Delphi программалау ортасы. Мәліметтер базасы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
1. Негізгі бөлім 5
1.1 Delphi ортасы 5
1.2 Delphi программалау ортасы 6
1.3 Функционалдық тағайындалуы 6
2. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 7
2.1 SQL тілі 7
2.2 Мәліметтер базасы 8
2.3 Мәліметтер базасын жіктеу 11
2.4 Қатынастарды қалыптастыру 15
2.5 Мәліметтер базасын жобалау 19
3. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 22
3.1 Жаңа ДББЖ құру 22
3.2 Құрылған базаны Delphi.де шақыру 23
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
ҚОСЫМША 30
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .
Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.
Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап−бірнеше компьютерлерді байланастырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle,Informix, SyBase, Microsoft SQL Server,
InterBase және т.б жатады.
DELPHI-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase , Paradox , InterBase .
Мұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да
1.Ю.А.Шпак «Delphi7 на примерах».Издательство «Юниор», 2004г
2.Марко Кэнту «Delphi7 для профессионалов». Издательство «ПИТЕР», 2005г
3.С.Бобровский «Delphi7 ,учебный курс».Издательство«ПИТЕР»,2004 г
4.А.Я.Архангельский «Программирование в Delphi7», Издательство
«Бином»,2008 г
5.Введение в системы базы данных, Дейт К. М: Издательс кий дом «Вильямс» 2001
6. Основы современных компьютерных технологий, Артамонов Б.Н, Санк-петербург
7. Проектирование и использование базы данных. Уч. пособие. Диго С.М, М.:Финансы и статистика
8.Математическая экономика на персональном компьютере /Под ред. Кубонива. – М.: 1991. –304 с.
9.Липаев В.В. Проектирование программных средств. – М.: 1990.
10.Шураков В.В. Надежность программного обеспечения систем обработки данных. – М.: Финансы и Статистика, 1987.
11. В.В.Фаронов DELPHI 5 . Руководство программиста.
Издательство «Нолидж», Москва 2001 г.
12. В.Гофман, А.Хомоненко Работа с базами данных в DELPHI.
Издательство «БХВ – Петербург», Санкт – Петербург 2000 г.
13. А.М. Епанешников , В.А. Епанешников DELPHI база данных
Издательство «ДИАЛОГ – МИФИ», Москва 2000 г.
14. А.Я. Архангельский Програмирование в Delphi 7.
Издательство «Бином», Москва 2004 г.
15. Электронный учебник по Delphi 6.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
1. Негізгі бөлім 5
1.1 Delphi ортасы 5
1.2 Delphi программалау ортасы 6
1.3 Функционалдық тағайындалуы 6
2. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 7
2.1 SQL тілі 7
2.2 Мәліметтер базасы 8
2.3 Мәліметтер базасын жіктеу 11
2.4 Қатынастарды қалыптастыру 15
2.5 Мәліметтер базасын жобалау 19
3. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 22
3.1 Жаңа ДББЖ құру 22
3.2 Құрылған базаны Delphi-де шақыру 23
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
ҚОСЫМША 30

КІРІСПЕ

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің
дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды,
өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады.
Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады.
Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы,
тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір
ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы
ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға,
жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер
сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын
басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы
локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс
істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба
құруға мүмкіндік береді .
Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер
базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір
мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді
МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.
Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар
жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап−бірнеше
компьютерлерді байланастырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың
корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді.
Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle,Informix, SyBase, Microsoft SQL Server,
InterBase және т.б жатады.
DELPHI-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының
болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ
кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase , Paradox , InterBase .
Мұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған
форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI
мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде
олардан асып та тұрады.

1. Негізгі бөлім

1.1 Delphi ортасы

Delphi ортасы – бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз
ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған
терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген
түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор
немесе Exsel кестелік процессор ортасының қатаңдығына үйренген
қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары
оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7 – нұсқалары жарық көрді. 6,7
– нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows
32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және
объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр
қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол
жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады.
Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL – Visual Component
Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті
стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны
осы панельге қосуына да болады.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация,
мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа
офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т.б. іс-әрекеттерді
орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның
ішінде:
• Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
• Кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды
көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows- тың барлық
талаптарын қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде
орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайланады. Өйткені Windows-
тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;
• Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция,
форма, компоненттердің динамикалы біріктірілетін кітапханасын
(DDL) құру;
• Кез-келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен
жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;
• Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және
баспаға шығару;
• Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары
үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;
• Windows- тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін
Windows-тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды
бағдарламаларын құру.
Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда
прогаммалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен
еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу
түрлерін білу қажет.

1.2 Delphi программалау ортасы

Дельфи программалау ортасы
1. Delphi 7-нің негізгі терезесі.
2. Форма (Form1).
3. Объект инспекторы терезесі (Object Inspecteor).
4. Модуль терезесі (программалық код терезесі).
5. Негізгі мәзір.
6. Аспаптар панелі.
7. Компоненттер палитрасы.

1.3 Функционалдық тағайындалуы

Мәліметтер базасының көмегімен қолданушы мәліметтерге қатынаудың жолын
қысқартады. Мәліметтер базасы үлкен фирмаларда, мекемелерде және т.б көп
жерлерде қолданылады.

2. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 SQL тілі

SQL мәліметтерді өңдеу және оқу үшін арналған құрылғы болып табылады.
Ол компьютердің мәліметтер базасында орналасқан SQL – бұл сұраныстың
тілінің құрылымдық атының қысқаруы (Structured Query Language). Атына
сәйкес SQL тілі қолданушы мен мәліметтер базасының ара қатынас
ұйымдастыруда қолданылатын программалау тілі болып есептеледі.

Шын мәнінде SQL реляциялық типтегі мәліметтер базасымен ғана жұмыс
істейді. Бірінші суретте SQL-ң жұмыс істеу сызбасы көрсетілген. Бұл
сызбаға қарап есептің жүйесінде маңызды ақпараты бар мәліметтер базасын
көреміз. Егер есеп жүйесі бизнес сферасына қатысты болса, онда мәліметтер
базасында материалдық құндылықтар, шығарылатын өнімдер, сату көлемі және
жалақы туралы ақпараттар сақталынады. Дербес компьютердің мәліметтер
базасында үлкен есептеу жүйесінен алынған қол қойылған чектер туралы, мекен
–жайы, телефондар туралы ақпараттар сақталынған. Мәліметтер базасын базасын
басқаратын компьютелік бағдарлама немесе ДҚБЖ деп аталады.
Егер қолданушыға мәліметтер базасынан мәліметті алуға қажетті болса,
SQL көмегімен ДҚБЖ ға сұраныс жібереді. ДҚБЖ сұранысы өңдеп қажетті
мәліметті тауып қолданушы жібереді. Мәліметтерді сұрау және нәтижені алу
процесі мәліметтер базасына сұраныс деп аталады. Сондықтан жүйеленген
сұраныс тілі деген ат осыдан пайда болған.
Бірақ бұл атау шындыққа сәйкес келмейді. Біріншіден, қазіргі SQL
қарапайым сұранымдарды туғызатын құрылғыданда үлкен, бірақ бастапқыдан тек
қана сол үшін арналған болатын. SQL-дің ең негізгі функциясының бір
мәліметтерді оқи алатындығы болғанымен қазіргі кезде бұл тіл барлық
функционалдық тілді іске асыруда ДҚБЖ- ң қолданушыға беретін
мүмкіндіктерін айтайық.
Мәліметтерді ұйымдастыру. SQL қолданушыға мәліметтердің жалпы
құрылысын өзгертуге және мәліметтер базасының элементтері арасындағы
қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді оқу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға мәліметтер
базасында бар мәліметтерді оқуға және оларды қолдануға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді өңдеу. SQL қолданушыға немесе қосымшаға мәліметтер
базасын өзгертуге, яғни жаңа мәліметтерді қосуға, сонымен қоса бұрыннан бар
мәліметтерді жаңартуға немесе жоюға мүмкіндік береді.
Қатынасты басқару. SQL-дің көмегімен қолданушыға мәліметтерді оқуда
және өзгертуде мүмкіндіктерін шектей отырып санкцияланған қатынастан
қорғау.
Мәліметтерді бірлесе отырып қолдану. SQL қолданушылар арасында
мәліметтерді бірлесе отырып пайдалануды қамтамасыз етеді. Олар бір – біріне
кедерлі келтірмеу үшін параллельді түрде жұмыс істеуді.
Мәліметтердің тұтастығы. SQL мәліметтер базасының тұтастығын
қамтамасыз ете отырып, келіспеген өзгертуден және жүйенің бас тртуынан
қорғайды. Сондықтан SQL ДҚБЖ –мен қатынасуда ең мықта тіл болып табылады.
Екіншіден, SQL – бұл COBOL, FORTRAN немес Стипіндегі толық емес
компьютерлік тіл. SQL–де шарттарды тексеретін IF операторы, тасмалдауды
ұйымдастыратын GOTО және циклдарды құратн DO немесе FOR операторы жоқ. SQL
мәліметтер базасы тілінің астары болып табылады. Оның құрамына 30-ға жуық
мәліметтер қорын басқаратын операторлар кіреді. SQL операторы базалық тәлге
қосымша болады. Мысалы, COBOL, FORTRAN немесе С және мәліметтер базасына
қатынас жасауға мүмкіндік береді. Онымен қоса С сияқты мұндай тілдерден
SQL операторын ДҚБЖ-ға анық түрде жіберуге болады. Ол функцияларды шақыру
интерфейімен іске асады.
Қорыта келсек, SQL бұл С немес Pascal сияқты тілдермен салыстырғанда
әлсіз жүйеленген тіл болып есептелінеді. SQL-дің операторы ағылшын
сөйлемдерін елестетеді және оператордың мәніне әсер етпейтін сөздерден
тұрады. Бірақ бұл сөздер оның оқылуын жеңілдетеді. SQL-де логикасы жоқ
сөздер тіптен кездеспейді. Онымен қоса SQL операторларын жасамайтын арнайы
ережелер тобы кездеседі. Олар дұрыс болғанымен ешқандай мәні жоқ.
Өзінің нақты аты болмаса, SQL- реляциондық мәліметтер базасымен жұмыс
істейтін жалғыз стандартты тіл болып есептелінеді. SQL- бұл айтарлықтай
мықты және оқуға оңай тіл.

2.2 Мәліметтер базасы

Мәліметтер базасындағы деректер перманентті немесе тұрақты деп
аталады. Перманентті (persistent) дегеніміз – басқа ауысатын деректерден
ерекшелігі бар, оларға аралық нәтиже, кіріс және шығыс деректері,
басқарылатын операторлар, жұмысшы кезектер, программаларды басқаратын
блоктар және уақытша деректер (transient) жатады. Нақтырақ айтсақ,
Мәліметтер базасындағы деректер перманенті болып қалады, себебі деректер
ДҚБЖ құралымен Мәліметтер базасында қабылданып, одан оны жою, Мәліметтер
базасына арнайы сұраныс жасаумен жүзеге асады.
Мәліметтер базасы – бұл бірнеше перманентті (тұрақты) деректер
жиынтығынан құралған, қолданбалы жүйелермен қандайда бір кәсіпорынмен
қолданылады.
Кәсіпорын – дегеніміз тәуелсіз бір коммерциялық, ғылыми, техникалық
немесе басқа да бір мекеме, кәсіпорын үшін арналған ортақ термин болып
табылады. Кәсіпорын бір адамнан да тұруы мүмкін (кішігірім жеке мәліметтер
базасы), үлкен кәсіпорын немесе аса ірі мекеме де (аса үлкен мәліметтер
базасы) болуы мүмкін. Бірнеше мысалдар:
– өнеркәсіп компаниясы;
– банк;
– больница;
– университет;
– министрлік [5].

2. -сурет Мәліметтер базасы жүйесінің қарапайым сұлбасы

Әр кәсіпорын кәсібіне байланысты аса көп деректерді қолданады. Бұл
перманентті деректер. Перманентті деректер арасына мыналар жатады:
– өнім жайлы деректер;
– есепшот жайлы деректер;
– аурулар жайлы деректер;
– студенттер жайлы деректер;
– жоспар жайлы деректер.
Мәліметтер базасы – жазбаларды сақтайтын компьютерленген жүйе, яғни ең
басты тағайындалуы ақпаратты сақтау, пайдаланушыларға осы ақпаратты
шығаруға және модификациялауға арналған құрал болып табылады. Жүйені
қолданатын белгіленген пайдаланушының немесе мекеменің ағынды жұмысына
қажеттілктердің барлығын ақпарат ұғымына жатқызамыз. Төменде Мәліметтер
базасы схемасы көрсетілген (1.1-сурет). Мұнда жүйенің 4 басты
компоненттері бейнеленген. Олар: деректер, аппараттық қамтама, программалық
қамтама және пайдаланушылар.
Сонымен, мәліметтер базасы – бұл белгілі бір пәндік аймаққа жататын,
аталынған құрылымдық деректер жиынтығы.
Мәліметтер базасыды басқару жүйесі (МББЖ) – бұл мәліметтер базасын
құруға арналған, оны өзекті қалпында сақтау және керекті ақпаратты іздеп-
табуды құруға жасалған программалық және тілдік құрал кешені.
Мәліметтер базасы кіші компьютерлерден аса ірі мэйнфреймдарда да
орналасады. Үлкен машиналардағы жүйелер (“үлкен жүйелер”) көбінесе
көпқолданбалы болса, ал кіші машинадағы жүйелер (“кіші жүйелер”)
бірқолданбалы болады. Бірқолданбалы жүйе (single-user system) – мәліметтер
базасы тек бір ғана пайдаланушы қол жеткізе алады, ал көпқолданбалы жүйе
(multi-user system) – мәліметтер базасына бірнеше пайдаланушылардың қол
жеткізе алуы. Көпқолданбалы жүйелердің басты мақсаты - әрбір пайдаланушы
бірқолданбалы жүйемен қалай жұмыс жасаса, осы жүйемен де тура солай жұмыс
жасауға мүмкіндік беру. Осы екі жүйенің айырмашылығы ішкі құрылысында,
сондықтан да ақырғы пайдаланушыға ол көрінбейді.
Мәліметтер базасындағы деректер (үлкен жүйелерде) интеграцияланған
және дара болып екіге бөлінеді.
Интеграцияланған деректер дегеніміз – мәліметтер базасында бірнеше
бөлектенген файлдардың жиынтығы ретінде, артықтық ақпаратты толық немесе
жартылай сақтауды
болдырмайды.
Дара деректер дегеніміз – дерекқорда бірнеше пайдаланушылармен
сақталынатын жеке элементтердің қолданылуы. Яғни, әр пайдаланушының әртүрлі
мақсатпен тек бір ғана деректер элементіне қол жеткізу алуы. Алдында айтып
кеткендей, біруақытта.
Пайдаланушылар. Пайдаланушыларды үлкен үш топқа бөлуге болады.
– Бірінші топқа – қолданбалы программистер жатады. Олар мәліметтер
базасы қолданатын қолданбалы программаларды жазуға жауап береді.
COBOL, PLI, C++, Java немесе басқа жоғары деңгейлі тілдерде
жазылады. Қолданбалы программаларлдың дерекқорға қол жеткізуі МББЖ-
ға арнайы сұраныс берумен байланысты (әдетте ол SQL-операторы).
Осындай программалар қарапайым қолданба дестесі немесе интерактивті
қолданбалар ретінде ақырғы пайдаланушыларды қолдау үшін жасалады.
Олар пайдаланушыларға жұмыс стансасы немесе терминал арқылы
мәліметтер базасына жедел қатынауға мүмкіндік береді.
– Екінші топқа – ақырғы пайдаланушылар жатады. Олар жұмыс
станциялары немесе терминал арқылы мәліметтер базасы жүйесімен
тығыз жұмыс жасайды. Ақырғы пайдаланушы дерекқорға қол жеткізу
үшін, интерактивті қолданбалардың біреуі немесе МББЖ программалық
қамтамасында интеграцияланған интерфейсті қолданады. Әрине
интерфейс интерактивті қолданбалардың қолдауымен жасалады. Осы
қолданбаларды пайдаланушы-программисттер жасамайды, олар МББЖ-ң
құрамдас бөлігі болып келеді. Көптеген МББЖ-дің құрамында бір
қолданба болса да кездеседі, яғни сұраныстардың тіл процессоры. Ол
диалогты режімінде пайдаланушыға мәліметтер базасындағы сұраныстар
(оларды әдетте операторлар (statement) немесе командалар (commands)
деп атайды) жасауға болады. Мысалыға SELECT немесе INSERT.
– Үшінші топқа – мәліметтер базасы әкімшілері жатады. Деректер
әкімшісі – осы мекемеге қатысты шешімдерді қабылдаудың
стратегиясына және саясатына жауап береді, ал мәліметтер базасы
әкімшісі – қабылданған шешімдер жүзінде техникалық қолдау жасауды
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, басты міндеттеріне техникалық
деңгейде жүйені ортақ басқару кіреді


2.3 Мәліметтер базасын жіктеу

Деректерді өңдеу технологиясы бойынша мәліметтер базасы орталықтанған
және үлестірілген болып екіге бөлінеді.
Орталықтанған мәліметтер базасы бір есептеуіш жүйесінің жадысында
сақталынады. Егер осы есептеуіш жүйесі ЭЕМ желісінің құрауышы болса, онда
мәліметтер базасына үлестірілген қол жеткізу болады. Осындай тәсіл
жергілікті желілерде қолданылады.
Үлестірілген мәліметтер базасы ЭЕМ есептеуіш жүйесінде сақталынатын
бірнеше, қиылысқан немесе бір-бірін қайталайтын бөліктерден тұрады. Осындай
мәліметтер базасымен жұмыс жасау, үлестірілген мәліметтер базасын басқару
жүйесі арқылы жүзеге асады.
Мәліметтер базасына қол жеткізу тәсілдері бойынша мәліметтер базасы
екіге бөлінеді. Олар жергілікті қатынас құру мәліметтер базасы және шалғай
(желілік) қатынас құру мәліметтер базасы.
Желілік қатынас құрылған, орталықтанған мәліметтер базасы жүйелері
әртүрлі сәулеттерді ажыратады:
– файл-сервер;
– клиент-сервер.
Файл-сервер. Желілік қатынауы бар файлдар мәліметтер базасы жүйесінің
сәулеті желі ішінде машиналардың біреуін орталықтанған (файлдар сервері)
етіп жасайды. Осындай машинада бірлесе қолданылатын орталықтанған
мәліметтер базасы сақталынады. Желідегі қалған машиналар жұмыс
стансияларының функциясын атқарады. Осы стансалар көмегімен пайдаланушылар
жүйесі орталықтанған машинаға қол жеткізе алады. Мәліметтер базасы
файлдары жұмыс стансаларына беріліп, деректер өңделеді. Бір деректерге
үлкен интенсивті қатынас құрылған кезде, ақпараттық жүйенің өнімділігі
төмендейді. Пайдаланушылар жұмыс стансаларында жергілікті мәліметтер
базасын құра алады. Файл-сервер концепциясы 1.3-суретте көрсетілген.

2.3-сурет МБ файл-сервер тәсілі бойынша ақпаратты өңдеу

Клиент-сервер. Бұл тұжырымдамада орталық дерекқор машинасы (МБ
сервері) сақтаумен қатар, деректердің негізгі көлемін өңдеу керек.
Клиенттен келетін сұранысқа байланысты серверден деректерді іздеу және
шығару жүзеге асады. Шығарылған деректер (файлдар емес) желі ішінде
тасымалданып, серверден клиентке жеткізіледі. Клиент-сервер сәулетінің
ерекшелігі SQL сұраныс тілінің қолданылуы. Клиент-сервер тұжырымдамасы 1.4-
суретте көрсетілген.

2.4 -сурет МБ клиент-сервер тәсілі бойынша ақпаратты өңдеу

Мәліметтер базасындағы деректер белгілі бір логикалық құрылымнан
тұрады, яғни МББЖ қолдайтын модельмен көрсетіледі. Ең маңыздыларына мыналар
жатады:
– иерархиялық;
– желілік;
– реляциялық;
Иерархиялық үлгісіне мәліметтер ағаш (иерархиялық) тәріздес
құрылымға сәйкес көрсітіледі. Ол иерархиялық жинақталған ақпаратпен және
күрделі логикалық байланыстар үшін жұмыс жасауға ыңғайлы. Иерархиялық
үлгіге кез-келген әкімшілік құрылым жақсы мысал болып табылады. Бұл үлгіде
басты объектіні бөліп көрсетуге болады, сол арқылы жүйенің басқа барлық
объектілеріне қатынас құру қамтамасыз етіледі. Мәліметтердің иерархиялық
үлгісі мынадай түсініктерді қолданады: өріс (деректер элементі), сегмент
(топ), жазба.
Деректердің иерархиялық үлгісі операциялар сипаттамасы логикалық емес
жазбалық болып келеді. Графтық үлгілердегі құрылым бойынша орын ауыстыру
аппараты деректермен манипуляция жасау операциялары қолданылатын деректер
объектілерін орнату үшін қажет. Мұндай объектілер ағымды деп аталады.
Мұндай үлгілердегі деректерге қатынас құру және деректер құрылымы бойынша
орын ауыстыру тетіктері жеткілікті түрде күрделі болып келеді.
Деректердің иерархиялық үлгісі қолдану кезінде деректердің
иерархиясының деңгейлері бөлінеді.
Иерархиялық үлгі ата-мұрагер тәуелділіктері айқын болатын
тұрақталған пәндік аймақтарға жақсы келеді. Осы шарттар орындалған жағдайда
иерархиялық үлгінің жақсы қасиеттері көрінеді, солардың бірі - өте жоғары
іздеу жылдамдығы. Деректердің иерархиялық үлгісі негізгі тиімді қасиеттері:
құру және пайдаланудағы қарапайымдылығы деректердің тәуелсіздігінің белгілі
бір деңгейін қамтамасыз ету, операциялық сипаттамаларын бағалаудағы
қарапайымдылық. Жақсы қасиеттеріне тағы да, сұраныстың шарттары мәліметтер
базасының сұлбасындағы иерархияға сәйкес келген кезде, керекті мәндерді тез
іздеуді іске асыру мүмкіндігі жатады.
Иерархиялық үлгінің кемшіліктері бұл үлгінің аса ұтатылығынан шығады.
Деректердің иерархиялық үлгісі қарым-қатынасудың тек қана екі түрі мүмкін:
бір-бірге және бір-көпке. Көп-көпке қатынасын іске асыру өте қиын,
өте үлкен құрылым шығады және артық деректерді сақтауды қажет етеді, бұл
физикалық деңгейге өте жағымсыз, иерархиялық түрде реттелгендік жою және
қосу операцияларын күрделендіреді, кез-келген төбеге қатынас құру тек қана
түбірлі түйін арқылы мүмкін, бұл қатынас құру уақытын арттырады. Егер
сұраныс иерархияға сәйкес келмесе, онда оны программалау да, оны орындау да
көп уақыт талап етеді. Иерархиялық үлгінің тағы бір кемшілігіне оған
өзгертулер енгізудің қиындығы жатады. Егер тапсырманың шарттары өзгеріп
кетсе, және пәндік аймақтың үлгісі енді иерархиялық болмаса, онда
дерекқордың сұлбасын пәндік аймаққа сәйкестендіру қиынға соғады.
Желілік үлгі. Егер деректердің құрылымы жәй ғана иерархиядан
күрделірек болса, иерархиялық мәліметтер базасының қарапайымдылығы оның
кемшілігіне айналды. Осыған байланысты деректердің желілік үлгісін әзірлеу
қажеттігі туындады. Желілік үлгілер күрделі құрылымдар жасайды, бұл жаңарту
қажеттігі туындаған кезде немесе деректер үлгісін дамыту қажеттігі
туындаған кезде біраз қиындықтар туғызады. Деректердің желілік үлгісі
мәліметтер базасын пайдаланушылары – программашылар үшін арналған құрал
ретінде ойластырылған. Осыған байланысты деректердің желілік үлгісі оның
операциялық мүмкіндіктерін дамытуға қарағанда, деректредің құрылымына
көбірек көңіл бөлінеді.
Мәліметтер базасының желілік үлгісін иерархиялық үлгі жалпы түрі
ретінде қарастыруға болады, онда циклдар және түрлі байланыстарға рұқсат
беріледі. Өздерінің базалық концепциялары бойынша деректердің иерархиялық
үлгі және деректердің желілік үлгісіне ұқсас. Желілік үлгіде иерархиялық
үлгідегідей торап және байланыс түсініктері бар, олар аталымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер базасын жобалау
MS Access деректер қорында кесте құру
Delphi-де мәліметтер базасын құру
Delphi бағдарламасын қолданып мәліметтер қорын құру
Компьютер құрушылар
Ұялы телефондар дүкені
DELPHI - де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру
Мектеп кітапханасы жұмысын автоматтандыру
“DELPHI тілінің көмегімен мәліметтер базасын құрастыру жолдары”
Мәліметтер базасының кестесін құру
Пәндер