Қазақстан Республикасының сыртқы саясатта ден қоятын басымдылықтары


Қазақстан Республикасының сыртқы саясатта ден қоятын басымдылықтары
Cыртқы саясаттың жасалуы және жүзгізілуі ешқашан ішкі саясаттан бөлек жүзеге асырылмайды. Мемлекеттердің халықаралық майданда ортаға қойған саясаты негізінде ол мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мақсаттары, экономикалық жағдайларының әлеуметтік деңгейі және ішкі саясаттағы болып жатқандардың бір жиынтығы болып алдымызға шығады. Әртүрлі ықпалдардың жиынтығы ретіндегі осы саясаттар халықаралық конъюнктураға сәйкестігі мөлшерінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты.
Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.
Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы саяси күштердің орналасуымен және олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси өмірінің кеңістікте орналасуының өзара байланысымен белгіленеді. Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың құралын көреді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзінің экономикалық әлеуметін, өзінің геосаяси жағдайын барабар бағалай білу айрықша маңызды болды. Осы істегі қателік Қазақстанның сыртқы саяси бағытына ықпал етуі мүмкін еді.
Осы заманғы технологияны игеруді және пайдалануды мұрат тұтқан «азиялық жолбарыстар» орта және жоғарғы деңгейдегі күрделі өнімдерді өндіруде жетекші индустриалды державалардың бәсекелестеріне айналды.
Кейбір елдердің (мәселен Жапония) немесе түрлі ұйымдардың (мәселен Еуропалық Одақ) экономикалық қуаты мен олардың саяси ықпалы арасындағы сәйкессіздік уақыт озған сайын елеулі бола түсті. Олардың осы сәйкессіздікті өзгертуге, халықаралық қауіпсіздік жүйесінде өз рөлін күшейтуге, сөйтіп БҰҰ құрылымдарында лайықты орын алуға ұмтылуы табиғи құбылысқа айналуда.
Қаржылық құйылыстардың ұлғаюы, тауарлар мен қызмет көрсетудің ауқымы мен орын ауыстыруының шапшаңдығы ретінде түсіндірілетін ғаламдану - мемлекеттік институттар алдына осы үрдістерден мейлінше пайда табу және екінші жағынан олар ұлттық экономикаға әкелуі мүмкін қауіп-қатерге қарсы тиімді тікелей жария шараларды қабылдау міндетін қойды.
Осы міндетті шешу қажеттілігі халықаралық, ең әуелі аймақтық деңгейдегі экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жаңа, қуатты дем берушісі болды. Ғаламдану халықаралық экономикалық және қаржылық құрылымдардың (ХВҚ, Дүниежүзілік банк және басқалары) экономикалық дағдарыстарды болдырмау жөніндегі өзінің функцияларын орындауға қабілеттілігі туралы мәселе көтерді. Дағдарысты жағдайларға талдау жасаған кезде олардың ұлттық және аймақтық ерекшелікті ескеру қабілеттілігіне күмән туындай бастады.
Жалпыға бірдей тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіретін аймақтық жанжалдар адамзаттың негізгі мәселесіне айналды. Кейбір саясаткерлердің пікірі бойынша барлық құрлықтарда дерлік көрініс берген аймақтық соғыстарды жиынтық түрде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы деп қарастыруға болады. Бұл орайда қазіргі жанжалдардың түп тамырында көп жағдайда қандай да бір идеологиялық белгілер жоқ, олардың қозғаушы күші негізінен этникалық, діни және басқа да қарама-қайшылықтар болып табылады.
Географиялық орналасу ерекшелігі Қазақстанға белгілі бір геосаяси артықшылықтар береді, сонымен бірге геоэкономика көзқарасы тұрғысынан елеулі қиындықтар туғызуда.
Бір жағынан, географиялық жағдайдың өзгермейтіндігі экономикалық және саяси ахуалдың тұрақтылығын білдірмейді. Орталық Азия мемлекеттерінің аумағында діни экстремизмнің таралу үрдісінің белең алуы еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді, бұл қатер тіпті Қазақстанның өзінің көршілерімен тұрақты достық қатынастары жағдайында да сақталады.
Біріншіден , бұл - Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі Орталық Азия мемлекеттерінің күш-жігерін үйлестіру саясаты.
Екіншіден, бұл - халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздану саласында Қазақстанның ТМД-дағы белсенді интеграциялық саясаты.
Үшіншіден , бұл - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі, кеңесті шақыру жөніндегі Қазақстанның бастамасы, сондай-ақ біздің еліміздің Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне қатысуы.
Төртіншіден , бұл - Қазақстанның ЕҚЫҰ жұмысына, ядролық қаруды таратпау туралы шарттар шеңберінде «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына, СНВ- 1-ге, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияға қатысуы.
Әлбетте, дипломатиялық қызметтің міндеттері мен мақсаттары тізбесі осы айтылғандармен шектелмейді. Президент Н. Назарбаев 1995 жылғы ақпанда Сыртқы саясаттың мәселелері бойынша алғашқы кеңесте, 1996 жылғы 11 қыркүйектегі және 1998 жылғы 15 қыркүйектегі СІМ Алқа мәжілістерінде сөйлеген сөздерінде дипломатия саласына тікелей тартылған қызметкерлердің алдына қойылатын талаптардың тұтас жиынтығын белгіледі. Бұл талаптар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды сыртқы қолдауды қамтамасыз етудің саяси және экономикалық әдістерінің икемді үйлесімін қамтиды. Дипломатиялық қызметтің алдына мемлекетіміздің ұзақ мерзімді мүдделері тұрғысынан әлемдегі қазіргі үрдістерді жан-жақты талдау міндеті қойылды.
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді алғышартында Еуропалық Одақтың орны бөлек. Аталған одақ қазірдің өзінде өзге аймақтардың мемлекеттерімен қарым-қатынаста бүкіл құрлықтың атынан шығып жүр.
Еуропалық Одақпен әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім негіз ретінде алынатын құжат болып табылады, осы құжат Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қоғамдастыққа кірігуіне жәрдемдеседі.
Еуропалық жетекші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға алғышарттар жасайды. Бұл орйда отандық өнімдердің еуропалық рынокқа шығуын қамтамасыз етудегі, сондай-ақ Еуропалық Одақтың ғылым, білім және мәдениет жөніндегі бағдарламаларына байланысты Қазақстан үшін ашылатын нақты мүмкіндіктер ескеріледі. Еуропалық Одақтың саяси диалогті кеңейтуде дайын екендігі біздің еліміз үшін практикалық мүдделілік туғызуда.
Еуропалық Одақ әлемдік саясаттың негізгі тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта ЕО-ға қарағанда басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ.
Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу, еуропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелерінде, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту үрдісіндегі ЕО-ның өсе түсіп отырған рөлі ЕО-ға қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болуын айқындайды, ондағы мақсат - өзара іс-қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру.
Еуропалық Одаққа қатысты Қазақстанның саясаты оның әлемдегі экономикадағы рөлімен және Еуропаның 27 дамыған елі кіретін осы бірлестіктің жемісті интеграциялық саясатымен айқындалады.
Сонымен қатар Қазақстан мен ЕО арасындағы техникалық ынтымақтастық бірқатар бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асуда, мәселен: ИНТАС (ТМД елдерінің ғалым- дарын қолдау жөніндегі халықаралық қауымдастық), КОПЕРНИКУС, Европартенариат және т. б.
1992 жылдың аяғында Алматыда Қазақстан Республикасына техникалық көмек көрсету жөніндегі ЕО Бюросы ашылды, ол ТАСИС (ТМД елдеріне техникалық көмек көрсету бағдарламасы, 1991 жылдан бастап жұмыс істейді) сияқты Еуропалық Одақтың бағдарламалары шеңберінде құрылды.
1995 жылы басталған мұнай мен газды тасымалдаудың ИНОГЕЙТ мемлекетаралық бағдарламасы Энергетика саласындағы инфрақұрылымды қалыптастыруға көмек көрсетуге бағытталған. Бағдарлама энергоресурстарды Каспий және Қара теңіз арқылы Еуропаға тиімді түрде шығаруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл бағдарламаны іске асыру - аймақ елдерінің тәуелсіздігін нығайтуға және энергоресурстарды тасымалдауға арналған экспорттық жолдарды дамытуға мүмкіндік береді. Көп жақты ынтымақтастық негізінде энергия көздерін тасымалдаудың мәселесін Қазақстанның шешуінің маңыздылығын ескеретін болсақ, бұл жобаның тиімділігі еселеп өсе түседі.
Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық басқа да бірқатар бағдарламалар аясында да жүзеге асырылады: КОПЕРНИКУС, Орталық Азиядағы есірткілер жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы (КАДАП), Орталық Азия елдеріне арналған шекараларды басқару жөніндегі ЕО бастамалары (БОМКА) және т. б.
ТАСИС бағдарламасы бойынша 1993-2006 жылдарда шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау, жекешелендіру мен құрылымдық қайта құру, адам ресурстарына инвестициялау жобаларын жүзеге асыру үшін Қазақстанға 200 млн еуроға жуық өтеусіз көмек көрсетілді (ҚР-ға барлық техникалық көмектің жартысынан астамы Батыс тарапынан) .
Еуропалық Одақтың Қазақстанмен өзара қарым-қатынастары көбіне мұнай-газ секторындағы өзара мүдделермен (ЕО ИНОГЕЙТ мемлекетаралық жобасы), сондай-ақ Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орталық Азия өңіріндегі көлік-коммуникациялық қатынас жолдарының стратегиялық маңыздылығымен (ТРАСЕКА жобасы) айқындалады. Қазақстан мен ЕО қарым-қатынастарында жақын келешекте Еуропалық Одақтың Қазақстанға нарықтық экономикалы ел мәртебесін беру мәселесі ерекше орын алмақ.
Еуропалық Одақ Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздердің басты қатысушыларының бірі болып табылады.
Екіжақты сауда және еуропалық нарықта қазақстандық өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында екіжақты қарым- қатынастарды дамытудың басым бағыты болып отыр.
Геосаяси өмір шындығын негізге ала отырып, сыртқы саясаттың басымдық беретін бағыттары тұжырымдалды. Оларды өмірге енгізу қазіргі кезеңнің негізгі мақсаты болып табылады. «Қазақстан - 2030» Даму стратегиясында баяндалған Қазақстанның сыртқы саясатының бағдарлары болып табылады.
Үшінші мыңжылдықтың басы Қазақстанның сыртқы саясатында жаңа үрдістердің - еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің негіздерін нығайтуға және дамытуға бағытталған саяси прагматизмнің пйда болуымен сипатталады. Саяси прагматизм ХХ ғасырдың аяғындағы - қазіргі жүзжылдықтың басындағы - ғаламдану негізіндегі халықаралық қатынастардың жаңа дипломатиясы тұрғысында еліміз үшін артықшылықтар мен тиімділіктерді мейлінше ала білуді білдіреді.
Соңғы уақытта Батыста және Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте уақыт озған сайын экономика мен әлеуметтік саладағы мемлекеттің рөлі мен маңызын кемітуге болмайды деген объективті пікір белең алуда. Шынында да, мемлекет ХХІ ғасырдың сынақтарын еңсеруге бағытталған елдің ұзақ мерзімді стратегиялық дамуын әзірлеуі және өмірге енгізуі керек. Бұл Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы елдің стратегиялық мүдделерін қорғаған кезде прагматикалық көзқарас ұстануға міндетті дегенді білдіреді.
Бірінші кезекте , бұл - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау, қазақстандық мұнайды тасымалдау бағыттарын көбейту, ҚР-дың мемлекеттік шекарасын делимитациялау, инвестициялар тарту және тағы басқалары сияқты Қазақстанның сыртқы саясатының функционалдық басымдықтарын іске асыруға қатысты.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының функциясының бірі - ұлттық қауіпсіздікті сақтау. Мемлекеттік саясаттың негізі. Ұлттық қауіпіздік - белгілі бір мемлекеттің сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Ол жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігінен құралады. Жеке адамның қауіпсіздігі - ұлттық қауіпсіздіктің негізгі өлшемі, себебі қауіпсіздіктің негізгі нысандарына, ең алдымен жеке адам, оның құқы мен бостандығы жатады. Қоғамның қауіпсіздігін сақтауға мыналарды жатқызуға болады: қоғамдағы адамдардың тұрмыс деңгейінің құлдырап кетуіне жол бермеу, қоғам өмірінің барлық саласында халықтың белсенді әрекетін қолдап отыру, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау. Мемлекеттің қауіпсіздігі ұлттық мүддеден туындайды. Ұлттық-мемлекеттік мүдде мемлекеттер саясатының және мемлекетаралық қатынастардың теориясы мен іс-дағдысындағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Халықаралық қатынастардың биполярлық жүйесінің өткен кезеңде қалуы, көпполюстік нышандардың пайда болуы - қазіргі заман шындықтарына жауап бере алатын және ұлттық-мемлекеттік мүдделерге сәйкес келетін сыртқы саясатты жүргізу қажеттігіне әкелді.
Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүниежүзіндегі бірінші мемлекетке айналып, өзінің тарихи міндетін орындады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz