Кеден одағы: құрылуының алғышарттары жəне болашағы


Кеден одағы: құрылуының алғышарттары жəне болашағы
Кедендік одақ (ағыл. customs union ; нeм. Zollunionf ) - екі немесе бірнеше мемлекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі.
Кедендік одақ аумағында тауарлардың, жұмыс күшінің және капиталдың кеден баждары салынбай, еркін өткізілуіне рұқсат етіледі.
Жалпы кедендік одақ деңгеннің мәнісі екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жойып, бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімін білдіреді. Кедендік одақ аумағында тауарлардың, жұмыс күшінің және капиталдың кеден баждары салынбай, еркін өткізілуіне рұқсат етіледі. Бұл өзі - экономикалық мәселе. Айталық, Қазақстаннан белгілі бір тауарды сонау Балтық елдеріне жеткізетін болсақ, бірлескен Кеден одағы сынды әріптестік болмаса, тауарларыңды әр мемлекеттің аумағынан өткізу үшін бірнеше өткелектен өтіп, баж салығын әлденеше рет салуға тура келер еді. Осыдан келіп, тауардың бағасы алғашқы өндіруші елден үшінші елдерге жеткенге дейін әлденеше рет қымбаттай түсер еді. Тұтынушы үшін тауардың қай елден шыққаны маңызды емес, оның басты өлшемі - тауардың сапасы және бағасы. Ал қымбат тауарды өткізу кім-кімге де тиімді емес, өйткені, тауардың бәсекеге қабілеттігі төмендейді.
Кеден одағының тағы бір артықшылығы - ортақ нарық аясының кеңеюі болмақ. Үш елдің Кеден одағы аумағы 170 миллионнан астам астам адам тұратын кеңістікті қамтып, оның аясын анағұрлым кеңейте түсті. Бұл әсіресе, небәрі 17 миллиондай халқы бар Қазақстан үшін бұл үлкен нарық. Қарапайым ғана мысал келтіре кетейік, Қытайдағы Шанхайда шемекіні көтерме саудадан сатып алып, үстіне бірер юань қосып сатқанның өзінде сатушы күнделікті нәпәқасын айырады. Өйткені бір Шанхайдың өзінде 23 миллионнан астам халық бар. Ал, егер сол қаладан тонналап сатып алып, одан ірі бизнесін өрістетіп, іргелес аумақтарға шығаратын болса, одан түсетін табыс та еселей түсері сөзсіз. Сөйтіп, миллиард жарымнан астам халқы бар бұл елде қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Ал Қазақстан жағдайында осы шемекіні ғана алып қарайық. Оны иықтап тасығаннан шаруаңның өрге басуы екіталай. Қалаларда болмаса, ауылдық жерлерде алушылар аз, әрі бір-бірінен қашық жатыр, оған көлік керек, жанармай керек, оның үстіне шемекіні жалғыз өзің сатып отырған жоқсың, бәсекелестер де жетіп артылады, сондықтан да олар да қарап жатқан жоқ . . . Ойламаған жерден басқа да проблемалар түп етектен тартып, алдыңнан шығуы мүмкін. Ірі бизнес саласында өткізетін нарқыңның аумағы неғұрлым кең болса, соғұрлым өрісің ұзарады, бұл әсіресе, жүздеген адам еңбек ететін ірі зауыт, өндірістерге ауадай қажет. Кедендік Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптастыруында.
Тарихи деректер
Тарихи деректерге сәйкес, кедендік одақ 19 ғасырда орныға бастаған. Франция мен Монако арасындағы (1865 ж. ), Швейцария мен Лихтенштейн Князьдігі арасындағы (1924 ж. ) одақ олардың алғашқылары болып табылады. Біздің кезеңімізге жақын уақытта Еуропалық экономикалық одақ (1957 ж. ) - Еуропалық одақ (1993 ж. ) және Еуропалық еркін сауда ассоциациясы (1962 ж. ) құрылған. Кеңес Одағы дәуірінде социалистік мемлекеттер арасында Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі (СЕВ) аясында кедендік мәселелер бойынша бірнеше келісімдер жасалған. Кейбір ақпараттық агенттіктердің мәліметі бойынша, әлемде 30-дан астам түрлі сипаттағы интеграциялық бірлестіктер бар көрінеді.
Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы КО
Жаңа онжылдықтың басы ЕурАзЭҚ пен ТМД жəне басқа да интеграциялық бірлестіктер сияқты экономикалық жəне саяси кеңістіктердің жаңа үйлесімді құрылымдарының қалыптасуына бастау берген оқиғамен байланыстырылып отыр. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Белоруссия, Қазақстан жəне Ресей арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезеңіне қадам басты. Жаңа Одақ Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 1994 жылдың наурыз айында М. В. Ломоносов атындағы Мəскеу Мемлекеттік университеті қабырғасында айтқан тиісті институттық құрылымы бар Еуразиялық кеңістік құру туралы бастамасының жүзеге асуының нəтижесі деп айтуға толық негіз бар. Бұл бастама, Елбасының басқа да идеялары тəріздес, əлемдік тəжірибені зерттеу, тиісті жағдайды мұқият сараптау жəне экономикалық мақсаттар негізінде өмірге келді. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметтерін либерализациялау сыртқы рынокка шығушы кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне мекемелердің, сондай-ақ жекелеген кəсіпкерлердің шеңберін кеңейте түсті. Осыған байланысты халықаралық тауарлар, жұмыстар, қызметтер, ақпараттар, санаткерлік қызмет нəтижелерін алмасу салаларында мемлекеттік реттеудің ролі де елеулі өсе түсуде. Сонымен қатар, «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едəуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сəйкес келтірілді немесе парламентте талқылануы үстінде. Еліміздің осы халықаралық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бəсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», деп Қазақстан Республикасының Президенті ел халқына жолдауында атап өткен болатын.
Үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы болмақ. Бұл қаржы мен жұмыс күші еркін орын алмасуын қамтамасыз ететін интеграцияның жоғары деңгейі” делінген Жолдауда. Жəне мұндай пікір əділ болып табылады. Себебі оның бірі екіншісімен тікелей байланысты. Көптеген кедендік кедергілерді жою экономиканы дамытуға, жаңа өндірістер мен салалардың пайда болуына, сəйкесінше тауар мен қызмет түрлерінің артуына септігін тигізіп, өз кезегінде бұл дегеніңіз жұмыс орындарының едəуір өсуіне əкелмек. Бұл - жұмыспен қамту, жалақы, көптеген əлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы, шекарадағы артық төлемдер мен алымдардың жойылуы есебінен өндірістік жəне тамақ өнімдері бағаларының тұрақтануы, тіпті төмендеуі болып табылады. Сондай-ақ бұл ортақ экономикалық жəне гуманитарлық кеңістікте адамдардың еркін қозғалысы болмақ. Кедендік одақ əлемдегі ең тартымды рынокқа айнала отырып, өңірлік рынокты кеңейтеді жəне үш елдің экспорты көлемін ұлғайтпақ. Мысалға, Қазақстан ірі минералдар мен энергия көздері қорының иесі бола отырып, дайын өнім шығару мен оны экспорттау арқылы экономиканың шикізаттық сипатынан арылуға тырысуда. Бұдан бөлек, Қазақстан теңізге шығар жолы жоқ ең ірі мемлекет. Кедендік одаққа мүше болу бізге қолайлы транзиттік тарифтерді белгілеу арқылы бұл мəселелерді шешуге жол ашады. Тауар ағыны еш бұрмалаусыз жандана түсетін болады. Шекарадағы кедергілер жойылады - бұл дегеніңіз іскерлік үдерістердің жылдамдауы, прогрессивті инновациялық өсу деген сөз.
Əрине, алдымен Кедендік одақ, содан кейін Бірыңғай экономикалық кеңістік құру - ауқымды əрі күрделі үдеріс. Ол үкіметтер арасындағы ықпалдастық пен үйлестіруді күшейтуді, əсіресе мүше мемлекеттердің кедендік, салық, көлік жəне басқа да құрылымдарының ықпалдастығын қажет етеді. Кедендік одақты жəне жалпы экономикалық кеңістікті қалыптастыру - бұл үкіметтердің, əсіресе кедендік, салықтық, көліктік жəне оған қатысушылардың басқа да мекемелерінің өзара əрекеттесуі мен үйлесімділігін нығайтуын талап ететін, қиын, көп жоспарлы үдеріс болып табылады. Сол себепті де Кедендік одақтың комиссиясы құрылды жəне оның шешімі барлық қатысушыларға міндетті болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, жаңадан құрылған халықаралық ұйымға үш елдің əрқайсысының мемлекеттік органдарының жекелеген өкілеттіліктері бағытталды. Аталған қадамның еліміздің Негізгі заңына сəйкестілігін анықтау үшін, Премьер-Министр Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінен алдын ала түсінік беруді сұраған. 2009 жылдың қарашасында Конституциялық кеңес Конституцияның егемендік, унитарлық, басқару түрі мен мемлекеттің территориялық тұтастығы жəне азамат пен адамдардың құқығы мен бостандықтары туралы ережелері бұрмаланбаған жағдайларда, Қазақстан үшін КОК шешімінің міндеттілік сипатқа ие екендігі туралы оң қорытындыларын берді. Жоғарыда атағандай, Беларусь, Қазақстан жəне Ресей арасында қабылданған халықаралық келісімшарттың қағидаларына сəйкес кедендік одақ үш кедендік территорияларды - біртұтас кедендік аумаққа біріктіруді қарастырады. Бұл үдеріс іс жүзінде 2010 жылдың бірінші шілдесінен бастап қолданысқа кірді. Осы аумақта өндірілген жəне біртұтас аумақта еркін айналымда болатын үшінші елдерде өндірілген тауарлардың сауда-саттық айналымына кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер алынып тасталады. Үш ел үшінші елдермен бірыңғай кедендік тарифті жəне тауарлармен сауда-саттықты реттеудің басқа да бірегей шараларын қолданатын болады.
Бірыңғай кедендік тариф - бұл шешуші құжат əрі бірыңғай сауда саясатының маңызды элементі болып табылады. Бұл сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай сауда номенклатурасына сəйкес жүйелендірілетін үшінші елдерден бірыңғай кедендік аумаққа кіргізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж салықтары ставкаларының жиынтығы. Ол үшінші елдерден кіргізілетін тауарларға таратылады, бірақ ТМД елдерінен əкелінетін тауарларға қолданылмайды (ТМД елдері ішінде еркін сауда аймағы жұмыс істейді) . Тауарлық позициялардың жалпы саны (ЕТТ) 11 214 өлшемді құрайды. Қазақстан инвестициялық жобаларға сəйкес өндіру жоспарланған тауарларға қатысты төмен ставкалар қолдану мүмкіндігін салынып жатқан зауыттар өндірістік қуаттарына шыққанға дейінгі кезеңге кейінге қалдырып отыр. Мысалы, олар алюминий, мұнай-химия саласындағы тауарларға, құрылыс материалдарына, минералды тыңайтқыштарға, маталарға жəне т. б. өнімдерге қолданылады. Осыған қоса, инвестициялық келісімдер шеңберінде кедендік баж салығын төлемей-ақ технологиялық жабдықтарды, жиынтықтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектерді əкелу мүмкіндігі көзделген. Ендігі бастысы, ол Кеден кодексінің 2010 жылдың 1 шілдесінде күшіне енуінен бастап Кедендік одаққа қатысушылар арасында тауарларды кедендік ресімдеу болмайды, сондай-ақ Ресей мен Беларусь арасындағы үшінші елдерде өндірілетін тауарларға да кедендік ресімдеулер қолданылмайды. Осыған ұқсас үшінші елдерде өндірілетін тауарлар жөніндегі шарттар Қазақстан мен Ресей арасында 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Əрине, кедендік ресімдеу алып тасталғаннан кейін де ішкі шекаралардағы бақылаулар бірден жойылмайды. 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, фито- санитарлық, ветеринарлық, көліктік жəне шекаралық бақылау түрлері сақталады. Бірақ олар да шекаралық бақылауды қоспағанда кейін Кедендік одақтың сыртқы шекараларына шығарылады. Интеграцияның ең өзекті мəселелерінің бірі ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің Бүкіл əлемдік сауда ұйымына кіруі болып отыр. Қол жеткізілген келісімдерге сəйкес, БСҰ-ға кіру Кедендік одақтың басқа мүшелерімен ортақ ұстанымдарды келісе отырып бірлесе жүзеге аспақ. Бұл мақсатта үш мемлекет өкілдерінен құралған бірыңғай келіссөз жүргізуші топ құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz