіліктерін қанағаттандыруда мүмкіндіктері шектелген. [2]
Қазақстанда мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен қолдау, экономикалық,
саяси және басқа да құқықтарының жүзеге асуында теңдей мүмкіндіктермен
қамтамасыз етіліп, олардың еркіндіктері мемлекет Конституциясы мен басқа да
нормативті – құқықтық құжаттармен кепілденсе де, қоғам мен мемлекет жағынан
мүгедек пен олардың проблемаларына кеңсе уақыты кезінен сақталған
немқұрайлы қатынас орын алуда. Ол қазіргі кезде мемлекетімізде халық
тұратын жерлерде мүгедектерге тұрғын – үйге, қоғамдық және өнеркәсіптік
мекемелерге, әлеуметтік инфрақұрылым (пандустер, пешеходтық өтпелдер,
арнайы светофорлар) объектілеріне қол жетуге мүмкіншіліктерінің болмауында
көрініп отыр. Мүгедектерге деген немқұрайлық пен көңіл бөлінбеушілік,
қазіргі күнге дейін республикамызда қанша мүгедек бар екендігі жайлы нақты
сандар жоқ. ҚР Еңбек және Әлеуметтік қорғау Министрлігінің елдегі
мүгедектердің саны 388 мың (халықтың 3,5%) деген мәліметтер шындыққа
жанаспайды. Сарапшылардың бағасы бойынша мүгедектердің шынайы саны одан да
көп және ол мемлекет халқының 10-12% құрайды, өйткені Қазақстанда
мүгедектер санатына психикалық ауытқулары бар жарты адамдар мен ақыл – есі
кем балалар кірмей қалады.
Мүгедектер мен олардың мәселелері туралы айтып, оларды қолдауға
арналған шаралар тек ақырғы жылдары жасала басталды. 2002 жылдан бастап
2002-2005 жылдарға мүгедектерді реабилитациялау бағдарламасы жұмыс жасай
бастады. Қазіргі уақытта мүгедектердің реабилитациясы төмен дәрежеде болып,
2,3% аспайды. Бағдарламаны жасаушылардың пікірінше, оны орындау
мүгедектердің өмір сапасын өсіреді, реабилитациялық шаралардың көлемін
өсіреді, мүгедектерге олардың жеке қажеттіліктерін ескере реабилитацияның
техникалық құралдарымен қамтамасыз етеді, мүгедектің тұрмыста, қоғамда,
кәсіби қызметінде қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі, мүгедектердің
толығымен конституциялық құқығын орындайтын шараларды қолдап, оларды
қоғамға интеграциясын жеделдетеді. [3]
Басқа мемлекеттегі мүгедектердің жағдайын жақсартуға көмектесетін
екінші маңызды қадам 2002 жылы шілдеде қабылданған Мүмкіндігі шектеулі
балаларға әлеуметтік және медико – педагогикалық коррекциялық қолдау
туралы Заң болды, ол мүгедек балаларға басқа балалармен тең мектептерге
баруға, олардың бастауыш және орта білім алуына конституциялық құқықтарын
орындауға көмектеседі. Қазіргі уақытта Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
туралы Заңның жобасы орындалуда, бұл заңды дайындау кезінде мүгедектердің
өздері қатысып, оларды қоғамға әлеуметтік енуіне мүмкіндік беріп, өздерін
бөлектенгендігін сезінбеуге көмектеседі.
Сонымен бірге қазіргі уақытта көптеген мүгедектердің қабілеттері мен
мүмкіндіктері ескерілмей, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуеті
қолданылмайды. Біздің ойымызша, мүгедектерді әлеуметтік қолдау жүйесі
негізгі екі компоненттерден тұру керек:
1. еңбекке қабілетсіз мүгедектерді атаулы әлеуметтік қорғау және
2. жұмыс істей алатындар мен істегілері келетін мүгедектерге жан – жақты
қолдау көрсету. Бұл жерде Алматы қаласының мүгедек қауымының
председателі Али Аманбаевтің сөзін келтіруге болады: Мүгедектер өз -
өзін қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамға өз пайдасын келтіретіндігін
баяғыдан түсіну керек.

Қазақстандағы мүгедектердің жағдайы
Қазақстанда барлық мүгедектер санатының 388,7 мың тұрады, соның
ішінде 211 мың әйел, 49,1 мың 16 жасқа дейін бала, 58,8 мың бала кезінен
мүгедектер. Ақырғы жылдары алғашқы анықталған мүгедекті реабилитация
дәрежесінің төмендігін көрсететін алғашқы мүгедектіктің фонында мүгедектік
санының өсуі тенденциясы (1 сурет) байқалуда. [4]
1999-2000 ж.ж. мүгедектер санының динамикасы

500
400
300
200
100

0

1999 2000 2001
2002
Жылдың басындағы мүгедектер саны, мың адам
Алғаш мүгедек болып танылғандар саны, мың адам

Алғашқы мүгедектіктің жалпы көрсеткішіндегі еңбекке қабілетті жастағы
мүгедектердің саны өсуде. 2002 жылы көрсетілген сан 1999 ж. 81,1%
салыстырғанда 86% құрады. (1 кесте)

Алғашқы мүгедектіктің көрсеткіштері (жылдың басында)
1999 2000 2001 2002
Алғаш мүгедек деп танылғандардың 55,1 49,7 46,1 40,8
жалпы саны, мың, адам
Халықтың мың адамына шаққандағы 3,5 3,3 3,1 2,8
мүгедектер саны
Мүгедектердің тобына байланысты
алғашқы мүгедектік, мың адам
І топ мүгедектер саны 5,9 4,9 4,8 4,6
ІІ топ мүгедектер саны 33,1 27,5 25,3 23,8
ІІІ топ мүгедектер саны 16,1 17,3 16,0 12,4
Алғашқы мүгедектікті жынысы бойынша
бөлу, мың, адам
әйелдер 22,5 20,5 18,9 М.ж.
ерлер 32,6 29,1 27,2 М.ж.
Алғашқы мүгедектікті тұрғылықты
жері бойынша бөлу, мың, адам
қалалық жерде 32,1 28,5 26,1 М.ж.
ауылдық жерде 23,1 21,1 19,9 М.ж.
Еңбекке қабілетті жастағы 44,7 41,6 39,6 35,1
мүгедектер саны, мың, адам
Жұмыс істейтін мүгедектер саны, 14,7 10,9 8,9 8,7
мың, адам
Алғашқы мүгедектіктің жалпы 81,1 83,7 85,9 86,0
көлеміндегі еңбекке қабілетті
жастағы мүгедектердің бөлігі,
пайызбен

Көрсетілген сандар болашақтағы мүгедектіктің өсуі әлеуметтік қауіпті
дені сау халықтың санының төмендеуіне, елдегі еңбек ресурстарының көлемі
мен сапасының төмендеуіне алып келуі мүмкін деп нәтиже жасауға болады.

Мүгедектіктің себептері
Еңбекке қабілетті жастағы мүгедектіктің дамуы Қазақстанда әлеуметтік
– экономикалық, медико – демографиялық және экологиялық факторлар, еңбекті
қорғаудың төмен дәрежесі, медицина қызметінің төмен сапасы мен бағасының
қымбаттылығы әсер етеді.
Мүгедектіктің негізгі себептеріне жалпы сипаттағы аурулар (2 сурет, 2
кесте) жатады, соның ішінде алғашқы мүгедектік құрылымының бірінші орнында
қанайналым органдарының ауруынан мүгедектік – 18,6%, екіншіде –рак ауруына
- 14,1%, үшіншіде – психикалық бұзылулар – 12,1%, төртінші орында – барлық
локолизациядағы жарақаттар 11,9% алады. Кәсіби аурулар мен еңбектік
жарақаттар елімізде 1,3% мүгедектіктің себебі болып табылады.

Мүгедектіктің негізгі себептері

• жалпы аурулардан мүгедектік
• кәсіби ауру мен еңбектік жарақаттардан
мүгедектік
• бала кезінен мүгедектік
• басқа себептер

Себептері бойынша алғашқы мүгедектіктің динамикасы (жылдың басында)
Мүгедектіктің себептері 1999 2000 2001
Жалпы аурулар 46417 41560 38188
Еңбектік жарақаттар 656 516 479
Кәсіби аурулар 163 111 111
Бала кезінен мүгедектер 6424 6518 5524

Қазақстандағы екінші маңыздылығы бойынша мүгедектіктің себебі бала
кезінен мүгедектік (алғашқы мүгедектік жалпы көрсеткішінің 11,9%)

Балалардың мүгедектігі
Қазақстанда мүгедектердің жалпы санының 13% 16 жасқа дейінгі бала –
мүгедектер құрайды.
Балалар мүгедектігінің көрсеткіші (жыл басы)
1000 балаға шаққандағы мүгедек балалар саны
16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны, мың. Адам

3 суреттен көргендей, үш жыл ішінде балалар арасындағы мүгедектік 21%
өскен. Республикада бүгінгі таңда 49,1 мың 16 жасқа дейінгі бала мүгедектер
және 58,8 мың бала көзінен мүгедектер тұрады.
Балаларда мүгедектіктің пайда болуына алып келетін факторларға:
биологиялық – созылмалы, туылмалы және генетикалық аурулардың ата –
аналарындағы жоғары дәрежеде болуы, перинаталды кезеңдегң патология; медико
– ұйымдастырушылық – ауруды кеш анықтау, ауруды анықтаудан мүгедекті
тағайындау мен реабилитацияның басталуы аралығындағы кезеңнің ұзақтығы;
әлеуметтік – орталық – экологиялық жағдайдың нашарлауы, отбасының
әлеуметтік қамтымағандығы.
Республикадағы медико – демографиялық жағдайдың нашарлауы бала кезінен
мүгедектер көрсеткішіне маңызды өзгешеліктер енгізді. 1990 жылдан 10 жыл
ішінде мемлекетте бала – мүгедектер саны 2,2 өскен. Қазіргі кезде 6 млн
бала мен жасөспірімдердің 520 мыңында дамуында кемшіліктері бар. 1992
жылмен салыстырғанда дамуында кемшіліктері бар балалардың саны 22 есеге
өскен. Сәбилер болса анасының ішінде жатып ауырады, әрбір 1000 туылған
балалардың 220 денсаулығында ауытқулары болса, 30 сәби өмір сүруге
қабілетсіз туыла берілетін аурулармен ауырады. Ақырғы жылдары мұндай
сәбилердің саны 3 есеге көбейді.

Қазақстан халқының мүгедектенуінің спецификалық факторлары
Бала кезінен мүгедектік көрсеткішінен өсіретін қиын патология мен даму
кемшілігінің өсуі бірінші кезекте елдегі экологиялық жағдайдың
нашарлауымен, ана мен баланың денсаулығына өнеркәсіп орындарының
қалдықтарының әсері, сонымен бірге медициналық бақылаудың
қанағаттанбаушылығымен байланысты.
Қазақстандағы мүгедектену процесінің басқа факторы ретінде халықтың
жалпы сырқаттануының өсуі, сонымен бірге нашар экологиялық жағдай болып
табылады. Бұл жердегі негізгі фактор: судың, ауаның ластануы, жердің
сорлануы жатады. Қазақстанның көптеген облыстарының халқы қауіпсіз ауыз
суға қолдары жетпейді. Жыл сайын ішетін сумен қамтамасыз етудің орта
республикалық көрсеткішінің 3-5% төмендеуі, халықтың денсаулығына кері әсер
етуде. Халықтың сырқаттануының өсуіне әсер ететін қауіпті факторларға
атмосфера ауасының ластануы жатады.
Табиғи ортаның ластануы бірінші кезекте халықтың денсаулығының
нашарлауына алып келеді. Еңбек нарығында толық емес еңбек ресурстары –
экологиялық топтар пайда болады. Оған әлсіз денсаулық қана емес, төмен
еңбекке деген мотивация мен әлсіз психологиялық реабилитация тән. [5]
Мүгедектердің материалдық жағдайын талдау
Қазақстандағы мүгедектердің негізгі табыс көздері болып:
• мүгедектігі бойынша ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (3
кесте);
• тұрмыстық қызметтер, отынның шығындарын өтеу үшін арналған арнайы ай
сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар (4 кесте);
• жұмыс істейтін мүгедектердің еңбекақысы.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (теңге)
Мүгедектер санаты І топ ІІ топ ІІІ топ
Жалпы сырқаттар, кәсіби жарақаттардан
мүгедектер
Әскери қызметкерлер, ішкі істер 7 МРП 4,5 МРП 3 МРП
органдарының қызметкерлері арасында 6104 3924 2616
қызметін орындау кезіне байланысты емес
жазатайым жағдайлардың нәтижесіндегі
мүгедектік
Бала кезінен мүгедектер 7 МРП 5 МРП 4 МРП
16 жасқа дейінгі бала мүгедектер 4 МРП 4 МРП 4 МРП

Мемлекеттік жәрдемақылар мен жеңілдіктердің көлемі мүгедектіктің
дәрежесіне байланысты. Жәрдемақының көлемі айлық есептік көрсеткіштің
мөлшеріне байланған.

Арнайы мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақылар
Мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек, мүгедектер жергілікті өкілетті мен
орындаушы билік органдарынан жергілікті бюджеттің қаражатынан қосымша:
• тұтынушы бағалардың индексінің өсуіне сай мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларға қосымша төлемдер;
• біреудің көмегін қажет ететін жалғыз басты мүгедектердің мемлекеттік
жәрдемақыларға көшкені үшін қосымша төлемдер;
• санитарлы – курортты емделуге жеңілдіктер.
Сонымен бірге жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдары
мүгедектердің спецификалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мен олардың өмір
сүру дәрежесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы әлеуметтік жағдай
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар
Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері
Мүгедектік жеке мәселе ретінде
Мүгедектік мәселесін шешу аспектілері мен жолдары
Мүгедектердің құқықтары
Қарт адамдардың әлеуметтік мәселелері
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты
МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ
Пәндер