Ретинол

Ретинол - Retinolum - каротиноидтардың түрленуі кезінде пайда болып, организмде өзіне тән әсер беретін заттар тобы А - витамині немесе ретинол деп аталады.
Ретинол ашық сары түсті, ірі призма тәріздес қиыршық тәріздес зат. Майда және майлы еріткіштерде жақсы ериді, суда ерімейді. Ауада тез тотығады, барлық минералдық қышқылдардың және ультракүлгін сәулелердің әсерінен тез ыдырайды, ал сілтілердің әсеріне төзімді. Оның ацетаты және пальмалитті эфирлері сақтауға төзімдірек келеді.
Ретинол - тотығу-тотықсыздану құбылыстарына қатысады. Мұндай кезде ұлпалардағы оттегіні пайдалануы аурудың түріне байланысты не азаяды, не ұлғаяды.
Ретинолдың әсерінен инсулиннің белсенділігі төмендейді, глюкозаның синтезі жақсарады.
Ретинол бүйректегі және несеп жолындағы тастардың пайда болуына кедергі келтіреді.
Ретинолдың минералдық алмауға, оның ішінде, кальций мен магний алмасуына тигізер әсерінің зор маңызы бар. Оның мұндай әсері біркелкі жүрмейді, алайда барлық жағдайларда: қан тамырларында, бауырда, мида, бұлшық еттерде кальцийдің тұтқырланып қалуы бәсеңдейді. Ретинол митохондрий эпителийінің қызметін жақсартады және оларда кератогиалиндік денелердің пайда болуына кедергі жасайды.
Ретинолдың жетіспеушілігінен организмде кортикостероидтардың мөлшері көбейіп кетеді. Көптеген зерттеулер ретинол май алмасуына да қатысады да деп тұжырымдайды. Оның бір дәлелі қан құрамындағы холестерин деңгейінің артуы. Ретинол гликол синтезіне қатысады, бензой қышқылының бөлініп шығуын жылдамдатады.
Зат алмасуының жекелеген түрлеріне әсер ете отырып, ретинол біршама эндокрин бездері қызметіне, жабын ұлпаларының өсуі мен сақталуына, сүйек ұлпасының түзілуіне тиімді әсер ете отырып, мал организмінің резистенттілігін жоғарылатады.
Ретинолды негізінен каротиноидтерден алады. Бұл алифатты құрылысы бар сары немесе қызыл пигементтер. Қазіргі кезде 70-ке тарта каротиноидтер белгілі: олардың көпшілігі, мысалы, В-каротин тәрізділерінде көміртегінің 40 атомы бар.
Ретинолдан ешқандай уытты әсер алмайды. Қойлар мен сиырлар бір рет тағайындалу мөлшерінен 30-40 есе көп мөлшерді қабылдай алады, ал емдік мөлшерден 70-80 есе асып кеткен мөлшерде мал өнімділігі біраө төмендеуі мүмкін. У жоғарғы мөлшерде ұзақ уақыт пайдаланғанда, анарексия, атаксия, диарея, остеодистрофия, азот, фосфор, кальций алмасуының бұзылуы, барлық ұлпалардағы сілтілік фосфатазаның шектен тыс көбею тәрізді патологиялық жағдайлар пайда болады.
Қолданылуы. Ретинол препараттары барлық жануарларға азықтың міндетті құрамдса бөлігі ретінде А гиповитаминозының алдын алу үшін, жануарлар организмінің спецификалық емес резистенттілігін жоғарылату мақсатында, сонымен бірге оны гипертиреоидизм кезінде қолданады, ас қорыту жолында анальгетикалық заттардың әсерін күшейту үшін тағайындалады. Сыртқы мүшелерге: экземаға, тері күйігінде, үсігенде, бұлшық ет өліеттенуінде, ұзақ жазылатын жараларға, көз ауруларында қолданылады. Ретинолды қабынуға қарсы немесе антимикробты заттармен араластырып қолданған тиімді. Кей кездері ретинолды бұлшық ет арқылы эмульсия түрінде енгізеді. Инъекциялаудың бір артықшылығы ретинол асқазандағы микробтар немесе нитриттермен әрекеттесіп препараттарының қандағы концентрациясы тез ұлғаяды. Ретнолды ірі қара малдыұ бқлшық етіне енгізу (1 ӘБ) оларды тасымалдау, топтастыру, өзге жерге алмастырғанда пайда болатын стресстік құбылыстардың төмендеуіне, септігін тигізеді. Тері асты инъекциялары сонымен бірге, мал өнімділігін арттыру, бауыр қызметін жақсарту, кетоз кездерінде де пайдалы (1-2 ӘБ) .
А витаминінің концентраты -Vitaminum A concentratum. Жануарлардың бауырында көп мөлшерде болады.
Тәуліктік емдік мөлшері: сиырларға 5-5 М. Б., қойларға 1-1 М. Б., шошқаларға 8000-7 М. Б., иттерге 5000-5 М. Б.
Эргокальциферол. Кальциферолдың (Д витамині) бірнеше түрі бар. Витамин Д2 және Д3 түрінде неғұрлым белсенді. Д витамині таза күйінде өте тұрақсыз, майлы ерітінділері ұзағырақ сақталынады.
Мал терісінде Д3 витамині (холекальциферол) өте маңызды рөл атқарады.
Эргокальциферол - суда ерімейтін, майда жақсы еритін, түссіз кристалдар. Бір интернационалдық бірлік (ИБ) эргокальциферолдың 0, 025 мкг-на тең. Препарат майдағы ерітінді (1мл 5000 ИБ бар), немес спирттегі ерітінді түрінде (1мл -де 2 ИБ бар) шығарылады.
Кальциферол фосфор мен кальцийдің метаболизміне әсер етіп, олардың биосинтезіне әсер етеді. Д витаминінің препараттары рахит пен остеомаляция ауруларын емдеу және алдын алу үшін қолданылады, сонымен бірге, тері күйігіндегі жараларды емдеу үшін, сүйектің әр түрлі патологиясында, буын ауруларында, ас қорыту қызметі нашарлағанда және т. б. кездерде тағайындалады. Сондай - ақ Д2 витаминінің тері және көз туберкуллезі кезіндегі емдік және профилактикалық әсерінің де маңызы зор.
Двитаминінің организмге енгізілуінің бірнеше тәсілдеі бар. Азыққа қосып бергенде ол ұзақ әсер етеді. Бұлшық етке енгізу оның тез әрі күшті әсер етуіне жағдай жасайды, тері астына енгізу аз уақытқа әлсіз қабыну реакциясын туғызады.
Мөлшері: сиырларға 1-15 ИБ. Көбінесе 1мл-де 2 ИБ бар спирттік ерітіндісі (Solutio Vitaminum D Spirituosa), 1 мл-де 1 ИБ бар майлы ерітіндісі(Solutio Vitamini D oleosa), балық майы қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz