Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы

2014 жылғы 29 мамырда Қазақстан Ресей және Беларусь президенттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарқа қол қойды. Бұл шарт Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік құжаттарынан басқа 70-ке тарта халықаралық шарттарды, жаңа нормаларды көздейді, соның ішінде бұрын қозғалмаған жалпы нарықтың энергетикалық секторы, қызмет көрсету нарығы сияқты сегменттеріне де қатысты. ЕАЭО аясындағы ықпалдастық экономикалық өзара тиімді кооперация негізінде өнеркәсіп қуаттарын арттыруды, өндірісті жаңартуды, мұнай-газ секторына тәуелділіктен құтылуды да қарастырады.
2015 жылдың 1 қаңтар күні Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарт күшіне енді. Шартпен экономикалық одақтың құрылуы бекітіледі, оның шеңберінде тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі, осы құжатпен және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен белгіленген, экономика салаларындағы үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясаттың өткізілуі қамтамасыз етіледі.
ЕАЭО туралы шартқа Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттері 2014 жылдың 29 мамырында Астанада қол қойды. Осы үш мемлекеттен басқа 2014 жылдың 10 қазанында Одаққа қосылу туралы шартқа қол қойған Армения Республикасы және 2014 жылдың 23 желтоқсанында ұқсас Шартқа қол қойған Қырғыз Республикасы Одақ мүшелері болады.
Еуразиялық экономикалық одақ халықаралық құқық субъектілігіне ие, аймақтық экономикалық ықпалдастықтың халықаралық ұйымы болып табылады.
Одақ мүше-мемлекеттердің халқының өмірлік деңгейін арттыру үшін экономикаларын тұрақты дамытуға арналған жағдай жасауға, сонымен қатар ғаламдық экономика жағдайларында ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттігін жоғарылату, жан-жақты жаңарту және кооперациялауға арналған.
ЕАЭО өз қызметін Одақ туралы шартқа сәйкес мүше-мемлекеттермен ұсынылатын құзыреттілік шегінде, мүше-мемлекеттердің егемендік теңдік қағидаттарын және олардың аумақтық тұтастығын қоса алғанда, жалпы танылған халықаралық құқық қағидаттарын құрметтеу негізінде; мүше-мемлекеттердің саясат құрылым ерекшеліктерін құрметтеу негізінде; өзара тиімді ынтымақтастықты, теңдікті қамтамасыз ету негізінде және тараптардың ұлттық қызығушылықтарын ескере отырып; нарықтық экономика мен әділетті бәсекелестік қағидаттарын қадағалау негізінде жүзеге асырады.
Одақтың басты органы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) болып табылады, оның құрамына мүше-мемлекеттердің басшылары кіреді, ЖЕЭК отырыстары жылына кемінде 1 рет жүргізіледі. ЕАЭО органдарының құрылымын үкімет басшылары деңгейіндегі Үкіметаралық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Одақ соты қалыптастырады.

Одақ органдары:

Жоғары кеңес - құрамына Одаққа мүше-мемлекеттердің Президенттері кіретін, ЕАЭО-тың жоғары органы.
Үкіметаралық кеңес - Комиссия кеңесінде шешімдер қабылдау кезінде консенсуске қол жеткізілмеген, еуразиялық экономикалық ықпалдастықты дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерін қарайтын Одақ органы.
ЕАЭО соты - мүше-мемлекеттер мен Одақ органдарымен ЕАЭО туралы шарттың және Одақ шеңберіндегі өзге халықаралық шарттардың қолданылуын қамтамасыз ететін, Одақтың сот органы.
Еуразиялық экономикалық комиссия - Комиссия кеңесі мен Комиссия алқасын қалыптастыратын, Одақтың тұрақты қолданыстағы ұлттықтан жоғары реттеуші органы. Комиссияның негізгі міндеттері Одақтың жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету, сонымен қатар Одақ шеңберінде экономикалық ықпалдастық саласындағы ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Комиссия кеңесіне Одаққа мүше-мемлекеттердің Премьер-министрлерінің орынбасарлары кіреді.
ЕЭК Алқасының құрамын Комиссия Төрағасы мен Министрлер қалыптастырады.

Еуразиялық Одақ және Қазақстан Республикасы

XX ғасырдың соңы әлемдік саясатта және экономикада негізгі геосаясаттық тенденциямен аймақтық интеграциямен сипатталады. Өз нарығын, валютасын қорғау үшін, экономикалық дағдарыстан шығу және өздерінің ұлттық мүдделерін қорғау үшін, тек экономикалық ғана емес, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы геосаясаттық кеңістіктегі қауіпсіздік үшін әлемдік тәртіптегі мемлекеттер одағының қалыптасуына бірлесіп тиімді ықпал ету мақсатында түрлі саладағы бірлестіктер пайда болды. Осы мақсатта Солтүстік және Латын Америкасының, Батыс Еуропаның, Оңтүстік Шығыс Азияның елдері бірікті.
Бұрынғы кеңестік кеңістікте осы заманғы интеграциялық құрылымдарды құру Еуразия халықтарының ғасырлар бойы келе жатқан берік тату көршілестік және өзара сыйластық дәстүрлеріне негізделген. Әйтсе де, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған қазіргі еуразиялық интеграция идеясы - көршілес мемлекеттердің экономикалық ықпалдастығын белсенді түрде одан әрі кеңейтудің практикалық нұсқауы болып отыр.
Н. Назарбаев өзінің Еуразия Одағы идеясын алғаш рет 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессороқытушылар құрамының жиналысында сөз еткен болатын. Еуразиялық Одақ идеясын ұсынғаннан бері ол мәселені ілгері жылжыту оңайға түскен жоқ. Көп сындар болды. Әлемдік жағдай талап етіп отырған өзгерістер тәуелсіз елдерді Еуразиялық Одаққа жетеледі. Бұл одақ болашақтың интеграциясы. XXI ғасырда интеграциясыз өмір сүру мүмкін емес. Н.Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру туралы ұсынысының мәні ТМД мемлекеттерінің әрқайсысының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялық процестерді біртіндеп жүзеге асыру болып табылады. Еуразиялық интеграция-бұл мүмкін болатын геосаяси апаттар мен әлеуметтік-саяси шұғыл өзгерістерден кепілдік.
Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін - жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағы қиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Елбасының Мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі жобасы 1994 жылы 3 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларына жіберіліп, оның нәтижесі 6 маусымда қазақстандық, ал 8 маусымда ресейлік баспасөзде жарияланды. Жобаның тұжырымдамалық кіріспесі маңызды мәнге ие, онда көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің дамуы екі үдеріспен анықталады: бір жағынан, ұлттық мемлекеттіліктің одан әрі қалыптасуымен, сондай-ақ, екінші жағынан - ықпалдасумен.
Еуразиялық Одақ идеясы дегеніміз ең алдымен аумақтық тұтастығын, саяси егемендігін, және мемлекеттердің басқа да тұрақты сипаттамаларын сақтайтын тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық одағының идеясы болып табылады. Интеграцияның жаңа деңгейі бір сәтте жаңа мемлекеттердің шекаралары арқылы бөлініп қалған көптеген адамдардың күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. ТМД-ның оңтүстік шекаралардың тұрақсыздық жағдайында Еуразиялық Одақ құрылуы одаққа мүше барлық елдердің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі бола алады. Прогресшіл күштер бірлігінің идеялық және практикалық негізі Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынған Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын кұру туралы жобасы болып табылады. Жоба ТМД-да болып жатқан үрдістерге сәйкес келеді және халықтардың интеграциясына бағытталады.
Жобаның басым бағыты - прагматикалық өзара тиімді экономикалық бірлесу. Бірақ, осы жағдай сай келетін құралдарды, яғни барабар саяси институттарды құру қажеттілігіне мәжбүрлейді. Экономика саласында, Еуропалық Одақтың тәжірибесін талдай келе, Н.Ә. Назарбаев бірқатар ұлттық құрылымдардан тыс үйлестіруші құрылымдарды құруды қажет деп санайды: экономика, шикізат ресурстары бойынша комиссия, экономикалық және техникалық ынтымақтастық істері бойынша қор, инвестициялық банк т.б.
Еуразиялық Одақ ең алдымен бұрынғы біртұтас мемлекет құрамында болып бір-бірімен саяси-экономикалық және әлеуметтік жағынан жақын тұрған халықтардағы сол тарихи сабақтастығының игі жақтарын үзіп алмай қайта жалғастыру, оны одан әрі дамыту идеясы болып табылады. Сондықтан бұл идея бұрынғы одақты аңсау емес, Еуразиялық Одақтың басты мақсаты осы территориядағы елдердің интеграцияға деген қажеттіліктерін, интеграцияға жол ашып беріп тұрған мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Еуропалық Одақ үлгісіндегідей өзара ынтымақтастықты арттыру.
Қазақстан Президенті Мәскеудегі сапарында Еуразиялық Одақтың маңыздылығы мен ТМД жағдайына қатысты берген сұхбатында, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қызметі жалғасатындығын, бірақ біз бір-бірімізден алшақтап бара жатқандығымызды айтқан болатын.
Еуразиялық Одақ жобасы бойынша, ұлттық референдум өткізу нәтижесінде немесе мемлекеттердің Еуразиялық Одаққа кіруі туралы парламенттердің шешімімен құрылуы мүмкін деген болжамдар жасалынған болатын. Н.Ә. Назарбаев сол кездегі саяси жағдайды жақсы түсінгендіктен Еуразиялық Одақ жобасының барлық мәселелері Еуразия одағының шеңберінде бәрі бірдей іске асырылады деп сендірген жоқ. Ресейдің әлеуметтік ғылымдар Академиясының сессиясында ол былай дейді: Менде екі түсінік болды. Біріншісі, кеңестен қалған аймақтағы елдерде интеграцияның әрі қарай дамуы мақсатындағы нақты ұсыныстарды біртұтас етіп тарату, екіншісі, ТМД институттары қызметінің ұзақ созылған үзілісін тоқтату. Меніңше, екі мақсатымды да іске асырдым, - деп ойлаймын. Еуразия Одағын құру жобасының ұсынылуы көпшілік ақпарат құралдарында үлкен толқын тудырды, Достастық елдерінің, сондай-ақ алыс шетелдердің ғылыми топтарында пікір алысулар және конференциялар көп болды.
Алғашқы пікірлерден кейін және оларға талдау жасалғаннан кейін Еуразиялық Одақ құрудың жобасының соңғы варианты дайындалды. Ол достастық мемлекеттерінің басшыларына жіберілді, БҰҰ таратылды, 1994 жылы қазанда Мәскеудегі ТМД мемлекеттерінің басшыларының саммитінің күн төртібіне енгізілді. Саммиттің қаулысында былай деп жарияланды: Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы Н.Ә. Назарбаев ұсынысын терең және жете зерттеп, Достастық тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Кеңесі шешімі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы жобасы назарға алынсын, тәуелсіз мемлекеттер Достастығында интеграциялық процесті тереңдету үшін Қазақстан республикасының ұсынысында көрсетілген негізгі идеялары пайдаланылсын.
Еуразиялық Одақтың қалыптасуының басты принциптерінің бірі - оған болашақ мүше елдердің түрлі жылдамдықпен кіруінде. Өйткені кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістік елдерінің ортақ мүдделерінен басқа әрқайсысының алдында тұрған ұлттық-мемлекеттік міндеттері бар еді. Оларды дұрыс шеше алған жағдайда ғана тең құқықты интеграциялық процестердің қарымқатынасын орната алады.
ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығы еуразиялықтың теориялық және практикалық дамуының жаңа кезеңі болды. 2000 жылдың 10 қазанында Белоруссия, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекет басшылары Астана қаласындағы кездесуінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру жөнінде- гі келісімге қол қойды. Бұл шартта Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік жөніндегі келісімдерде айқындалған өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық жолындағы мақсаттар мен міндеттерге жету тұжырымдамасының негіздері қаланды. Қол жеткізген келісімдерді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық құралдары, қабылданған шешімдер мен тараптар жауапкершілігін бақылау жүйесі қалыптасты.
2001-2002 жылдар Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасының дамуының жаңа кезеңі болды, онда мәдениет пен өркениеттің диалогының ғаламдық тақырыбы өзінің орнын алды. Қазақстан Президенті І Еуразиялық медиа-форумды аша отырып Біз Батыс пенен Шығыстың бір-бірімен кездесуге деген қозғалысында ғана емес, сондай-ақ, осы уақытта және осы құрлықта ашықтықтың жаңа философиялық негізін және өркениеттің ынтымағында қалыптастыруда бізге байланыстының бәрін жасауымыз тиіс екендігін айтты. Саяси жағынан 2001-2002 жылдары Қазақстан мен Ресейдің арқасында тек қана азияттық емес, шын мәнінде еуразиялық бірлестік болған ШЫҰ және АӨСШК сияқты халықаралық құрылымдардың іс-әрекеттерінің басталуының маңызды мәні болды.
2004 жылы Еуразиялық бастаманың 10 жылдығында Н.Ә. Назарбаев өз қорытындысын жасады және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде екі мәрте өткен халықаралық ғылыми форумда сөз сөйледі (2 сәуірде - Еуразиялық: идеядан практикаға атты ғылыми конференцияда және 19 маусымда - Еуразиялық ықпалдастық: қазіргі даму бағыттары және ғаламданудың шақыруы атты форумда). Форумда айтқан сөзінде Н.Ә. Назарбаев Еуразиялық одақ жобасының экономикалық тұрғыда тиімділігі мен ықпалдасу деңгейін арттыратындығын, сонымен бірге одақтың ұлттық егемендікке қатері болмайтынын баяндаған болатын.
Үш тәжірибелік ұйым - ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ - бұл болашақ еуразиялықтың үш құраушысы. Мен бұл мекемелер болашақта бірігеді және ақыр соңында үлкен Еуразиялық идея, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразиялық экономикалық одақ
ЕАЭО - ның құрылу себептері
Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметi және оны реттеу тетіктері. МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-тың атқарушы органы ретінде
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің ерекшеліктерін зерттеу
Кедендік бақылаудың жетілдіру жүйесі
Сыртқыэкономикалық қызметті реттеу әдістері
Қазіргі кездегі сыртқы экономикалық факторлардың ұлттық экономиканың дамуындағы ролін көрсету және Қазақстанның қазіргі кездегі интеграциялық тенденцияларын анықтау
Цифрлық технологиялар олардың пайдалылуы
Пәндер