Еуропа одағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Еуропа одағы

Мемлекеттердің еуропалық келісімдерде және ұйымдарда қатысуы.

Еуропалық Одақ (ЕО) - 60 жылдан астам кеңейту үдерісінің барысында тұрақтылық, демократия мен тұрақты даму аймағын құрған 28 мүше мемлекеттен тұратын саяси әрі экономикалық одақ.
ЕО мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы орнатылды. Қазіргі таңда ЕО Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторлары мен сауда серіктестерінің бірі болып табылады. ЕО мен Қазақстанның қарым-қатынастары саясаттың 29 басты салаларын қамтитын Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге негізделген, олардың ішінде экономика және қаржы салаларындағы ынтымақтастық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруі, халықтың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік мәселелер, мәдениет, білім беру мен ғылыми зерттеулер салалары.
1991 - 2014 жж. аралығында ЕО жалпы құны 180 млн. еуро құрайтын 350-ден астам жобаны қаржыландырды. Бұл жобалар (а) орталық және жергілікті билік органдарының әлеуетін нығайтуға, (ә) әділсот жүйесіндегі реформаларды қолдауға, (б) әлеуметтік және экономикалық реформаларды енгізу бойынша мемлекеттік сектордың әлеуетін жетілдіруге бағытталған. 2007-2013 жж. аралығында ЕО Даму мақсатындағы ынтымақтастық құралының (DCI) аясында бөлінген 74 млн. еуро көлеміндегі екіжақты жобалар жүзеге асырылды.
Қазақстан табыс деңгейі орташадан жоғары елдер санатына енсе де, ЕО-ның Орталық Азия мемлекеттеріне арналған аймақтық көп жылдық индикативті бағдарламасы аясында аймақтық ынтымақтастықтың тиімділіктеріне қол жеткізе алады. Ол екі саланы қамтиды: тұрақты даму (энергетика, қоршаған орта, су ресурстары және әлеуметтік-экономикалық даму) және аймақтық қауіпсіздік (шекараларды басқару, есірткі заттардың заңсыз айналымымен және қылмыспен күрес, заң үстемдігі мен сот реформалары). 2014 - 2020 жж. қаржыландыру мерзіміне ЕО Орталық Азия мемлекеттеріндегі аймақтық ынтымақтастық жобаларды іске асыру үшін 360 млн. еуро қаражат бөлді (соның ішінде 115 млн. еуро Erasmus+ бағдарламасына тиесілі).
Сонымен қатар, ЕО Демократия және адам құқықтары саласындағы еуропалық құралы (EIDHR) мен Мемлекеттік емес субъектілер және жергілікті билік органдары (NSA-LA) сияқты тақырыптық бағдарламалары арқылы Қазақстандағы плюралистік саяси жүйені насихаттау әрі азаматтық қоғамның рөлін нығайту мақсатында әртүрлі жобаларды қаржыландырады.
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) -- Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.
Еуропа одағы (ЕО) -- халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Римкелісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым "Ортақ рынок" деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа - Польша, Мажарстан, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Аустрия,Бельгия,Германия,Ирландия,И спания,Италия,Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.

Дамуы

Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:
* ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы);
* Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын Yenлыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;
* Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;
* Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая-сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т.б. саясаттарын жүргізу;
* Еуропа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО)
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
Еуропалық Одақтың интеграциялық тәжірибесін пайдалану
Қазақстан және Батыс ынтымақтастықтың саяси қырлары
Дамыған елдердегі экономикалық өсу ерекшеліктері
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Еуропалық Одақ пен Қазақстанның арасындағы саяси қатынас.
Солтүстік-атлант альянсы
Халықаралық ұйымдар жайлы
Пәндер