Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы. ЮНИСЕФ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы. ЮНИСЕФ

Біріккен Ұлттар Ұйымы бірегей халықаралық ұйым болып табылады. Оның негізін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, елдер арасындағы достық қатынастарды дамыту мен әлеуметтік прогреске көмек көрсетуге, өмір сүру мен адам құқығы саласындағы істің жағдайын жақсартуға арналған бағытты жақтаушы болып табылатын 51 елдің өкілдері қалады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне енуінің бір жылдығы - 1945 жылғы 24 қазан күні - 1948 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы күні ретінде тойланады. Дәстүр бойынша ол әлемде Ұйымның жетістіктері мен мақсаттарына арналған мәжілістер, пікірталастар мен көрмелер ұйымдастырумен атап өтіледі.

Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 наурыздан бастап (БА 46/224 қарары) Біріккен Ұлттар Ұйымының толық қанды мүшесі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өз жұмысын 1992 жылғы 5 қазанда Президент Назарбаевпен сол кездегі БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Бутрос Гали арасында келісімге қол қойылғаннан кейін 1993 жылдың басында бастады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде жұмыс істей отырып әрбір агенттіктің өз мандаты бар және қызметтің белгілі бір түріне назар аударады. Агенттік басшылары БҰҰ Тұрақты үйлестірушінің жетекшілігімен БҰҰ Елдік Командасын қалыптастырады. БҰҰ Елдік Командасы агенттіктің ұжымдық мықты жақтарына сүйене отырып дамудың ұлттық басымдықтарына қол жеткізу үшін стратегиялық үлес қосуды қамтамасыз етеді.

БҰҰ Елдік командасы Үкіметке, азаматтық қоғамға және жекеменшік секторға келесі мақстаттарға жетуге септігін тигізуде:

  • экономикалық, әлеуметтік және саяси жетілдіру арқылы салауатты халқы бар, жасыл экономикасы, өркендеген бизнесі мен құқықтары баршаға кепілді бар болашақ елге жетуді;
  • барлық азаматтардың, әсіресе әлеуметтік әлсіз және қауіпті топтардың құқықтары саулығын қорғау және ілгерілету арқылы инклюзивті қоғамды құруда;
  • баршаға тең құқықтарды қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті бекіту мақсатында барлық деңгейлерде мүдделі тараптардың әлеуетін дамытуда;
  • көптарапты және өңірлік ынтымақтастықты, әсіресе гуманитарлық көмек және даму мақсатындағы көмек көрсетуді дәріптеу.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының мынадай мамандандырылған агенттіктері, бағдарламалары мен қорлары жұмыс істейді:

  • Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі біріккен ұлттар ұйымы (ЮНЕСКО)
  • БҰҰ Халықаралық апат қаупін төмендету стратегиясы (БҰҰ ХАТС)
  • БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ)
  • БҰҰ Еріктілерінің бағдарламасы (БҰҰЕ)
  • БҰҰ Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО)
  • БҰҰ АИВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС)
  • БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)
  • БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ)
  • БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы (БҰҰ Әйелдер)
  • БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы (БҰҰ ГМҮБ)
  • БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ)
  • БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ)
  • БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті (БҰҰ ҚАД)
  • БҰҰ Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы
  • БҰҰ Халық саласындағы қоры (ЮНФПА)
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)
  • Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ)

ЮНИСЕФ

ЮНИСЕФ немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры , - БҰҰ-ның негізгі мекемелерінің бірі, екінші дүние жүзілік соғыс тауқыметін тартқан Еуропа балаларына көмек қоры. 1946 ж. 11 желтоқсанда 2-дүниежүзілік соғыстан тікелей зардап шеккен елдердің балаларына көмектесу үшін уақытша ұйым ретінде құрылған. Алғаш “Балаларға көмек көрсететін халықаралық төтенше қор” деп аталды. 1953 ж. Бас Ассамблеяның шешімімен ол БҰҰ құрылымының бір жүйесі ретінде бекітілді. БҰҰ Балалар қоры тек соғыс зардабына ұшырағандар ғана емес, сонымен бірге ашаршылық пен індет жайлаған, босқыншылық көрген елдердің балаларына да қол ұшын береді. Қордың басқарушы органы - Басқармасы 3 жылға сайланады. Қор Хатшылығын БҰҰ-ның Бас хатшысы тағайындайтын атқарушы-директор басқарады. Қазіргі кезде БҰҰ Балалар қорына 50-ден аса мемл. мүше. Штаб-пәтері - Нью-Йоркте. 1994 ж. Қазақстанда БҰҰ Балалар қорының өкілдігі құрылды. 1995 ж. мамырда Қазақстан үкіметімен бірлесіп, әлеум. және экон. қайта құру жағдайында балалар мен аналарды қорғаудың 5 жылдық бағдарламасын жасады. Бұл кешенді бағдарламаның негізгі бағыттары - ана мен бала денсаулығын сақтау, бастауыш білім беру ісін жетілдіру, экологиялық-санитарлық көмекті дамыту, ана мен бала құқығын қорғау шараларын жүзеге асыру. Қор Қазақстанда “Арал теңізі: региондық және техникалық көмек жобасы” атты кешенді шараларды ұйымдастырып, аймақ тұрғындарына көмектесу мақсатында жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ БҰҰ Балалар қоры дәрі-дәрмекпен, мед. құрал-жабдықтармен және мектепті негізгі керек-жарақтармен, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету ісінде көптеген қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс жасап отырады. [1] 1965 ж. қорға балалар үшін жүргізген қызметіне орай Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді. Негізгі мақсаты: ана мен баланың денсаулығын қорғау, тамақтандыру, сумен жабдықтау, санитария, білім беру, балалардың мүдделерін қорғау. Қор тек қана ерікті қайырымдылық есебінен жұмыс жасайды. Мұндай қайырымдылықтың басым бөлігі үкіметтерден, қалған қаражат жеке тұлғалар мен компаниялардан түседі. ЮНИСЕФ әлемнің 100-ден астам елінің балаларына көмек көрсетеді. БҰҰ-ның балалар қоры мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасындағы негізгі келісімге 1994 ж. 25 қарашада қол қойылды. ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Үкіметімен бірлесіп жасасқан ең үлкен ұлттық жобасы - АСПЕРА - “Арал теңізі: аймақтық және экологиялық көмек”. Мұнда Қызылорда облысының Арал өңіріндегі аудандарының аталмыш мәселелерін шешуге көмек көрсету көзделді.

ЮНИСЕФ - БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ (БҰҰ) БАЛАЛАР ҚОРЫ

ЮНИСЕФ-ке Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының балалардың құқықтарын қорғау, олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдесу және әлеуеттерін жан-жақты дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту қызметін көздейтін мандаты жүктелген.

ЮНИСЕФ Бала құқықтары туралы конвенцияны басшылыққа алады және бұл құқықтардың балаларға қатысты мінезқұлықтың мызғымас этикалық қағидаттары мен халықаралық стандарттарына айналуы үшін ұмтылады.

ЮНИСЕФ атауы (UNICEF - United Nations International Children’s Emergency Fund - Балаларға көмек көрсететін халықаралық төтенше қор) БҰҰ Бас Ассамблеясының Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбанына айналған балаларға көмек көрсету үшін қор құру туралы шешім қабылдауына орай, 1946 жылы пайда болды. Кейіннен Қор ЮНИСЕФ қысқарған атауын сақтай отырып, БҰҰ Балалар қоры атауына ие болды. ЮНИСЕФ Қазақстандағы жұмысын 1994 жылы бастады. Осы жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойды.

1992 жылы ақпанда Балалар қоры мен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы балалар жағдайын бағалауды өткізу үшін тәуелсіз Қазақстанға бірінші миссиясын ұйымдастырды. Бұл барлық балаларды қызылша және полиомелитке қарсы иммундау миссиясы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қызметіне негіз болған бірінші жобасы болды. 1994 жылы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігін ұйымдастырғаннан кейін ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің тұрақты бағдарламасы бойынша жұмысы басталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қызметі Біріккен ұлттар ұйымындағы
Бұұ-ның даму он жылдықтары
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдіктер
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты
Балалар құқығын қорғау саласындағы құжаттар
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
БҰҰ-ның халықаралық істердегі орны мен рөлін анықтау
БҰҰ-ның құрылуы және оның басты органдары
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы мәлімет
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРНАЙЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz