Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі


Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
а) Түйелердің су-ауруының алдын-алу және жою шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі
ә) Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
б) Трихинеллез ауруының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережесі
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т. б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.
Ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.
Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.
Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.
Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады. Өйткені, малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз төлінен өсіру, мал басын толықтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек.
OIE малдың жұқпалы ауруларын үш топқа жіктеген; «А» тізімінде 15 ауру, «В» тізімінде 40 ауру, «С» тізімінде 68 ауру топтастырылған. Бірақ OIE 2005 жылы ауруларды жаңа категорияларға жіктеді:
- Бірнеше түлікке ортақ аурулар: топалаң, Ауески, эхиноккоз, лептоспироз, құтырық, паратуберкулез, гдроперикардит, трихинеллез, аусыл, везикулалық стоматит, оба, қойдың катарлы қызбасы, Рифт даласының қызбасы, жапон энцефалиті, туляремия.
- Сиырдың аурулары: бруцеллез, кампилобактериоз, туберкулез, лейкоз, жұқпалы ринотрахеит, трихомоноз, анаплазмоз, бабезиоз, цестицеркоз, дерматофилез, тейлериоз, геморрагиялық септицемия, кеуекті энцефалопатия, түйінді дерматит, жұғымтал плевропневмониясы және т. б.
- қой мен ешкі аурулары: эпидедимет, бруцеллез, жұқпалы агалактия, кебенек, меди весна, жұқпалы плеврипневмония, хламидиоз, скрепи, ұсақ күйістілер обасы, қой мен ешкі шешегі т. б.
- жылқы аурулары: инфекциялық метрит, киеңкі, делбе, жұқпалы анемия, тұмау, пироплазмоз, ринопневмония, маңқа, жылқы шешегі, вирустық диария, қотыр, венэсуела энцефалиті, індетті лимфангит, африкалық обасы және т. б.
- шошқа аурулары: атропиялық ринит, бруцеллез, энцефаломиелит, трансмиссиялық гастроэнтерит, кәдімгі обасы, африкалық обасы және т. б.
- құстар аурулары: жұқпалы бурсит, Марек ауруы, микоплазмоз, хламидиоз, пуллороз, инфекциялық бронхит, инфекциялық ларинготрахеит, туберкулез, вирустық гепатит, үйректің вирустық энтериті, пастереллез, аса зардапты тұмауы, Ньюкасл ауруы және т. б.
- қоян аурулары: миксоматоз, қоянның вирустық геморрагиялық ауруы және т. б.
- ара аурулары: америкалық шіріме, еуропалық шіріме, варроатоз және т. б.
- приматтар аурулары: гепатит В, туберкулез және т. б.
Негізгі бөлім
а) Түйелердің су-ауруының алдын-алу және жою шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі
1. Жалпы ережелер Су-ауру (трипанозомоз) - малдардың трансмиссивтік табиғи ошақтық қызба, домбығу, лимфа түйіндерінің үлкеюі, жүдеу белгілерімен өтетін ауру. Көбінесе созылмалы түрде өтетін ауру. Ауру қоздырушысы - Trіpanosoma evasі (nіnae kohі - jakіmovі), қан плазмасында, лимфа түйіндерінде, ішкі мүшелерде, нерв жүйесінде тоғышарлық күнелтеді. Табиғи жағдайда түйелер, жылқылар, есектер, қашырлар, иттер, ірі қара малы, қасқырлар, мысықтар, қоян, тышқандар мен егеуқұйрықтар ауруға бейім. Су-ауру трансмиссивтік ауруға жатады. Қоздырғыш таратушысы қансорғыш шыбын-шіркейлер болып табылады. Жұғу көзі - ауру малдар немесе паразит тасушылар. Ауру мамыр-қыркүйек аралығында тарайды. Жасырын кезеңі 2-3 апта. Түйелерде ауру жіті түрде өткенде, температурасы 40 о градус Цельсия және одан да жоғары көтеріледі, аяғы мен бауырының ісуі байқалады. Малдың ахуалы, тәбеті төмендеп, көп жатады. Лимфа түйіндері үлкейген. Кейде желігу түрі болып, ринит, көз ауруы, тышқақ болады. Малдар қызбасы ұстаған уақытында асқынып және дірілдеу көрінісінде өледі. Созылмалы түрі жыл немесе одан да көп созылады, температурасы жоғарылап, қабағы, еріні, төсі ісіп, кератит, кілегей қабықтары бозарып, сарғыштанады. Буаздықтың 5-7 айлығында түсік тастайды. Аяқтарында сал болады. Ауру мал көтерімдіктен өледі. Балау кешендік түрде қойылады, эпизоотологиялық, клиникалық патологоанатомиялық белгілермен және зертханалық тексеру нәтижесінде қойылады. Түйенің су-ауруында формалин реакциясының агглютинация реакциясы және конглютинді комплекс байланыстыру реакциясы көмегімен қойылады. Балаудың нәтижесін анықтауға сонымен бірге зертхана малдарына биосынама қойылады.
2 . Ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда жүргізілетін алдын-алу шаралары
Ветеринариялық санитарлық қолайлы аумақта су-ауру ауруын әкелмеу мақсатында осы ауруға қолайлы аумақтан тек қана клиникалық, сау мал ғана әкелуге рұқсат етіледі. Малдарды сату, осы елді мекеннен шығару, тек қана саулығы туралы куәліктің нәтижесінде және паспорттағы тиісті белгінің жағдайында рұқсат етіледі. Сыртқа шығарылатын және сырттан әкелінетін жануарларды су-ауруға карантин мен тексерулер өткізеді. Амалсыздан барған уақытта немесе таза емес аймақтан өтер алдында жануарларды жағымсыз исі бар дәрілер сіңген (деготь, креолин, тазартылмаған карбол қышқылы тағы басқа) қан сорғыш жәндіктерден жабумен қорғау қажет.
3. Түйелердің су-ауруынан таза емес пункттерде және эпизоотиялық ошақтарда жүргізілетін шаралар
Түйелердің су-ауруымен ауырған анықталғанда, осы елді мекенде қызмет көрсететін ветеринар маманы тез арада ауыл округінің ветеринар инспекторына және ауданның (қаланың) мемлекеттік бас ветеринар инспекторына хабарлайды. Әкімшілік аумаққа қарасты бас мемлекеттік ветеринар инспекторы жануарлардың су-ауруына күдігі туралы хабар алғаннан кейін балауды қоюға, індеттік тексеріс жүргізуге аурудан таза емес елді мекенмен індет ошағының шекарасын анықтауға тез арада ауру ошақтарына жетуі керек. Қазақстан Республикасы заңдылығының ветеринария саласындағы қарастырылған тәртібіне сай, әкімшілік аймаққа қарасты бас мемлекеттік ветеринар инспекторының ұсынысымен, жануарларды су-ауруы кездескен жерге, жергілікті әкімшілік органының шешімімен таза емес аймақ деп жариялайды. Су-ауруға таза емес аймақта жыл сайын түйелерді және ауруға сезімтал басқа жануарларды трипанозомозға клиникалық, микроскопиялық және серодиагностикалық әдістер көмегімен тексеріп, табылған ауру малды оқшаулап емдейді. Осындай тексерулерді жылына 3 рет: қыстың басы мен аяғында (таратушылар болмаған кезде) және ауру байқалғанда жүргізіледі. Трипанозоманы тасымалдаушының жоқтығын дәлелденгеннен кейін, жануарларды таза емес аймақтан таза аймаққа ауыстыруға рұқсат етіледі. Таза емес шаруашылық субъектісіндегі бағалы аталықтар мен асыл - тұқымды аналықтарды трипанозомозбен ең көп зақымданатын мезгілінде арнайы препараттармен алдын ала өңдеуден өткізеді. Дәрі бергенде зерттеуге қан алғанда және осы тәріздес жұмыстарға пайдаланған барлық құралдар, ең бастысы инелерді әрбір жануарларға қолданар алдында қайнату арқылы залалсыздандырылады. Айналадағы заттарды қан мен ластауға жол берілмейді. Ауру малдар оқшауланады және емделеді. Ауруға күдікті деген жануарларды оқшаулайды және 3 реттен кем емес қосымша зерттеу өткізеді. Емделіп болған жануарларларды жеке топта 6 ай мерзімге оқшаулайды және 3 қайтара тексеруден өткізеді. Бір жыл ішінде жаңадан ауру байқалмаса және аурудың қайталануы болмаса шаруашылық субъектісі сауықтырылған деп есептелінеді. Күйек пунктінде міндетті бақылау жүргізіп, жаңадан келген аналықтардың қанын микроскопиялық тексеруден өткізеді. Аса бағалы аталықтарды ауру, күдікті және емдеуден өткен аналықтармен олардың жазылғанына дейін күйекке жіберілмейді. Ауру аналықтарды ұрықтандыруға емделіп болғаннан кейін 10-15 күннен кейін жібереді. Ауру аталықтар толығымен сауығып, емделіп болғанға дейін күйекке жіберілмейді. Ауру, күдікті және емделген аналықтар жасанды түрде ұрықтандыруға болады. Су-ауруға таза емес жануарлардың етін, егер мал күйі көтерем болмаса және сояр алдында температурасы қалыпты болса адамдарға тамаққа пайдалануға жіберіледі.
ә) Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
1. Жалпы ережелер
Стронгилятоздар - жануарлардың таралған аурулар тобы, әсіресе жылқыларда көп кездеседі, жасына қарамайды, шамалы инвазияда клиникалық белгілері кездеспейді, ал көп инвазияда тәбеті болмайды, арықтай бастайды, жұмыс қабілеті жоғалады, дене температурасы көтеріледі. Ауру қоздырушысы - Strongylіdae және Trіchonematіdae тұқымдастығына жататын домалақ құрттар, жылқылардың тоқ ішегінде болатын, ал күйіс қайыратын малдарда барлық ас қорыту жүйесінде болады.
Жасына, тұқымына қарамай барлық жылқылар, сонымен бірге қойлар, ешкілер, ірі қара мал, түйелер, солтүстік бұғылар, жабайы ешкілер, сиыр тектес ірі аң, өркешті сиыр, буйволдар және басқа күйіс қайыратын жабайы жануарлар ауырады. Балау эпизоотологиялық, клиникалық, патология анатомиялық сою және копрологиялық тексеру нәтижесінде қойылады.
2. Стронгилятоздардан ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары
Ветеринариялық-санитарлық қолайлы аумақта стронгилятозын болдырмау мақсатында тек қана сау және копрологиялық тексеруде таза болған малдарды әкелуге рұқсат етіледі. Сырттан әкелінетін және сыртқа шығарылатын жануарларды ветеринария талаптарының тәртібі мен әдістерінде қарастырылғандай стронгилятозға карантин мен тексеру қойылады. Жаңадан әкелінетін жануарларды 30 күн бойы бөлек ұстап, клиникалық байқаудан және копрологиялық тексеруден өткізеді. Жеке және заңды тұлғаларға жануарларды сату және елді мекеннен шығару тек қана тазалығы жөнінде куәлігі мен паспорттағы белгісіне қарай жіберіледі. Барлық шаруашылық субъектісінде жылына 2 рет көктемде және күзде жануарларға сақтандыру дегельминтизациясын жүргізеді.
Одан басқа жылқыларды мынадай жағдайда клиникалық байқаудан және копрологиялық тексеруден өткізеді: 2 жеті бұрын шаруашылыққа тапсырар алдында, көрмеге қояр және спорттық жарыстар алдында.
3. Стронгилятоздан таза емес аймақтарда және індетті ошақтарда өткізілетін шаралар
Стонгилятозға үнемі таза емес шаруашылық субъектісінде:
1) азықтандыру мен күту шарттарын жақсарту керек;
2) күнделікті және мұқият қиын жинап және оны биотермиялық өңдеуден өткізеді;
3) жануарларды тиабендазол, фенбендазон, нилверм немесе альбендазол мен бірнеше рет дегельминтизациялау;
4) сыртқы ортада қоздырғыштың даму сатысын есептеп, малды бағатын жерін өзгертіп отыру;
5) мал төлін көтеріңкі, жақсы жайылымда бағу;
6) жануарларды таза, құдық, тез ағатын өзендерде суару. Су көздерінің маңайын қатты құрғақ топырақтармен жасау;
7) мал қораларын, ақырларды, суаратын орынды, жұмыс құралдарын, аула мен аймақты таза ұстау;
8) дезинфекциялық, дезинвазиялық және дератизациондық шаралары жүргізіледі. Стронгилятозбен мықты ауырған жануарларды бөлек ұстап, оған жақсы күту, азықтандыру мен емдеуін ұйымдастыру. Стронгилятозға шаруашылық таза деп есептеледі, егер:
1) 3-4 ай ішінде екі рет тексерілгенде жұмыртқасы мен құрты табылмаса;
2) жыл ішінде сойылған және өлген жануарларда сойып қарағанда паразит табылмаса. Мұндай шаруашылық субъектісінде сақтандыру дегельминтациясын тоқтатады; бірақ жануарларды жоспарлы балаулық тексерулерін жүргізе береді. Шаруашылықтың ветеринар маманы мал шаруашылығы жұмыскерлері ортасында жануарлардың стронгилятозына қарсы күрес жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тиіс.
б) Трихинеллез ауруының алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережесі
1 . Жалпы ережелер. Трихинеллез - адам және жануарлардың құрт (гельминтоз) ауруы бұл Trіchіnellіdae тұқымдасына, Trіchocephalata отрядына жататын Trіchіnella spіralіs нематодалардың көлденең жолақты бұлшық еттеріндегі және аш ішектегі тоғышарлығымен байланысты. Ішекте ірі трихинеллалар, ал бұлшық етте - олардың балапан құрттары орналасқан. Трихинеллез көбіне шошқада, итте, қасқырда, түлкіде, аюда, мысықта, егеуқұйрықта және тышқандарда кездеседі. Бұған борсықтар, күзендер, бұлғындар, жабайы түлкілер, сасық күзендер, ақкістер, кірпілер, жабайы шошқалар, көртышқандар, сілеусіндер, барыстар және тағы басқа ет қоректілер жануарлар мен кемірушілер сезімтал. Трихинеллез итбалық, морж, кит сияқты теңіз сүтқоректілерінде де кездескені тіркелген. Осы гельминтоз (құрт) адам үшін өте қатерлі. Трихинеллез қоздырғышы - ұсақ нематодалар. Аталығының ұзындығы 1, 4-1, 6 миллиметр, ені 0, 03-0, 04 миллиметр, денесінің артқы бөлігінде клоаканың артында екі аяғының арасында қос емізік орналасады. Аналықтар еркегінен екі есе ірі, тірі туады. Жануарлар құрамында трихинелланың капсуламен қоршалған тірі балаң құрттары бар, залалсызданбаған трихинеллезді етті жеген кезде трихинеллезбен зақымданады.
2.
Трихинеллездің ветеринариялы-санитарлы таза
аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары
Трихинеллезге алдын-алу ауруды тірі кезінде және өлгеннен кейінгі балауға негізделген. Аллергиялық сынама немесе серологиялық реакциялар арқылы тірі кезінде балау жүргізеді. Өлгеннен кейінгі балауды трихинеллоскопиямен және жасанды асқазан сөлінде қаңқа бұлшық етінің сынамасын қорыту ең тиімді әдісі болып табылады. Трихинеллездің таза емес пункттерде және індетті ошақтарда өткізілетін шаралар. Шошқаларды ет комбинатындағы сойыс қалдықтарымен, сондай-ақ аң шаруашылығындағы және аңшылықта ұсталынған жыртқыштардың еті мен ет ұшасымен азықтандыруға рұқсат етілмейді. Шошқалардың ферма аймағында, елді мекендерде тықыр жерлер мен ойпат ойыс жер және орман алқабында бос кезіп жүруіне жол берілмейді. Шаруашылық субъектісінде, сонымен қатар шошқа қоралары, серуен аулалары, жазғы лагерлерін жүйелі түрде дезинфекция және дератизация жүргізіледі. Ет комбинатына жіберілетін шошқаларды сырғалау керек. Ет өңдейтін мекемелерде, ауылшаруашылық мекемелері мен елді мекендерде, сонымен қатар базарға және арнайы дүкендерге түсетін барлық шошқа, осы ауруға сезімтал басқа жануарлардың ұшаларын ветеринар қызметі трихинеллезге міндетті түрде зерттеуге тиісті. Аң шаруашылығында жаппай сойған кезде аң ұшалары таңдаулы түрде тексеріледі. Шошқа мен аңдар ұшаларының бұлшық ет сынамасында трихинелл балаң құрты табылғанда, осы ұшаларды етсүйек ұнын жасауға жібереді, немесе өртейді, бірақ жерге көмуге рұқсат етілмейді. Бұлшық еті бар субөнімдерін утилдейді, шпигті 100 градус Цельсийде 20 минут бойы қорытады, ішкі май шектеусіз пайдаланылады. Трихинеллез анықталған жағдайда етті өңдейтін мекемелер мен базардағы ветеринариялық сараптау зертханасындағы ветеринария қызметі жануарлар иесіне қажетті сақтандыру шараларын іске асыру үшін хабарлайды. Аң шарушылығында аң ұшаларын алдын-ала залалсыздандырмай тамақтандыруға рұқсат етілмейді, өлген жануарлардың өлексесін өртейді. Ветеринар мамандары міндетті түрде дезинфекциялық және дератизациялық шараларды жүргізеді. Трихинеллез бойынша кез-келген зақымдалған пункт аурудың табиғи ошағы болып саналады және онда ветеринариялық-санитариялық және медициналық сақтандыру шаралары кешенді түрде жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz