Өсімдіктердің қоректену диагностикасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Химиялық диагностика және оның максаты
  2. Визуалды диагностика

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Сыртқы ортадағы қоректік заттарды қабылдайтын уақыт аралығын, өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығы дейді. Өсімдік алғашқы өсу кезінде тұқым құрамындағы қоректік заттарды пайдаланады. Ал вегетациялық дәуірінің аяқ кезінде бұрынырақ қабылдаған қоректік заттарды пайдалануды жалғастырады. Демек‚ өсімдіктің қоректену кезеңімен оның вегетациялық дәуірінің ұзақтығы бірдей бола бермеуі мүмкін. Мысалы‚ арпаның вегетациялық дәуірі 80 күн‚ ал оның қоректену кезеңінің ұзақтығы 40 күн. Жаздық бидайдың қоректену кезеңінің ұзақтығы 70 күнге созылады. Қант қызылшасы‚ картоп‚ жүгері‚ асбұршақ сияқты дақылдардың қоректену кезеңінің ұзақтығы олардың вегетациялық дәуірімен сәйкес болады. Өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығын тыңайтқыш қолдану әдісін белгілеуде ескеру керек. Өсімдік өзінің бүкіл вегетациялық дәуірінің барысында қоректік заттарды бірқалыпты сіңірмейді. Өсімдік тіршілігінде қоректік заттардың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне және оның сапасының нашарлауына әсер етеді. Сондықтан өсімдіктің өсу кезеңінде қандай қоректік элементті қанша мөлшерде қажет ететін білу, тыңайту жүйесін тиімді түрде дайындауға көмектеседі

Негізгі бөлім

Вегетациялық дәуірінде өсімдіктер қоректік заттарды бірқалыпты қабылдамайды. Мысалы‚ қант қызылшасы тіршілігінің алғашқы айында гектарынан екі килограмнан азот‚ фосфор‚ калий қабылдаса, вегетациялық дәуірінің ортасында (шілде айы) ол гектарынан 96 кг азот‚ 34 кг фосфор және 133 кг калий қабылдаған. Ал вегетациялық дәуірінің соңғы айында азотты‚ фосфорды‚ калийді қабылдауы гектарынан 7 килограмм болған. Астық дақылдары түтіктену мен масақтану кезеңі аралығында қоректік заттарды мейлінше мол қабылдайды. Мысалы‚ азот‚ фосфор‚ калий элемент-терінің жалпы мөлшерінің бидай 76%-ін‚ арпа 67%-ін‚ сұлы 47% -ін масақтану кезеңінде қабылдаған (1-кесте) .

1-кесте. Жаздық астық дақылдарының қоректік заттарды сіңіруі‚ %.

Өсімдіктердің қоректік элементтерді сіңіру қарқыны да түрліше болып келеді. Мысалы, бастапқы кезде азотты, гүлдеу-жаппай пісу фазаларында фосфор мен калийді көбірек сіңіреді (2-кесте) .

2-кесте. Мақта өсімдігінің қоректік заттарды қабылдауы, %.

Өсу кезеңінде қоректендіру режимі дұрыс сақталып, тиісті мөлшер бойынша қоректендіріліп тұрса барлық ауыл шаруашылығы дақылдары жақсы өсіп, мол өнім береді.

Өсімдіктердің қоректену диагностикасы

Өсімдіктің өсіп-даму кезеңдерінде оның құрамындағы қоректік элементтердің мөлшерін анықтау әдісін өсімдіктің қоректену диагностикасы дейді. Жалпы өсімдіктің қоректенуі топырақтағы қоректік элементтердің сіңімді түрінің мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар өсімдіктің қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне метеорологиялық жағдай, топырақ ерітіндісінің құрамы мен реакциясы әсер етеді. Өсімдік қоректенуін диагностикалау үшін агрохимиялық картограмма мәліметтерін және өсімдікті химиялық талдау қорытындыларын пайдаланады. Өсімдіктің қоректену диагностикасының негізгі әдістеріне мыналар жатады:

1. Өсімдіктің сыртқы түрінде байқалатын өзгерістер арқылы диагностикалау. Бұл әдіс өсімдік қоректенуінде элементтердің жетіспеушілігінен оның жеке мүшелерінің (сабақ, жапырақ) түсінің, пішінінің, көлемінің өзгеруіне сүйенеді.

Өсімдіктің қоректенуінде азот жетіспесе өсуі нашарлайды. Жапырақтары бозғылт, сары-жасыл түсті майда болады. Даму кезеңі мерзімінен бұрын басталады. Түптенуі нашарлайды. Жемістері майда, әрі ертерек піседі. Сабақтары жіңішке, әлсіз келеді.

Фосфор жетіспесе өсімдіктің өсуі мен дамуы өте баяу өтеді. Сөйтіп оның гүлдеуі мен пісуі кешігеді. Жапырақтары күңгірт-жасыл түске боялады және қызғылт-күлгін, ақшыл-көк немесе қошқыл-қоңыр реңдер пайда болады.

Калий жетіспесе өсімдіктің өсуі кешігеді. Жапырақтарында көгілдір рең түзіледі және қошқыл-жасыл түске боялады. Кейбір көкөніс дақылдарының жапырақтарында сұрғылт-жасыл немесе сұрғылт-сары түстер пайда болады.

Кальций жетіспесе өсімдік бүршігінің ұшында ақ рең, жапырақ жиегінде ақ түсті жолақ пайда болады. Жаңа пайда болған жапырақтың өсуі мен дамуы баяу өтеді.

Магний жетіспесе өсімдіктің төмен орналасқан жапырақтарының түсі ашық-жасыл, сарғыш-жасыл түске ауысады. Жапырақ тақтасында ашық рең пайда болады.

Бор элементі жетіспесе ең алдымен өсімдіктің сабағы мен тамырының өсуі нашарлайды. Жоғары орналасқан бүршіктер мен олардың айналасындағы жас жапырақтарда сарғылт түсті рең пайда болады. Тамырдың өсу нүктесінің тіршілігі өте баяу өтеді.

Марганец жетіспесе сабақ бойының жоғары жағында орналасқан жапырақтарда ашық-жасыл, қызыл немесе сұр түсті реңдер пайда болады.

Мырыш жетіспеген жағдайда өсімдік сабағының буын аралығы қысқарып, жапырағында ашық түсті рең пайда болады.

2. Химиялық диагностика өсімдік үлгісінің немесе оның шырынының құрамы химиялық талдауға негізделген. Химиялық диагностика әдістері екі топқа бөлінеді: өсімдік құрамындағы элементтің жалпы мөлшерін және оның құрамындағы қоректік заттардың органикалық емес түрінің мөлшерін анықтау. Химиялық диагностикада өсімдіктің белгілі бөлігінің құрамындағы элементтің немесе сол элемент қосылысының концентрациясын анықтайды. Ескеретін жағдай - үш элементтен кем анықтауға болмайды. Химиялық диагностика қорытындысын өсімдік массасының мәнімен салыстыру керек. Өсімдіктің қоректену диагностикасы агрохимиялық әдіс тобына жатады. Бұл әдісті пайдаланғанда топырақ қасиеттерін, ауа-райының жағдайларын және агротехникалық шараларды ескеру қажет.

Химиялық диагностика нәтижелерін өсімдікті үстеп қоректендіру қажеттілігін анықтап, келесі жылға дайындалған тыңайтқышты қолдану жүйесіне түзету еңгізу мақсатына пайдалануға болады. Әлемдік және отандық агрономиялық ғылымының және тәжірибесінің ең бір күрделі мәселесі - ауылшаруашылық дақылдарына қоректену элементтерінің қажеттігін және тыңайтқыштардың қолайлы шамасын болжау болып табылады. Бұл мәселені шешуде топырақтар мен өсімдіктерге химиялық және физиология-биологиялық әдістерді қолдануға болады. Осыған байланысты өсімдіктердің қоректену диагностикасын келесі әдістер бойынша жүргізеді:

• топырақ диагностикасы;

• өсімдік диагностикасы.

Визуалдық диагностика

Минералдық тыңайтқыштарды қолдану практикасында ең ертесі болып өсімдіктердің қоректенуін сыртқы нышандары бойынша диагностикалау саналады. Минералдық қоректенудің визуалдық диагностикасына С. М. Воробьев (1917), М. А. Белоусов (1937), А. В. Соколов (1944), К. П. Магницкий (1960, 1964), В. В. Церлинг (1960) жұмыстарында көп көңіл бөлінген.

Кейбір қоректену элементтерінің жетіспеуіне әр түрлі өсімдіктер бірдей сезінбейді. Оған кейбір өсімдіктер өте сезімтал келеді, олардың бастапқы өсу кезеңінде-ақ сыртқы өзгерістері пайда болады. Өсімдіктердің сыртқы түрлері бойынша кейбір қоректену заттардың жетіспеушілігін білуге болады.

Мәдениленген дақылдар сәл қышқыл, нейтралды және сәл сілтілі жағдайда жақсы өсіп, дамиды:

• жемісті дақылдар -шие, қараөрік, өрік, шабдал;

• көкөніс дақылдар-жуа, салат, қияр, қызылша, түйебұршақ;

• гүлдер-қашқаргүл, ақсәуле, жұлдызшешек, раушангүл, бақытгүл, пералгония, наурызгүл.

Қышқыл ортада ақ қауданды және түсті капуста, шалғам жақсы өседі.

Жоғары қышқылдыққа шығыс гүлі және бөрібұршақ төзімді.

Орташа қышқылды ортада құлпынай, бүлдірген, ал сәл қышқыл ортада қарлыған жақсы өседі.

Жетіспейтін қоректену элементтерін білдіретін өсімдіктер :

• азот үшін - капуста;

• фосфор үшін - картоп, қызанақ, тарна, жүгері, алма, мал азықтық шалқан;

• калий үшін - картоп, қызылша, капуста, жүгері, түйебұршақ, алма, жоңышқа;

• магний үшін - капуста, картоп, қарақат, алма;

• темір үшін - капуста, картоп, таңқурай, алма;

• бор үшін - қант қызылшасы, күнбағар, алма, зығыр;

• марганец үшін - капуста, қызылша, картоп, сұлы;

• жез үшін - бидай, арпа, сұлы, алмұрт;

• цинк үшін - жүгері, соя, түйебұршақ, алма, алмұрт, шырын жемісті өсімдіктер;

• молибден үшін - капуста, салат, бұршақ шөптер, шырын жемісті өсімдіктер.

Өсімдіктерге қажетті қоректену элементтерінің жетіспеушілігін анықтау

Қоректену элементтерін өсімдіктердің қажет етуін визуалды диагностикалау келесілерді білуге негізделінген:

• индикатор-органдарды (ең алдымен бұларда қоректену элементтерінің жетіспеушілік нышандары байқалады) ;

• қоректену элементтері (өсімдіктің бір бөлігінен басқасына ауысу қабілеті бар) .

Дж. Мак-Мертри (1957) өсімдіктердің минералдық қоректену жетіспеушілігінің симптомдарын екі ірі топқа бөлуді ұсынады.

Бірінші топ - сиптомдар өсімдіктердің кәрі жапырақтарында байқалады. Оларға азоттың, фосфордың, калийдің, цинктің, магнийдің жетіспеушілік симптомдары жатады. Топырақта бұл элементтер жетіспесе, олар өсімдіктің кәрі, төменгі бөліктерінен өсіп жатқан жас бөліктеріне (жетіспеу нышандыры дамымаған) ауысады.

Екінші топ - симптомдар жоғарғы жапырақтарда, өсу нүктелерінде байқалады. Бұл жетіспеу тобына кальций, бор, күкірт, темір, мыс, марганец жатады. Бұл элементтер өсімдіктердің кәрі органдарынан жастауларына қарай ауысуға қабілетті емес.

Сонымен, топырақта бұл элементтердің мөлшері аз болған жағдайда жас, өсіп жатқан органдар қажетті қоректену элементтерін ала алмайды. Осының нәтижесінде өсімдіктерде жапырақтардың сипатты түсі, габитусы, орналасуы түрінде сигналды функциялар пайда болады.

Симптомдардың бірінші тобы ескі, кәрі жапырақтарда байқалады. Бұл топты екі топшаға бөлуге болады:

• бірінші топша - толық өсімдіктің немесе тек қана кәрі органдарының күй-жайына әсер етеді (мысалы, азоттың және фосфордың жетіспеуі) .

• екінші топша - жергілікті (локальды) түрде байқалады, яғни жапырақтардың кейбір бөліктерінде байқалады (магний, цинк, калий) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің әр түрлi даму кезеңiнде қоректену ерекшелiктерi
Өсімдіктің фосфорлық қоректену диагностикасы
Топырақ диагностикасы
Өсімдіктің төзімділігін арттыруда селекцияның рөлі
Күріш өндірісі
Тыңайтқыштардың топтары мен қасиеттері
Өсімдікті талдауда қоректенуді диагностикалау әдісін қолдану
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Қара топырақтар
Іле Алатауының терістік беткейінің геологиялық қүрылымы мен геоморфологиялық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz