Еуропалық Одақтың интеграциялық тәжірибесін пайдалану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО)

Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) -- Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің қатысуымен 1993 ж. құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951 ж. осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 ж. Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым Ортақ рынок деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 ж. құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа -- Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987 ж.), Маастрихт келісім шартында (1992 ж.) және Амстердам келісімінде (1997 ж.) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісінде әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиетті бекіткен бірегей еуро (1996 ж. дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 ж. бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылды.
Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. Қазақстаның сыртқы саясатында Еуропалық одақпен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінген.
резидент Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы халыққа арнаған Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауында сыртқы саясатқа да ерекше маңызды орын беріп, Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көп бағытты сыртқы саясатты дамыту және әлемдік қатерлерге қарсы күреске қатысу деп аталған бөлімде -- біз үшін басым болып табылатын Ресей және Қытаймен арадағы тату көршілік өзара қарым-қатынастарымыздан АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті, Еуропа Одағы елдерімен көп тарапты ынтымақтастықты дамытуға мүдделігіміз бен бұл бағыттағы практикалық қадамдарымыз айқын көрінеді -деп атап көрсеткен.
Жалпы Еуропалық одақтың Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасы тәуелсіздік жылдарынан бері нәтижелі дамып келеді. Біздің елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық айналым айтарлықтай жоғарылады және халықаралық саясат, қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы ынтымақтастық биік деңгейге жетті. Қазақстан жер байлығының, ауыл шаруашылығының арқасында ЕО-ның Орталық Азиядағы негізгі және маңызды әріптесіне айналды. Еуроодақ елдерінде Қазақстан тұрақтылықтың белгісі сонымен бірге, Шығыс пен Батысты байланыстырушы көпір ретінде мойындалып отыр. Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы осы қарым-қатынастардың іргесін қалаушы құжат -- ол 1995 жылы қол қойылып, 1998 жылы күшіне енген ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен серіктестік жайындағы Келісім болып табылады.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда. Республикада ірі еуропалық компаниялар жұмыс істейді.
Қазақстан мемлекеті қабылдаған 2009-2011 жылдарға арналған Еуропаға жол атты мемлекеттік бағдарламаның да мәні терең құжат болып табылады. Қазақстан осындай құжатты қабылдаған әлемдегі жалғыз ел. Сол арқылы Еуропалық одақпен ынтымақтастық құруға өте ықыласты болып отырғанын осы құжаттары арқылы дәлелдеп отыр. Халықаралық қатынастардың қазіргі жағдайын есепке алғанда Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының еуропалық векторы төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Саяси тұрғыда:
1) ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша ұстанымды белгілеуге ынтымақтастық;
2) ЕҚЫҰ форумдарында қаралған мәселелердің өзара әрекеті, бұл Қазақстанның қауіпсіздік құрылымына және сенім өлшеміне интеграциялануына мүмкіндік береді;
3) ұйымдасқан қылмысқа, халықаралық лаңкестікке қарсы күрес бойынша атқаратын жұмысты ұйымдастыру, бейбіт операциялар мен міндеттер аясында ынтымақтастық жасау.
Экономикалық тұрғыда:
1) республика экономикасын нығайту, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу үшін, еуропалық капиталды тарту;
2) сауда-экономикалық байланыстарды нығайту;
3) жеке сыртқы саясатты анықтауда және жүргізуде Еуропалық Одақтың интеграциялық тәжірибесін пайдалану.
Мәдени тұрғыда:
1) Қазақстан Республикасын еуропалық кеңестікке таныту;
2) Еуропалық қоғамдастықта Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастыру бағытында жұмыс жасау;
3) бірлесіп атқарылатын білім беру және ғылыми-зерттеу жобалары бойынша ынтымақтастықты іске асыру.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік қол жеткізген алғашқы күндерінен бастап еуропалық бағытқа көшуге ерекше көңіл бөлген. 1992 жылы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен даму стратегиясы атты алғашқы құжатта Елбасы Н.Ә. Назарбаев мемлекетіміздің сыртқы саясатын АҚШ, Жапония мен Батыс Еуропамен серіктестікті ескере отырып жүргізу керектігін және бұлармен ықпалдасу халықаралық қаржы институттарына да жол ашады деп атап көрсеткен еді. Ықпалдастықтың негізгі ынталандырмасы Еуропалық Одақтан техникалық көмек пен несиелерді алу мүмкіндігімен айқындалды. Алайда бұл кездегі екі жақтың бір-бірінің қатынастары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттары толық болмады. Осыған орай, республикамыз Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты құруды жеке еуропалық мемлекеттермен екіжақты қарым-қатынастарды дамыту арқылы жүзеге асыруды жөн көрді. Еуропалық Одақтың мүше мемлекеттері мен Қазақстан арасындағы екіжақты негізгі кездесулер мен іс-сапарлар осы уақытта, әсіресе көбірек маңызды болды.
Бүгінде Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 30 млрд АҚШ доллары көлемінде. Қазақстан мен Еуропа Одағының арасында энергетикалық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің мәні зор болмақ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: Біздің еліміз ОПЕК-ке мүше елдерден Еуропаға энерготасымалдаушыларды жеткізетін Ресей, Норвегиядан кейінгі үшінші ірі ел болып саналады. ЕО-ның бірқатарында қазақстандық мұнайдың үлесі едәуір мол. Мәселен, Румынияда ол -- 30%-ды, Австрияда 25%-ды құраса, Швейцарияда біз 2-ші орын аламыз. Тұтастай алғанда, Қазақстан ЕО-ға шығарылатын энерготасымалдаушылар импортының жалпы мөлшерінің 20%-ына дейін қамтамасыз етеді, -- деді. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында осы аймақтағы басты қозғаушы күші бола тұрып, Еуроодақпен ерекше серіктестікке мұқтаж болып отыр.
Еуропалық Одақтың мүдделеріне келетін болсақ, олар негізінен экономикалық қызығушылыққа негізделді. ТАСИС бағдарламасы аясында Еуропалық Одақ республикадағы жекешелендіру саясатын жүзеге асыруға, кәсіпорындарды дамытуға, кіші және орта кәсіпорындарды жаңғыртуға, қаржы құрылымдарын жетілдіруге көмек беріп, қазақстандық экономиканы қайта құруға өз үлесін қосты. Сонымен қатар, ТАСИС бағдарламасының мақсаттары экономикалық және техникалық ынтымақтастықпен шектелмей, астарында саяси мақсаттарды да көздегені анық.
ТАСИС қызметінің маңызды бөлігі іс-әрекеттегі реакторлар мен ядролық қондырғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болды. Сонымен бірге Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеуметтік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық құра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта жұмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету туралы ортақ келісімді бекітті.
Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жұмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс-қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, Еуропалық Одақ құзырына кіретін элементтердің құрамдас бөлігі жұмыспен қамтамасыз ету саясаты, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы саясат (Келісімнің 3-бабы) болып табылды. Еуропалық Одақтың әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы өзара байланысты екі себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және Еуропалық Одақ қызметінің барлық бағыттарында өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әйелдер мен ерлердің тең құқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен негізделеді (Келісімнің 2-бабы). Әлеуметтік саясат саласында Еуропалық Одақ өкілеттігінің қайнар көздері: ЕуроОдақ жөніндегі Келісімнің VIII тараудың Жұмыспен қамту бөлімі, XI тараудың екі бөлімі -- І бөлім Әлеуметтік ережелер және ІІ бөлім, сондай-ақ XIII бөлім -- Денсаулық сақтау.
Еуропалық Одақтың ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік құқықтарына арналған бірнеше құжаттар аса маңызды: 1961 ж. Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 ж. қайта қаралған Еуропалық әлеуметтік хартия; 1989 ж. еңбекшілердің негізгі әлеуметтік құқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы; 2000 ж. Еуропалық Одақтың негізгі құқықтар жөніндегі Хартиясы.
Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылғы әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен Еуропалық Одақтың елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін Еуропалық Одақ жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының құрамына біріктірді.
Еуропалық ықпалдастық -- еуропаның бірлесуін мақсат тұтатын құрылымдық және саяси процесс. Оның идеологиялық негізі -- Еуропаның (континент немесе нақтылы географиялық аймақ ретінде емес, саяси-мәдени ұғым ретінде) саяси біртұтастығы Рим империясынан, ал, діни тұтастығы -- б.д.д. IV ғасырдан христиандықтың осы империяда қоғамдық-саяси күшке айналуынан бері орныққан деген сенім болып табылады.
2007 жылдың жазына дейін Еуропалық Одақ өзінің Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасын нығайту жөніндегі Стратегиясын қабылдайтынын мәлімдеді. Осы құжаттың екі жақты болуы үшін алдын ала 28 наурызда Астана қаласында, Еуропалық Одақ үштігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия мемлекеттері жаңа мемлекеттілік құру сатысында
Интеграциялық үрдістерді зерттеудегі теориялық аспектілер
Толық экономикалық одақ
Еуропалық Одақ жайлы
Конфедеративтік мемлекеттер бірлестігі
Еуропадағы интеграция
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Орталық Азия аймағында Еуропалық Одақ елдерінің ынтымақтастық тәжірибесін тиімді қолдану мүмкіндігі
Еуропалық Одақтағы экономикалық интеграциялық элементтері
Еуразиялық экономикалық қауымдастығының сауда қатынастары
Пәндер