Сауын сиырлардың кетозы
Сауын сиырлардың кетозы
Қазір де ауылшаруашылық малдарында кездесетін зат алмасуының бұзылуынан болатын 30-дан астам аурулар белгілі. Бұл аурулар көп себепті аурулардың қатарына жатады.
Малдарда зат алмасуының бұзылуынан болатын ауруларды анықтаудағы кейбір ерекшеліктер:
1. Азықтық заттардың құрамындағы белоктардың, углеводтардың, майлардың, витаминдердің, минералдық заттардың организмге түскеннен бастап ақырғы қалдыққа айналуға дейінгі процестерінің дамуын жақсы білу керек.
2. Зат алмасу процестерінде организмге зиянды заттардың пайда болуын және олардың ары қарай ыдырауын білу керек.
3. Зат алмасу процесі жеке дара жүрмейтінін, олардың бір - бірімен тығыз байланыста болатынын ескеру керек.
4. Зат алмасуына көптеген ферменттердің әсер ететінін, ол процестедің нейроэндокринді жүйемен реттелетінін ескеру керек.
5. Зат алмасу процесінің қалыпты деңгейде болып, организмде гомеостаздың сақталуы малдардың күтіміне, азықтануына және жұмысқа дұрыс пайдаланылуына тікелей байланысты.
6. Бірден топты малдың ауыратынына, оларды топтан емдеу әдісіне көңіл бөлген дұрыс.
7. Организмде зат алмасуының бұзылуын алғашқы сатысында анықтау үшін барлық зерттеу әдістерін (әсіресе лабораториялық) жан-жақты қолдана білген жөн.
Зат алмасуының бұзылуынан болатын ауруларды олардың себептері мен клиникалық өзгерістеріне қарай 4 топқа топтастыруға болады:
1. Организмдегі негізгі зат алмасулары - углевод, май және белок алмасулардың бұзылуының басымырақ болуы (майлану, алиментарлық дистрофия, кетоз, миоглобинурия, торайлардың гипогликемиясы).
2. Минералды заттардың алмасуының бұзылуының басымырақ болуы (сүйек дистрофиясы, гипомагниемия, Уров ауруы).
3. Микроэлементтердің жеткіліксіздігінен, не олардың организмге қалыптан артық түсуінен болатын аурулар. Ондай аурулар белгілі бір биогеохимиялық зоналарда кездеседі. (гипокобальтоз, гипокупроз, бұлшық еттің ағаруы, цинктің, йодтың, марганецтің жеткіліксіздіктері, бордың селеннің, никельдің, молибденнің көп болуы ).
4. Гиповитаминоздар (ретинол, кальциферол, токоферол, аскорбин қышқылы, тиамин, цинкобаламин және т.б. витаминдердің жеткіліксіздігінен болатын аурулар).
Зат алмасуының бұзылуынан болатын аурулардың жартысына жуығы ішкі жұқпалы емес аурулардың салдарынан болады. Көп жағдайларда аурудың негізгі белгілері жақсы біліне бермейді. Аурудың басталуы мен оның клиникалық белгілерінің білінуіне дейінгі аралығыұзаққа созылуы мүмкін, бірақ ауру малдың өнімділігі төмендейді, организмнің резистенттілігі төмендейді, әлсіз, әлжуас төл алынады.
Барлық ауруларға ортақ негізгі негізгі себептері:
* Мал рационында организмге қажетті заттардың толық болмауы;
* Жүйке жүйесінің реттеушілік қызметінің бұзылуы;
* Ішкі бездердің секреттерінің қызметтерінің өзгеруі.
Мал басын азықтандыруда шаруашылықтарда ғылыми негізделген күтіп-
бағу мен толықққанды азықтандыру жүргізілмеу салдарынан көп өнім беретін асыл тұқымды сиырлар түрлі зат алмасуы бұзылуы мен басқа түрлі ауруларға шалдығуда, солардың бірі кетоз ауруы.
Малдан алынатын өнімнің өндірілуін жоғарылатудың негізгі көзі - оларды толыққанды азықтандыру болып табылады. Мал рационының негізгі жəне биологиялық белсенді заттармен реттелмеуі зат алмасу үрдістерінің бұзылуына (ацидоз, кетоз жəне т.б.), табиғи иммунитеттің төмендеуіне, өсіп-көбею жүйесінің ауруларына əкеп соқтырады, бұл саланың экономикалық тиімділігіне кері əсерін тигізеді. Соңғы жылдары елімізде шығатын ветеринариялық əдебиеттерде малды жеткіліктіжəне толыққанды азықтандыруға, алиментарлық сипаттағы аурулардың шығуына, зат алмасулары бұзылуларының алдын алу, оның ішінде А, Д, Е дəрумендері, йод, селен жəне т.б. жетіспеушіліктеріне байланысты сұрақтарға айтарлықтай назар бөлінбей келеді. Сүт өндіретін кешендерде остеодистрофия белгілері жануарлардың 2-20% тіркеледі .
И.П. Кондрахиннің зерттеулері бойынша сиырларды жоғары концентратты рационды (нəрлілігі 50,8% дейін) азықпен азықтандырғанда жануарлар басында кетозға шалдығып, соңында кетоздың əрбір үшінші
жағдайы сиырларда-себеп салдарлы немесе туындаған остеодистрофияға ұласқан . Үкімет тарапынан отандық ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу жəне сату мəселесіне қолдан келгенше қолдау білдіріліп жатыр. Ауыл шаруашылығына бөлінетін мемлекеттік субсидиялардан басқа жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз етуге арналған түрлі бағдарламалар да жүзеге асырылуда. Республика бойынша жəне Алматы қаласы маңындағы шаруашылықтар мен жаңадан ашылған шаруа қожалықтары шет елден ет-сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малды өз қаржылары мен үкіметтен алынған лизингке алып келуде.
Малды импорттаушы елдер қатарына шаруашылығы күшті дамыған Еуропа жəне Америка құрлықтарындағы елдерді атауға болады. Бұл елдерден алып келінген мал басы сол елдің климатына, күтіп-бағуына, толыққанды азығына жəне т.б. бейімделген. Өкінішке орай, осы аталған мал басын азықтандыруда шаруашылықтарда ғылыми негізделген күтіп-бағу мен толықққанды азықтандыру жүргізілмеу салдарынан көп өнім беретін асыл тұқымды сиырлар түрлі зат алмасуы бұзылуы мен басқа түрлі ауруларға
шалдығуда, солардың бірі кетоз ауруы.
Малдарды кетоз ауруының болатыны туралы алғашқы деректер XIX ғасырдың басында анықталды. Содан бері көптеген ғалымдар осы ауру туралы өз еңбектерінің нәтижелерін жариялады.
Кетоз - ірі қара малда, шошқада, қойларда көптеген патологиялық үрдістерде байқалатын синдром. Ақуыз, көмірсулар, липидтер алмасуының жəне қанда, несепте, сүтте кетон денешіктері (ацетон, ацетонсірке, бета-оксимай қышқылдарының) мен басқа тотықпаған өнімдердің алмасуының бұзылуы үрдістерімен сипатталады. Бұл ауру жоғары өнім беретін, қоңдылығы жоғары сиырларда, буаз қойлар мен буаз мегежіндерде лактацияның алғашқы кезеңінде жиі байқалады. Сиырларың рационында ақуыз жəне майлардың көп болуы мен көмірсулардың тапшылығы кезінде кездеседі. Кетоздың дамуындағы негізгі рольді азықтар мен организмде мыс, мырыш, марганец, кобальт жəне йод сияқты микроэлементтер кешенінің ұзақ уақыт жетіспеушілігі басты орын алады.
Рационда құрама азықтардың көп болуы, жеңіл сіңірілетін көмірсулы азықтардың, микроэлементтердің тапшылығы пропион қышқылының, В тобындағы дəрумендердің, ұлтабаралды қарындардағы микробиальді ақуыздың биосинтезделуін (түзілуін) бұзады, бұл нуклеин қышқылдарының, ақуыздың, гормондардың, ферменттердің түзілулерін тежейді, осының нəтижесінде зат алмасудың барлық түрлері бұзылады, организмде (қанда) кетон денешіктерінің жəне басқа да тотықпаған зат алмасу өнімдері шоғырланады. Кетоз ауруын анықтау үшін клиникалық əдістер, қанды биохимиялық зерттеулер (кетон денешіктері, оның ішінде ацетон, амин қышқылдары, несепнəр (мочевина), пирожүзім, сүт қышқылдары, глюкоза, ақуыздар, лейкоциттер мен гемоглобин), сүтте, несепте кетон денешіктерін (ацетон, ацетон-сірке, бета-оксимай қышқылдарын) анықтау қолданылады.
Кетоз -- созылмалы ауру, ағзадағы кетонды денелердің жиналуымен сипатталады. Кетозда сүттің бағалығы төмендейді. Сүтті сиырлардағы ішек-қарын, бауыр, жүрек, жүйке жүйесі және эндокриндік бездер яғни гипофиз, бүйрек бездері, қалқанша безі, асқазан асты безі және т.б. бездердің қызметінің күрт бұзылуы. Малды қатты күйзеліске ұшырататын ауру. Глюкоза мен глюкопластикалық аминқышқылдарының қанда жетіспеуі және қандағы кетонды денелердің басым болуы. Ағзадағы зат алмасуының бұзылуы мен организмде көмірсулардың жеткіліксіздігі. Олар гипогликимия, гиперкетонимия және кетонурия, бауырдың дистрофиялық өзгеруімен, бүйрек үсті безінің бұзылуынан болатын ауру. Кейбір авторлардың жазуы бойынша: жоғарғы өнімді беретін сиырлардың 50 %-і кетозбен ауырады екен. Кетозбен ауырғандарға энергия жетіспейді. Өйткені сүттің түзілуі үшін, көп глюкоза керек. Мысалы: тірідей салмақтың 1 кг 45 г керек.
Кетоз ауруының тууына организмге көп түрде майлы қышқылдардың түсуінен, асқазанға түскен май қышқылдары жеңіл қорытылып, ішектің қабығынан оңай сіңіп, тері асты шеліне барып тұрады. Оның организмге көптеп келуі кетозды денелердің көбеюі және семіруге алып келіп соғады.
Себептері. Кетоз көп себепті аурулардың қатарына жатады. Ауру көп өнім беретін малдардың арасында жиі кездеседі. Негізгі себебі организмде энергияның жетіспеушілігі. Әсіресе сүтті сиырларда кездесетін аурулардың 50%-ы осының салдарынан болатыны дәлелденген (1 л сүт түзілу үшін 45г глюкоза керек екен.) Сауын сиырлардың кетозы - табиғаты полиэтиологиялық ауру. Аурудың негізгі себебі ол азықтандыру кезіндегі глюкозаның клетчатканың, крахмалдың жеткіліксіздігі немесе концентрлік азықтардың мөлшерден көп болуы. Сонымен қатар, кетоздың этиологиялық факторларына біржақты немесе толыққанды емес азықтандыру жатады. Мысалы: қышқыл топырақта өсірілген азықтардың пайыздық мөлшерінің рационда көп болуы, рациондағы қант - белок қатынасының оқыстан бұзылуы (0,8: 1 төмен) силоспен ұзақ уақыт азықтандыру (құрамындағы май қышқылы мөлшері 3 % жоғары, сірке қышқылы мөлшері көп болуы).
Оттегінің және АКТГ, тироксин, кортикостероидтардың жеткіліксіздігі, малдардың стресс жағдайға ұшырауы организмде кетон заттарының шоғырлануын тудырады.
Дамуы. Күйіс қайыратын малдардың организмінде кетон заттары бауырда, бүйректерде, алдыңғы қарындарда, сүт бездерінде түзіледі де, сол ағзаларда ары қарай тотығады. Бұл аурудың күйіс қайыратын малдардың жиі кездесуі, олардың алдыңғы қарындарда жүретін ас қорыту процессінің ерекшелігіне тікелей байланысты:
* Углеводтар организмге глюкоза түрінде емес, ұшқыш май қышқылдары ретінде түседі.
* Қанға аммиак көп мөлшерде түседі. Ол үшкарбон қышқылдары циклінде жүретін реакцияны тежейді.
Кетон заттарының организмде түзілу процесі. Углеводтар (аэробты ыдырауы), майлар (глицерин және май қышқылдары) және кейбір амин қышқылдары ыдырағанда, қалыпты зат ретінде, ыдыраудың бір сатысында сірке қышқылы түзіледі. Ол торшалар мен тіндерде бос күйінде емес, ацетилденген күйде (ацетил - КоА) белсенді (КоА - COCH₃) түрінде болады. Ол белгілі бір мөлшерде жиналғаннан кейін, не үшкарбон қышқылдарының циклінде ары қарай тотығады, не май қышқылдарын түзу үшін пайдаланылады. Циклдегі реакцияның басында Ацетил - КоА щавельді сірке қышқылымен қоюланады. Ал щавельді сірке қышқылы түзілу үшін гликоген, глюкоза және кейбір амин қышқылдары қажет. Егер щавельді сірке қышқылы жеткіліксіз болса, Ацетил - КоА тотығуы аяғына дейін жүрмейді де, одан кетон заттары: бетта-май тотық қышқылы, ацетатты-сірке қышқылы және ацетон түзіледі.
Бірыңғай жеммен азықтандырған малдың месқарынында түзілетін ұшқыш май қышқылдарының ара қатынасы өзгереді (қалыпты жағдайда сірке қышқылы 65%, пропион қышқылы 20%, май қышқылы 15% болуы керек). Пропион қышқылының түзілуі азайып кетогенді әсері бар май қышқылының түзілуі көбейеді. Және организмге азықпен түскен қалыптан тыс протеинді ыдырату үшін көп энергия керек ( 1 кг азотты оның ақырғы ингредиенттеріне дейін ыдырату үшін 5450 килокалория энергия керек екен).
Күйіс қайыратын малдардың месқарынында қант пен крахмал толық, клетчатка жартылай ыдырайды да, олардан май қышқылдары түзіледі. Жалпы организмге қажетті глюкозаның 10% - ы ғана ас қорыту жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі де, ал 90% - ы глюконеогенез процесінде түзіледі. Ұшқыш май қышқылдарының ішінде тек пропион қышқылының ғана гликогендік қабілеті бар. Міне, сондықтан да организмде пропион қышқылы аз, ал май және сірке қышқылдары көп болса да кетон заттары көп түзіледі.
Организмде энергия жеткіліксіз болған жағдайда пропион қышқылы мен глюкозаның аздығынан сірке қышқылының түзілуі бәсеңдейді де, ол барып үшкарбон қышқылдарының цикліндегі реакцияна тежейді, ацетатты сірке қышқылынан ацетон түзіледі. Онымен қоса альфа-кетоглютар қышқылы глютамин қышқылына айналады да, ол да сірке қышқылынан кетон заттарын түзеді.
Организмге глюкозаның аз түсуі глюконеогенез процесінің май қышқылдары арқылы жүруін тудырады. Осының салдарынан бос май қышқылдары көбейіп, олардан кетон заттары көптеп түзіледі.
Организмге белокты концентраттың көп түсуі кетогенді амин қышқылдарының (лейцин, фенилаланин, тирозин, триптофан, лизин) қалыпты жағдайдағыдан көп түзілуіне апарып соғады да, олардан да, тотығу процесінде, ацетатты сірке қышқылы түзіледі.
Бұзылған азықтармен түскен май қышқылдары, қалыптан тыс шоғырланған аммиак орталық жүйке жүйесінің, ішкі секрет бездерінің, бауырдың, жүректің қызметтерін бұзады. Осыдан пайда болған бауырдың майлы дистрофиясы ауруды асқындыра түседі.
Клиникалық белгілері. Аурудың клиникалық белгілерін негізгі синдромдары бойынша 4 топқа жинақтауға болады:
1. Ацетонемиялық синдром. Бұл синдром аурудың субклиникалық сатысында кездеседі. Малдың өнімділігі төмендейді, сауын сиырлардың сүт беруі азаяды, оның қышқылдығы артады, дәмі ащы, ацетон иісі бар. Азыққа тәбеті нашарлайды, жалақ пайда болады. Демалысы және жүрек соғысы жиілейді, алдыңғы қарындардың жиырылуы азаяды, әлсіз гипотония байқалады. Кілегей қабықтары бозарған, сарғыш түсті. Еркек малдардың эякуляты азаяды, спермларының концентрациясы төмендейді, ұрықтандыру қабілеті нашарлайды. Алдыңғы аяқтары әлсіз, тұрарда итке құсап шоқиып отырып қалады. Бұзаулар әлсәз туады да, бірінші күннен ауруға шалдыққыш келеді. Олар өспейді, жүндері ұйпаланған, терінің серпімділігі нашар, қозғалысы кібіртітенген. Негізгі өзгерістер лаборатоиялық зерттеулерде жақсы нәтиже береді. Қандаь кетон заттары кейде 260 мг ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz