ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ЖЕТІСТІКТЕРІ


ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік жариялап, дербес мемлекет атанып, өзінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі басым бағыттарын анықтай бастағанына ширек ғасыр толып отыр.
Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығында халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналды. Осы қысқа мерзімде Қазақстан өзінің ерекше даму моделін таңдап, әлемдегі бейбітшілік пен бірліктің бірден-бір үлгісі бола білді.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей: «Тәуелсіздік - тұрақты және қауіпсіз келешекке деген зор сенім». Осымен қатар еліміз халықаралық саясатта бірқатар тың идеяларды ұсынып, әлемнің дамуына зор үлесін қосып келеді. Беделді халықаралық ұйымдардағы табысты төрағалығы мен жаһандық және аймақтық мәселелерді шешудегі тың бастамалары халықаралық қоғамдастықтың көңіл бөліп, жетекші мемлекеттердің онымен кеңесіп, санасуына әкелуде.
Тарихтан бабаларымыздың әр кезеңдерде алыс-жақын елдермен шебер жүргізген дипломатиясы мен ел мүддесін қорғаудағы ерліктерін мақтан тұтамыз. Алайда, жаңа жас Тәуелсіз мемлекет жағдайында, сол мезетте, мемлекетіміздің еуразиялық кеңістіктің қақ ортасында, әлемдік державалармен көршілес орналасуы, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Орталық Азия аймағындағы геосаяси жағдайдың күрделене түсуі, ел ішіндегі орын алған дағдарыстық қиын жағдайда, өзінің ішкі саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелерінің күрделілігі мен маңыздылығына қарай сыртқы саяси байланысы мен қарым-қатынасын қалыптастыру қажет болды. Алғашқы мақсат - шетелдерде ұлттық мүдделерді қорғау, бітімгерлік бастамаларды ілгерілету, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, халықаралық және екіжақты ынтымақтастықты нығайту, шетелдік әріптестерге Қазақстан жөніндегі объективті ақпаратты жеткізу Қазақстанның басты сыртқы саяси басымдықтары болады.
Еліміз тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде, халықаралық қатынастардың жауапты субъектісі ретіндегі беделін бекітті. Бүгінде біз өзекті әлемдік мәселелерді шешу және жаңа әлемдік тәртіпті құру ісіне белсенді қатысып қана қоймай, сол бағыттарда бірқатар бастамалар көтеріп, оның оң шешілуі жолында нәтижелі шаруалар атқарудамыз. Осындай белсенділік пен нәтижелі іс-әрекеттің арқасында Қазақстан халықаралық аренада тұрақтылықтың, мемлекет дамуының қарқынды және өркендеген моделінің бастаушысы ретінде лайықты бағасын алып отыр.
Қазақстан іргелес бес елмен 14 мың шақырымнан астам әлемдегі ең ұзақ құрлық шекараларын алғаш рет әлемдік тәжірибеге сай халықаралық шарттармен бекітіп, көршілес және әлемнің жетекші елдерімен достық және өзара пайдалы ынтымақтастық қатынастарын құрды. Бүгін еліміз 140-тан астам мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсіби дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде 3 мыңнан астам әр түрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.
Қазақстанның аймақтағы және әлемдегі саяси, қауіпсіздік, өркениеттік, экономикалық, экологиялық мәселелерге қатысты бастама көтеріп, оны шешу жолында жүргізіп келе жатқан табысты саясаты мен бастамалары әлем елдері тарапынан оң қабылданып, жаһанның жетекші елдерімен стратегиялық әріптестігі жарасып, Қазақстанның экономикалық қуатының қарқынды өсіміне, сыртқы әлеммен сауда-экономикалық, сондай-ақ инвестициялық байланыстарының дамуына негіз болуда. Осы жылдар ішінде Елбасының жүздеген жұмыс және ресми сапарлары, сондай-ақ шетелдердің мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар мен сыртқы саясат ведомстволары басшыларының Қазақстанға сапарлары өткізілді.
1992 жылы ерікті түрде ядролық қарудан бас тартып және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Елбасының халықаралық бастамаларының арқасында қарусыздану үдерісінің және жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың белсенді жақтаушысы бола отырып, Қазақстан әлемнің жетекші ядролық державаларынан халықаралық қауіпсіздік кепілдіктерін алды.
Қазақстанның әлемдегі қуаты жағынан 4-ші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқанына екпін түсіре келіп, өзге елдерді осы үдерістен үлгі-өнеге алуға шақырды. Осындай жағдайда, яғни бүгінгідей дағдарысты кезеңде ядролық қарудың лаңкестердің қолына түспеуінің маңызы зор. Қазақстан ядролық терроризм актілерімен күрес жөніндегі жаһандық бастамаға белсенді қатысушы болып табылады. Бұған елімізде соңғы жылдары өтіп келе жатқан «Атом-антитеррор» жаттығулары мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі халықаралық конференция ұйымдастырылғаны дәлел бола алады.
2010 жылғы сәуірде Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит барысында АҚШ президенті Б. Обама Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевты «халықаралық ядролық қаруды таратпау үдерісінің көшбасшысы» деп атады.
Атомды бейбіт мақсатта пайдалануға қатысты, Қазақстан әлемдік қауымдастық алдында бірқатар маңызды бастамалар көтеріп, олардың орындалуы жолында нақты іс-әрекеттер жасауда.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық табыстары сыртқы экономикалық байланыстардың негіздерін - экономикалық дипломатияны бекітті, елдің индустриялық-инновациялық бағдарламасын іске асыру мақсатында тікелей шетел инвестицияларын және жаңа технологияларын тартылып, жағымды сыртқы байланыстардың ауқымы артуда.
Алғашқы күннен басымдық беріліп, дұрыс таңдалған көпқырлы сыртқы саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан экономикасына 130-дан астам млрд. доллар тартылды, жан басына шаққандағы табыс 10 мың доллардан асты. Қазақстан - Орталық Азияға келген барлық сыртқы инвестициялардың 80 %-дан астамының қабылдаушысы. Әрбір іске асырылған инвестициялық жоба - ұлтымыздың және Қазақстанның әрбір жеке азаматының әл-ауқатының кепілі. Инвестициялар мен инновациялар жаңа мыңжылдықтағы жаңа Қазақстанның қозғалтқыш күштері болып табылады. Халқымыздың әл-ауқатының өсімі үшін, ел экономикасына инвестицияларды, инновацияларды және жаңа технологияларды тарту ісі бойынша отандық дипломатия айтулы нәтижелерге қол жеткізіп, табысты жұмысты жалғастыруда.
Географиялық және геосаяси тұрғыда еуразия кеңістігінің қақ ортасында, әлемнің жетекші державаларымен көршілес орналасу, мемлекеттің сыртқы саясатына әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Сол себепті тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, Қазақстан Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен екіжақты қарым-қытынастарға стратегиялық басымдық беріп, үнемі дамыту үстінде. Ресей Федерациясымен одақтастық қатынастарды дамыту - Қазақстан Прези-дентінің сыртқы саяси бағытының сөзсіз жетістігі. Бүгін РФ-мен өзара ынтымақтастықтың басты жетістіктері өңірлік интеграцияда, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту кеңістігінде жатыр. ҚР және РФ тандемі зор Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен дамудың берік факторына айналып, Еуразиялық Одақ шеңберінде қарқынды дамуда. Екі мемлекеттің саяси-экономикалық және мәдени салаларда терең ынтымақтастық жағдайында байланыстар орнатып, түрлі қарама-қайшылықтарға ортақ көзқарас қалыптастырулары, ТМД елдері арасындағы көптеген күрмеуі қиын мәселелерді нәтижелі шешуге мүмкіндіктер беруде.
Шығыстағы ұлы көршіміз - Қытай Халық Республикасымен барлық бағытты қамтитын стратегиялық ынтымақтастық қатынастарды нығайту Қазақстан сыртқы саясаты сындарлылығының айғағы. Жаһандық ықпалы арта түсіп отырған осы елмен екіжақты сауда-экономикалық байланысты тереңдету арқылы еліміз әріптестік әлеуетін өз мүддесіне пайдалануда.
Стратегиялық әріптестік дәнекерлері Қазақстанды Америка Құрама Штаттарымен байланыстыруда. Бұл факт екі ел президенттерінің 2006 және 2010 жылдарғы Біріккен мәлімдемелерінде көрініс тапқан. Өзара қызметтестіктің қол жеткізілген деңгейі өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қаруды таратпау режимін бекіту, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұру, энергетикалық тепе-теңдікті сақтау мәселелеріндегі өзара тиімді және тең құқылы ынтымақтастыққа негізделуде.
Тәуелсіздіктің барлық жылдары ішінде Еуроодақпен белсенді саяси үнқатысу сақталуда. «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан негізгі Еуропа мемлекеттерімен ынтымақтастықты әріптестіктің аса жоғары деңгейіне шығара алды. Еуроодақ елдері бүгін Қазақстанның әлемдегі басты сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Елдің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру мақсатында ЕО елдерінен озық техниканы және технологияларды тарту Қазақстанның сөзсіз жетістігіне айналды.
Қазақстан ЕО-ның берік және жауапты энергетикалық әріптесі болып қалуда. Қазақстан Еуропаға қуат көздерін жеткізуде ОПЕК-ке кірмейтін елдер ішінде Ресей мен Норвегиядан кейін үшінші орын алады. Еуропалық әріптестерге көпжақты немесе екіжақты пішінде «Қазақстан - ЕО: 2020» Энергетикалық хартиясын дайындау және қабылдау жөнінде ұсыныс жасалды. Біздің Еуропа елдерімен көпқырлы ынтымақтастығымыз ҚР мен ЕО арасындағы жаңа арқаулық келісімде көрініс табуы қажет.
Еуропалық бағытта қол жеткізілген табыстар Қазақстан сыртқы саясатының азиялық векторын күшейту туралы шешім алуына мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Орталық Азиядағы өз ұстанымдарын нығайтты. Отанымыз өңірлік экономиканы белсенді инвестициялау мен қазіргі кездегі сынақтар мен қатерлерге бірге қарсы тұруда Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіру бойынша саясат жүргізуде. Қауіпсіздік, су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, еңбек миграциясы проблемалары мен өңір өмірінің басқа да өзекті мәселелері назарымыздан тыс қалмақ емес.
Қазақстан аумағынан халықаралық терроризм, есірткі трафигі, діни экстремизм қатерлері шығатын Ауғанстанның тұрақты және орнықты дамуына мүдделі. Елімізде ауған жастарын оқыту үшін 50 млн. доллар бөлу жөніндегі бастаманы қоса алғанда, Қазақстанның ИРА-ға гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімі де әлемдік қоғамдастық тарапынан қанағатпен атап өтілді. ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында ұйымға мүше елдердің назарын Ауғанстан мәселесіне бұрып, оның тек аймақ мемлекеттеріне қатысты емес екендігін түсіндіріп, ортақ проблеманы бірге шешуге қатысты нақты ұсыныстар жасады.
Сыртқы саясат және дипломатия әрқашан да елдің әлеуеті мен қуатының көрсеткіші ретінде қала береді. Біз қарқынды дамып келе жатқан көпұлтты еліміздің мүдделеріне халықаралық аренада табысты өкілдік етудеміз.
Еліміздің жаһандық және өңірлік деңгейлердегі көпжақты құрылымдар жұмысына белсенді қатысуы халықаралық беделіміздің күшеюіне мүмкіндік беруде. Бұл ретте Қазақстан қызметі БҰҰ жарғысының мақсаттары мен қағидаларына сәйкес келетін халықаралық ұйымдарда ғана көрініп отыр.
БҰҰ мүшесі ретінде, өткен жылдар ішінде Қазақстан осы беделді көпжақты ұйымда көрнекті орынға ие бола алды. Қазақстандық бастамалардың бірқатарын әлемдік қоғамдастық қолдады, бұл еліміздің жағымды халық-аралық беделінің қалыптасуына жәрдемдесті. Кейбіреулері ілгерілету кезеңінде тұр. Сөйтіп, Қазақстан БҰҰ Бітімгерлік күш-жігер қорын құруды, Жаһандық энергетикалық-экологиялық стратегияны қабылдауды ұсынды, «Жасыл көпір» кең ауқымды экологиялық бастаманы және бірқатар басқа идеяларды алға шығарды. Еліміздің жаһандық мәселелерді шешудегі нақты қадамдары мен сыртқы саясатының жетістіктерінің нәтижесінде 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланды. Бұл Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы саяси салмағының өсуі мен ширек ғасырдағы дипломатиясының жеңісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz